Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Урок на тему "Сөйлемнің бірыңғай мүшелері"

Урок на тему "Сөйлемнің бірыңғай мүшелері"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Кербұлақ ауданы C:\Users\User\Desktop\Новая папка (4)\DSC01797.JPG

Қоғалы ауылы

Панфилов атындағы орта мектеп

Мерекебаева А.К.

Бастауыш сынып мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерін талдай білу және тыныс белгілірін қою

Сабақтың мақсаты: білімділік оқушыларды сөйлемнің бірыңғай мүшелерімен таныстыру және олардың тыныс белгілерін таныту, өз бетімен жаңа біліммен қарулануға жағдай жасау, сөйлем мүшелері жайлы білімдерін бекіту;

Дамытушылық: танымдық қызығушылығын ояту, байқағыштығын, қисынды ойлауын дамыту, сөздік қорын байыту;

Тәрбиелік : өзіне –өзі қызмет етуге дайындап, пәнге қызығушылық ояту.

Сабақтың типі: жаңа білім игеру

Әдістері: сөздік, практикалық, көрнекілік, СТО стратегиялары, дидиактикалық ойын, слайдтар, ізденушілік.

Көрнекілігі – слайдтар, Семантикалық карта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Көркем жазу минуты.

І- «Қызығушылықты ояту»

»Ой шақыру »

- Сөйлем дегеніміз не?

Ол неден құралады? Сөйлемдегі сөздердің басқаша қандай атауын сөйлемнің мүшелері деп атаймыз?

Сөйлем дегеніміз не?

Олай болса, сөйлемнің қандай мүшелерін білеміз?

Топтық жұмыс. Сынып екі топқа бөлініп тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді сызба арқылы көрсетіп, тақырыпты қорғайды.

2. Семантикалық карта толтыру.

/ Әр оқушыға жеке беріледі, Тақтада бір оқушы кестені толтырады/

Сөйлем мүшесі дара күрделі тұрлаулы тұрлаусыз

Қойды

Жиырма бес

Қар

Ақмаңғаздай

ІІ- «Мағынаны тану «Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

2 Слайд. »Не артық» дидактикалық ойыны.

а/ Қарағай,қайың, тербелді, үйеңкі, терек.

ә/ Ойнайды, қалың, секіреді, жүгіреді.

б/ Он бес, қырмұрынды, ашықмаңдайлы, жылы жүзді.

в/ екі, жүз, үшінші, мың, алпыс.

3. Слайд.

Сиыр сүтінен құрт алынады май алынады ірімшік алынады кілегей алынады қаймақ алынады.

Тапсырма: сөйлемді оқып шығамыз. Не байқадық? Сөйлемді өзгертуге бола ма? Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қой. Бірдей сұраққа жауап беретін сөздер бар ма? Олар қай сөзбен байланысып тұр?

/Сөйлемде бірдей сұраққа жауап беретін сөздер бір ғана мүшемен байланыса алатынын дәлелдеу/

3 Слайд.

құрт

май

Сиыр сүтінен ірімшік АЛЫНАДЫ

кілегей

қаймақ


Бұл сөйлемде тыныс белгілері болуы мүмкін бе? Қандай ?Қай жерде ? Сөйлем құратып, тыныс белгілерін қойдырып , дәптерге жаздыру.

Тұжырым: /оқушылар ережені өздері шығарады /

Сөйлемде бірдей сұраққа жауап беріп , сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып тұрған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз. Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.

2.Алғашқы бекіту.

а/ Ауызша жаттығулар орындау. /кинестетикалық типтерге арналған/

4 слайд. /суреттер/

Комбайн астықты орады астықты бастырады астықты ұшырады.

Балықты тормен аулайды қармақпен аулайды аумен аулайды.

Тапсырма : суреттерді пайдаланып ,сөйлем құрату, сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді тауып, тыныс белгілерін қойдыру./

5 Слайд. /Аудиалдық типтерге арналған/

1.Болат жаздық каникулда циркке ... ... ... барды.

2. Цирк қойылымында биші аттар ... ... ... болды.

3. Даладағы жайылып жүрген малдардың ішінде қой да ... ... ... бар.

4. Біздің алмабақта алма ағашы ... ... ... өседі.

6 Слайд. /визуалдық типтерге арналған/

а/ Комбайн астықты орады, астықты бастырады, астықты ұшырады.

ә/ Балықшы балықты тормен аулайды, қармақпен аулайды, аумен аулайды.

Тапсырма: Дұрыс сөйлем құратып, тыныс белгілерін қойып бірыңғай мүшелері қайсөзбен байланыстырып тұрғанын анықтау.

4. Сергіту сәті.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

- Балалар! Сергіту сәтіне арналған өлеңде бірыңғай мүшелер бар ма? Олар қандай сөз табынан жасалған ? /үстеу /

5. Өзіндік жұмыс.

7 Слайд.

Күн шайдай ашық жылы еді. Бұлт та жел де жоқ. Хамит ескілеу жолмен келеді. Айнала қалың орман. Бойлап таласа жарыса шыққан қайың қарағай теректер көрінеді.

Тапсырма: Бірыңғай мүшелерді тауып, тыныс белгілерін қой , қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

ІІІ- «Ой толғаныс»

-Бүгін сабақта не білдік?

Сөйлемнің қандай мүшелерін бірыңғай мүшелері дейміз?

Олар қандай сөз табынан жасалады екен?

Эссе жазу. Тақырыбы: «Көктем »

Үйге тапсырма : 10 сөйлем жазып келу. Әр сөйлемдегі бірыңғай мүшелер әртүрлі сөз таптарынан құралсын.


Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров91
Номер материала ДВ-412654
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх