Инфоурок Классному руководителю КонспектыУрок на тему "Ұстаз болу..."

Урок на тему "Ұстаз болу..."

Скачать материал

Ұстаз болу-жүректің батырлығы

              Сабақтың мақсаты:  ұстаз мамандығының қырлары мен сырларын ұғыну, оқушыларға ұстаздарды құрметтеуді, сыйлауды, бағалай білуді тәрбиелеу.

              Жүргізушілер: 9-сынып оқушылары.

Ортаға  1,3,5,7,9 сыныптардан құралған бишілер тобы шығып вальс биімен салтанатты жиынды ашып береді.

Жүргізушілер:

1-оқушы: Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу-мінездің күншуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы-деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай сөзі маржан, ойы дана ұстаздардың бар болғанын мақтан етеміз.

2-оқушы:  Ұстаздардың әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, жауапкершіліктің және дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.

     Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей қателігін сездіре білу бұл нағыз шеберлік еме пе?

     3-оқушы:  Ұрпақ тәрбиесі ұстазға байланысты. «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

     4-оқушы:  «Ұстаз болу өзгенің бақытын аялау, өз уақытын аямау», ұстаздық қызметтің бұдан артық анықтамасы болмас! Баланың өмірге танымал, оқуға құштарлығын оятып, дұрыс бағыт сілтеген ұстаздардың еңбегі сол балаың бақытты өмірімен есептелмес!

     Ал біздің арамызда мұндай ұстаздар қаншама! Сондықтан да С.Мұқанов «Бұл адамның ардақты аты» деп  жыр  жазған.

1-оқушы: Армысыздар, аяулы ұстаздар! Қазан айында тойланатын ерекше мереке «Ұстаздар күні» құтты болсын! Сіздерге арналған салтанатты жиынымызды ашуға рұқсат етіңіздер!

2-оқушы:  Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

Шапағатты, шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңнен бастау алар бар арман.

Асыл ұстаздар өздеріңіздің алдарыңызда басымызды иеміз!

Ән: «Ұстазым»

3-оқушы: Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,

Даналықтан қазына жүрсін жиып.

Шәкірттерді жетелеп ұлылыққа,

Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.

Жас жүрекке білім ағаш ектіңіз,

Шәкірттерге білім нәрін септіңіз.

Мектептің абыройын биік ұстап,

Еліңізге адал қызмет еттіңіз.

Халқыңызға үстем болып мерейіңіз,

Бүгінгі мерекенің құттықтау сөз кезегі мектеп директорына беріледі.

4-оқушы:   Сәлем бердік, ұстаздар, баршаңызға,

Сіздермен тола берсін ортамыз да.

Бүгінгі ел басқарған азаматтар,

Білім алған сіздердің арқаңызда.

Бүгінге күн құшақтарын гүлге толсын,

Дендеріңнің саулығы мықты болсын!

Білімменен суарған шәкірттерін,

Төл мерекен ұстаздар құтты болсын!

Құрметті ұстаздар, шәкірттеріңіздің жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!

Құттықтау сөздер....

1-оқушы: Еркелеп, күліп есіп тау самалы,

Әлемге жаңалықты жар салады.

Меркемен құттықтап ұстаздарын,

5-сынып қыздары би билейді.

Би: «Қамажай».

2-оқушы: Ұстаз, ұстаз!!!

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,

Осы сөзде таусылмайтын жылылық.

Әл-Фараби, Ыбырай мен Ақаңды

Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып.

Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,

Тентектерді ақылменен емдейтін,

Болса дағы малға кедей өмірде,

Бар байлығым-шәкірттерім сен дейтін!

Ойын: «10 сұрақ».

3-оқушы:  Нұр құйған бөбектердің зердесіне,

Білімнің сусындадым теңізінен.

Шәкіртпін асыр салған жер төсінде,

Нәр алып ұстаздың әр лебізінен.

Жасарып жайсаң жаны жадырайды,

Алдынан түлеп ұшса балғын бөбек.

Хор: «Ғалым да, шахтер де бас иетін».

Ойын: «Сәйкестік».

4-оқушы: Ұстаз деген-ұстаз болып туғандар,

Ұлылықты ұлықтаған имандар.

Ұрпағының ертеңіне жол ашып,

Өмірінің өр шақтарын қуғандар.

Қимағандар, ұстаз емес, мұғалім,

Мұғалім боп, ұстаз болмау-күнә мың.

Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,

Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын.

1-оқушы: Хан бол, мейлің қара бол,

Дарын бол, мейлің, дара бол.

Өтетін бәрі алдынан,

Ұстаздар-бейне сара жол.

Ұстаздар-ұлттың тірегі,

Ұстаздар-мектеп жүрегі.

Ұрпаққа жетер ұстазбен,

Халықтың ұлы тілегі.

Аманат жүгін көтерген,

Ұстаздық оңай іс емес.

Шаршауын шәкірт өтеген,

Ұстаздар осал күш емес

«Ұстазым» деген-ұлы сөз,

Жүректің берген бағасы.

Мұғалім ұстаз бола алса,

Баланың көпқой данасы.

Ойын «заттарды табу»

4-оқушы: Құрметті ұстаздар, қисайғанды түзеп, солғанға нәр беріп, төзімділікпен еңбек етіп жүрген сіздерді мақтан тұтамыз! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз. Егеменді еліміздің азаты болуға уәде береміз.

5-оқушы:Ұлы ұстазым мәпелеп,

Білім бердін бойыма.

Ілтипатты қалпыңмен

Шуақ бердін ойыма.

1-оқушы:Гүл-көңілдің жазирасы, байтағы,

Жеңімпаздар гүл көтеріп қайтады.

Адамға адам ең әдемі тілегі

«Қадамыңа гүл бітсін» деп айтады.

Біз де сіздерге қадамдарыңызға гүл бітсін демекпіз.

Құрметті ұстаз қауымы! Сіздердің бала көңілдеріңіздер оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»...Иә, бұл мектеп мұғалімі-ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок на тему "Ұстаз болу...""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 620 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.08.2015 930
    • DOCX 36 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кзкенова Бибинур Жанатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кзкенова Бибинур Жанатовна
    Кзкенова Бибинур Жанатовна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9205
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Читательская грамотность у школьников

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе