Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Доп. образование / Конспекты / Урок на тему: «Игра на домбре»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

Урок на тему: «Игра на домбре»

библиотека
материалов

hello_html_m38cdaad4.gifhello_html_m38cdaad4.gifhello_html_6a3a441.gifhello_html_2856f602.gifhello_html_m636bb2ed.gifhello_html_197a1005.gifhello_html_1e25e69a.gifhello_html_m6f37b42f.gifhello_html_m51d5928a.gifhello_html_541f9640.gifhello_html_26e2a411.gifhello_html_m4d744bf0.gifhello_html_m139bc346.gifhello_html_m15189389.gifhello_html_m2428ff26.gifhello_html_18169c4a.gif«Жезқазған қаласының білім бөлімі»

«Балалар мен жасөспірімдер сарайы» КМҚК

Оқу сабағының әдістемелік әзірлемесі.

Тақырыбы: «Домбыра тартып үйренейік»

Сабақтың типі: аралас сабақ

Көрнектілігі: Интерактивтик тақта , бейне ролик,үн таспа, түрлі түсті шарлар.

Слайд 1

Слайд 2

М а қ с а т ы: Оқушылардың домбыра аспабын үйренуіне жағдай жасай отырып, шығармалық ойлау дағдысын қалыптастыру арқылы домбыра аспапына қызығушылығын арттыру.

М і н д е т т е р і:

1.Білімділік: Домбырда ойнауға үйрету, оң қол ,сол қол қойылымын дұрыс қою,нота сауатын ашу және келешекте орындаушылыққа баулу.

2.Дамытушылық: Шығармаларды тыңдату арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін және есту қабілетін жетілдіру, домбыра тарту дағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік: Этнопедагогикалық тәрбие беру домбыра аспабы арқылы ұлттық өнерді насихаттау сахна мәдиниетіне баулу.

Слайд 3

Слайд 4

Сабақ жоспары

1. Ұйымдастыру кезеңі

1.1.оқушылар назарын сабаққа аудару.

1.2.Сабақтың тақырыбымен таныстыру

2. Өткен сабақтарды қайталау.

2.1 Жаттығулар

2.2 Орыс халық әні « В саду ли в огороде»

2.3 Сергіту сәті

3.Жаңа сабақ.

3.1.Еркемай әнін үйрену

3.2.түсіндіру,көрсету, меңгерту

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

1.1.оқушылар назарын сабаққа аудару.

1.2.Сабақтың тақырыбымен таныстыру

1.3Жаңа сабақ Халық әні «Еркем-ай»

1.4 Сабақты қорытындылау


2. Өткен сабақтарды қайталау:


Жетекші:Сәлеметсіздер ме балалар !Көңіл күйлерін жақсы ма?

Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!

Енді балалар, сабағымызды бастайық.Үйге қандай тапсырма берілді?

Оқушы: домбыраның құрылысы, біріші октаваның нотарын жаттау, жәй екпінде бірінші, екінші жаттығуды тартып келу

Жетекші: Жақсы, балалар,алдыңғы сабақта өткен домбыра құрылымын қайталаймыз.Жарайсыңдар балалар!


Домбыраның құрылымы:

Домбыра негізгі үлкен үш бөліктен тұрады:

шанағы(кеудесі), мойны және басы;

-Шанақта дауыс шығаруға арналған ойық, үлкен тиек және ішекті тартып

тұратын түйме орналасқан ;

-Мойын пернелерге бөлінген;

-Басында ішекті тартып бұрауға арналған екі құлақ бар. Құлаққа екі ішек тағылады. Құлақ домбыраның күйін келтіруші роль атқара




Балалар, бірінші октавалардың ноталарын жатқа айтамыз.




Қосымша сызықта «до»,бірінші сызықтың астында «ре», бірінші сызықтың үстінде «ми»,бірінші мен екінші сызықтың арасында «фа»,екінші сызықтың үстінде «соль»,екінші мен үшінші сызықтың ортасында «ля»,үшінші сызықтың үстінде «си»,үшпен төрттің ортасында «до»


Аспапты ойнамас бұрын бірінші дұрыс,түзу отырып аламыз.Енді оң қолдын буынын дөңгелете бұрып төмен,жоғары қағып «ауада» жұмыс жасап аламыз.



Домбыра тартып үйренуге келген оқушының ең алғашқы сабақтары айнаға қарап дайындалғаны дұрыс.



Себебі оқушылардың домбырамен орындықта дұрыс,әдемі, тік отырулары маңызды. Оқушы орындықтың ортасына бірақ алға қарай отыруы керек,ал аяқ еденде толық тиюі керек. Енді оң қол мен сол қолдың қойылымдарымен ең бірінші аспапсыз жұмыс жасап жасалады. Осы ережелердің бәрін айнаға қарап отырып жасаса оқушы қолдардың қойылымдарын тез түсінеді.Ал жетекші көп уақыт ұтады,сабақ жақсы деңгейде өтеді.Келесі кезекте оң қол домбыраның шанағын орнықтырып ұстауына жауап берсе, сол қол домбыраның мойнына жауап береді.Себебі домбыраның мойны бармақ пен сұқ саусақтың ортасында тұрады.Пернені басқанда тырнақты тигізбей саусақтың жұмсақ етімен ғана басқан жөн.Дыбыс таза шығу үшін перненің дәл үстінен басу керек.



2.Иық. Екі иықты сірестірмей, бос ұстау керек,домбыраның мойынын сол иықтың денгейінен сәл жоғары болуы керек.

3.Білек. Ішекті жоғары- төмен қаққанда білекті бос ұстап . бос қағу керек.

4.Шынтақ. Сол қолдың шынтағын көтеруге немесе төмен аспапқа таяп ұстауға болмайды,сол қол орта деңгейде бос аспаптың мойнында жылжып жүруі керек

5.Буындар.Сол қол саусақтары пернелерді тізбелей басады. Басу мен қағу кезінде оң қол буындарын күш салмай,бос ұстау керек.

Бірінші саусақ дыбыстарды басқанда сол қолдың алақаны аспаптың мойнына тимеу керек және пернені басқанда тырнақты тигізбей саусақтың жұмсақ етімен ғана басқан жөн.

Бармақ «Б» болып белгіленеді,төрт саусақтың ортасында аспаптың мойнымен жылжып жүреді.

Осы ережелерді дұрыс орындау үшін оқушы айнаға қарап дайындалуы керек.











Домбырада ойнайтын оң қол саусақтарымен ішекті қағу әдісі.

Домбыра тартып үйрену келген оқушы сабақты жаттығу тартудан бастайды. Оң қолдың буынын ішке иіп яғни бұрып алма кезек қағыстарды ашық шекте тартамыз, төмен қағысты сұқ саусақпен ал жоғарғы қағысты бас бармақпен тартамыз.Қағысымыз қысқа тартылып, дыбыс толық шығу керек ол үшін жәй екпінде жұмсақ тартамыз,өзімізді естуге тырысамыз.Оң қолдың буыны дұрыс болуы үшін және саусақтар жинақы әдемі көріну үшін жеңіл бір затты саусақтармен бос ұстап тұрып қағыс тартса оң қолдың қойылымы әдемі және саусақтар жинақы көрінеді.Енді аспаппен. қағысты ашық шекте тартамыз да «соль» деп дауыстап бірге қосылып айтып отырамыз.Келесі «ля» нотасын бірінші саусақпен басамыз, төмен, жоғары қағамыз, қалған саусақтар жинақы тұрады «ля» нотасын бірінші саусақтың жұмсақ етімен тура перненің қасынан ұстаймыз.Сол қол дыбыстарды ұстағанда алақан домбыраның мойнына тимеу керек. Ал «си» нотасын үшінші саусақпен тартамыз..Әр ноталарды төрт-төрттен тартсақ бірінші жаттығу шығады.


1-жаттығу.


Бұл жаттығу бірінші, үшінші саусақтарға арналған.Енді осы жаттығуды сәл қиындатып орындаймыз.

2-жаттығу.




Жаттығуды орындап болған соң жетекшінің орындауында «В саду ли в огороде» әнін тыңдаймыз, ырғағын қолмен соғып түсініп аламыз да жәй екпінде ойнап отырып бірге дыбыстарды атап тартамыз..Бұл әнде «си» бемоль белгісі бар сондықтан «си» дыбысын үшінші пернеден тартамыз.Қағысымыз қысқа, ноталарды таза, анық басамыз. Дұрыс балалар!




3-жаттығу.




Саусақтар жақсы жүру үшін енді осы жаттығуды сәл қиындатып орындаймыз

4- жаттығу.




Жаңа сабақ « Еркем-ай» әні


Жетекшінің орындауында «Еркем-ай» әнін тыңдаймыз.Екінші рет тартқанда әнімен бірге қосылып айтамыз.Үшінші,төртінші жаттығуды түсініп тартқан оқушы «Еркем-ай» әнін қиналмай тартуға тиісті.Ең бірінші әннің бірінші жолымен жұмыс жасаймыз, жәй екпінде.Әннің әуезі шыққан соң екінші, төртінші жолдарын тартамыз баяу екпінде..Ноталарын бірге айтып отырып тартамыз.







Балалар домыра тартып үйренуді бастадық, енді домбыра аспабы туралы аңыз айтып берейін.

Енді балалар иығымыз, аяқтарымыз талды,сәл демаламыз.Енді назарымызды сөзжұмбақ шешуге аударайық.






Д







О







М










Б









Ы








Р







А

















Домбыра туралы аңыз.


Ертеде бір аңшы жігіт болыпты, аңшы биік таудың қиясында қалың орманның арасында бұғы – марал аулап кәсіп етіпті.Бірде жолы болып биік таудың басында бір теңбіл марал атып алады да, етекке түсірумеу үшін ішек – қарынын ақтарып алып тастайды да, сол жерге тастап кетеді.Содан бірнеше айлар өткен соң «аңы көп еді» ғой деп ойлап баяғы теңбіл – маралды атқан жеріне келсе, құлағына бір ызыңдаған дыбыс келеді, барып қараса өткенде атқан маралдың ішегін құстар іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос ішектің керіліп қалғанын көреді.Аңшы сәл тұрған соң дыбыс сол ішектен шықанын байқайды. Керіле кепкен ішек сәл жел болса ызыңдап жанға жайлы бір дыбыс шығады екен. Аңшы жігіт біраз отырған соң ішектің бірде уілдеп, бірде сарнап, бірде сыңсып жылағандай алуан түрлі дыбыс шыққанын байқайды, жігіт ойлана келіп « қой мына қос ішектекке тіл бітейін деп тұр екен, мен бір амалын жасайын» деп қос ішекті үйіне алып кетеді де ағаштан ұзынша етіп аспап жасайды да қос ішекті керіп тағып, тартып көрсе құлаққа жағымды алуан дыбыстар шығады . Бұл аспап аңшы жігіттің жанын ғана жадыратып қоймай, барлық тыңдаған жұрттың көңілінен щығады.Осылайша көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады.





Қорытынды. Ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан күйшілік өнерді жалғастырушы мына сіздерсіздер.Ендеше бүгінгі сабақта ұлттық аспабымыз қасиетті домбырамен танысып, калай тартылуын үйрендік.Домбырамен ән айтып күй тартылып қана қоймай шет ел компазиторларының классикалық туындыларында орындауға болады.Домбыраның үні қазақ халқын ғана емес бүкіл әлемді таң қалдырған.Домбыра үйренушілердің саны күннен күнге өсуде.

Балалар кімде қандай сұрақ бар? Келесі кезекте екінші оқу жылының оқушыларының орындауында Даулеткерейдің «Қос-алқа» күйін тыңдамыз.

Үй тапсырмасы:Оң қолдың буынымен жұмыс жасау,жәй екпінде «Еркем-ай» әнін тартып келу







1Ұлы күйші Құрманғазының шәкірті (Дина Нұрпейісова )

2.Ұлттық аспап (Қобыз)

3.Ұлы күйші. (Құрманғазы)

4. Қазақтың ұлттық аспабы. (Сыбызғы)

5.Қазақтың ұлттық аспабы. (Дауылпаз)

6.Компазитор,дерижор,күйші. (Нұрғиса Тілендейев)

7.Қазақтың ұлттық аспабы. (Асатаяқ)













































































Жаңа сабақ:Халық әні «Шөжелерім».

Әнді жетекшінің орындауында тыңдаймыз.Ырғағын қолмен соғып әуезін түсініп аламыз.Келесі кезекте жетекшімен бірге ноталардың атын атап өте жәй екпінде тартамыз,әр дыбысты байланыстырып, әуезімен тартуға тырысамыз.Әннің бір жолын яғни бес тактісін бірнеше рет қайталап тартамыз,қатесіз ойнаймыз.әнде екінші такті жиі қайталанады.Сондықтан нотасын бірге айтып (ля, си, ля, соль ) деп жаттап алуға тырысу керек. «Си» нотасы міндетті түрде үшінші саусақпен ойналады.Енді әннің қиын жерімен яғни алтыншы, жетінші тактілерімен жеке жұмыс жасаймыз.Ол үшін ноталарды дауыстап қосылып тартамыз. Алтыншы тактінің «Си», «до», «си», «ля» нотасы жетінші тактінің «Ля», «ре», до», «си» нотасымен байланысуы керек. Алтыншы тактінің соңғы нотасы «ля», жетінші тактінің бірінші нотасы «ля» әдемі тартылуы үшін алтыншы тактінің «ля» нотасын жәй, жетінші тактінің «ля» нотасын қатты тартса болады. Осымен ән бір рет қайталанады да аяқталады.Әнді дұрыс аяқтаймыз ( аспапты баяу көтеріп оң аяққа ауыстырамыз,бірге тұрамыз,бас ию ).

Үйде өткен әндерді қайталау, жаңа ән «Шөжелерімді» жәй екпінде ойнау.



























Әннің үшінші жолында «фа», «ми» ноталарын үстіңгі шектен тартамыз.Ән есте тез сақталу үшін жәй екпінде ойнау керек. Әнді тартып отырып еске сақтап , ырғағын,қағысын,әуезін дұрыс ойнау қажет.Әнді тез жаттау үшін топқа бөлініп ойнаймыз.бірінші топ екі жолын, екінші топ – екі жолын , соңғы қайталау жолын қосылып бірге тартамыз. Ал,әнді дұрыс аяқтау маңызды,яғни (аспапты оң қолға ауыстырамыз, түзу, дұрыс ұстаймыз , бірге тұрамыз, бас ию).

3-жаттығу.

Саусақтар жақсы жүру үшін енді осы жаттығуды сәл қиындатып орындаймыз.

Бұл жаттығу бірінші,екінші,төртінші саусақтарға арналған жаттығу.


Сол қол саусақтарымен перне басу әдістері.

Жетекші оң, сол қолдарының қойылымдарын қойғанда әр оқушының жас шамаларына қарай саусақтарының салалығына қарап жеке жұмыс жасауға тиісті.Сол қол саусақтарының қойылымы бірінші сұқ саусақтан «ля» нотасынан басталады, осы сұқ саусақ аспаптың мойнына ие болатын сияқты ұсталуы керек

Себебі сол қол аспаптың мойнына ал оң қол аспаптың шанағына жауап береді..Ал бармаққа келетін болсақ төрт саусаққа қарама қарсы аспаптың мойнында бүгіліп жылжып жүреді .Шынатақты көтермей,аспаптың мойнына тым таямай ортада ұстау қажет және қолдың басын еркін ұстауды естен шығармау керек.Осы ережелерді есте сақтай отырып 3-жаттығуды ойнап көрейік.«Си» дыбысын «до» дыбысын және «ре» дыбысын төрт-төрттен тартамыз, дыбыстарды бірге қосылып айтып отырамыз.Жаттығды жетекшімен бірге жәй екпінде ойнаймы Міне, балалар біз домбыра үйренуді бастадық!


3. Жаңа сабақ : Халық әні «Еркем-ай».

Жаңа сабақ бастамас бұрын оқушы жаттығу орындау керек.

3-жаттығу.


Саусақтар жақсы жүру үшін енді осы жаттығуды сәл қиындатып орындаймыз


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Конспекты
Просмотров208
Номер материала ДВ-465913
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх