Инфоурок / Биология / Конспекты / Урок на тему "Оплодотворение"

Урок на тему "Оплодотворение"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ менин сабагым.docx

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Ұрықтану. Жүктілік. Ұрықтың жатыр ішінде дамуы. Босану. Туылғаннан кейінгі жетілу. Өсу және даму динамикасы. Адам өмірінің кезеңдері. Биологиялық және күнтізбелік жасы.

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға ұрықтанудың дамуы мен кезеңдерінің белгілі бір заңдылықтары негізінде өтетіндігін түсіндіру. Ұрықтық даму, ұрықтанғаннан кейінгі даму туралы білімдерін жетілдіру.
Ұрықтық кезеңнен бастап, дүниеге келгенге дейінгі кезеңдер жайында білімдерін нығайту;      Оқушылардың білімін нақтылап, өзбетімен ізденуге жетелеу және  жан-жақты       ойлау   қабілеттерін  жетілдіру.
2. Танымдық қызығушылықтарын, организмнің дамуы туралы білік дағдыларын дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
 
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, дебат.
Көрнекілігі:интерактивті тақта, сызбанұсқа, видео.

Құрал – жабдықтар: «жыныс мүшелері» кестесі,  «ұрықтану» видиео көрінісі, оқулықтағы суреттер, интерактивті тақта,  тірек-сызба, үлестірмелі қима қағаздар.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасып, 

2. Жоқ оқушыларды түгендеу, 

3. Зейіндерін сабаққа аудару.

 Пайғамбарымыз Мұхаммед білім алудың 4 жолын нұсқаған:

1.Жазып үйрену

2.Көріп үйрену

3.Оқып үйрену

4.Сұрап үйрену

Ал  біздің сабағымыз да 4 бағытта жүргізілмек

        1.Ой қозғау (нені білеміз?)

         2.Іздену ( нені білгіміз келеді?)

         3.Ой қорыту (нені білдік?)

         4.Ой дамыту

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. «Ой қозғау» (нені білеміз?)

Оқушыларға ия – жоқ карточкалары таратылады:

2 топқа бірдей беріледі, әрбір сұраққа әр топ кезекпен жауап береді, ал екінші топ жауптарын талдап, дәлелдейді.

ІІІ. Жаңа сабақ: Іздену ( нені білгіміз келеді?)

Адамнан адамның пайда болу процесі мен оның болашақта дамуы әр заманда да адамдарды қызықтыратын. Бірақ біз адамның туғаннан кейінгі өмірін ғана бақылай аламыз, ал оған дейінгісі ше? Ол кезеңде қандай құбылыстар өтеді? Осы сұрақтарға біз бүгінгі сабағымызда жауап беруге тырысамыз. Сонымен балалар бүгінгі тақырыпты жазып қояйық.

Барлық топтарға ортақ сұрақ: Адам мен жануарлардың дамуы қалай өтеді? Неден басталады?

Жаңа терминдермен жұмыс: зигота , бластула, гаструла, ұрық, эмбриология, ұрықжолдас, кіндікбау.

Терминдерді қолдану, оқушылар мен алдарыңа адамның іште ұрықтанып дамуын көрсетемін ал сендер анықтама жазылған терминдерді қолданып, түсіндіресіндер.

Контекст оқушыларға таратылады

Жүктілік: ұрықтанудан бастап нәресте туылғанға дейінгі кез жүктілік деп аталады. Ананың 280 тәулікке созылған физиологиялық жағдайы –жүктілік нәрестенің туылуымен аяқталады. Жүктілік кезінде аналық безден гормондардың бөлінуі артады. Осыған байланысты сүт бездері үлкейіп, жатырдың массасы мен мөлшері ұлғаяды, артериялық қысым жоғарлайды, қан құрамы өзгереді. Ұрықтың қаңқасы мен жүйке жүйесін қалыптастыруға қажет зат алмасу күшейеді, су ішудің қажетсінуі артады. 

Ұрықтың қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету ана организміне үлкен салмақ салады және егер ана ауру болса немесе дұрыс тамақтанбаса, оның денсаулығы бұзылуы мүмкін. Бұл –ана үшін өте жауапты кезең. Ол өз денсаулығын күтіп, дұрыс тамақтанып, қажетті гигиеналық талаптарды сақтап, медициналық бақылауда болуы керек. 

Жүкті әйелге спирттік ішімдік ішуге, темекі тартуға, мүлде болмайды. Өйткені спирттік ішімдік пен никотин ұрықжолдас арқылы өтіп, ұрық қанына түсіп, дене кемістігі мен психикасының бұзылуына әсер ететін өзгерістер туғызады. Жүктілік кезінде дәріні дәрігердің бақылауымен ішу керек. 7-8 сағат ұйықтау, таза ауада серуендеу, үйреншікті жеңіл жұмыстарды жасау, кең әрі жылы киім кию, т.б. жүкті әйелге қойылатын талаптарға жатады. Жүктілік кезеңнің басында әйел психикасы өте нәзік: ашушаң болып, ұйқысы бұзылады. Жүктіліктің екінші жартысында әйел салмақты болып, аналық сезімі қалыптаса бастайды. 

Жүктілік –күрделі физиологиялық процесс. Сондықтан үйде, жұмыста, көшеде, қоғамдық орындар мен көлікте айналасындағылар жүкті әйелге қамқорлық көрсетуі тиіс. Қоғамдық көлікте орын беріп, ауыр жүгін көтерісіп, көмектесу қажет. 

Жүктілік мерзімі аяқталғанда, әйел босанады. Босану кезінде жатыр қабырғасы жиырылып, ұрықты сыртқа қарай жылжыта отырып, қатты ауыртатын толғақ басталады. Нәресте туылғаннан кейін кіндігін кесіп байлайды. Ана организімінен бөлінген бала өз бетінше тыныс алуға кіріседі. Жаңа туған бала қанында жинақталған көмірқышқыл газы тыныс алу орталығын қоздырады. Қозу тыныс алу бұлшық еттеріне беріледі де, олардың жиырылуынан алғашқы тыныс алу жүзеге асады. Бұл жаңа туған нәрестенің өз бетінше тыныс алуының бастамасы болып табылады.



Контексті қолданып:

1 топ Ұрықтың жатыр ішінде дамуы кезеңінде сақтану ұсыныстарын айтады.

2 топ Босану. Туылғаннан кейінгі жетілу кезеңіне ұсыныстар айтады

3 топ жүкті өсу және даму динамикасына дұрыс қалыптасуына ұсыныс жазады.

биологиялық диктант. Интерактивті тақтада

Ұрықтанудан бастап нәресте туылғанға дейінгі кез ............(жүктілік) деп аталады. Жүкті әйелге ................ (спирттік ішімдік ішуге, темекі тартуға), мүлде болмайды. .......(7-8) сағат ұйықтау, таза ауада серуендеу, үйреншікті жеңіл жұмыстарды жасау, кең әрі жылы киім кию, т.б. жүкті әйелге қойылатын.............. (талаптарға) жатады.



ІV. Білімді қорытындылау: Ой қорыту (нені білдік?)

  1. Жолдастарыңды салауатты өмір – салтына шақыр. Зиянды әдеттерден аулақ болу үшін жүкті әйелдерге жарнама құрасыру. Постер салу. Қорғау.

  2. Кроссворд толтыру (флипчартта)

Сабаққа қорытынды жасау: Адам өмірінің негізгі кезеңдері қандай? (флипчартта кесте түрінде)



V. Бағалау. Қай топ көп ақ бота жинаса  сол топ өте жақсы деген бағаға ие болады. 

 

VІ. Үйге §58 оқу. Кестені аяқтау. «Ой дамыту» 

«Жануарлар дүниесі мен адамдардың жүктілік кездеріне слайд және буклет жасап келу»



















онтогенез этаптары

даму кезеңдері

сипаттама, физиологиялық ерекшеліктері

эмбриондық даму

зигота кезеңі

Ұрықтық даму- жатырда




бластула

мейоздық жолмен бөліну процессі жүреді, 1 қабатты көпжасушалы көпіршіктер пайда болады. Бластула:

  • бластомер- бөлшектену кезінде түзілген ұсақ жасушалар

  • бластоцель- сүйыққа толы дене

гаструла

3 қабатты ұрықтың қалыптасуы процессі жүреді:

плод- шарана

адам организміне ұқсас, кіндік арқылы оттек, көректік заттарды алады.

постэмбриондық даму

жаңа туған нәресте


репродуктивтітіге дейін период- организмнің өсуі, дамуы, жыныстық пісуі

емізулі бала 12 айға дейін


сәби 1-3 жас


мектепке дейін 3-7 жас


мектеп кезеңі 7-17 жас


реппродуктивті- ересек организмнің белсенді қалыптасуы, көбею

16-20- қыздар- бойжеткен

17-21- ұлдар- бозбала

кемелденген 21-58

22-63

.






реппродуктивтіліктен кейінгі - организмнің қартаюы

мосқал тартқан 59-74

64-74

қарттық-75-90

ұзақжасаушылар 90-жоғары




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-335858
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>