Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Урок на тему "Жабайы аңдар"

Урок на тему "Жабайы аңдар"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

7 қазақ орта мектебі.







Ашық сабақ: Қоршаған орта





Тақырыбы:

«Жабайы аңдар»











Мектепалды даярлық

сыныбының тәрбиешісі:Куразбекова.А.К











2013-2014 оқу жылы



- Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің сабағымызға қатысу үшін қонақтар келіп отыр, қонақтармен сәлемдесейік.

- Балалар, мына өлеңді тыңдайықшы

Табиғатты қолдай біл Аң құсын да қорғай жүр

Білуіміз керек оны біз Бізде табиғаттың ұлымыз

Табиғат бөлек демеңіз Сол үшін жауап береміз.

Балалар, бұл өлеңде не туралы айтылған екен? - Табиғат туралы

- Қане барлығымыз қайтадан қайталап жіберейікші.

Балалар, табиғат дегеніміз не екен? Ол бізді қоршаған орта, табиғатсыз ешқандай тіршілік жоқ. Ол барлық тіршілік иелерінің ортақ үйі, табиғаттың бізге берер сыйы да көп. Олай болса бүгінгі айналамен таныстыру оқу іс - әрекетінде осы табиғаттың тіршілік иелерінің бірі жабайы аңдармен танысамыз.

Нелермен танысамыз?

- Жабайы аңдар қайда болады?- Орманда

- Балалар, адамдар жақыннан көру үшін, танысу үшін хайуанаттар бағында да жабайы аңдар болады екен. Сол хайуанаттар бағына барғыларың келе ме? - Иә

- Хайуанаттар бағы дегеніміз не екен? Ол- үлкен бақ. Онда тек жабайы аңдар ғана емес жан - жануарлардың көптеген түрлері, құстардың әр түрлісі арнайы торларда ұсталады. Біз оның барлығын аралап тауыса алмаймыз. Біз тек қана өзіміз ертегілерде естіп жүрген, теледидардан көріп жүрген жабайы аңдарды ғана көріп тамашалаймыз. Хайуанаттар бағында барлығы қайда тұрады? - Оларды неге торларда ұстайды?

Өйткені олар қауіпті жыртқыш аңдар. Қандай аңдар екен?- Жыртқыш аңдар

(Хайуанаттар бағындағы балалардың қауіпсіздігін айтып ескерту.)

Қане, балалар, хайуанаттар бағына баруға жиналайық.

Балалар, қайда бара жатырмыз?- Хайуанаттар бағына

- Балалар қараңдаршы мынау қандай аң?- Қасқыр

(Бұл сұр түсті қасқыр деп аталады)

- Балалар, қасқыр неге ұқсайды?- Итке

- Тамаша!

Тік құлақ, қара ауыз овчарка итіне ұқсас екен.

Қандай итке ұқсайды екен? - Құлағы қандай пішінге ұқсас деп ойлайсыңдар?- үшбұрыш

- Қасқыр - күшті, батыр, ержүрек, ақылы да айласы да бар өте қауіпті жыртқыш аң. - Ал аяқтары ұзын болады екен Олар далада қоректенеді: жан - жануарлармен, құстармен. Үй жануарлары кездесе қалса, ұстап жеп қояды.

Ал мынау қандай аң екен?- аю

- Түсі қандай екен?- Сұр

- Бұл қоңыр аю деп аталады.

Қасқырға қарағанда аю үлкен бе кіші ме?- Үлкен

- Аю икемсіз жыртқыш аң.

- Аюлардың қорегі: судан балық аулап, жидек теріп, және құстарды аулап жейді. Аюдың терісі, еті бағалы емдік қасиеттері бар деп есептеледі. Аюлар қыс бойы ұйқыда жатады.

Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі?!

Бұл қандай аң екен?- Түлкі

- Түлкінің түсі қандай?- Қызыл

Түлкінің денесі қасқырға ұқсас болып келеді, бірақ қасқырға қарағанда тұмсығы ұзын ба қысқа ма?- Ұзын және сүйріктеу(қайталау)

Түлкінің терісі бағалы жыртқыш аң. Қазақтың атақты бас киімі «Тымақ» осы түлкінің терісінен тігіледі. Оны «Түлкітымақ» деп те атайды. Түлкінің қорегі: түрлі құстарды, құстың жұмыртқасын, балық аулап жейді.

Ал мынау қандай аң екен? - Жолбарыс

- Жолбарыс неге ұқсайды екен?- Мысыққа

- Жолбарыс та өте күшті, жылдам жүгіретін жыртқыш аңдардың бірі. Түсі қандай екен?

- Сұры және қара жолақтары бар. Ал жолбарыстың құйрығында қандай айырмашылық бар екен?

- Ұзын

- Жолбарыс жан - жануарлардың, аңдардың етімен қоректенеді.

Ал енді, балалар, мынау қандай аң екен?- Арыстан

- Арыстан неге ұқсас?- Мысыққа

- Бұл да мысық тұқымдас, ең ірі әрі күшті жыртқыш аң.

Арыстанның басы денесіне қарағанда қандай екен?- Үлкен

- Арыстанды ертегілерде, аңыздарда не деп атайды?- Аң патшасы

«Аң патшасы» ол - аңдардың үлкені, мықтысы дегенді білдіреді. Ол да жан - жануардың етімен қоректенеді.Ал ,балалар, осы торда тұрған кезде бұл аңдар немен қоректенеді?Оларды адамдар тамақтандырады. Сендер аңдардың алдарында тұрған ыдыстарды көрдіңдер ме? Сол ыдыстармен тамақ береді, күтіп бағады, ауырса емдейді. Олардың арнайы адамдары болады.

(Балалар топқа келеді)

Балалар сендер қайда бардыңдар?- Хайуанаттар бағына

- Онда қандай аңдарды көрдіңдер?

Жұмбақ жасыру:

Өзі бір қу, Жүрген жері айқай мен шу.

(Ертегілердегі түлкі суретін тауып, тақтаға іледі)

Балалар түлкі туралы не білесіңдер?

- Түлкіні қандай ертегілерде кездестірдіңдер?

- Түлкі жайында қандай тақпақ білеміз?

Келесі жұмбақ:

Сұр түсті,Ақсиған көп тісті.

Қыс бойына жатады,Тәтті ұйқыға батады.

Тарғыл түсті,Ерен күшті.

Қанжардай тісі бар,Суық үрейлі түсі бар.

(Балалар жұмбақты шешіп, суретін тақтаға іледі)Өте тамаша!

Балалар, бұл аңдар ертегілерде, мультфильмдерде мейірімді, қайырымды болып келуі мүмкін. Бірақ бұл аңдар бір сөзбен айтқанда - жабайы жыртқыш аңдар.Қандай аңдар екен?

- бірақ жыртқыш аңдар екен деп бұларды көп аулауға болмайды, азайып кетеді.

Ойын:

«Әуеніне сәйкес қимылын тап»

Ойын шарты: аю, түлкі, қасқыр, бетперделерін киген балалар әрқайсысы өздерінің әуендеріне сәйкес қимылын салады.

Қорытындылау :Балалар, бүгін бізде қандай оқу іс- әрекеті болды?- Айналамен таныстыру

- Біз қайда болдық?- Хайуанаттар бағында

- Онда нелермен таныстық?- Жабайы аңдармен

- Сендерге оқу іс- әрекеті ұнады ма?- Иә

- Балалар, сендерге көп - көп рахмет!

Күтілетін нәтиже: Білуі : Аңдарды бір - бірінен ажырата білу.

Меңгеруі: Жабайы жыртқыш аңдар туралы толық мағлұматты меңгерту.

Жасай алуы: Көру, есту, түсіну арқылы өз беттерінше іс- әрекет жасай алу

Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров106
Номер материала ДВ-333868
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх