Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Урок на тему "Киелі сандардың құпиясы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Урок на тему "Киелі сандардың құпиясы"

библиотека
материалов

13.10.2014ж

Cабақтың тақырыбы: Киелі сандардың құпиясы


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Киелі сандардың сырын аша отырып оқушылардың білімдерін тиянақтау.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларға өз елін қастерлеуге, халық дәстүрін , Отанын сүюге , қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, суреттер, кестелер

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тапсырмалар орындау

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасына даярлығын тексеру

Үйге берілген тапсырманы оқушылардың орындап келгенін білу

ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау

а.Этнолингвисткалық сөздерге сипаттама беру

б.5-тапсырманы тексеру

в.Ішке сыртқа әдісі бойынша үй тапсырмасын қорытындылау

ІҮ.Жаңа сабақты өтуге даярлық

«Ой шақыру»

Төрт ана

Туған жер, Салт-дәстүр,

Туған тіл, Туған тарих.


М.Шаханов.

Ү.Жаңа сабақ.

Қазақ табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.
Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жалпы сандардың тек қана математика сабағында ғана емес, күнделікті тұрмыста да маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефон да соға алмаймыз. Сандар адам баласының ертедегі өмірінде ерекше қызмет атқарған. Қазақ халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған. Сол себепті қазақ халқы бұл сандарға «киелі» деген ұғымды байланыстырып айтқан.


Ал , енді , Қадыр ағамыздың « Жеті» өлеңіне көңіл бөлейік.


Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқып шығуы.

« Жеті» .

Киелі сан жеті деген,

Байланысты жетіменен.

Көп ұғымы халқымыздың,

Белгісіндей салтымыздың.

Жеті қабат көк жер үсті

Жеті қабат жер асты.

Жеті Жарғы- заң жеті,

Қазынамыз бар жеті.

Жеті атамыз- жеті жұрт,

Ағайынды жеті құт.

Өлеңнің түсінігін айту;

Ақын өзінің өлеңінде жеті санының неге қымбат екеніне тоқталады. Жеті саны қазақта киелі сан. Оны мына өлең сөздерінен де көруге болады. Жеті жасқа келген бала күрт өседі, яғни есейеді. Аптамыз жеті күннен, қайтыс болған адамның жеті күн садақасын береді. Мұсылмандар балаларына жеті атасын жаттатады. Аспанымызда жеті жұлдыз қордаланып орналасқан жеті қарақшы бар.

Өлеңді оқушылар мәнерлеп оқиды.


Жеті ата Жеті ұрпақ

  1. Бала 1. Әке

  2. Әке 2. Бала

  3. Ата 3. немере

  4. Арғы ата 4. Шөбере

  5. Тек ата 5. Шөпшек

  6. Түп ата 6. Немене

  7. Баба 7. Туажат ( дәптерге жазып алу)


Алматы, Талдықорған өңірі Жетісу деп аталады. Жетісудың табиғаты көркем, жері өте бай, әрі құнарлы. Ол – «Жер жаннаты» деп аталған өлке. Жетісудың жеті өзені бар болғандықтан Жетісу деп аталған. Жетісудың жеті өзендері: Лепсі, Ақсу, Көксу, Сарқан, Қаратау, Іле, Шу.


« Әлемнің жеті кереметі»

  1. Хеопс пирамидасы

  2. Семирамиданың аспалы бағы

  3. Зевс мүсіні

  4. Артемида ғибадатханасы

  5. Родос алыбы

  6. Галикарнас кесенесі

  7. Александрия шамшырағы

Қазақстанның жеті кереметі:

  1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

  2. Тайқазан

  3. Айша бибі мазары

  4. Тамғалы жартас суреттері

  5. Алтын адам

  6. Домбыра

  7. Күлтегін ескерткіші

Өзге де Шығыс шайырлары тәрізді қазақ халқының ақындары жеті ғашықтың бәрін де жырға қосып, дастан етіп жырлаған. Олар: 1. Ләйлі- Мәжнүн. 2. Зылиқа –Жүсіп. 3. Фархад- Шырын. 4. Таһир- Зуһра. 5. Арзу- Қамбар. 6. Мәлік- Жамал. 7. Зияда- Бозжігіт.


Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма.Өлеңді мәнерлеп оқып, түсінгендеріңді айтыңдар.

2-тапсырма.Өлеңді пайдалана отырып,үш бақытты атап көріңдер.

3-тапсырманы өлеңді түсініп оқыңдар.

Көп нүкенің орнына керекті сөздерді қойып көшіріп жазу

ҮІ.Сабақты түсінгенін тексеру

4-тапсырма.

а.Диалог құрастыру

б.Жеті қазынаны жатқа атау

в.Кітапта берілген мағлұматты оқу

ҮІІ.Сабақты бекіту

Сұрақ- жауап.


  • 1.Қазақ халқында қандай сандарды қасиетті деп есептейді?

  • 2.Жеті ата дегеніміз кімдер?

  • 3.Қазақстанның жеті кереметін ата

  • 4.М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі не туралы айтылған?

  • 5.Киелі сандар туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз?


ҮІІІ.Үйге тапсырма беру.1.М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жаттау.

2. «3», «5» саны жайында мәлімет жинап келу.



Автор
Дата добавления 03.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров213
Номер материала ДВ-223763
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх