Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Урок на тему: "Красная книга Казахстана"

Урок на тему: "Красная книга Казахстана"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

hello_html_165e198.png

ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАРДЫҢ

«ҚЫЗЫЛ КІТАБЫ»



Сақиева Бағым Сердалықызы

Ғ.Мұратбаев атындағы №17орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда облысы, Қазалы қаласы



Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра

отырып, жаңа ұғымдармен таныстыру.

Жануарлар мен өсімдіктер түрлерімен таныстыру

Білімділік: Жаңа сабақты игерту, «Қызыл кітап» туралы түсініп беріп,

Қазақстандағы жануарлар мен өсімдіктер туралы түсіндіру

Дамытушылық: Ақыл –ойын, ой-өрісін дамыту, оқушылардың танымдық

белсенділігін арттыру.

Тәрбиелілік: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке,

заңды қорғауға, Отанға адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты өткізу әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап

Сабақтың көрнекі – құралдары: суреттер, көрнекіліктер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Күннің сәні – шуағымен

Қыстың сәні – қырауымен

Көлдің сәні – аққуымен

Оқушы сәні – білімімен

Оқушы назарын сабаққа аудару.


ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

І топ. 1 Үй жануарлары туралы не білеміз?

ІІ топ. Бақша өсімдіктерін ата, түсіндір.

ІІІ топ. Өсімдіктердің адамға тигізетін пайдасы.

Жануарлар, өсімдіктердің адамға тигізетін пайдасы көп. Табиғат 2 –ге бөлінеді. Тірі табиғатқа жануарлар, өсімдіктер және адам жатады.

Адам-табиғат перзенті

hello_html_m42add009.gifhello_html_f0ccb2.gif


өсімдік жануарлармен тығыз байланысты.


ІІІ. Жаңа сабақ.

- Балалар бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы».

Ой шақыру. Қызыл кітап деген не?

hello_html_m682cdf42.gifhello_html_7e0a5019.gif жануарлар аң


hello_html_m682cdf42.gifhello_html_26c95d.gif Қызыл кітап

құс қызыл түс

Қызыл – сақта, қорғаныш, ерекше түс. Осы кітапқа жойылып кету қауіпі бар аң, құс, өсімдіктер, жануарлар тіркелген. Егер осы кітаптағы жануарларға қиянат жасаған адам мемлекет тарапынан айыппұл төлейді немесе жазаланады. Қазақстанның «Қызыл кітабы» 1977 жылы, 1991жылы, 1996 жылы өңделіп шықты.



1. Қызыл кітапқа енген өсімдіктер

Греиг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы әсемдік үшін өте көп мөлшерде жұлынып алынды. Қазіргі кезде сиреп жойылуға таяу Греиг Алексеевич орыстың гүл өсірушісінің есімімен аталған сәуір , мамыр айларында гүлдейді. Қазақстанның Оңтүстік аймағында өседі. Отаны Голландия «Қызыл кітапқа» енген.

2. Шырша ағашы

Іле алатауының биік шыңдарында өседі оны орынсыз кесіп пайдалана берсек, құрып кетуі мүмкін.

3. Дермене

Дермене Қазақстанның оңтүстігінде ғана өсетін әртүрлі дәрі жасауға қолданылатын өсімдік . Оның көптеген ауруларға емдік қасиеті бар.

4. Тау сағызы т.б өсімдіктерге сипаттама жасау.

Тау сағызы –Каучук алуға өте көп мөлшерде пайдаланған

Қызыл кітапқа енген жан-жануарлар.

1. Түйе. Екі өркешті жабайы түйенің мыңға жуығы ғана қалған. Түйені ертеде көшіп қонуға ыңғайлы көлік ретінде пайдаланған.

2. Құлан. Құланның сыртқы түрінде есекке, жылқыға ұқсас белгілер бар. Құйрығы, даусы есекке, жалы мен құлағы жылқыға ұқсайды.

3. Қарақұйрық т.б жануарлардың тіршілік ету ерекшелігіне тоқталу

Қарақұйрықтың денесі сымбатты аяқтары жіңішке мықты өте жүйрік, құйрығының ұшы қара сондықтан оны қарақұйрық дейді.

Құстар

1. Дуадақ. Қазақстанда сирек кездесетін өте сұлу құс сыртқы бейнесі түйеқұсқа ұқсас. Аяқтары мойындары ұзын. Аулауға тиым салынған.

2. Бүркіт. Бүркіт- жыртқыш құс таулы жерде тіршілік етеді биік ағаштармен зәулім жартасқа ұя салып 1-2 жұмыртқа табады.

3. Тырна т.б құстардың түрлерін түсіндіру

Биіктігі 90 см салмағы 11 кг болады бақа, шыбын шіркейлермен қоректенеді. Күзде ұшқанда үш бұрыш тәрізденіп топтасып ұшады.

IV. Сабақты бекіту.

Топпен жұмыс.

І топ. Өлеңді оқып, өз ойларын тұжырымдау.

Мылтық көрсем төрлерде іліп қойған,

Менің мазам кетеді күдікті ойдан.

Жұртпен бірге мәз болып, ду-ду күліп,

Қайта алмаймын содан соң күліп тойдан.

ІІ топ. Ұяламын қарауға қарлығашқа

Шықылдайсың балапан қарның аш па?

Жаутаңдайсың әр Болат, әр Қайратқа

Жаутаңдайсың әр бұзық, әр балаға

ІІІ топ. Баяғыдай көбінің халі бірақ

Мойындарын үзеді әлі бұрап

Қызыл кітап – бұл өзі қызық кітап,

Тысы жұқа астары қалыңырақ.

Әр топ басшысы өз ойын дәлелдеп шығады.

Қызыл кітапқа енген әр құстар мен аңдарды қолға түсіру құралы-мылтық. Мылтықты аңшы ұстайды.

hello_html_2d2985a9.gifhello_html_m682cdf42.gifhello_html_7e0a5019.gif А ң ш ы


жыртқыш қызық азық

аңды жою үшін үшін

Табиғатты қорғау ережелерін түсіндіру. Дүние жүзі қорының эмблемасын түсіндіру. Үлкен панда-аюдың аты. Қытайдың таулы аймағында тіршілік етеді.


«Құстарға көмек» ойыны.


V. Бағалау.

Оқушыларды мадақтай отырып, сабаққа белсене араласқандарына гүл сыйлау.


Табиғатты сүю керек, қорғау керек.

Ол біздің азаматтық борышымыз!


VІ. Үйге тапсырма.

Ережелерді түсініп оқу. Құстың ұясының суретін салу.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-197608
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>