Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Урок на тему "Ынтымақ- түбі береке"

Урок на тему "Ынтымақ- түбі береке"


библиотека
материалов


Асем Сыдыкова

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Екіаша орта мектебі КММ

Сарқан ауданы, Екіаша орта мектебі


Тақырыбы: Ынтымақ – түбі береке № 16-17 сабақ

Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: бәрін жақсы көру, бауырмалдық

Мұғалім: Сыдыкова А.Ж. Сынып: 6 Оқушылар саны:


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық туралы түсінік бере отырып, «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

  • Оқушыларға ынтымақ ұғымы туралы түсінік беру.

  • Оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету.

  • Оқушыларды татулыққа, ауызбірлікке, достыққа тәрбиелеу.

Ресурстар

оқулық, оқушы дәптері, үн таспа, тақта.



Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу. (Сабақтағы жағымды күйге келу)

Тыныштық сәтi: (Су асты патшалығына ойша саяхат.)

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Ынтымақ» ертегісін сұрау

1.Ынтымақ болған жерге Қызырдың ,Бақ пен Дәулеттің келінуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер?

2. Үй иелерінің Ынтымақты қонақ қылуының себебі неде?

3.Ынтымақтастық дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Татулық,ынтымақтастық,ұйымшылдық ұғымдарының ұқсастығы неде?


3.Жағымды ой- пікір (дәйек сөз)

«Игілік басы- ынтымақ,ынтымақты елде күншуақ.»

Халық мақалы

(Хормен қайталау, дәптерге жазғызу).

1.Дәйек сөзді қалай түсінеміз?

2. Ынтымақ болған жерде не болады?


  1. Оқиға айту : (Мұғалім сыйы)

«Әнет Баба әңгімелері»

1.Мәтіннің мәні неде?

2.Баба өсиетінен не ұқтыңдар?

3. Баба өсиетінен қандай қорытынды жасауға болады?











Ел аузынан

5.Шығармашылық жұмыс.

«Ынтымақ, ауызбіршілік» тақырыбына, сахналық көрініс көрсету.

Ойын ойнату

«Бір- бірімізді мадақтайық»

Дәптермен жұмыс.

1-2 тапсырма




Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-331511

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG