Инфоурок / Другое / Конспекты / Урок на тему "Үздік оқырман сайысы"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Урок на тему "Үздік оқырман сайысы"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Үздік оқырман отбасы

Мақсаты: ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән, би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы-Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: ата-аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ –бірлік туралы мақал-мәтелдер, әр отбасына арналған слайд-шоу.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «балалы үй-базар» дейді. Өйткені бала –өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы- бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің ұйымдастырылып отырған «Үздік оқырман отбасы» атты сайыс өткелі отыр. Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.

Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл сана.

Көркіне ақылы да сай келетін,

Сапаровтар отбасы ортамызда.

Қуантады білімімен бәрімізді,

Қол соғып қарсы алайық енді оны.

Рашитовтар отбасы келіп қалды,

Татулықты ту еткен бұл отбасы.

Жігітке ақыл, білім жарасады,

Нағыз ер халқыменен санасады.

Сайысқа бар күшімді саламын деп,

Айқын отбасы таласады.

Сайыс кезеңдерімен таныстыру.

1-бөлім. «Қанеки, танысайық». Отбасылық командалардың өзін-өзі таныстыруы. Таныстыру әркімнің қалауы бойынша әр түрлі форматта жүргізілуі мүмкін. Мысалы: жанұяның өмірі туралы слайд көрсете отырып тақпақпен, өлеңмен (музыкалық) немесе қара сөзбен мәнерлеп оқу арқылы. Таныстыруда әрбір отбасы мүшелерінің өмір ұстанымдары, атқаратын қызметі, жанұяның жетістіктері туралы баяндалуы тиіс.

2-бөлім. «Әкем, анам бәріміз –оқырман жанұямыз».

  1. Жанұя кітапханасы туралы слайд.

  2. Оқыған кітаптары жайлы қысқаша әңгімелеу және кітаптан алған әсері туралы пікірі.

  3. Интеллектуалдық ойын сайысы. Әдеби кітаптардағы әңгімелерден үзінді оқылады, қатысушы кітаптың атауын және авторларын табады.

  4. Мақал-мәтелдер сайысы. «Кітап, білім туралы»

а) Кім көп мақал-мәтел біледі?

ә) Мақал-мәтелді аяқтау.

б) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» әр команда шама шарқынша 2-4-8 жол өлең құрастырады.

(Білім, кітап, Отан туралы).

3-бөлім. «Жанұялық қызғушылық»

  1. Қалауы бойынша кез –келген жанрда өнер көрсету, ән салу, би, көркем сөз оқу, оқыған шығармасынан көрініс көрсету, т.б.

  2. «Рецепт» кітабы бойынша жасаған жанұяның ең үздік тамағы.

Жүргізуші: Келді міне бүгін сынауға,

Сыналып үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі осы ортада,

Берер деп әділ қазы әділ баға,- деп әділ- қазыларды таныстырып өту.

1-кезең: Отбасымыз келіп жетті танысуға,

Сыпырды томағасың осы дұға.

Қызып келген қырандай керілтеді,

Әдеппенен ізетпен танысуға,

Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.

ІІ-Кезең: 1. Жанұя кітапханасы туралы слайд.

  1. Оқыған кітаптары жайлы қысқаша әңгімелеу және кітаптан алған әсері туралы пікірі.

  2. Интеллектуалдық ойын сайысы. Әдеби кітаптардағы әңгімелерден үзінді оқылады, қатысушы кітаптың атауын және авторларын табады.

  1. Еламан бұл түнді ұйқысыз отырды. Ақбала да теріс қарап жатқан күйінен тырп еткен жоқ, түнімен көз ілмеген Елеман тек таң алдында талықсып кеткен-ді, жел тұрыпты. Көзін ашқанда жағалаудың әдеттегі жынды желі шырт ұйқыда жатқан ауылдың үстінен аса соғып әупіріп тұр екен. (Әбдіжамал Нүрпейсов. «Қан мен тер).

  2. Артықбай батырдың қызы деймісің? –деді Есеней.

-Ойбай, аға сұлтан пірім-ау! Соның қызы-Ұлпан. Мінер жақ артқы аяғы ақ бақай, маңдайында төбелі бар, су төгілмейтін қара жорға тұр ғой, міне!..

. (Ғабит Мүсірепов Ұлпан)

3. Бала күнімізде анау көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік... Ол да бір дәурен... иа... бұл ауылдың күзге қарай қонатын жері, жазғытұры авгусқа дейін отыратын жайлауымыз, бұл көл де Шұғаның белгісі атанды, Бұрын «Тарғыл өгіз сойған» деуші едік. Үлкен көл, маңайы толған шорқынды су... Ол уақытта жердің берекесі қандай. (Б.Майлин» «Шұғаның белгісі»)

5. Менің атым....

Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атынан сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат.

6.Елден ертерек жырақтап кеткен Айекен біраз жылдан кейін аулына келсе, бұрынғы кластастастары абыр да сабыр. «Жақсы келдің, бүгін Серік үйленгелі жатыр» дейді олар.

-Қай Серік?

-Кәдімгі өзіміздің кластас Серік ше?

-Шүмекбаев па?

-Жоқ, ол кейін Қоқымбаев болып кетті емес пе?...

Барса баяғыда өзімен бірге оқыған, көптен көрмеген ешкінің асығындай досы зіңгіттей азамат болыпты. (Жұмағазы Игісін. «Қоңыр қоржын»)

7. Сағыныш кеше ғана ауылға жазғы дамалысқа келген. Студенттердің асыға да қауіптене күтетін үшінші курсын жақсыға аяқталды. Кешке автобусқа әрең үлгеріп, ауылына жеткенде, мал өрістен қайтып, ауыл іші азаң-қазаң болып, мөңіреген сиыр, маңыраған қой үнінен бөлініп тұр екен. (Болат Абаған. «Сағыныш»).

8. Басқаны Сұлушаштың сүйері жоқ,

Алтайдан басқа көңілі иері жоқ.

Кездескен қай мырзаға көз салса да,

Ішінде тап Алтайдай біреуі жоқ.

Алтайдың тілі оған бұлбұлға ұқсас,

Сөйлесе майдай майда, сүйегі жоқ.

Тәңірісі табынатын жалғыз Алтай,

(С. Мұқанов «Сұлушаш»)

Шебер болсақ, тіл байып,

Шешендіктер бір ғайып.

Мақал-мәтел үйреніп,

Тілімізді шыңдайық,- деп кезекті отбасыларымыздың мақал-мәтел айту, яғни оны жалғастыру сайысына кезек берейік.

  1. Кітап көптің (ұстазы)

  2. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса, кішіден сұра)

  3. Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем бергені)

  4. Оқу-білім бұлағы (Білім-өмір шырағы)

  5. Кітап-көзі жұмыққа арзан, (Көзі ашықса маржан)

  6. Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)

  7. Қарағайға қарап тал өсер (Қатарына қарап бала өсер)

  8. Білімді өлсе, қағазда аты қалар, (Ұста өлсе, істеген заты қалар)

4.Мақал-мәтелдер сайысы. «Кітап, білім туралы»

а) Кім көп мақал-мәтел біледі?

Ән: «Бозбала».

б) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» әр команда шама шарқынша 2-4-8 жол өлең құрастырады. (Білім, кітап, Отан туралы)

Ән: «Ұстазым».

ІІІ-кезең: Кедеймін деп қысылма,

Өнерін болса қолыңда,

Өнерлерінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында-демекші ата-ана мен бала арасындағы өз өнерлерін тамашалайық.

Әрбір отбасы өз өнерлерін көрсетеді.

Әділ- қазыларға сөз беру.




Қзкенова Бибінұр Жанатқызы

Жасқайрат негізгі мектебі кітапханашысы


























Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДA-010218

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>