Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Урок на тему "Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Урок на тему "Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: Операциялық жүйе объектілерімен таныстыру

Тәрбиелік: Қауіпсіздік ережесін ескеріп, сыныпта тәртіпті сақтау жолдарын ескеру.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақ

IV Сабақты қорытындылау

V Үйге тапсырма беру

І Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу, жоқ оқушының себебін білу

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ Жаңа сабақ

Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады. Шартты түрде баптауды үш топқа бөлуге болады:
1. буманың терезелерінің параметрлерін баптау;
2. негізгі менюді баптау;
3. басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау.
Біз енді осы үш топқа жеке - жеке тоқталып өтейік.

1. Буманың терезелерінің параметрлерін баптауды Түрі/Вид/→Параметрлер... командасы бойынша орындауға болады. Осыдан кейін экранда екі немесе үш қосымша беттен тұратын диалогтік терезе ашылады. Олар: Бума/Папка/, Қарап шығу /Просмотр/, Параметрлер.
Бума /Папка/ қосымша бетінен біз бір бумадан екінші бумаға өту үшін экранда буманы «алмастыру» режімін таңдаудың батырмалар жұбын көреміз.
Қарап шығу /Просмотр/ қосымша бетінде көрінбейтін файлдарды бейнелеуге тыйым салуға болады және ол бума терезесі басында файлдың толық адресін бейнелейтін жалаушаларды қосады және өшіреді.
Параметрлер қосымша беті файлдардың жаңа типтерін қосуға мүмкіндік береді.

2. Негізгі менюді және Тапсырмалар тақтасын баптауды Негізгі меню /Баптау/Настройка/ →Тапсырмалар тақтасы/Панель задач/ немесе Тапсырмалар тақтасы контекстік менюінің қасиеттер командалар көмегімен орындаймыз.
Бірақ әрбір пайдаланушы Windows операциялық жүйесін қалауымызша баптауымызға болады. Ол үшін:
1. Терезелердің түсін өзгертуге;
2. Жұмыс үстелінің бетінде өрнекті таңдап алуға;
3. Команда мәтінінің қаріп өлшемін үлкейтуге немесе кішірейтуге;
4. Тышқанның қозғалу жылдамдығын тағайындауға;
5. Жұмыс үстел бетіне өзіміз салған суретті орналастыруымызға;
6. Қондырманы тағайындауға болады.
Windows операциялық жүйесінің барлық баптауы дерлік Басқару панелі деп аталатын қапшық арқылы орындалады. Бұл қапшықты мына жолмен ашамыз:

Іске қосу → Баптау → Басқару панелі

Күнді және уақытты баптау.
Біз енді Күн мен уақытты Басқару панелі арқылы қалай баптауға болатынын қарастырайық. Ол үшін мына тапсырмаларды рет - ретімен орындасақ, экрандағы есептер тақтасының төменгі оң жақ бұрышында қойған уақыттарымыз көрінеді.
1. Іске қосу батырмасын басып Бас менюден→ Баптау → Басқару панелі командаларын таңдайық;
2. Басқару панелі қапшығының терезесіндегі Күн/Уақыт белгісін тышқанмен шертеміз;
3. Екі қосымшасы бар Қасиеттер(Свойства): Күн/Уақыт терезесі пайда болады.
4. Міне біз ашылған терезеден өзімізге қажетті күнді және уақытты таңдай аламыз, таңдап болған соң Қабылдау/Применить/ батырмасын, содан кейін ОК батырмаларын шертеміз.

Windows жағдайындағы дыбысты тағайындау.
Компьютермен жұмыс жасаған кезде Windows-тің жұмыс процесіне әр алуан дыбыс – шиқыл, сықыр, лепті үн және т. с. с күйін келтіруге болады. Ол үшін мына тапсырмаларды ретімен орындасақ жеткілікті:
1. Іске қосу батырмасын басып Бас менюден→ Баптау → Басқару панелі командаларын таңдайық;
2. Басқару панелі қапшығының терезесіндегі Дыбыс белгісін тышқанмен шертеміз;
3. Қасиеттер(Свойства): Дыбыс терезесі пайда болады.

IV. Сабақты қорытындылау
1. Windows операциялық жүйесінің барлық баптауын қалай ашамыз?
2. Басқару панелі командасының ашылу жолын көрсет.
3. Күн мен уақытты қалай баптаймыз?

V. Үйге тапсырма: Түсіндірілген сабақ бойынша оқып келу.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-556333

Похожие материалы