ГРАФИКТІК ФАЙЛДАРДЫ
ЕНДІРУ
Ильясова Аяжан Қуандыққызы
Екінші санатты информатика пәнінің оқытушысы
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі
Сабақтың мақсаты:
а)бiлiмдiк:
МS
Power Point-та графиктік файлдарды ендіру және оның ерекшеліктері мен
әдіс-тәсілдері туралы оқушыларға түсінік беру.
ә) дамытушылық: Қазіргі кезеңдегі ЭЕМ негіздері туралы түсініктерінің дұрыс
қалыптасып, дамуына ықпал жасау. Қолданбалы бағдарламалармен жұмыс жасау
дағдыларын одан әрі дамыту.
б) тәрбиелiк:
Ұқыптылық
пен тиянақтылыққа және ізденімпаздық пен жан-жақтылыққа баулу.
Сабақтың түрі
(типі): Аралас
Сабақтың
әдісі: Дәстүрлі
Пәнаралық
байланыс: Қазақ тілі (орфография, грамматика), Математика (санау
жүйелері), Орыс тілі (орфография, грамматика), Сызу (пішімдер).
Сабақтың
көрнекілігі: ДЭЕМ, жүйелік дискілер, флешка, интерактивтік тақта, плакат,
бүктеме, электрондық оқулық.
САБАҚ БАРЫСЫ:
- Ұйымдастыру кезеңі: 1-2
мин.
·
Студенттерді тексеру;
·
Құрал-жабдықтарын
және сабаққа дайындықтарын тексеріп, жұмыс атмосферасын жасау;
·
Сабаққа кірісу;
·
Қауіпсіздік
ережесін еске түсіру.
- Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау: 3-5 мин.
·
MS Power Point бағдарламасын қалай іске қосамыз?
·
MS Power Point бағдарламасының терезе элементтері туралы түсінік.
·
Слайд дегеніміз не?
·
Дайын презентацияны қандай перне көмегімен көреміз?
- Жаңа сабақты түсіндіру:
20-25 мин.
Ағымдағы
cлайдқа бейнесі бар файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау керек :
1) Вставка – Рисунок – қажетті
графикалық бейнені таңдау – Вставить
2) Вставка – Картинка – қажетті
графикалық бейнені таңдау
SmartArt бағдарламасының көмегімен дайын үлгі түрлерді таңдап, графикалық бейнелерді қоюымызға болады.
- Студенттердің сұрақтарына
жауап беру: 2-3 мин.
- Жаңа сабақты пысықтап
бекіту, қорытындылау: 3-6 мин.
СҰРАҚТАР:
·
MS
Power Point слайдына
бейнесі бар файлды енгізудің түрлері мен тәсілдері.
·
SmartArt қандай бағдарлама?
ТАПСЫРМА:
·
Компьютер жадындағы кез келген графикалық объектіні пайдаланып
жарнама жасау.
- Студенттер білімін
бағалау: 3-5 мин.
Студенттерге бағаларын хабарлау.
Оқулықтан 54-бет және конспект бойынша МS Power Point-та
графиктік файлдарды ендіру және оның ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдері туралы
оқып үйрену және студент портфолиосын PowerPoint бағдарламасының көмегімен
жасап келу.
Оқытушы Ильясова А. К.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.