Инфоурок Другое Рабочие программыУрок на тему "Ми және оның бөлімдері"

Урок на тему "Ми және оның бөлімдері"

Скачать материал

Сабақтың атауы:

Мидың құрылысы, бөлімдері

Сілтеме:

Биология 8 сынып Р.Әлімқұлова,Р.Сәтімбеков презентация, макеттер

Жалпы мақсаты:

Мидың құрылысын, бөлімдерін білу, топпен жұмысты дамыту

Оқыту нәтижесі:

Ми бөлімдерін ажырата білу, ми бөлімдерін картон кағаздан қиып жасау

Негізгі идеялар:

Мидың құрылымдық және қызметтік ерекшеліктерін білу

Дереккөздер:

Оқулық,электронды оқулық, www.google.kz

Тапсырмалар:

«Ой қозғау» стратегиясы

«Жигсо» стратегиясы

Сәйкестендіру кестесі

Венн диаграммасы

«Суретпен жұмыс» стратегиясы

Биологиялық диктант

Тест тапсырмалары

Кейінгі тапсырмалар:

Мидың құрылысы

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары:

·         Ұйымдастыру. (3-минут) Оқушылармен амандасу. Топқа бөліу .

·         Үй тапсырмасын тексеру: «Ой қозғау»стратегиясы(5 мин)

1.     Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

2.     Нейрон дегеніміз не, қызметі?

3.     Жүйке жүйесі қандай бөлімдерге бөлінеді?

4.     Жұлын дененің қай жерінде орналасқан?

5.     Жұлынның рефлекстік қызметі?

6.     Жұлын жүйкесі аралас дегенді қалай түсінесің?

7.     Рефлекс ұғымының анықтамасы?

8.     Нейррондар қанша топқа бөлінеді?

9.     Рефлекстік доғаның бөлімдерін сызып, түсіндіріңдер?

10. Нейрондар қанша топқа бөлінеді?

 Тест сұрақтары

1.Ми мен жұлын кіретін жүйке жүйесінің бөлімі: А) шоғыр В) шеткі С) орталық

2. Шоғыр қандай ұлпамен жабылған? А) дәнекер В) жүйке С) эпителий

3. Жұлынның диаметрі: А)1 см В) 1,5 см С) 2 см

4. Жүйке клеткасының ұзын өсіндісі: А) дендрит В) аксон С) нейрон

5. Жұлын жүйкелері қанша? А) 30 жұп В) 31 жұп С) 32 жұп

6. Жұлынның ақ заты ненің жиынтығы?

А) нейрон денесінің В) нейронның қысқа өсіндісінің С) нейронның ұзын өсіндісінің

7. Жұлынның сыртын неше қабық қаптайды? А) 1 В) 2 С) 3

8. Көбелекке ұқсайтын жұлынның қай бөлігі? А) сұр заты В) ақ заты С) өзегі

9. Қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін бөлім: А) сомалы В) вегетативті С) орталық

10. Жұлынның ұзындығы: А) 40-42 см В) 42-45 см С) 41-46 см

 

·         Жаңа сабақ (12 мин) оқушылардың жылдам ойлау дағдысын қалыптастыру мақсатымен сабақты жұмбақпен бастадым.

Көрмеген ешкім,

Дәмін татып.

Қара орман асты,

Ұйыған қатық. (ми)

·         Жигсо әдісі бойынша тапсырма: оқушылар жаңа тақырыпты өз топтарында талқылап, келесі топқа барып таныстырады.

Ι топ Мидың құрылысы

ΙΙ топ Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер

ΙΙΙ топ Мидан тарайтын жүйкелер

Мұғалім сөзі (5 минут) Барлығын қорытып сабаққа түсінік беріп кетемін.

Сәйкестендіру кестесі:( 1 мин)

р/с

Ми бөлімдері

Атқаратын қызметі

Жауабы

1

Сопақша ми

а) бұлшықеттердің ширақтылығын сақтау, реттеу

1-в

2

Мишық

ә) ден қызуы, жүрек-қантамыр, зат алмасу, ас қорыту, зәр шығару, сергектік, бейімделу, көру, есте сақтау, сезім толқынын реттеу.

2-б

3

Ортаңғы ми

б) қимыл-қозғалысты реттеу

3-а

4

Аралық ми

в) рефлекторлық және қозуды өткізеді

4-ә

 

Венн диаграммасы 3 мин ( жұлын мен ми )

 

 

 

 

 

Суретпен жұмыс стартегиясы:(4 мин) (3- топ бір-бірден ми бөлімдерін салады, 2-ші әр топ құрылысын жазып талдайды)

hello_html_m62e71fc7.png

hello_html_m1a8d9ce0.png

Биологиялық диктант: (4 мин)

1.     ….- ортаңғы мидың алдыңғы жағында орналасқан.

2.     Жұлыннан айырмашылығы – мидың ақ заты … жағында, сұр заты … болады.

3.     Ми бөлімдерінің өзара байланысы … арқылы қамтамасыз етеді.

4.     Нейрондардың … шығатын өсінділеріоны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады.

5.     Жұлын сияқты … ми қозуды жұлыннан мидың бөлімдеріне өткізеді.

Қажетті сөздер: сопақша, ішкі, сыртқы, өткізгіш жолдар,мишықтан, аралық ми.

Оқушылар диктант жазып болғаннан кейін мидың қызметіне байланысты мысал шешеді:

Клиникада ми бөлімдерінің бірінде ісігі бар адам жатыр. Ол адам стаканды алғысы келеді, бірақ оған қолын дәл апара алмайды. Бірнеше рет әрекет жасағаннан кейін ол стаканды қолымен ұстай алады, бірақ аса қатты қысқандықтан, оны сындырып жібереді. Оның миының қай бөлімінде ісік бар?

Бекіту: (тест сұрақтары жауаптары бір немесе бірнешеу) 3 мин

1.     Сезгіш нейронның денесі:

а) сұр затының алдыңғы өсіндісінде

в) сұр заттың артқы өсіндісінде

с) сұр заттың екі жағында

д) жұлынның түйінінде

е) жұлынның ақ затында

2. Адамның сопақша миының реттейтіні:

а) тыныс алу

в) зәр шығару

с) жүрек жұмысы

д) жыныс қызметі

е) тамырлардың тонусы

3. Мишықтың қызметі:

а) тыныс алуды реттеу

в) қозғалысты бақылау

с) тепе-теңдікті сақтау

д) бұлшықет тонусын реттеу

е) зәр шығаруды реттеу

4. Аралық мидың қызметі:

А) психикалық әрекетті реттеу

В) жылуды реттеу

С)зат алмасуды реттеу

Д) зәр шығаруды реттеу

Е)ішкі секреция бездерінің жұмысын реттеу

Қорытынды: «Топтастыру» стратегиясы (3мин)

 

 

Бағалау: (2 мин)

Үйге тапсырма: (1 мин) 32-суретті талдау, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

5 891 478 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.05.2017 1446
    • DOCX 869.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аблаева Жадыра Ильясовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Пожаловаться на материал
  • Автор материала

    Аблаева Жадыра Ильясовна
    Аблаева Жадыра Ильясовна
    • На сайте: 5 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25334
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой