Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Конспекты / Урок на тему: "Конус"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Урок на тему: "Конус"

библиотека
материалов

КОНУС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.


Жаңылова Гүлазат Инабатқызы

Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің бірінші санатты математика пәні оқытушысы


Сабақтың мақсаты:

а/ біліміділік: Оқушыларға конус, оның элементтері туралы мағлұматтар беру;

ә/ дамытушылық: Конустың бүйір бетінің, толық бетінің аудандарын табуға есептер шығарту арқылы оқушылардың шапшаңдық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Конустың қолданылатын жерлері туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды әдемілікке, тазалыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, есептер шығару

Пәнаралық байланыс: Қоғамтану, Тарих,

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, диапроектор, сызба плакаттар, т.б.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу;

Оқушыларды түгелдеу;

Назарларын сабаққа аудару;

Оқу – құралдарын түгелдеу.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекітіп қорытындылау.

Топ оқушыларын екі топқа бөлу. І топ және ІІ топ


Үй тапсырмасын оқушылардан «Баспалдақ ойыны» арқылы сұрап тексеремін. Ол үшін оқушылар төмендегі тапсырмаларды екі жақтап орындап, баспалдақтың ең жоғарғы бөлігіне жетіп, туды тігу керек. Қай топ туды бірінші тіксе, сол топ жеңіске жетеді.


«БАСПАЛДАҚ» ойыны








hello_html_70aff244.gif






hello_html_1dc1024c.gifhello_html_m7a1c04f0.gif





hello_html_m53d524b.gifhello_html_5828b5f2.gif







Жауаптары:

І топ – 1

Цилиндр деп тік төртбұрышты оның қабырғаларының бірінен айналдырғанда шығатын фигураны (денені) айтады

hello_html_56173aa2.jpg









І топ – 2

Егер цилиндрдің жасаушылары табандарына перпендикуляр, яғни цилиндрдің биіктігіне тең болса, онда цилиндр тік дөңгелек цилиндр деп аталады.

Егер цилиндрдің жасаушылары табандарына қандай да бір а бұрыш жасап көлбеген болса, онда цилиндрді көлбеу цилиндр деп аталады.


hello_html_m7320c102.pnghello_html_m837f6be.png

ІІ топ -1

hello_html_m677bf53e.gif Дөңгелектер цилиндрдің табандары деп аталады, ал олардың радиусы цилиндрдің радиусы деп аталады.

Дөңгелектердің сәйкес нүктелерін қосатын кесінділерді цилиндрдің жасаушылары деп атайды.

Цилиндрдің биіктігі деп табан жазықтықтарының ара қашықтығын атайды.

Цилиндрдің осі деп табандарының центрлерінен өтетін түзуді атайды

Қолданылуы: Бізді қоршаған ортада, тұрмыста цилиндр пішіндес заттар, объектілер жиі кездеседі: металдан жасалған бөшкелер, консерві банкалары, т.б.


ІІ топ – 2


Егер цилиндрдің бетін табан шеңберлері бойымен және қайсыбір жасаушысының бойымен қиып алып жазып жіберсек, цилиндрдің жазбасын аламыз.


hello_html_46d04615.jpg

Баспалдақ – 3


Бер:

D=12 см Шешуі: Sт.б= 2ПRH + 2П R2

H= 3,5 см R = D/2 = 12/2 = 6см

т/к: Sт.б=? Sц.бб= 2ПRH=2П*6*3,5=42П (см2)

Sт=2П R2= 2П*62= 72П (см2)

Sт.б= 2ПRH + 2П R2= 42П + 72П = 114П см2

Жауабы: 114П см2

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.


Анықтама: Тікбұрышты үшбұрышты катетінен айналдырғанда шығатын фигура конус деп аталады.

hello_html_m6bb76fc7.jpg









hello_html_m59479b11.gif


Конустың түрлері


hello_html_6f9c6363.jpg












Табаны дөңгелек болып келетін және оның биіктігінің табаны дөңгелектің центріне дәл түсетін конусты тік дөңгелек конус деп атаймыз.

Тік емес конустар мектеп курсында қарастырылмайды. Бұл конус айналу денесі болмайды.

Конустың қималары


hello_html_m1281b438.jpghello_html_m1281b438.jpg











1 - сурет – Жазықтық конустың табанын хорда бойымен, ал бүйір бетін екі жасаушы бойымен қиып өтеді. Қима – тең бүйірлі үшбұрыш

2 - сурет – Жазықтық конустың осі арқылы өтсе, онда қимада пайда болған үшбұрыш конустың осьтік қимасы деп аталады. Қима - үшбұрыш

3 - сурет – Конусыты оның осіне перендикуляр жазықтықпен қиюға болады. Бұл жағдайда қиюшы жазықтық табан жазықтығына параллель, ал конустың қимасы – дөңгелек

4 - сурет – Конустың жасаушысы арқылы өтетін, конуспен ортақ нүктелері жоқ жазықтық конусқа жанама жазықтық деп аталады.


Негізгі формулалар.


Конустың бүйір бетінің ауданы оның табан шеңберінің ұзындығы мен жасаушысының көбейтіндісінің жартысына тең:


Sк.б.б. =ПRL

Sтаб =ПR2

Sк.тол.беті =ПRL + ПR2 = ПR(L + R)

L- конустың жасаушысы, R – табанының радиусы


«Теңге алу» ойыны


Ойын басталатын жерге қазаншұңқырға ұқсайтын шеңбер сызылып қойылады. Ортасына ыдыс қойып соған теңгелер салынады. Әр топтан бір бала атпен шауып барып ыдыстан «теңгені» алып кетеді. 200 – 1000 теңге аралығында есептер шығару керек. Қанша теңгелік есеп шығарса, сонша теңгелік ұпай жазылады.


1 есеп – 200 теңге

Конустың жасаушысы 12 дм және табан жазықтығына 300 бұрышпен көлбеген. Конустың биіктігін табыңыз.

Sin300=H/L, 1/2= H/12 , H=6 , Жауабы: 6 (дм)


2 есеп – 500 теңге

Конустың биіктігі 20 см, табанының радиусы 15 см. Бүйір бетінің ауданын табыңыз.

Sк.б.б. =ПRL

L2= H2 + R2 = 400 + 225 = 625, L= 25см

Sк.б.б. =П* 15* 25 = 375 П см2, Жауабы: 375 П см2


3 есеп – 1000 теңге

Конустың жасаушысы 5 см, табанының радиусы 4 см. Толық бетінің ауданын табыңыз.

Sк.тол.беті =ПRL + ПR2

Sк.б.б. =П * 4 *5 = 20 П,

Sтаб =П * 42= 16П

Sк.тол.беті = 20П + 16П = 36П Жауабы: 36П (см2)


ІҮ. Жаңа сабақты қорытындылау.


Сабақты төмендегі әдіс бойынша бекітемін және «Конус жырын» хормен айтып қорытындылау


Білемін

Пирамида

Білдім

Конус

Білгім келеді








Конус жыры


Клоунға бола аласың бас киім

Тіп – тік болып тұра аласың тас түйін

Бір катеттен айналғанда үшбұрыш

Конус болып қаланады басты үйің


Қайырмасы:

Конустар, айналатын денелер

Желкендер, конусқа ұқсас кемелер

Элементтер күтпесін

Өлшемдерің бітпесін

Өлшемдерің бітпесін!

Айналатын денелерге тек сеніп,

Цилиндрдің үштен бірдей бөлшегі

Тік конусым цилиндрмен қарайлас

Ұқсас оның көлемдегі өлшемі

Қайырмасы:


Ү. Үйге тапсырма.

1. Конустың макетін жасап келу

2. §6 Конус

6.1 Конус – айналу денесі

6.2 Конустың жазықтықпен қимасы

№ 11 есеп, 42 бет


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. В.Гусев Ж. Қайдасов Ә.Қағазбаева «Геометрия» оқулық – 11 класс

  2. Наурызбайқызы Ә, Әубәкірқызы Қ, Мұқамбетқызы С «Математикадан қызықты ойындар мен тапсырмалар» - дидактикалық материал

  3. В.Гусев Ж. Қайдасов Ә.Қағазбаева «Геометрия» - есептер жинағы

  4. «Физика - математика» - әдістемелік журналдары





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.11.2015
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров194
Номер материала ДВ-190333
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх