Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок на тему "7 саны"

Урок на тему "7 саны"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.Қайталау.


Мақсаты: 1. Оқушылырдың 7санын қосу және азайту кестесі бойынша білімдерін бекіту; екі амалмен шығарылатын есептерді шығару жолдарын бекіту; өтілген тақырыптарды қайталау;



2. Амалдарды шығару,есеп,теңдеу шығаруға,ауызша есептеуге,салыстыруға дағдыландыру;екі таңбалы сандардың ондығымен бірлігін ажырата білуге,өзбетінше өрнек құрастыра білуге дағдыландыру; есте сақтау, логикалық ойлау қабылеттерін,зейінін дамыту;каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыру;


3.Ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, достыққа тәрбиелеу,еңбекке баулу


Көрнекілік: кеспе сандар,7 санының кестесі, жеке тапсырмалар жазылған парақтар,вагондардың, поездің шаблоны ,шырша, шыршаның ойыншықтары, үнтаспа


Пән аралық байланыс: ана тілі, музыка, еңбек,дене шынықтыру,өзін өзі тану


Сабақтың типі: қайталау


Сабақтың түрі: дәстүрлі


Әдіс-тәсілдер: Ойын ,сұрақ-жауап, көрнекілік, проблемалық, іздену, сыни тұрғыдан ойлау,дамыта оқыту.


Барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңі – оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару,


Шаттық шенбері: – оқушылырға мұғалім тілек айтыды:


Сейсенбінің сәті, сәттілікке толсын.


Бүгінгі алған бағаларың, кілең бестік болсың!


Оқушыларға тақтада жазылған сөздерге назар аударуын сұраймын, өлең жолдарын оқуын ұсынамын, бұл сөздер бүгінгі сабақтың ұраны болатынын хабарлаймын, оқушылар бір бірімен қол алысады.(хормен оқу)


Бір Аллаға сиынып,


Кел, балалар, оқылық.


Оқығанды көңілге


Ықыласпен тоқылық!


Оқысаңыз, балалар,


Шамнан шырақ жағылар.


Тілегенің алдыңнан


Іздемей-ақ табылар. Ыбырай Алтынсарин


2.Ұй жұмысын тексеру: 85бет. №6 (жалпылама)


3.Мақсат қою: -бүгін біз 7санын қосу және азайту кестесін қайталаймыз, ,мысалдар шығарамыз және 2 амалмен шығарылатын есептер шығару жолын еске түсіреміз және өтілген тақырыптарды қайталаймыз, егер біз осы мақсатқа жетсек,қыс мезгілінің бірінші күні 1 желтоқсанда түнғыш президент күні Астана мен Алматыда жанған шырша біздің сыныбымызда мына тұрған шыршының жұлдызшасы жанады,ол үшін сендер бүгінгі сабақтағы тапсырмаларды дұрыс орындауларын керек, ал біздің шыршамыз әдемі болу үшін тапсырманы орындаған сайын бір ойыншықтан іліп отырамыз.


4. Тірек білімді еске түсіру


Өткен сабақта біз досымыз Ақтөспен бірге нөмір нешінші үйге тоқталып едік? (7). Бұл сан туралы қандай мағлумат білесіндер? (7 – саның қазақ елі киелі сан деп есептейді), оның киелігі неде? ( 7 ата, 7 қазына, аптаның 7 күні, 7 шелпек, 7 жаста мектепке бару),ендеше бүгінгі сабағымызда 7 санымен байланысты болады.(тақтада күшіктің ж/е № 7 үйдің суреті)


1) Ауызша есептеу:


-Санау : ондықпен, жүздікпен


-екі таңбалы кеспе сандарды көрсетемін 12,15,11,14,19,16,18,17,20. –оқушылар оқиды,онд.бірл.атайды, неше таңбалы сандар екенін айтады, өсу ретімен дәптерге жазады.


-№7 уйде қандай пәтерлер бар екенін есімізге түсірейік:


-(оқушылар кеспе сандардың ішінен 7 құрамын тауып ,тақтаға іледі; 6-1,5-2,4-3)


ойын «Доңғалақты тап» -тақтада вагондардың суреті,әр вагонда сандар және бір доңғалақта саннын құрамы жазылған, оқушылар екінші санды табу керек. 11 =7 +4, 11=4+7, 12=7+5, 13=7+6, 14=7+7.


ойын «Үндемес» – кестеде жазылған өрнектерді көрсетемін,оқушылар тек жауыбын айтады. 3+6,4+5,2+9,7+4,9-5,4-2,6-2,7+3,9-3.


4.Қайталау


Оқулықпен жұмыс: 86-87бет.


-№1- жарыс түрінде қыздар бірінші қатардағы,ұлдар екінші қатардағы мысалдарды шығарады.


-№3-тақтада (әріпті,санды өрнектер туралы білімдерін бекіту)


7+а, а= 50,52,7.; а-7, а= 57,59,14.


-Сергіту сәті:


-№4 есептер(1,2)– талдау, шығару, салыстыру:


1)Т.к. – 30дәп. 2) Т.К.-30дәп.


Ж. — ?, 10дәп.кем Ж.– ?,10дәп кем


Шешуі: 1)30-10=20 Шешуі: 30-10=20


2)30+20=50


Жауабы: барлығы 50 дәптер. Жауабы: 10 жолды дәптері бар.


Ойын « Поезд құрастыр» –бұл ойынға 2 қатардағы оқушылар қатысады,нөмірленген поезға вагондар жалғау керек, ол үшін 11,12,13,14,15,16,17,18 сандарынын құрамын табу керек.


1 , 3 қатардағы қалған оқушылар өзбетінше жеке тапсырмаларды орындарында дәптерге орындайды 5,6,7 сандарынын кестесі бойынша.


–№2 –теңдеу шығару қатарлар арасында жарысу, әр қатар 2 теңдеуден шығарады.(өзбетінше)


6. Қорыту: бүгінгі сабақта қандай тапсырмалар орындадық? Не үйрендік? 7 санынын кестесін жатқа айту.


7. Үйге тапсырма : 86 бет.№ 5,№6.- тапсырмаларды орындау жолдарын түсіндіріп кету.


8. Бағалау. Шыршаның жүлдызшасын жағу, оқушыларды құттықтау.

















"7 САНЫ ЖӘНЕ ЦИФРЫ"


19.10.2012 Просмотров: 409 Комментариев: 0


Сабақтың мақсаты : 1. Оқушыларды 7 саны және цифрымен таныстыру, есептеу дағдыларын қалыптастыру.

2. Танымдық ойындар ойнату арқылы ойлау қабілетін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру, шапшаңдыққа баулу.

3. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік,ойын, кітаппен жұмыс,тест,СТО, дамыта оқыту технологиясы, түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: сауат ашу, дүниетану пәндері

Көрнекілік: электрондық оқулық, дидактикалық материалдар, орамал, қима сандар, слайд, кесте

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Ой қозғау

Өрнек пен санды салыстыруды,

Азайту , қосу амалдарды,

Үйренеміз қай сабақта?

- Математика

2. Психологиялық дайындық

- Бүгінгі сабағымыз сәтті өту үшін, өз-өзімізді жігерлендіріп дайындайық.

1дегенім – жаман баға,

Алады оны жаман бала.

2 дегенім – нашар баға

Інішегім нашарлама.

3 дегенім – орта баға

Сапасы да орта ғана.

4 дегенім –жақсы баға

Алады оны жақсы бала.

5 дегенім – үздік баға

Оқитын бол үздік қана!

ІІ Жаңа сабақ

1. Өткенді қайталау 1-ші слайд

- Ендеше, үздік баға алғыларың келсе, мына есептің жауабын табыңдар.

Алма бағы жайнаған

Қызыл алма жайнаған

Алдым үзіп 5- еуін

Тағы алдым 1- еуін

Алдым сонда нешеуін?

- Қай сандарды қосқанда 6 болады?

- « Жұбын тап» ойыны 2-ші слайд

3. Жаңа материалмен жұмыс

1) Келесі ойын «Көршімді тап» 3-ші слайд

- Кіші көршім сол жақта,

Үлкен көршім оң жақта,

Қайда кеткен жан-жаққа?

- Сандарға көмектесейік.

- Соңғы санға назар аударайық.

- Мынау қай сан?

- Бұл санның сол жақтағы көршісімен таныспыз, ал оң жақтағы көршісін

білетіндерің бар ма?

- Ендеше, бүгінгі сабақ тақырыбы « 7 саны мен цифры» 4- ші слайд

- 7 санын қалай шығарып алу керек екенін байқайық.

2) Дидактикалық материалмен жұмыс 5-ші слайд

- Сөреде неше үлкен доп тұр?

- Кіші доп нешеу?

- Барлық доп нешеу?

- 7 санын қалай шығарып алдық?

- 7 доптың 1- еуі кіші доп, қалғаны үлкен. Үлкен доп қанша? Қалай табамыз?

- Осы 2 амалды қандай амалдар дейміз?


3) Сергіту сәті.

1-2-3

Қарлығаш боп ұш.

4-5-6

Қарлығаш боп қалқы.

7-8-9-10

Өз ұяңа қон.

4) Оқулықпен жұмыс

- Суретте еңбек құралдарын көріп отырсыңдар.

- Тістеуік нешеу?

- Кілт нешеу?

- Қайсысы артық?

- Қайсысы кем?

- Тістеуік пен кілт саны бірдей болу үшін не істейміз?

5) Дәптермен жұмыс. 6-шы слайд

- 7 санын бастыра жазып шығу.


6) – Біз ақылды баламыз,

Еңбектеніп бағамыз.

Есеп, жұмбақ, ойынның

Жауабын тез табамыз.

« Орамал тастамақ» ойыны. 7-ші слайд

- Мен бір балаға әр топтан орамал беремін. Ол бала мына жердегі 1-ші

тапсырманы орындап, орамалды келесі балаға береді. Тапсырма біткенше ойын

осылай жалғасады.

2+ =3 1+ = 2 3+ = 6

5- =4 3- = 3 0+ = 5

4+ = 5 5+ =6 6- = 5


7) Электрондық оқулықпен жұмыс. «Қызықты геометрия»

- Балалар, қандай геометриялық фигураларды білеміз?

- Оларды қаншалықты ажырата алатындарыңды тест- тапсырмаларды орындау барысында көреміз.

8) «Кім жылдам?» ойыны . 8-ші слайд

- 0-7 дейінгі сандарды тез тауып, санап шық.

ІІІ Қорытындылау. Мадақтау.


























57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров141
Номер материала ДВ-330357
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх