Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыУрок на тему "Мамандықтар" (4 класс)

Урок на тему "Мамандықтар" (4 класс)

Скачать материал

29.04.15

 

.Тақырыбы: Мамандықтар әлемі. 

Қатысушылар:
4-сынып оқушылары
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемі түрлі туралы түсінік қалыптастыру. 

  • Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдап білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.  

Көрнекілігі: слайд, ән, плакаттар, карточкалар, ойындар. 

Барысы:
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті достар! Бүгін біз «Мамандықтар әлеміне» саяхаттаймыз. Мамандықтардың біздің өміріміздегі маңызына тоқталамыз.

№1 слайд
-Мамандық дегеніміз не? 

Мамандық – бұл адамның негізгі ісі, оның еңбек іс-әрекеті. Негізгі іс-әрекеті дегеніміз мамандыққа байланысты еңбек. Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандықты таңдағанда адам өзінің бойындағы жақсы дамыған қабілетіне, қасиетіне, қолынан жақсы келетін ісіне, ұнатып істейтін  ісіне қарап таңдайды.
* Видео мамандықтар туралы

Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан. 
Сен де бір кірпіш дүниеге 

Кетігін тапта бар қалан, 
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз. 

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы. 

*Балалардың мамандықтарға байланысты тақпақтары. –Ал енді мамандықтар туралы білетін өлең жолдарын оқиық.

 1 Дәрігер: Мен дәрігер боламын 

    Үлкеннің де баланың

    Қиналғанда қасына 
    Бірінші боп барамын 

 2 Ұшқыш: Ар- намысын сақтаған 
Жүректе сыр жаттаған 
Жан тәнімен сақтаған 
Ұшқыш болғым келеді 

3  Инженер: Мен инженер боламын 
Жерден алтын табамын 
 Жолын қуған әйгілі 
Академик ағаның 

4 Ақын: Ал мен ақын боламын 

 Сусылдаған қаламым  

 Адамдардың жүрегін 
 Жырмен жаулап аламын 

 5  Аграном: Нан беремін баршаға 

Жер маманы болам мен 
 Барып жүрмін бақшаға 
Аграном ағаммен 

 6 Мұғалім: Мен үлкейіп өсіп толамын 
Сонда өзіміздің осы ауылдың 
Бөбектерін оқытып үйретіп 
Мұғалима боламын 

7 - бала. Қолда темір қалағым.

Саздан сарай саламын                             

 Астанадан  аумайтын 

Әсем қала саламын.

8 - бала. Отанның ұланын

Баулаған мұғалім

Өзіңсің ағытқан

Білімнің бұлағын.

9 - бала. Тіс ауырса

Іш ауырса

Анам дәрі береді

Барлық адам

Барлық бала   Оны жақсы көреді.

10 - бала. Емес оның жәй ісі.

Қолда тарақ, қайшысы

Апамның бес саусағы

Шашты қырқып тауысады.

 Сахналау: «Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө. Тұрманжанов

 Автор: Дастарханда шашылып Жатты аппақ бауырсақ Бауырсаққа қызығып  Қарап тұрып көзін сап.

Қуыршақ: - Қайдан келдің бауырсақ?

Бауырсақ: - Дүкеннен  келдім нан сатқан.

 Қуыршақ: - Дүкенге  келдің қай жақтан?

Бауырсақ: - Наубайдан келдім нан жапқан

Қуыршақ: - Наубайға келдің қай жақтан?

Бауырсақ: - Диірменнен келдім ұн тартқан.

 Қуыршақ: - Диірменге келдің қай жақтан?

 Бауырсақ:- Даладан келдім жан-жақтан.

 Жер-анам менің  көсілген Дихандар мені  өсірген.

-Әлемде 50 000-нан астам мамандық түрлері бар. Содардың кейбіреулерімен танысайық. 

*Презентация №
1-15 слайдтар

 Ж
үргізуші:- Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы мақал – мәтелдер біледі?

1. Диқан жерді анасындай сүйеді,   Жер диқанын баласындай сүйеді.

2. Еңбектің көзін тапқан,   Байлықтың өзін табады.
3.Ердің атын еңбек шығарады.  

4. Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді.

5.Сүйіп істеген іс шаршатпайды.

6.Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты –Еңбек.

 Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты-Еңбек.

Қырға шықсаң, өрлеп, Мұның аты-Еңбек.

Сабағыңа жөндеп, Әзірленсең- Еңбек.

Қиындықтың бәрін, Еңбек қана жеңбек.

7.Еңбек түбі - береке.

Еңбек түбі - зейнет

8.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

9.Еңбек етпеген ішіп жемейді


* Ойын-бірнеше мамандықты көрсету,сахналау.


*Жұмбақ шешу: мамандықтар туралы жұмбақтар жасыру. (5-6 жұмбақ)


1.Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді.    (…….)

 2.Адамның жүзін,

Басы мен көзін.

Айнытпай келбетін,

Салатын кім суретін?   (…….)

 3.Қалпағы ақ қарасаң, Дәрігер емес, бірақ ол.  (…….)

4.Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын.  (……..)

Загадки (жұмбақ) на казахском языке про профессии (кәсіп)

Айдында жүзеді,

Тірі күміс сүзеді.

/Балықшы/

 

Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.

/Полиция/

 

Өнерге тән жаратқан,

Көкірегі кең аспан.

Барша жұртты қаратқан,

Бейнегер кім тым асқан?

/Қылқалам шебері/

 

Маңдайға жағып шырақты,

Лавалардан тұрақты.

Ағызып отын өзенін,

Жылытқан кім өз елін?

/Шахтер/ 

Адамның жүзін,

Басы мен көзін.

Айнытпай келбетін,

Салатын кім суретін?

/Бейнегер/

 

Жасыл желек көгалда,

Бірде артқа,

Бірде алға,

Желаяқ көп бала,

Таласып жүр бір шарға.

/Футболшылар/

 

Өңкей сығай екі топта,

Таласып жүр бір доплат.

/Футболшы/

 

Жолының көп азабы,

Сондадағы тынбайды.

Жаңалықты жазады,

Көпшілікті тыңдайды.

/Журналист/

 

Кең байтақ туған жеріме,

Кетпесін деп жат із өтіп.

Тыныштық тілеп еліме.

Отанды кім тұр күзетіп?

/Жауынгер/

 

Арқан байлап беліне,

Шымырлықпен бекіне.

Өрмелейтін қай өрен,

Шыңның шырқау шегіне?

/Альпинист/

 

Шың басына өрмелеп,

Күнге ұмтылар дөңгелек.

/Альпинист/

 

Айлар бойы жүзеді,

Жерді көрмей жүреді.

Ақ жал таумен алысқан,

Адамды кім біледі?

/Теңізші/

 

Төл өсіріп момақан,

Уыз ішкен қоймалжың,

Білсең айтшы, балақан,

Еңбегі зейнет қай малшы?

/Қойшы/

 

Тұлғалы кең иығы,

Мұнара оның тұрағы.

Маң далада бұйығы,

Сөнбей жанса шырағы,

Жер астының сұйығы

Фонтан болып шығады.

/Мұнайшы/

 

Ол жетсе ауылға,

Самсар жұлдыз торабы,

Нұр шашып тұрады.

/Электрші/

 

Күміс қанат, сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді?

/Ұшқыш/

 

Өрнектеп, сәндеп,

Тігістерін бүгетін.

Солпысын жөндеп,

 Кім көйлек тігетін?

/Тігінші/

 

Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол.

Дәм мәзірін қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол.

/Аспаз/

Топырақтың құнарын,

Дәл тауып құрамын,

Қай жерде қай дақыл,

Өнім берер бай дақыл,

Зерттеп дәйім жүретін,

Кім бәрін білетін?

/Агроном/

 

Көрінбейді өзі,

Естіледі сөзі.

/Радио дикторы/

 

Жалтылдап қалағы,

Салатын кім қаланы?

/Кірпіш қалаушы/

 

Қараңғыны қақ жарып,

Жүрген кім шам жағып?

/Монтер/

 

Бал татыған мәзір,

Ол бар жерде әзір.

/Аспаз/

 

Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын.

/Шаштараз/

 

Оның тіккен бұйымы,

Аяғыңды қаптайды,

Шыға қалса жұлымы,

Әдемілеп баптайды.

/Етікші/

 

 

Көкке ұшқан шарықтап,

Шаңырақтың бауынан,

Ұстап дәйім қалықтап.

/Парашутист/

 

Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететін.

Қақалса да түтінге,

Тайсалмайтын батыл кім,

Жасқанбайтын батыр кім?

/Өрт сөндіруші/

 

 

Құрып қойып өрмегін,

Ұршықтарын ойнатып.

Сәнді мата өрнегін,

Жасайтын кім жайнатып?

/Тоқымашы/

 

Ұзын-ұзын жолдар бар.

Үйрек қонар көлдер бар.

Ат үстінде шоқиып,

Отыратын күндер бар.

/Өрмек тоқушы/

 

Отан үшін жан беріп,

Жоғалтқанмен ол атын.

Жүрегі бар мәңгілік,

Халықпен бірге соғатын.

/Белгісіз солдат/

 

Екі шекпен күмбірлеп,

Көңіл сазын сапырады,

Тұлпар шабыс дүмбірлеп,

Желпіндіріп отырады.

/Күйші/

  Қорытынды. Ойын Жұмбақ: «Қай мамандық иесі?»

5- Тарағы бар қолында, 

Кімді айттым ойымда? (шаштараз) 

6- Қалағы бар қолында, 

Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)

7- Ожауы бар қолында, 

Кімді айттым ойымда? (Аспаз) 

8- Күрегі бар қолында, 

Кімді айттым ойымда? (Диқан) 
9- Кітабы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (мұғалім)
  


-Бір сәтке балалар, әншіге айналып , ән шырқайық. «Бала тілегі»


Қорыту: -Сонымен,
балалар қандай мамандықтарды білесіңдер?

- Құрметті балалар,  Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз»дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. Тілегіміз орындалсын!

- Назарларыңызға,
белсеңді қатысқандарыңа рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок на тему "Мамандықтар" (4 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 251 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2016 1228
    • DOCX 31.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Райко Любовь Ивановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Райко Любовь Ивановна
    Райко Любовь Ивановна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4879
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 769 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 842 человека

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции