Инфоурок / Физическая культура / Другие методич. материалы / Урок на тему "Салауатты өмір салты"

Урок на тему "Салауатты өмір салты"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Солтүстік Қазақстан облысы

Шал ақын ауданы








БАЯНДАМА


ТАМЫЗ КЕҢЕСІ


Дене шынықтыру мұғалімдерінің облыстық семинары


Тақырыбы:

Оқушылардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау және халықаралық деңгейдегі спортшыларды үгіттеу



Қазақ орта мектеп-интернатының

Дене шынықтыру мұғалімі

Налибаев Олимбай Аманович















Сергеевка қ. 2014 ж.

Оқушылардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау және халықаралық деңгейдегі спортшыларды үгіттеу.

Біздің еліміз де енуге тырысқан бәсекеге қабілетті елдердің бір критериі – тұрғындардың өмір жасының ұзақ болуы. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, халықтың денсаулығына әсер ететін тиімді шара – бір жағынан ауруларды болдырмауға жағдай жасау, ал екінші жағынан салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ету.

Сондықтан да, дені сау ұрпақ өсіргіміз келсе осы бастан оқушының дене мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулығын сақтау барысында оқушылардың бойында тұрақты мотивтер мен қажеттіліктерін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене шынықтыру құралдарын шығармашылық қолдана білуді үйретуіміз қажет.

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында оқушылар арасында төмендегі міндеттерді шешуіміз қажет:

Мұғалім осы аталған қиын міндеттерді шешуге жағдай жасай отырып, әрбір оқушының белгілі бір табысқа жету деңгейін өсіреді, оның өзін-өзі бағалай білуіне, өзін-өзі жетілдіре білуіне ықпал етеді.

- өз денсаулығына ықтиярлықпен қарау, оны нығайту мен ұзақ мерзім сақтай білу қажеттілігін тәрбиелеу;

- дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;

- тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.

- патриотизмді, өз Отанына, көп ұлттық Қазақстан Республикасының өткені мен келешегіне деген құрметті тәрбиелеу; жауапкершілік және Отан алдындағы борышты сезінуді тәрбиелеу;

Солтүстік Қазақстан облысы Шал-ақын ауданы Қазақ орта мектеп-интернаты оқушылар арасында салауатты өмір салтың насихаттау мақсатында турлы спорт сайыстары өткезіледі. Мысалы: «Жігіт сұлтаны», « Көңілді мәрелер» , «Мектеп барысы», «Футбол», «Волейбол», «Таңертеңгі гимнастика».

«Денсаулық зор байлық, адам бақытының бастауы» - дейді халқымыз Ата бабаларымыздың бұл дана ой –пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс - әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерікжігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын.

«Дені саудың – жаны сау» атты мақал тегін айтылмаса керек. Әрбір азамат дені сау болу үшін дене белсенділігін қарқындату, зиянды әдеттерден бас тартуы және дұрыс тамақтануы керек.

Біздің ауданымызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған «Дін мен Дәстүр» жылы аясында аудандық мешіт ауласында қазақ күресінен жарыс өткізілді.

Жастар арасында салауатты өмір салтын дене тәрбиесінің тәсілдері арқылы қалыптастыру қажет.

Оқушылардың дене тәрбиесіне ден қоюуына, әр түрлі спорт түрлерімен шұғылдануға қызығушылығын арттыру мақсатында еліміздің, жерлестеріміздің арасынан шыққан атақты спортшылармен кездесулер өткізіледі. Мысалы, ауданымызда бокстан бірнеше дүркін жеңімпаз жерлес ағамыз Серік Нұрқазовпен оқушылар арсындағы кездесу.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, кеңінен насихаттау болып отыр. Бұл тұрғыда елбасы « Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында «Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда, ауруларға қарсы күрес, денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз –азаматтарымызды салауатты өмір салтын әзірлеуден басталады» - деп атап көрсетті.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60% өмір тіршілігіне, 20% - тұқым қуалаушылыққа, 20% - сыртқы ортаның жағдайына, 8-10% - дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты.
Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты –салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді..
Салауатты өмір тіршілігі –денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді.
Денсаулыққа кері, жағдайсыз әсер ететін көптеген факторлар бар: ауырып жазылу; никотин мен алкогольге құмарлық; еңбектің, тұрмыстың жайсыз жағдайларының созылмалы әсері; дұрыс тамақтанбау ( оның жеткіліксіздігі және шамадан тыс көптігі); көңіл күйдің жылдам ауытқуы, еңбек пен ретсіз демалыстың, ауаның, судың бұзылуы; дәрі-дәрмекті және химиялық заттарды орынсыз пайдалану. Осы факторлардың ішінде бірінші қатарда қимыл-қозғалыстың аздығы.

Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан, салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесімді дамуына, денсаулықты нығайтуға, адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек.

Осындай арнаулы нұсқауды және қоғамның салауатты өмір сүруін өз деңгейіне жеткізу барысындағы белгілі шараларды іске асыру үшін адамның жеке басына мынадай міндеттер жүктеледі:

- адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін дене құрылысының

биологиялық, физиологиялық, анатомиялық құрылымымен таныс болу;

- ағзаның қай мүшесінде кемістік пайда болса, оны табиғи заттардың әсерімен қалпына келтіру;

- адам ағзасының өз деңгейінде дұрыс жұмыс істеуі үшін (әрине, өмірдің әр кезеңінде) оған саналы түрде жағдай жасау;

- денсаулықты сақтаудың негізгі принципі - Аристотельдің «жанды дене қозғалмаса өледі» деген қағидасын басшылыққа алу;

- табиғатта жанды да, жансыз да дененің өмір сүруінің негізгі көзі - ауа, күн, су құрылымдары болғандықтан, денсаулықты сақтау үшін осы аталған табиғат құбылыстарын дұрыс пайдалана білу;

- жеке бастың тазалығы;

- дұрыс тамақтану жүйесі;

- экологияның бұзылуына байланысты күнделікті тіршілікте сауықтыру жүйесін өз бетінше саналы түрде шығармашылық жүйемен үйлестіру;

- жас ерекшеліктерін ескере отырып, ағзаның күш-қуатын пайдаланудың міндеттерін білу;

- дененің жан-жақты үйлесімді дамуы;

- дене шынықтыру - сауықтыру ісін меңгеру процесінде жеке бастың айқындалуы;

- серуендеу және саяхат жасау жүйесінен хабардар болу.

Қорытынды:

Бүгінгі таңда, әсіресе, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайында әркім өз басының денсаулығын ойлайтын болса, ең алдымен осы ұсынып отырған қағидаларға үңілуіне болады.

Әр адамның өз денсаулығын

ойлап, дұрыс тамақтанып, ауруға шалдықпауына бақылау жасап отырса, нұр үстіне нұр болар еді!








Пайдаланылған әдебиеттер


С. Жұманова. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. - Алматы: Рес. Бас.

Каб., 1994.

Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. - Алматы: Қайнар, 1991.

Г. Иванов, А. Қарақов. Дене тәрбиесі. - Алматы: Рауан, 1991. ,

Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы: Санат, 2000

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-219659
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>