Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Урок на тему :" 6 саны,цифрі"

Урок на тему :" 6 саны,цифрі"


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 6 саны және цифрі
Сабақтың мақсаты:
1. 6 санымен және цифрімен, алтыбұрыш фигурасымен таныстыру
2. Математикалық тілін, ойлауын дамыту
3. Өз бетімен жұмыс істеуге, тазалыққа тәрбиелеу
Өткізу әдісі: түсіндіру, көрсету, өздік жұмыс
Көрнекілігі: суреттер, сандар
Сабақтың мазмұны
I. Ұйымдастыру
- Оқушылардың партада дұрыс отыруларына назар аудару
- Сабаққа зейіндерін аудару
- Сергіту сәті
II. Өткен сабақты еске түсіру
- 1 мен 10 аралығындағы сандарды өсу ретімен санау
- Кему ретімен санау
- 3 санының құрамын пысықтау
- 5 санының құрамын пысықтау
- 4 санының көршілерін атау
III. Жаңа сабақ
Мұғалім қолына 5 жұлдыз ұстап тұрып, оларды санатады. Сол 5 жұлдызға тағы 1 жұлдызды қосып, енді жұлдыздардың саны 6 – ға тең болғанын дәлелдейді. Қолына алтыбұрыш фигурасын ұстап тұрып, оның алты бұрышы және 6 қабырғасы бар екенін көрсетеді. Бұл фигураның бүгінгі сабаққа қатысы бар немесе жоқ екенін оқушыларға анықтатады.
1 – тапсырма. Теңдіктер қалай құрылғанын түсіндір.
1 – сурет. Шкафта 5 көйлек бар, оған тағы 1 көйлекті әкеп қоссақ қанша көйлек болады?
6 көйлек болады.
2 – сурет. 6 тігінші қыз көйлек тігіп отырды. Оның біреуі көйлегін тігіп бітірді. Көйлек тігіп бітірмеген әлі қанша қыз бар?
5 қыз қалды.
5 + 1 = 6 6 – 1 =5 екенін оқушылар 1 және 2 – суретке қарап тапсырма орындаған кезде өздері қорытындылайды.
3 - сурет. Кесіндінің ұзындығын өлше.
Кесіндінің ұзындығын сызғыш арқылы өлшеуге нұсқау беріледі. Сызғышты қалай пайдалану керек екеніне назар аударған жөн.
Кесіндінің ұзындығы – 6 см. 6 см кесіндіден неше см кесінді қысқа болуы мүмкін?
6 см > 5 см
2 – тапсырма. Теңдіктер құр. Оларды оқы.
5 көк түсті алтыбұрышқа 1 қызыл түсті алтыбұрыш қосылды. Барлық фигура қанша болды?
Барлық фигура 6 болды.
5 + 1 = 6; 6 – 1 = 5 екенін оқушылар өздері қорытындылайды
3 – тапсырма. Салыстыр.
1 - сөреде 5 жіп бар. 2 – сөреде 6 жіп бар. Қай сөредегі жіп көп?
5? 6
6? 5
IV. Өздік жұмыс
4 – тапсырма. Тиісті сандарды таңда.
?? 5 =?
? +? = 5 5 -? =?
5 – тапсырма. Жауабын ата.
2 ханқыз және 5 көбелек ұшып жүр. Барлығы қанша жәндік ұшып жүр?
3 + 2 =?
2 + 3 =?
5 – 3 =?
5 – 2 =?
1 қоңыр түсті саңырауқұлақ және 2 қызыл түсті саңырауқұлақ өсіп тұр. Барлығы қанша саңырауқұлақ өсіп тұр?
1 + 2 =?
? +? =?
3 - 1 =?
? -? =?
Жерде 3 қарағай бүрі және 1 шырша бүрі жатыр. Барлығы неше бүр жатыр?
3 +? =?
? +? =?
4 -? =?
? -? =?
6 – тапсырма. Салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?

V. Сабақты қорытындылау
Біз бүгін 6 саны және цифрімен таныстық.
Мадақтау


Автор
Дата добавления 12.10.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров160
Номер материала ДВ-054081
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх