Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Урок на тему: "Тырмалар"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Урок на тему: "Тырмалар"

библиотека
материалов

«Ақкөл қаласы Ақкөл ауданы

10 Агротехникалық колледжі» КММ







АШМ бойынша ашық сабақ

Сабақ тақырыбы: «Көлденең,доңғалақты-саусақты тырмалар»





Дайындаған: Арнайы пәндер оқытушысы

Кулушов Сералы Шорманұлы



























Ақкөл қ.-2014

АШМ бойынша ашық сабақ, 1-курс



Сабақ тақырыбы: «Көлденең,доңғалақты-саусақты тырмалар»

Сабақ түрі: аралас

Сабақ мақсаттары:

-Тәрбиелік: коман дада істей білуді,жауапкершілікті тәрбиелеу, мамандыққа қызығушылық тудыру;

-Білімділік: өткен сабақты қайталау,а/ш қолданылатын тырмалар құрылысын оқып үйрену;

-Дамытушылық : логикалық ойлануды,шығармашылық белсенділікті,өз ойын сауатты жеткізе білуді,өздігінен жұмыс істей білуді дамыту.

Құрал-жабдықтар,көрнекті құралдар:

-командаларға берілетін конкурс тапсырмалары;

-қазылар алқасы үшін жауаптар;

-презентация;

-видеофильм.

Сабақты ұйымдастыру:

-топты 2 командаға бөлу;

-командалар өзіне ат қойып,капитан сайлауы керек



Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

-оқушылар санын тексеру;

-сабақтың тақырыбын,мақсатын айтып шығу.

II.Командалармен танысу

Командалар капитаны команда аттарын айтып шығады.

III.Сабаққа дейін қойдыру

Біз бұған дейін жемшөп дайындау жолдарын,машиналарын оқып өткен болатынбыз.Бүгінгі тақырып осы бөлімдегі соңғы сабақ ,сондықтан қазір «Жемшөп дайындау технологиясы» бөлімі бойынша бұл технология Германияда қалай,қандай техникамен орындалатынын келесі видеофильмнен көріп шығайық.

IV.Өткен тақырып бойынша білім тексеру

Енді өткен тақырыптар бойынша әр команда мүшесі столда жатқан бір сұрақ таңдап алып,жауап береді (дұрыс жауап 1ұпайға бағаланады).Егер жауап беруші айта алмаса ол үшін команданың басқа мүшесі,одан кейін қарсы команда жауап беруге болады.

Сұрақтар:

1.Шабылған шөптің ылғалдығы қанша болу керек? 15-17%

2.Шөпті шығымы жақсы болу үшін қандай биіктікте шапқан жөн? 5-6см

3.Кескіш аппарат саны бойынша шалғылар қалай бөлінеді ? 1,2,3 брусты

4.КС-2,1 шалғысының арналуы? Табиғи шөп шабу үшін

5.КС-2,1 шалғысының қамту ені қанша? 2,1м

6.КС-2,1 шалғысында сегмент қадамы қанша? 76,2мм

7.Шалғының сыртқы табаны ішкі табаннан қанша алға қойылуы керек? 35-55мм

8.КДП-4 шалғысы неше брусты? 2 брусты

9.Табан тіректерді дұрыс орнатқанда пышақ пен бұлғақ қалай орналасады? Бір сызық бойынша

10. Кесу аппараттың сегменті мен пластинасы арасында қандай саңылау рұқсат етіледі? 1мм

11.КРН-2,1 қандай типті шалғы? Роторлы

12.КРН-2,1 шалғысында неше ротор бар? 4

13.КИР-1,5Б шалғысының арналуы? Шөпті шауып,ұсақтап,көлікке артуға арнадған

14.Қандай шөпті шапқанда бір мезгілде жаныштайды және не үшін? Жуан сабақты шөпті шапқанда шабылған шөп тез кебу үшін



V .Жаңа тақырып түсіндіру: « Көлденең,доңғалақты-саусақты тырмалар»

Жаңа тақырыпты баяндау,презентация көрсету,конспект жазу.

Шөп дестелеуге арналған трактор тырмалары көлденең және қапталды (доңғалақты-саусақты) болады.Көлденең тырмалардың жұмыс органдары доға түріндегі серіппелі тістер.Олар тіс бекіту брусына бір қатарға бір-бірінен белгілі қашықтықта бекітіледі.Тырмалау аппараты автоматпен көтеріліп,өз салмағымен төмен түседі.Әр тістің басында бір толық орам болады,ол тісті кедергі кездескенде сынудан сақтайды.

Қапталды тырмалар көлденең тырмаға қарағанда әмбебап,шөпті аз ластайды.Олар бір және екі секциялы болады.Доңғалақты-саусақты тырмалар сатылы орналасқан жеке саусақты доңғалақтардан тұрады,олар жүру бағытына 450 бұрышпен орналасқан.

ГП-14 көлденең тырмасы шөбі селдір далалы аймақта шабылған шөпті жинауға арналған.Үш брусты шалғымен бір агрегатта істей алады.Гп-14 тырмасы МТЗ-80,ЮМЗ-6 тракторларымен агрегатталады.Тырма құрамы: қаңқа,жүріс бөлігі,тырмалау аппараты,көтеру автоматтары.Қаңқа топсалы қосылған үш секциядан тұрады.Ортаңғы секцияда тырманы тракторға тіркейтін жетек бар.Жұмыс жағдайында тырма 4 пневмодоңғалақпен жүреді,шеткі секция доңғалақтары өздігінен бұрылады.Ортаңғы секция ені 5,8м,тырманың жалпы ені 13,94м.Шағын участоктарда ортаңғы секциямен ғана істеуге болады.Тырманы тасымалдау жағдайына ауыстырғанда шеткі секцияларды ілгері бұрып,жетекке бекітеді.Тырма тістері бруста тісұстағыштармен бекітілген,тістер арасында бір-бірінен 460мм қашықтықта тазалағыш шыбықтар орналасқан.

Дестені түсіру үшін тырмалау аппаратын 2 автомат көтереді,олар ортаңғы секция доңғалақтарымен байланысқан.Автоматтар ұялы-тегершікті типті.Олар рычагпен іске қосылады,рычаг тартқыштар көмегімен арнайы іске қосу механизмімен қосылған. Жаңа шыққан ГП-14 тырмаларында автомат орнына трактор гидрожүйесіне қосылған гидроцилиндрлер қолданылады.

Тырмалау аппараты 6 қисықиін көмегімен көтеріледі,олар қисықиін біліктерінде және жүру доңғалақтарының осьтерінде орналасқан.Көтерілген жағдайда тырма тістерінің ұштары тазалағыш шыбықтармен бір деңгейде болуы керек.

ГПП-6,0Г көлденең жартылай аспалы тырмасы шабылған шөп немесе сабанды жазық және еңістігі 200 беткейлі жерде дестелеуге арналған.Тырма тіркемемен топсалы қосылған құрылысы бірдей 2 секциядан тұрады. Топсалы қосылыс жер рельефін жақсы көшіріп,шөпті таза тырмалауға мүмкіндік береді.Тырмалау аппараты трактор гидрожүйесіне қосылған екі гидроцилиндрлермен көтеріледі және түсіріледі. Тырмалар беткейлі жерде Т-40АН, ал жазық жерде Т-40М және Т-25А1тракторларымен агрегатталады,трактор аспасына үш нүктелі сұлбамен ілінеді.

Тырма секциясы қаңқа,өздігінен бұрылатын пневматикалық доңғалақ,гидравликалық көтеріп-түсіру механизмі,тырмалау аппаратынан тұрады. Жұмыс кезінде тырма шөпке толғанда тракторшы гидротаратқышты көтеру жағдайына қосады.Десте тырмадан босағасын гидротаратқыш рычагы түсіру жағдайына ауыстырылады.Тырма тістері түскесін гидротаратқыш рычагы автоматты түрде бейтарап жағдайға көшеді,әйтпесе оны қолдан көшіру керек.

hello_html_1644f3e2.jpg

ГПП-6,0Г тырмасы

1- сол секция; 2- гидроцилиндр; 3- тіркеме топсасы; 4- тіркеме;

5- оң секция

hello_html_m6c134e2a.jpg

ГП-14 тырмасы

1,9- қисықиіндер; 2,8- қапталдағы секциялар; 3,7 – кардан біліктері; 4- негізгі қаңқа; 5- тартқыштар; 6- жетек



hello_html_5ce62c55.jpg







































ГВК-6,0 тырмасы

1- секция қаңқасы; 2- пневмодоңғалақ; 3- жұмыстық саусақты доңғалақтар;

4- алдыңғы брус; 5- тіркеме қаңқасы; 7- орталық саусақты доңғалақтар; 8- шөп түсіргіш ; 9- көтеру механизмі; 10- көтеру механизмінің құбыры; 11- артқы брус





ГВР-6 тырмасы



Тырма брусына бір-бірінен 72мм қашықтықта 42 тіс бекітіледі.Тіркеме артына секциялар топсалар арқылы бекітіледі.Тіркемеде оң және сол тырма брустарын бірге істететін бұғаттағыш құрылғы қойылған.Гидроцилиндрдің реттегіш ашасының көмегінен тырмалау аппаратының жағдайын реттейді.Тырмалау аппараты төмен түскенде гидроцилиндр штогы толық шыққан жағдайда тырма брусының жоғарғы полкасы горизонталь болу керек.Тасымалдау жағдайына көшіру үшін топсаларды ажыратып, секцияларды ілгері бұрып,тіркемеге бекітеді.

Тырмалардың қамту ені 6м,десте ені 1,6м.Агрегаттың жұмыс жылдамдығы 3,5-6км/сағ,тасымалдау жылдамдығы 20км/сағ дейін. Тырманың 6км/сағ жылдамдықпен істегендегі өнімділігі 3,6га/сағ.

Көлденең тырмалардың кемшілігі –кейде тырма секциялары бір мезгілде ашылмауы мүмкін және тракторшы дестені бұдан бұрын салынған десте қатарына дәл салмауы мүмкін,сондықтан десте ұдайы түзу болып шыға бермейді.Бұл кейін десте жинағыштың түзу жүріп жинауына кедергі келтіреді.

ГВК-6,0 доңғалақты-саусақты дестеаударғыш тырмалар жайып шабылған табиғи және себілген шөпті дестелеуге,шабылған шөп солғасын қопсытуға,дестелер аударуға арналған.Тырма Т-40М,ЮМЗ-6 тракторларымен агрегатталады.Тырма құрылысы бірдей оң және сол секциялардан,екі орталық саусақты доңғалақтары бар тіркеме қаңқасынан тұрады.Әр секция жеке істей алады.Оның құрамына қаңқа,алдыңғы және артқы брустар,пневмодоңғалақтар,6 саусақты доңғалақтар,құбыр және рукояткадан тұратын көтеру механизмі кіреді.Саусақты доңғалақтар шөп түбіріне тигендіктен айналады және жүру бағытына қиғаш орналасқандықтан шөпті ортаға қарай ысырып отырады.Шөп тырмалағанда екі секция ортасында десте пайда болады.Әр доңғалақ иілген оське екі капрон төлкеге отырғызылады.Доңғалақ каркасына серіппелі тістер бекітілген.

Осындай 2 доңғалақ тіркеме қаңқасына қойылған.Доңғалақтарды жұмыс жағдайынан тасымалдау жағдайына ауыстыратын механизм рукоятка құбыр винтімен байланысқан.Рукоятканы айналдырғанда доңғалақтар көтеріледі немесе төмендейді.

Тырма тіркемесі екі секцияны біріктіреді,ондағы 2 саусақты доңғалақ секциялар ортасындағы шөпті қопсытады.Шөп дестелеу үшін секцияларды үлкен бұрышымен алға қылып қосады,ал саусақты доңғалақтар жүру бағытына 450 бұрышпен орналасады,сонда десте ені 80-90см болады.Егер десте қалың болып,секциялар арасынан өте алмайтын болса,секциялар арасын кеңейту керек.Дестенің ең көп ені 1,7м болуы мүмкін.Жайып шабылған шөпті аудару үшін секцияларды үлкен бұрышымен артқа қарай қосады. Дестені аудару үшін оң не сол секцияны пайдаланады,ол аудару және жел бағытына байланысты.Тасымалдау кезінде тырма ені 2,6м.Екі секциямен 10км/сағ жылдамдықпен істегенде тырма өнімділігі 5га/сағ.

ГВР-6,0 роторлы аударғыш тырмалар жайып шабылған шөпті дестелеуге,солған шөпті,дестені аударуға арналған.Тырма құрылысы бірдей оң және сол роторлардан,жетектен,редуктордан,гидрожүйеден,кардан берілісінен,белдікті берілістен,тырмашалардан тұрады.Роторлар жұпталған пневмодоңғалақтарға тіренеді.Тырмашаларда иілген жұпты серіппелі тістер бекітілген.Олар ротордың айналу жолындағы жұдырықша көмегімен вертикаль және горизонталь бағытқа көшеді.Роторлар бір біріне қарсы айналып,ортасында десте жасайды.Тырмалар Т-40,ЮМЗ-6,МТЗ-80 тракторларымен агрегатталады.

ГВР-6,0тырмасының қамту ені 6м,жұмыс жылдамдығы 12км/сағ дейін,өнімділігі 6 га/сағ.



Тырмалар сипаттамасы









VI.Тақырыпты бекіту



1-Конкурс «Сұрақ-жауап»

Командалар кезекпен оқытушы қойған келесі сұрақтарға жауап береді,дұрыс жауап-1ұпай.

1.Шөп жинайтын тырмалар түрі (көлденең және қапталды)

2.Көлденең тырмалардың жұмыс органдары (доға тәрізді серіппелі тістер)

3.Қапталды тырмалардың жұмыс органдары (саусақты доңғалақтар)

4. Саусақты доңғалақтардың орналасуы (жүру бағытына 450 бұрышпен орналасады)

5.ГП-14 тырмасы неше секциядан тұрады (3секция)

6. ГП-14 тырмасын тасымалдау жағдайына аудару (шеткі секцияларды ілгері бұрып,жетекке бекітеді)

7.Жаңа шыққан ГП-14 тырмасында тырмалау аппаратының көтерілуі (гидроцилиндрлер көмегімен)

8.ГПП-6,0Г тырмасы қандай аймақта істейді (жазық және беткейлі жерде)

9. ГПП-6,0Г тырмасы неше секциядан тұрады (2 секция)

10. ГПП-6,0Г тырмасын тасымалдау жағдайына аудару (секцияларды ілгері бұрып,тіркемеге бекітеді)

11.Көлденең тырмалардың кемшілігі (дестелердің түзу болмауы)

12.ГВК-6,0 тырмасының мақсаты (шабылған шөпті қопсыту,дестелеу,десте аудару)

13. ГВК-6,0 тырмасындағы секциялар саны (2 секция)

14. ГВК-6,0 тырмасындағы саусақты доңғалақтар саны (14)

15. Саусақты доңғалақтардың айналуы (шөп түбірінен)

16.Дестелеу үшін секциялардың орналасуы (секцияларды үлкен бұрышпен алға қосады)



2-конкурс - Эстафета

Тапсырмадағы сөйлемдерді берілген сөз тіркестерінің біреуімен аяқтау керек.Командалар тапсырманы орнында орындап,сарапшыларға тапсырады.Тапсырманың тез және дұрыс орындалуы ескеріледі.Мах. баға-5ұпай.

1.Шағын участоктарда ГП-14 тырмасы ...

секциясымен істей алады.

оң

сол

ортаңғы

2.ГПП-6,0Г тырмасының секциялары тіркемемен ...

болып қосылған.

топсалы

жұдырықшалы

серіппелі

3.ГВК-6,0 тырмасындағы ортаңғы 2 саусақты доңғалақ ...

арналған.

шөп шабуға

шөп дестелеуге

шөп қопсытуға

4.ГВК-6,0 тырмасы жайып шабылған шөпті аударып қопсыту үшін үлкен бұрышымен ...

қарай тіркеледі.

алға

артқа

бүйірге

5.ГВК-6,0 тырмасы дестені ...

секциямен аударады.

екі

оң немесе сол

оң және сол


3-конкурс –Капитандар сайысы : «Мақал табу»

Командалар капитанына кезекпен өзгертілген мақал айтылады,капитан мақалдың дұрыс нұсқасын айту керек.Капитан өзі білмесе командадан көмек алуға болады.Команда дұрыс жауап бере алмаса қарсы команда жауап беріп,ұпай алуға болады.Дұрыс жауап- 1 ұпай.

4.Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,

Саусақты доңғалақ түгел болса,

төбедегі келеді

Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,

Төртеутүгел болса,

төбедегі келеді

5.Қаңқа-тастан,ақыл-жастан

Асыл- тастан,ақыл-жастан

6.Пневмодоңғалақ қашқанға да керек,

қуғанға да керек

Ақыл қашқанға да керек,

қуғанға да керек

7.Адам көркі шүберек,ағаш

көркі капрон төлке

Адам көркі шүберек,ағаш

көркі жапырақ

8.Қисықиінді жасырған өледі

Ауруын жасырған өледі

9.Десте атасын танымайды

Күш атасын танымайды

10.Үш нүктелі сұлбаны ұлы әкеңдей сыйла

Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла

11.Күш- білімде,білім-топсалы қосылыста

Күш- білімде,білім-кітапта

12.Көп сөз-көлденең тырма,аз сөз-алтын

Көп сөз-күміс,аз сөз-алтын

13.Талабы жоқ жас-қанаты жоқ көтеру механизмі

Талабы жоқ жас-қанаты жоқ құс

14.Малым жаным садағасы,

гидроцилиндрім арым садағасы

Малым жаным садағасы,

жаным арым садағасы



4-конкурс – Бәйге

Қазір пәнаралық байланысты,логиканы тексеретін бірнеше сұрақ қойылады.Қай команда бұрын және дұрыс жауап берсе,сол командаға 1 ұпай жазылады.

1.Шөп кебу кезінде қандай физикалық құбылыс орын алады? Су булануы.

2.Тырмалау аппараты көтерілгенде шөпті түсіретін қандай күш? Гравитациялық.

3.Т-40М тракторы ГПП-6,0Г тырмасымен сағатына 3,6га, ГВК-6,0 тырмасымен 5га жинайды.Қай трактор бензинді көп жұмсайды? Дизельді тракторлар бензин емес,солярка қолданады.

VII.Үздік технологиямен танысу.

Қазір осы тақырып бойынша « Кроне» фирмасының тырмалары туралы видеофильм көреміз.

VIII.Ой түйіндеу

Енді бүгінгі өткен сабақтан,көрген видеофильмдерден не алдыңдар,қандай ой туды?Соны ортаға салыңдар.Біздің ауданда жемшөп дайындауда қандай құралдар,қандай технологиялар қолданылады?Не жетіспейді?Фермер болсаң не өзгертіп,не қосар едің?(жауаптар тыңдау)

IX.Сабақ қорытындысы

Сарапшыларға сөз беру.Конкурс нәтижесі бойынша командаларға баға қою.Үйге тапсырма:бүгінгі сабақ бойынша конспектіні қайталап келу.

Пайдаланылған әдебиет

1.Әліпбеков Н. және басқалары. Ауылшаруашылық машиналары.Астана,Фолиант.2009

2.Воронов Ю. И др.Сельскохозяйственные машины.М.,Высшая школа,1982

3.Зорин В.И. Пути восхождения к мудрости.Акмола,1997

Автор
Дата добавления 13.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров189
Номер материала ДБ-028388
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх