Инфоурок Другое КонспектыУрок на тему Махамбет

Урок на тему Махамбет

Скачать материал

 

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн»

  8-класс       Әдебиет

Сабақтың мақсаттары: Махамбет өлеңдерін оқып-түсіну; авторлық бейнені ашу; өлеңдерінің тіліне талдау.

  1. Жеткіліксіз білімді әр түрлі ақпарат көздерінен оқушыларды өз бетінше  жинап үйрену . Танымдық және практикалық міндеттерді шешуде алған білімді пайдалану Зерттеу біліктерін (өзектілігін анықтау, ақпарат жинау, бақылау)
  2.  Талдау, жорамал жасау, қорытындалау дамыту
  3. Оқушылардың өз еліне, жеріне деген қызығушылығының, ынтасының  артуы

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақтадан слайд-шоу: Махамбет Өтемісұлының портреті, Махамбеттің шығу тегі туралы сызба, «Кейіпкер портреті» сызбасы, Пәнаралық байланыс: тарих, музыка

Сабақтың түрі: Эвристикалық жобалау  технологиясы бойынша   шығармашылық жұмыс

(Эвристикалық деңгейде:  мақсаты анық,  ситуация түсініксіз, оны  оқушының  өзі  толықтырады,  табады,  шешеді. Бұнда  бұрынғы  білімі өлең  талдау сияқты білімі  көмекке  келеді. Оқушы  жаңа  хабарды,  білімді  өз  ізденісімен  алады.

Ғылымилығы:  практикаға бағытталған

Негізгі  қағидалар:

* бала өзі таңдаған іс-әрекетті жоғары  қызығушылықпен орындайды

* іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында  ғана құрылмайды

 балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу, соған сүйену

* шынайы оқыту ешқашанда бір жақты болмайды, қосымша берілетін мәліметтер де

  өте маңызды

Өзектілігі:

1.Баланы оқи білуге үйрету

2.Баланы ойлауға үйрету

3.Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау

Сабақтың барысы:

... Жасырмай ойымды айттым талай, талай

Қайтейін кетті  бәрі қарайламай.

... Айтарын ашып айтқан  абайламай,

Дариға-ай Махамбеттер, Абайлар –ай! ...

                      М.Мақатаев

   Асқақ рухты ақын жыры-көтеріліс айнасына айналған  Махамбет Өтемісұлының   «Ереуіл атқа  ер  салмай», «Мұнар күн» өлеңінің шығу  тарихы,  құрылысына  тоқталмақшымыз.

 

«Туады ерлер ел үшін»  Тақырып бойынша  хронологиялық  картамен танысу

 

1803 ж

Махамбет Өтемісұлы  Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс жерінде дүниеге келген

1834ж

Орынбора Жәңгідің баласымен болып, елге оралады.

1829-1831

Калмыков  түрмесінде  отырып, қашып шығады.

1836-1837

Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.

1846 ж. қазан 20,

Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданында жерленген

1908, 1912, 1925 жж

«Өкініш», «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Терезе» атты күй жинақтары  жарық көрді

1939—89 жж

8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді

Ақын                                                                                                               мерген

                                                                                                                                Добырашы



Батыр                                                                                                                                                                

 

 

 

Күйші              

Көтерліс басшысы                               үгіт –насихатшы                                                Палуан

 

 Түртіп алу  стратегиясы 

Тарихи негіз «Асқақ рухты ақын жыры-көтеріліс айнасы »

 

        1837 жылы  Исатай мен Махамбет  Жайықты  жарып  өткен  соң қасындағы  қырық жолдасымен далаға қонады.күн  суық  боран екен. Ертемен  тұрса батырлар қар астында тоңып қалған екен. Сол заманда  Бөкейлік қазақтары  едәуір  тәрбиелі  екен.Сол кезде  едәуірі  тастан,  ағаштан салған  үйде, шайға  үйреніп қалған. Етіктің  орнына елдің  бірқатары кебіс-мәсі киеді екен.

          Далада  қонып,  тоңып  тұрған жігіттердің  көбі жылы  үйді,  жұмсақ  төсекті,  қызыл шайды  жоқтайды.

          Сонда  Исатай айтыпты –мыс: «Ай, жігіттер! Қазақ жұртына сәлем  айтыңыз! Ел  болам десе-құс төсек  төсенбесін, шай  ішпесін,  қималы  етік кимесін»,-деп.

          Қималы етік деп  кебіс-мәсі айтқан. Сол уақытта  Махамбет осы өлеңді  айтып  жолдастарын жұбатқан  дейді.

 

Ереулі атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебіңгі терге  шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық,  шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебіңгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!

 

Осы үзіндіде 19 жол бар. Бәрі бір-ақ шумақ. Соның ішінде ұйқассызы тек екі-ақ жол. Басқаларының ұйқастары бірдей болып келген. Міне, осылай келген ұйқастарды шұбыртпалы ұйқас дейді

 

Шұбыртпалы ұйқас

Махамбет, Абай, Жамбыл т.б. халық ақындарының өлеңдерінде көп кездесетін ұйқастың бір түрі - шұбыртпалы ұйқас. Шұбыртпалы ұйқаста өлеңнің барлық жолдары да ұйқасып отырады. Ұйқаспайтын жол не бір, не екі, онда да, ой бітер жердегі аяққы жолы ғана ұйқастан тыс қалады. Бір шумақтағы жолдардың бәрі бір ұйқаспен келеді

 

А қын  тілінің сөздігін құрастыру

Ереуіл ат- ұзақ жортуға арналған  төзімді ат.

Тебінгі  - тоқым қысқа  болғанда, аяқкиім  мен  шалбар балағын қорғайтын,  ер тұрман құрамына  қатысатын  әбзелдің  бірі

Терлік – тоқымның  астына  салатын киіздің бір  түрі .

Малта – сүзбеден  сығып,  домалатып дайындаған  уақ  құрт.

Өзегі талу –шаршау, ашығу

Темір қазық- жұлдыз

“Түйінді сөздер” стратегиясы

 

 

Өлеңнің шумақтарын  мазмұнына қарай

қысқаша түйіндеп, қорытындылау.

Ереуіл атқа ер салмай,

Еңку-еңку жер шалмай,-

деген жолдарымен «еңку-еңку» барар жолдың  айшылық алыстығының әрі  ауырлығын жеткізетін болса, «еңкудің» қайталану  күшейткіш  мәнге  ие  болған. «Еңку-еңку» жер қалайда игерілуі  керек. Егер  де  оның  игерілу  міндет болмаса,  ол өлеңге осыншалық  аса  мән беріліп айтылмас  та еді.  Осы  игеруге ұмытылдырып  тұрған қажеттілік – азаттық  үшін  күрес.

Тебінгі терге  шірімей,

Терлігі  майдай  ірімей

 

Тебінгінің  әбден  тер  сіңіп,  шіріп  тозатындай, ал  терлігінің майдай  іріп,  яғни,  үгітіліп таусылатындай шаққа  жету  үшін қанша жаз  бен  қыс өтетінін айтады. Төзімділіктің өзінің  тоз-тозы  шыққанын көрсету арқылы  ақын  ұзақ  уақыттың  суретін қашап шықты. 

Өзіңнен туған жас бала,

Сақалы шығып жат  болмай-

деген де уақыттың көрсеткіші  Баланың өзі  шал  болуы азаттық үшін  күрестің  ұзақ , бір ұрпақты қартайтатындай, алайда  сенің  оған шыдауың керек екенін баса  айтады. Бұл- бостандыққа  кететін  уақыт

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық,  шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай

Көтерліске шығар  болса, көретін азабын шынайы  жыр арқылы айқын анық жырлап  тұр.

 

Махамбет  поэзиясының құрылысы

1.    Бунақ,  шумақ,  ұйқас  түріне  талдау

Е реулі атқа ер салмай, 

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебіңгі терге  шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық,  шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебіңгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!

 

 

 

 

Тарихи деректер «Мұнар күн» өлеңінің  жарық  көру  себебі.

 

        Геккенің  әскері  Баймағамбет төрені басшы  қылып Шыңғырлау  деген өзенді өрлеп,  Исатайдың  әскерін  тосып жатады. Жортуылда  түстеніп жатқанда  бір қазақ қаша  жөнеледі. Бұл Баймағамбеттің жақыны,әрі  тыңшысы Сүгір деген  төре  екен.  Исатай  және  аздаған  әскері  қуа  жөнеледі.  Сайда  жасырынып жатқан Геккенің  әскері мен  Баймағамбеттің  әскерінің  үстінен  түсіп,  сол жерде  Исатай қаза  табады, әрине  тірідей қолға  түсірмекші  болады, ол  ойлары  жүзеге  аспайды.

1.  Өлеңді  мәнерлеп  оқу

Троп түрлері ( эпитет, теңеу ) Бейнелі,   көркем тіл   

 Жұмыстың теориялық бөлімін жасау

 

Мысалдар

Бейнелі,

көркем тіл

Мұнар  күн

Эпитет

Шұбар күн

 

Алма  мойын ару

 

Құба арлан

 

Жаңбырдай

ТЕҢЕУ

Бұландай

 

Судай

 

Зымырандай

 

 

Фигура  ( алитерация,  ассананс, эпифораны табу )

 

Мұнар да  мұнар,  мұнар күн ,

Бұлттан шыққан  шұбар күн.

Буыршын  мұзға  тайған  күн.

Бура  атанға шөккен күн.

Бұлықсып  жүрген  мырзадан,

Бұрынғы  дәулет  тайған күн

 

Қатарланған  қара  нар

Арқанын  қиып алған күн

Алма  мойын  аруды

Ат көтіне  салған күн.

 

Он  сан  байтақ бүлген күн

Ортақ белін  сырланған

Оқ жаңбырдай  жауған күн.

Оң қанатын теріс  жайып

 

Желпілдеген ала  ту

Жиырылып ойға түскен күн

Жез қарғылы құба арлан

Жез қарғыдан айрылып,

Қорашыл  төбет  болған күн

 

 

Білімді  бағалау, жинақтау,  коррекция жасау

 

Ой толғаныс. «Бүгінгі ұрпақтың үні…»

1.  Батырлық, ерлік іс жасау үшін батыр болып туа ма?

2.       Ереулі атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебіңгі терге  шірімей

Терлігі майдай  ірімей, -деген  шумағынан қандай  түйін шығарар едің

 Үйге  тапсырма: «Мен кескекті ердің  ұрпағымын» деген тақырыпта шығарма жазып келу.  Қалаған  өлеңді жаттау.

Оқушыларды бағалау. Бір тілек, екі жұлдыз  тәсілі  арқылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок на тему Махамбет"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.01.2016 712
    • DOCX 96 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нуртазаева Камшат Максатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нуртазаева Камшат Максатовна
    Нуртазаева Камшат Максатовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3389
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 30 регионов

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе