Биология
пәнінің мұғалімі
Баймурзаева
Зарина Абылькасымовна
6
сынып
Сыныптан тыс сабақ
Сабақтың тақырыбы:
«Табиғатты аялайық!»
Мақсаты:
Табиғат, адамшершілік құндылықтары туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеті:Табиғатқа
қамқор болуға тәрбиелеу
Көрнекілік құралдар: дәптер,
интербелсенді тақта, түрлі-түсті қарындаштар.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Шаттық шеңбері
Оқушылар
шеңбер құрып, осы өлең жолдарын айтады.
Армысың, алтын Күн!
Көгілдір көк аспан!
Бармысың құстарым!
Қанатты достарым!
Бас ием тауларға,
Жамылған қарларға.
Жайқалған даланы,
Табиғат - Ананы
Көруге сағынып
Келген біз балаңыз!
Әңгімелесу
Әңгімелесуде әрбір бала өзінің
пікірін айта алады, сұрақтарға өзінің көзқарасын білдіре алады,
өздерінің ойландыратын сұрақтарын қоя алады.
Балаларға табиғат пен адамның үйлесімді
дамуын түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізіледі.
- Табиғатпен біргеміз деген сөзді
қалай түсінесіңдер?
- Табиғатты қалай қорғаймыз?
- Әсем табиғатпен, шуақты күннен,
жауған жаңбырдан қандай әсер аласыңдар?
Мұғалім:
Жарайсыңдар, балалар ! Жауаптарыңа рахмет!
Табиғат адамды қуанышқа бөлейді,
шабытқа кеңелтеді. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі оның сұлулығы
мен байлығын сақтауға көмектеседі.
Ал, енді ойын ойнайық!
Ойын «Ормандағы аңдар»
Табиғат пен адамның үйлесімділігін
жете түсіндіру мақсатында ойын ұйымдастырылады. Балалар шеңбер
құрып дөңгелене отырады. Ортаға бір оқушыдан шақырып, оның басына
аңның суреті бар қағаздан жасалған бас киім кигізеді. Суретте қай
аң бейнеленсе, оқушы сол аңның адамға ұқсас қасиеттерін атап шығады. Мысалы:
арыстан – күшті т.б. Оның қимылын, жүрісін, дыбысын салады.
Оқушылар ойын аяқталған соң,
түрлі-түсті қарындаштарың алып, табиғаттың суретін салады.
Қорытындылау:
Балалар бүгінгі сабақта «Табиғатты
аялауды» білдік. Ағаштарды сындырмай, су құйып, айналамызға қоқыс
тастамай, тазалық сақтауымыз керек. Табиғатты қорғап жүруіміз қажет.
Мұғалім:
Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Ойларың тыңдау.
Бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау
болыңдар!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.