Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок на тему: Қош бол, құтты Әліппем!
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Урок на тему: Қош бол, құтты Әліппем!

библиотека
материалов

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Жұмабекқызы Тымар

Тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппем !

Мақсаты:

1. Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау. Өнерлерін тамашалау. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін көрсету.

2. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.
3. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының макеті.
Барысы:

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Міне, біздің шәкірттеріміз бар ғылымның бастауы сүйікті «Әліппені» тәмамдады. –

Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.

Сүйікті шәкірттерім!Сендерді бар ғылымның беташары Әліппені табысты аяқтауларыңмен құттықтаймын. Әліппені аяқтау барлық әріптердің таңбасын тану, білім сарайының есігін ашу деген сөз. Жазып, оқи алмайтын кездеріңде келіп едіңдер, енді міне, өз беттеріңмен оқи да, жаза да алатын болдыңдар. Шәкірттерімнің осындай жетістікке жетуіне ата-аналарының қосқан үлесі зор. Сондықтан да сіздерге айтар алғысым шексіз.

1 «Б » сынып оқушыларының дайындаған «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер! Балаларды екі-екіден шақыру. (Музыка ойнап тұрады).

Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз,ұзтаздар,ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.


Қыркүйекте келдім де,

Сыныпқа кірдім қуанып. Қ. Айару

Қарсы алды ұстаз мейіріммен,

Қадамымды құп алып.


Бүгін біз үшін қуанышты күн. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітіріп қоштасқалы тұрмыз.


Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы. Алдияр

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.


Іші толы әріпке,

Мынау әйбат, Әліппе

Барлық ілім-білімнің Нұралы

Әжесі осы Әліппе

Мен кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендім.


Енді кез-келген сөздерді, сөйлемдерді оқи аламыз.

Осы уақытқа дейін есеп шығаруды, сурет салуды, ән салуды, спортпен шұғылдануды үйрендік.


Мұғалім : - Балалар мына сұраққа жауап беріңдерші ?

Іші толған әріпке,

Білімдіге жарық не ?

Оқушылар : - Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті әліппе.

Мұғалім : Олай болса, бәрімізге қымбатты дос « Әліппені » ортаға шақырайық

Оқушылар : Әліппе, Әліппе, Әліппе !


Әліппе

Армысыздар жас достар

Армысыздар ата-ана

Болашаққа жол бастар

«Әліппең» келді ортаға

Алғаш рет өзімнен

Білім алды балалар

Өсті білім санасы

Елжірейді жүрегі

Маған адам баласы

Алғыс айтып жүреді

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден


Бәрі бірге: Қош келдің сүйікті Әліппе!

Әліппе: Рахмет балдырғандар. Сендер осы әліппе оқулығынан әріптерді таныдыңыздар. Әріпті әріпке қосып, буын- буыннан сөз құрап, сөзден сөйлем құрап бүгінгі күні қысқа –қысқа әңгімеледі оқи алатын болдыңдар. Осы менімен бірге сендер математика тағы басқа пәндерді де қатар оқыдыңдар. Олай болса осы әліппе, математика оқулығынан алған білімдеріңді ортаға салыңдаршы, бір марқайып қалайық.


Жақсы кітап Әліппе,

Үйретеді әріпті.

Қуыршақпен қоштастым, Аида

Әліппемен достастым.


Мынау менің әліппем,

Көгілдір тудың түсіндей. Инабат

Ақылшы жақын досымдай,

Қымбатты маған кісімдей.




Анам менен әкемде,

Атам менен апамда.



Небір мықты дарын да,

Тіл сындырып, әріпке Рафхат

Ашқан алғаш әліппе.


Бірінші беттен елімнің,

Елтаңбасын таныдым. Ерасыл

Көк байрақты қазақтың,

Ұрпағымын, сәнімін.


Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп, Айнара

Сауат аштық, тойладық.


Ән : Рахмет саған Әліппе

Оқитын Әліппемді

Ата-анам алып берді.

Тізілтіп жазам енді, Аяна

Әдемі әріптерді.


Ең алғаш алғанымда әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді, Елнұр

Ұстазым оның кілтін алып берді.


Иә, келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те. У.Алина

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны Әліппе.


Әліппем, менің, әліппем

Сені қолға алып мен. Жасұлан

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.


Ата-апа атын сен,

Бізге үйреттің әліппе.

Бізге нағыз жақынсың, Мадина

Сенен білдік әріпті


Арта берді кітапқа,

Бойымдағы құмарым.

Бірге жүрген қасымда, Рахат


Кітап болды сыңарым

Ән: Сәлем саған мектебім


Әсем ою өрнекпен,

Көмкерілген әліппем.

Сен болмасаң білімге, Дана

Бастайтын жолды біліп пе ем.


Енді жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза болып саған жүреміз, Альмира

Сүйікті біздің әліппе.


Білімді жолды бастаған,

Әліппем саған мың алғыс.

Оқы деп ұран тастаған, Азамат

Әліппем саған мың алғыс.


Қош бол, құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен, Ж. Айару

Тақылдатып сөйлеттің


Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Ж. Алина

Сауатты болып шықты міне, балаңыз.


Асыл сөзін тілімнің,

Бойға құйған Әліппе.

Нақ бастауы білімнің, Сабина

Қырық екі әріпте.


Ән: Достық


Барлық әріп бағалы, Айттық әділ бағаны Әріпсіз сөз болмайды. Дана Буын онсыз толмайды.


Жақсы білім көрімдік

Болсын сізге халайық

Не үйрендік не білдік Қ. Айару

Қане ортаға салайық




Қош бол құтты әліппе

Тіл тұсауын кестің сен.

Аяулы анам болып сен, Нұралы

Айыбыңды кештің сен.



Білімнің кәусар бұлағын

Жүресін құйып, санама

Біз үшін сенсің – мұғалім, Альмира

Ұстаз да ғалым, дана да.


Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық тойладық Азамат

Ән: Отан

Мұғалім : Алфавитті біліңдер

Онда қалып, жүйе бар.

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

Олай болса әріптерге кезек берейік.

А әрпінен басталады,

Абай ата есімі

Тербетілген сырлы әуенмен Аида

Өлең жырдың бесігі. (А)


«Ә» әрпінен табамыз

Әжемізді ақылгөй (Ә) Рафхат


Б дегенің бабамыз,

Бауыржандай батыр ғой( Б) Инабат


М дегенің мал болар

Қадір тұтқан бабалар (М) Айнара


Г әрпімен гүлденген

Қызғалдақты қырат тау (Г Елнұр


Ғ әрпімен бір келер

Ғылым атты ұлы тау (Ғ) У.Алина

Д әрпінен бастасаң

Дархан, дария далам бар (Д) Дана


Ж дегенің жөргегің

Туып өскен жерлерің (Ж) Жасұлан



З әрпімен зердедім

Зергерлердің зергерін (З) Мадина


И дегенің иманың

Адалдықтың асқары (И) Рахат

К дегенің күй дарын

Домбыраның дастаны (К) Айару


Ұ әрпі ұлысың

Ағайының өз-елің (Ұ) Сабина


О дегенің отбасы

Отан деген ұғым бар (О) Азамат


Ғарышкері халқымның

Тұңғыш Тоқтар ағамыз (Т) Ж.Алина


Ас біткеннің анасы

Қасиетті нан осы

Қайсы әріптен басталған

Соңғы әрпіне де қарашы. (Н) Аяна


Қ әрпінен құралған

Бас-аяғы қазақтың

Жасай берсін әрқашан Қ.Айару

Жасай берсін азат күн! (Қ)


Е-ні ұмытпас ешқашан
Елін сүйген жарандар (Е) Нұралы


С әріпінен тұратын
Сый,сияпат,сенімің (С) Алдияр


У жалауша мұны біл

Еліміздің туы бұл (У) Ерасыл


Лақ деген ерке ғой,

Лақ деген бөрте ғой (Л) Альмира

Ән: Әліппе орындайтын Дана


Енді балалар осы сауат ашу кезінде өткен тақырыптар бойынша сұрақтарым бар қане жауап бере аламыз ба ?

Дыбыс нешеге бөлінеді? (2)


Дыбыс деген не? ( айтамыз,естиміз)

Әріп деген не? (көреміз ,жазамыз)

Дауысты дыбыстар қалай айтылады? (созылып)

Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? (кедергімен)

Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (2 жуан, жіңішке)

Дыбыстан не құралады? (буын)

Буыннан не құралады? (сөз)

Сөзден не құралады? (сөйлем)

Мұғалім сөзін буынға бөл?

Кітап, дәптер сөзін тәуелдеп беріңдерші?

Өте жақсы балалар бұл пәнді өте жақсы меңгерген екенсіңдер.

Әліппе:

Айналайын балғындар

Менен білім алдыңдар

Әр сөзімді жаттаған

Достар үшін мақтаған

Рахмет айтып шаттанам

Риза болып аттанам

Алда ұзақ жасым бар

Оқумен өсіп толыңдар

Аман-есен болыңдар.

Көп-көп рахмет, балалар! Енді сендерді әрі қарай жетелейтін достарың Ана тілі болмақ. Ендеше, ортаға Ана тілін шақырайық. (музыкамен Ана тілі келеді)

Хормен: Әліппеге мың алғыс!


Ана тілі

Туған елдің тілімін, ақыл менен танымды

Түсіндірер бәріне, Ана тілі пәнімін

Сәлеметсіңдер ме, балалар

Сөйлетер сөзді шеберлеп

Өзіңнің ана тіліңмін

Байыптап, жақсы оқысаң

Негізі менде білімнің

Балалар, енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін.

Ана тілі: Балалар, ең алғаш әліппені кім жазды?
Оқушылар: Ахмет Байтұрсынұлы
Ана тілі: Ең алғашқы ұстаз кім?
Оқушылар: Ең алғашқы ұстаз Ы. Алтынсарин

Мұғалім: Әліппе біздің білім есігін ашқан алғаш оқулығымыз болса, Ана тілі сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық.Достар, Ана тіліне арналған өлеңдерің бар ма?Кәне, ортаға салайық


Ана тілі – ұраным

Ана тілден аламын Аида

Ана тілім ардақты


Ақ сүтіндей анамның


Ана тілің- ұраның

Ана тілі-құралым

Ана тілі болмаса Елнұр

Мықты болмас тұрағым


Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте Аяна

Ана тілі:

Рахмет достарым

Бүгін ниет қосқан күн

Аянбаймын сырымды

Баяндаймын ғылымды

Талаптыға бәрі бар

Менен оқып алыңдар

Балалар мен сендерге дайындап әкелген жұмбағым бар қане шешіп көріңдерші?

Әліппе серігінде жаттаған өлеңдерің бар ма?

Ана тілі: Рахмет, балалар, оқуға зейінді болыңдар

Еңбекке бейімді болыңдар, кір шалмасын қабақты

Ақ жол болсын балалар оқығандарың есте болсын

Күнделіктерің беске толсын


Би: Аққу

Мұғалім : Балалар, Біз Әліппеден оқи алатынымызды көрсеттік, ал математикадан санауды, есептеуді, сандарды жаза білуді үйрендік.
–    Ендеше, сандарды сөйлетейік

Цифрлар


1 – Мені келсе білгің

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастап Айару

Ең басында тұрмын.


2 – Бірден кейін тұрамын

Бірден кейін тұрағым

Бірді – бірді қосқанда

Мен шығамын шырағым. Алдияр


3 – Екіден соң әрқашан

Үш саны мен тұрамын.

Орныма барамын, Инабат

Екі айшық саламын.


4 – Үш сызықтан таяғым

Оқушылар қояды.

Төрт дегенің баяғы Рафхат

Төрт түліктің аяғы.


5 – Төрттен кейін бесті,

Білу оңай десті.

Санашы бір қолыңның саусағын Альмира

Оңай табасың бесті.


6 – Мен өзімді қатарға,

Бестен кейін қоямын.

Басым бірден басталып, Ерасыл

Нөлмен бітер аяғым.


7 – Қара мына қызықты,

Көсеуді кім ұмытты ?

Жеті болам бір тартсаң,

Бел ортамнан сызықты. Ж. Алина


8 – Менің атым сегіз

Жетіден соңғы деңіз.

Жазылғанда қос дөңгелек, Аида

Мен боламын сегіз.


9 – Сегізден кейін – тоғыз,

Алтыны төбесінен тұрғыз Жасұлан

Сонда болам мен тоғыз


10 – Әліппеде О – ға ұқсаймын,

Сонда нөлге ұқсаймын.

Жеке тұрсам мәнім жоқ, Дана

Бір орынды ұстаймын.


Ән :Қоңырау

Мұғалім: Балалар, біз сандарды сөйлеттік. Енді қазір мен сендерге математикадан білімдеріңді тексеремін. Ойланып барып шешіңдер!


5 алманың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (2)


 Он асықтың жетеуін
Досың сұрап алады
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (3)

Қазда бар екі аяқ                                   

Тауықта бар екі аяқ                          

Екеуін қосып санасақ                      

Болады сонда қанша аяқ ( 4)            

 Үш сиырдың неше мүйізі бар? (6)

Балалар ендігі кезекті санамақтарға берейік.

Ән санамақ


Мұғалім: Балалар, біз әлі бағаланбаймыз, бірақ жаңа жылдан кейін сендерге баға қойылады. Қай баға жақсы екенін білу үшін, бағаларды сөйлетіп көрейік

1 дегенім жаман баға, алады оны жаман бала
2 дегенім – нашар баға, інішегім нашарлама
3 дегенім – орта баға, Сапасы оның орта ғана
4 дегенім – жақсы баға, алады оны жақсы бала
5 дегенің үздік баға, оқитын бол үздік қана
Мұғалім: ең жаман бағалар қандай екен?

Сонда қандай бағаға оқуымыз керек?

Өзбек биі : Аида

Сонымен қатар дүниетану пәнінде оқыдық.

Табиғат нешеге бөлінеді? (2)

Өлі табиғатқа нелер жатады?( Күн, ауа,су,тас,құм,саз )

Тірі табиғтқа нелер жатады? (Өсімдік, адам жануарлар)

Неге тірі табиғатқа жатқызамыз? (Туады, қоректенеді,өседі, көбейеді,өледі.)

Құлақ қандай мүше? (Есту мүшесі)

Мұрын ше? ( Иіс сезу мүшесі)

Көз қандай мүше? (көру мүшесі)

Табиғат құбылыстарын атаңдаршы? (жаңбыр, қар, бұршақ, жел, найзағай,боран )

Ауа температурасы қандай құралмен өлшенеді? (Термометр)

Ауа райының шартты белгілерін есімізге түсірейікші?

Аспан ашық бұлтты ала бұлтты жаңбыр қар *

Қар аралас жаңбыр қалың мұз

Өте жақсы балалар бұл пәндіде өте жақсы меңгерген екенсіңдер.

Ән: Мұғалім – ол біздің

Мұғалім: Біздің балалар біз сонымен қатар ағылшынды да қоса оқып жатыр. Әріптерін, тақырып бойынша сөздерді жаттап үйреніп жатыр. Ендігі кезекте ағылшыннан жаттаған түстерді,сандарды айтып берейікші берейік.

Мысалы: ит-собака – док кітап, есік, мысық, дәптер, қалам, қарындаш

Би: Вальс

Олай болса біз кітапты қайдан аламыз? Кітапханадан

Кітапханада кім сендерге кітап беретін? Кітапханашы

Олай болса кітапханашыны ортаға шақырайық.

Мұғалім:
Біз сендерден үлкен үміт күтеміз. Қымбатты балалар! Мектептегі алғаш жеткен

жетістіктеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерге тек әріптерімен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір – біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті.


–  Әліппені оқу барысында ата – аналардың қосқан үлесі өте мол. Ата – аналар сіздерге көп рахмет!

Марапаттау

Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! -деп осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңызға рахмет.
Келесі сөз кезегі ата – аналарға беріледі.

Сау болыңыздар!


























1 орта жалпы білім беретін мектеп








Тақырыбы:

«Қош бол, сүйікті Әліппем!»

( ашық тәрбие сағаты )









Өткізген: Н.А.Дюсегалиева









Чапаев ауылы, 2015ж

Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров105
Номер материала ДВ-534605
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх