Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Рабочие программы / Урок на тему "Сақтар" Қайталау сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Урок на тему "Сақтар" Қайталау сабақ

библиотека
материалов

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы hello_html_43ab3239.jpg

Сарысай негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі

Аймағанбетова Камшат Данабекқызы

Сабақтың тақырыбы: Сақтар тарауы бойынша қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша сұрақтар беру, сақтардың жеріне басқа халықтардың шабуылы, олардың қажырлы азаттық күресіне себеп болғандығын түсіндіру.

ә) дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою, ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту.

б) тәрбиелігі: Ежелгі тайпаның тарихын, батырлардың ерлігін пайдалана отырып, өз елінің тарихын білетін ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу.

Сабақтың түрі: ойын

Әдісі: әңгімелеу, топтау, ойын

Көрнекілігі: оқулық, карта, кеспе қағаздары т.б

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылардың орналасу формасын ыңғайлау

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

§ 30. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.

А) Кеспе қағазымен жұмыс

  1. кеспе қағазы: Сақтардың тұрмысы

  2. кеспе қағазы: Сақтардың шаруашылығы

  3. кеспе қағазы: Қолөнер кәсібі

  4. кеспе қағазы: Діни нанымдары мен ғұрыптары
    Ә) «Сақтар» сөзіне сөзжұмбақ шешу

1. Герадот сақтарды не ішті деп жазды. (сүт)

2. Сақтар киіз үйді ненің үстіне орнатты. (арба)

3. Сақтар жылқы мен _________ көп өсірді. (қой)

4. Жүк арбаларын жылқы мен _________ сүйрейтін. ( түйе)

5. Сақтар қарабидай, тары, _________ өсірген. (арпа)

6. Сақтардың егінді суару каналдары табылған қаласы Шірік - ............ ( Шірік- Рабат. б.з.б.4- б.з. 13 ғасырларына тиесілі)

Б). Ребус шешу. Берілген суреттерден тайпаның атын табу керек.

hello_html_m17d7e700.jpgЖауабы: Сақ, ғұн, үйсін

ІІІ. Жаңа сабақ:

  1. Сәйкестендіру.
    Ирандықтарда ---------- Жүйрік атты турлар
    Гректерде ---------------- Азиялық скифтер, дайлар, массагеттер
    Парсыларда ------------- Құдіретті еркектер

Тиграхауда-------------- Шошақ бөрікті сақтар

Парадарайа-------------- Теңіздің арғы жағындағы сақтар

Хаумаварга---------------- Хаома сусынын дайындайтындар

Абыздар ------------------- ақ түс

Жауынгерлер --------------- қызыл, сары –қызыл

  1. Кімнің сөзі ( кеспе қағазы)

1. Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді деп жазған тарихшы кім? (Геродот)
2. «Жазық жерде тұрғанмен, олар егіншілікпен айналыспайды, көшпелілер. Скифтер сияқты малшылықпен және балық аулаумен күн көреді » кімнің сөзі. (Страбон)
3. «Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ» деп кім жазды. ( Помпей Трог)

4. «Спитеменнің атты әскері оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды» деп жазған кім. ( грек тарихшысы Арриан)

  1. Адасқан әріптер ойыны. ( Әріптерді дұрыс қойып, оқушыларға таныстыру )

ОПЕМПЙ ТОГР– Помпей Трог ( Рим тарихшысы)

ОТЕМРСИ - Томирис (Сақ патшайымы)

САРПГИСИП- Спаргапис – Томиристың ұлы

ОПИЛЭН- Полиэн – грек тарихшысы

АМДКОЕНКСИЙ - . Македонский - ұлы грек қолбасшысы

ЫШАРҚ - Шырак - сақ жаунгері

АДИРЙ .І - 1 Дарий – парсы патшасы

ПСТИАНЕМ - Спитамен – сақ жауынгері

  1. Математикалық қобдиша

Осы сандарды есептеп шығарып, санға байланысты тарихи оқиғаны айту

1) 10*3+500= 530 ж (Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді)

2) 60÷3+499= 519 ж (Кир қайтыс болғаннан кейін парсылар сақтарға шабуыл жасады)

3) 9*10+400=490 ж (Марафон шайқасында парсы әскерінің құрамында гректерге қарсы

сақ жауынгерлері соғысты)

4) 900÷3-297= 3 жыл ( Спитаменнің македон әскеріне қарсы партизан соғысының мерзімі )

  1. Суреттер сыры (кеспе қағазы)

ІҮ. Сабақты бекітіу: Тест тапсырмасы
1. «Дұшпанға – қатал, досқа- адал» болған деп қай тайпа туралы айтылған?
А. Ғұндар В. Үйсіндер С. Қаңлылар
Д. Сақтар Е. Түркілер
2. Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы күресін басқарған билеуші?
А. Спитамен В. Шырақ
С. Томирис Д. Спаргапис Е. Мөде
3. Иран жазбалары сақтарды:
А. "Дала скифтері" В. "Азиялық скифтер" С. "Құдіретті еркектер"

Д. "Көшпелілер" Е. "Жүйрік атты турлар"

4. Қай сақ тайпалары Жетісуды мекендеді?
А. Массагеттер В. Хаомоварга
С. Тиграхауда Д. Исседондар Е. Аримаспалар
5. Сақ тайпаларының бірі массагеттер жайлы жазған грек тарихшысы:
А. Страбон В. Диоген С. Птоломей
Д. Геродот Е. Аристотель
6. Сақ тайпалар одағының жоғарғы билеушісінің титулын атаңыз:
А. Патша В. Қаған С. Хан Д. Елтебер Е. Гурхан
7.
Әйел болса - да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ деп жазған кім?
А. Помпей Трог В. Геродот С. Страбон Д. Полиэн Е. Арриан

8. Б. з. д VI ғасырдың 30- жылдары сақ тайпалары кімдермен соғысты?
А. Ғұндармен В. Славяндармен С. Монғолдармен Д. Парсылармен
Е. Гректермен
9. Парсылармен соғыста сақ
жауынгері ерлік жасады.
А. Рүстем
В. Фадлан С. Эсхат Д. Шырақ Е. Камбиз
10. Сақтарға қарсы
б.з.б. 519 жылы соғысқан парсы патшасы кім?
А. І Дарий В. Камбис С. Полиэн Д. Ксеркс Е. Кир

Ү. Оқушыларды бағалау: Білім деңгейлеріне қарай бағалау.

ҮІ. Үй тапсырмасын беру: Оқулықпен жұмыс.

Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

Терминдермен жұмыс жасау.

Тарауға сәйкес 10 тест тапсырмасын дайындау.

«Отан, ерлік, батырлық» туралы мақал-мәтелдер әкелу.



































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.05.2016
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров77
Номер материала ДБ-088191
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх