Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / Урок на тему" Материки" 7 класс

Урок на тему" Материки" 7 класс



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Оралбаева С.А.

География пәні мұғалімі

Сынып: 7

Пән: География материктер мен мұхиттар.

Тақырып:Материктерге шолу.

Сабақтың мақсаты: Материктер бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру, бағалау.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімдік-Оқушылардың өздерінің жетістіктерін талдатып, өздерін бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.

Тәрбиелік-Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін беру,бір-бірін сйлай білуге тәрбиелеу және еңбекке баулу. Топпенен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Табиғатты аялауға,қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық-Оқушыларды сабақ кезінде талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту. Оқушылардың ойлау, сөйлесу және қиалдарын дамыту.

Құрал-жабдықтар,көрнекті құралдар: Дүниежүзілік физикалық карта,карточкалар, жануарлар мен өсімдіктер сұреттері.

Сабақ түрі: Сайыс сабағы.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, пікір-талас,көрсету,тұсіндіру.

Сабақ барысы:

I.Үйымдастыру кезеңі (1- мин).

Оқушыларды сабаққа дайындау.

Сәлемдесу. Түгендеу.

II.Сынып төрт топқа бөлініп отырады,әр топта 5 оқушыдан.Сайысты жюрилар бағалап отырады.

Жюри мұшелері: Ахмедиева А.Н, Нургалиева Б.Д, КұдайбергеноваШ.Т.

Мұғалім сөзі: Біз биылғы оқу жылы бойы географиядан жер шарының ірі материктерімен, мұхиттармен өзен-көлдерімен, тауларымен таныстық. Талай-талай мағлұматтар алдық. Сонымен қатар сендер де бір жылға есейіп, білімдерің мен біліктілігің де өсті. Қазақта «Білекті бірде жығады, білімді мыңды жығады» деген мақал бар.Ол нені білдіреді? Ол өмір-бақи білімал, өқы, үйрен дегенді білдіреді. «Теңіз-тамшыдан құралады», «Көлдің көркі-құрақ, таудың көркі-бұлақ» дегендей, табиғаттың жаратылысы таң қаларлық. Айналамыздағы көрініп тұрған тау, тас, өзен, колдердің теориялық құрылымын өзіміз оқыған осы географиямен салыстырдық, енді жыл бойы оқып, түйгенімізді қорытындылай отырып, бүгін өз білімдеріңді сайыс түрінде сарапқа саласыңдар.

  1. «Таныстыру» сайысы. Әр топ өздерін таныстырып өтеді(1-мин)-( барлығы4 мин).


  1. «Сергіту» сайысы.Әр топ 5 сұрақтан алады, дайындыққа -2 минут беріледі-барлық уақыты- 8 мин.

1- топтың сұрақтары

1.Еуразия аумағындағы ең биік тау жүйесі калай аталады? (Гималай таулары).

2.Солтүстік Америкадағы көлемі жағынан ең үлкен арал.(Гренландия).

3.Оңтүстік Америка материктің жазық бөлігінде ылғалды жылы климаттың қалыптасуына қандай фактор әсер етеді? (басым желдер-пассаттар).

4.Африка материктің қай ендігінде ауаның жоғары өрлеген қозғалысы байқалады? (0 ендіктерде).

5.Аустралияның Антарктидадан бөлек материк екенін анықтаған кім? (Джеймс Кук).

2- топтың сұрақтары

1.Еуразия материгінде ғылым мен мәдениеттің қандай ежелгі орталықтары болған? (Египет, Перс,Вавилон-ежелгі дамыған мемлекет Вавилонның тұрғындары).

2.Антарктида материгі қай жылы ашылды? (1820 жылы).

3.Ең кішкентай,ең құрғақ және халық ең аз қоныстанған материк (Аустралия).

4.Дүние жүзіндегі ең ұзын өзенді ата.(Африка материгіндегі Нл өзені).

5.Оңтүстік Американың түсті және сирек металдарға бай аймағы? (Анд тауы).

3- топтың сұрақтары

1.Оңтүстік Американың шығыс жағалауындағы жылы ағыс? (Гвиана ағысы).

2.Еуразияның ең ұзын өзені.(Янцзы өзені).

3.Солтүстік Америка материгінде ірі темір рудасы кен орны қай жерде орналасқан? (Аппалач тауларында).

4.Африканың қай аумағында жанартаулық аймақтар көп орналасқан?(Шығыс Африка таулы үстіртінде).

5.Аустралия материктің басым көпшілігін қай зона алып жатыр?(тропиктік шөл және шөлейт зонасы алып жатыр).

4-топтың сұрақтары

1.Аустралия өзендері немен қоректенеді? ( негізінен жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді).

2.Антарктидада тіршілік ететін, ұшпайтын құс. (пингвин).

3.Еуразия материгіндегі ең ірі мұнай кен орындары қай жерде кездеседі?(Парсы шығанағында).

4.Африка материктің ең үлкен аралы. (Мадагаскар).

5.Оңтүстік Америка материктің солтүстік шеткі нүктесі қалай аталады?(Гальинас мүйісі).


  1. «Адасқан обьект» сайысы.Бұл сайыстын шарты:тақтадағы жануарлардың сұреттерін мекендейтін материктерге қою.Топтар бір-бірлерін қателерін дүзеуге болады.(Піл,Альпак,Морж,Карибу-Бұғы(с.а.),Қабылан-Барс,Алашаат,Пингвин,


  1. «Үй тапсырма» сайысы.Әңгіме құрастыру.

  2. «Домино» сайысы.Таулар мен өзендер,көлдер атауларының сонғы әріптері қай әріпке бітеді,сол әріпке жаңа сөз жалғастырып қою.(5- мин).Титикака, Виктория, Балқаш, Замбези, Орал,Ертіс,Арканзас, Нигер,Мексика, Конго, Ориноко, Огай, Обь, Или, Ишим, Мадейра, Арал, Лена, Карпат, Кавказ, Саян, Гималай.

  3. «Пантомима» сайысы.

Тапсырма: жануарлардың мінез құлқыларын салып беру және қай материкте мекендейтінің,қай табиғат зонасында болуы.(жреби бойынша жануарлар беріледі).

Керік-жираф(188 бет Африка-саванналарда болады).

Кенгуру (Аустралия-шөлейт зонасында орн-209 бет).

Пингвин (Антарктида-229 бет).

Гризли аюы (Солтүстік Америка-тайга занасында-135 бет).

III. Жюри сайыстын қорытындысын жариялайды. Топтар арасынан жеңіпазды марапаттау. Әр топ мұшелеріне баға қойылады.

IV. Үй тапсырмасы: $ 61 «Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс» - конспект жазу, оқу және 233 беттегі 68 суретті кескін картаға түсіру.





Бағалау парағы


Топ мүшелерінің аты-жөні

«Таныстыру»

сайысы

«Сергіту»

сайысы

«Адасқан объект» сайысы

«Үй тапсырмасы»

сайысы



«Домино»

сайысы

«Пантомимо»

сайысы

Қорытынды

баға

1









2









3

























Оралбаева С.А.

География пәні мұғалімі

Африка материгі бойынша тест сұрақтары:


1.Африка материгінің ірі аралдары:

а) Мадагаскар,Занзибар, Сейшель,Сакотра;

ә) Занзибар, Суматра, Мадагаскар, Канар;

б) Мадагаскар, Канар, Мадейра, Тимор;

в) Тасмания, Шри-Ланка, Калимантан, Занзибар.


2. Африканың Солтүстігіндегі нүктесі:

а) Ине мүйісі;

ә) Эль-Абъяд мүйісі;

б) Эльмади мүйісі;

в) Рас-Хафун мүйісі.

3. Ірі Шығанақтары:

а) Перс, Бенгал;

ә) Гвинея, Мексика;

б) Гвинея, Сидра;

в) Гудзон, Сидра.

4. Африка көлдері:

а) Чад, Виктория, Эри;

ә) Титикака, Танганьика, Эри;

б) Чад, Виктория, Танганьика, Гурон;

в) Виктория, Верхнее, Гурон.

5. Африканың ірі таулары:

а) Атлас, Тибести, Кап, Айдаһар;

ә) Тибести, Анд, Атлас, Кап;

б) Кавказ, Атлас, Кап, Айдаһар;

в) Тибет, Тибести, Кавказ,Анд.

6. Африка материгінің аралдарын қоса есептегендегі көлемі (млн.км ):

а) 17,8;

ә) 24,2;

б) 30,3;

в) 54.

7.Солтүстік Африкадағы мұнай, табиғи газ, тас көмір пайдалы қазбаларының кездесуі қандай тау жыныстарымен байланысты?

а) шөгінді тау жыныстарымен;

ә) магмалық жыныстармен;

б) метаморфтық жыныстармен;

в) аумағының үлкен бөлігін шөл алып жатуымен.


8.Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен:

а) Конго өзені;

ә) Замбези өзені;

б) Нигер өзені;

в) Ніл өзені.

9.Материктің ең биік нүктесі (5895м):

а) Маргарита;

ә) Карисимба;

б) Калиманджаро;

в) Тахат.

10.Африканың қай аумағында жанартаулық аймақтар көп орналасқан?

а) Шығыс Африка таулы үстіртінде;

ә) Атлас тауында;

б) Мадагаскар аралында;

в) Сахара шөлінде.



Жауаптары:

1.- а 6.- б

2.- ә 7.- а

3.- б 8.- в

4.- а 9.- б

5.- а 10.- а













Оралбаева Сымбат Аскарбековна

География пәні мұғалімі.

Тақырып: Африка материгінің өзен мен көлдері.

Сынып:7 «Б»

Сабақтың мақсаты: Материктің ішкі суының еркшеліктерімен танысу.

  1. Мазмұнына байланысты оқушылар Африка материгінің өзен, көлдерінің сипаттарына тоқталып, оның таралуы ерекшелігін анықтау сабақтың міндеті болып табылады.

  2. Сын тұрғысынан ойлауға байланысты: оқушылар материктің ішкі суы ерекшеліктерін, климаттық және жер бедерінің әсерін зерттеп, анализ жасай алады.

  3. Топтаға жұмыс: өз беттерінше оқып үйрену, баға беру қабілеттерін дамыту үшін оқушылар кішігірім топ іс-әрекеттерін жоспарлап ұйымдастыра алатын болады.

Қажетті материалдар: Африка материгінің физикалық картасы, атлас, кескін карта, оқулық, қосымша материалдар.

Номенклатура:

Өзендер: Ніл, Конго, Нигер, Замбези.Көлдер: Танганьика, Ньяса, Виктория, Чад.

Негізгі мазмұны: материк өзендері мен көлдерінің алаптар бойынша бөлінуі. Өзен жүйесі климаттық жағдайымен жер бедеріне байланысты. Таулы және жазықтағы өзендер көлдер. Ішкі судың табиғаттағы және адам өміріндегі мазмұны. Судың ластануы.


Сабақтың сатылары

Қолданылған стратегиялар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

I.Қызығушылығын олту

Ой қозғау

стратегиясы
















Дөңгелек стол стратегиясы


Оқушылардың көңіл

Күйін, сынып бөлмесінің тазалығын қарау. Бағалау парағын тарату.

Үй тапсырмасын сұрау. Эссе тақырыптарын оқып шығу.

  1. Африка ең ыстық материк

  2. Тропик климаттық белдеу

  3. Экваторлық климаттық белдеу

Әрбір топ алдына 1 парақтан тарату.

Әрбір бетте:

  1. Ніл

  2. Конго

  3. Виктория

  4. Замбези

  5. Чад

Оқушылар 5 топқа

бөлініп отыру (әрбір топтан 5 оқушыдан) топ мүшелерінен бір скипер, бір хатшы сайлау

Үйде жазып келген эсселерін топқа салу. Ең жақсы деген эссені скипер ортаға салады.









Топтың мүшелері өзіне бөлінген жерге нені ойлағанын жазады.

1-2-3-4-5 1 оқушы барлық ойды дауыстап оқиды.



II. Мағынаны ашу


Бағытталған оқу стратегиясы



Мұғалім сөз. Бүгінгі жаңа тақырыбымыз Африка өзендері мен көлдері, Африка өзендері мен көлдері жиі таралған жері экватор маңы мен оңтүстік-шығыс бөлігі. Тропиктік аймақтарда өте аз.Өзен жүйелерінің былай таралуын және ерекшеліктерін өздерің оқи, зерттей отырып қорытынды жасайтын боласыңдар. Әр топтың алдындағы көрсеткіштің астында бүгінгі сабаққа байланысты тақырыпшалар бар. Сол тақырыпшалар бойынша әр топқа бағытталған жұмыс жасаймыз.

  1. Африка өзендері

  2. Ніл өзені

  3. Конго өзені

  4. Африка көлдері

  5. Жер асты сулары


Тақырыпты дәптерлеріне жазады.



Мұғалімнің берген бағытымен жұмыс жасайды.

  1. Жеке оқиды

  2. Шағын топқа салады.

  3. Спикер қорғайды.

III. Ой-толғаныс

Көрнекілік стратегиясы






Үй тапсырмасы


Кескін картаға Африка өзендері менкөлдерін түсіру


Бағалау парағын жинап алады

Тақырыпты мазмұндау

Кескін картаға

Тапсырмаларды орындау


Топ басшысы топ мүшелерінің бағаларын қорытындылайды.

Бағалау парағы

Топ мүшелерінің аты-жөні

Эссе

Дөңгелек стол

Бағытталған оқу

Спикер

Кескін картамен жұмыс

Қорытынды баға

1.

2.

3.

4.

5.









14-15 ұпай «5»

11-13 ұпай «4»

7-10 ұпай «3»





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров130
Номер материала ДВ-386943
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх