Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Конспекты / Урок на тему "Көңілділер тапқырлар клубы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Урок на тему "Көңілділер тапқырлар клубы"

библиотека
материалов

hello_html_m5687e20b.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifКөңілділер, тапқырлар клубы

Мектепте тарих апталығы болған кезде, соңғы қорытындылау күнін КТК түрінде өткізуге болады. Төменде, класс арасында болған қорытындылау сабағын ұсынып отырмын.

  1. КТК – ні ашу. /Оны ұйымдастырған мұғалім немесе жүргізуші орындайды/.

  2. Командалардың бірін-бірі құттықтауы.

  3. Командалар жарысы.

  4. Капитандар жарысы.

  5. Жанкүйерлер жарысы.

  6. Ойындар. Лотерея ойыны.

Команда ыңғайына қарай формалар әзірлейді. Класс безендіріледі. Қазылар алқасы сайланады. Олар тарих мұғалімдері немесе жоғары сынып оқушылары болады. Ең дұрыс жауапқа және толық емес жауапқа баға қойылады. Екі команда болады.

  1. «Білгірлер » эмблемасы - .

  2. «Ойшылдар »эмблемасы - .

Құттықтау сөздер, тілектер ғалымдардың қанатты сөздері ілінген плакаттарды әр команда іледі. « Жүзден жүйрік, Мыңнан тұлпар шығады », «Өнерлі өрге жүзеді », т.б.

  1. «Білгірлер » және «Ойшылдар » командалары бірін-бірі құттықтайды.

Командалар жарысы: 3 тәжірибе, 3 сұрақтан беріледі.

Жүргізуші: Бәріңіз маған қараңыз!

Ойынымызды басталық,

Алуан түрлі ойларды

Ортамызға тасталық.

Жүргізуші: Тарих пәнінен көрсетіп біздер батырлық.

Ой толғалық жүйелі, таңдайымызға татырлық.

Жүргізушілер: Көңілді тапқырлар мен білгірлер

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Бірінші «Білгірлер » командасы шығады.

1-тәжірибе. Оқушыларға Шәкәрім Құдайбердиевтің математикалық ойлар мен әдістерді насихаттауға арналған бір тамаша жұмбағын беруге болады.

Орталарына қағаз бен қайшыны беріп, тәжірибе жасатуға болады.

Шәкәрім жұмбағы.

Бір нәрседен үш сипат қылдым хайла,

Бұл жұмбақты шешерлік адам қайда?

Бір сипатын ортадан кесіп алсам.

Орнында тағы болар екеу пайда.

Біреу деп кесіп алып тастағаным,

Үшеу болып жатады басқа жайда.

Шешуі.

Бір қағазды қи-дағы үш бұрыштап,

Бір бұрышын ортасынан кес дұрыстап,

Қалған қағаз болады төрт бұрышты,

Үш бұрышты қиығын тұрсаң ұстап.

(Шәкәрім. Айтылмыш шығ. 277 – 278-беттер)





Сызбалық түсіндірмесі.





Екінші «Ойшылдар » командасы шығады.

1-тәжірибе. Абай жұмбақтарының асқары - «Алла мықты жаратқан сегіз батыр» деген өлең-жұмбағы беріледі. Ойлануға уақыт беріліп, команда талқылауына болады.

Абай жұмбағы.

Алла мықты жаратқан сегіз батыр,

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,

Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.

Шешуі.

Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз,

Таба алмасам, ақылды болар неміз?

Қыс пенен жаз, күн мен түн, тақ пенен жұп,

Жақсылық пен жамандық – болады сегіз.

(Абай Құнанбаев, Айтылмыш кітап, 1 том, 142-бет).

Бірінші «Білгірлер » командасы шығады.

2-тәжірибе. Қызықты математика.

  1. Үш әке және алты бала серуендеуге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6-дан алма тиді. Бұл қалай болғаны?

Шешуі.

Жауабы. 1 атасы, 2 әкесі 4 немересі.

Екінші «Ойшылдар » командасы шығады.

2-тәжірибе.

  1. Төмендегі теңдік сіріңке шиі арқылы жазылған: YI – IY = XI. Тек бір шиді қозғалту арқылы дұрыс теңдікті қалай алуға болады?

Шешуі.

/ YI +Y = XI /. болады.

Бірінші «Білгірлер» командасы шығады.

3-тәжірибе. Тарихи жұмбақ.

Бұл жерде І Петрдің «Жердің алмасы іспеттес екен» деген нәрсе бар, ол не нәрсе? /жәшікке глобус салынған/.

Екінші «Ойшылдар» командасы шығады.

3-тәжірибе.

ХХ ғ. 50-жылд.Кеңес үкіметі, дінге қарсы шығамыз деп, Мәскеудің орталығындағы Козьмы және Домиана шіркеулерін құлатпақ болған. Бірақ бұл ғимаратта шетелдік әдебиеттер сақталған кітапхана бар болған. Осы себептермен шіркеу құламай қалған екен. Кейін шіркеу ғимаратында бұл оқиғаға байланысты жазбалар ілінді: « ... шіркеуді құтқарды» - деген. Шіркеуді құлаудан не құтқарған екен? Жауабы: жәшікке салынып әкелінеді /кітап/.

  1. Капитандар жарысы.

Екі топтың капитандарына конверттке салынған сұрақтар беріледі. Жауабына сай ұпай санын әділқазылар шешеді.

  1. Жанкүйерлер жарысы.

Тарихи басқатырғыштар беруге болады.

Көңілді тапқырлар клубының аяқталу сәтінде екі топты марапаттап, сыйлықтар беріледі. Әділқазылар ой тілектерін жеткізіп, кештің соңын әнмен аяқтауға болады.

Жүргізуші: Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!



Жүргізуші: Тағыда үйренеміз аман болсақ,

Шыңымыз биік болар, білім қусақ.

Өмір деген өнермен үйлеспей ме?

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ.






















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.02.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров123
Номер материала ДВ-423363
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх