Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Урок на тему ЖАПСЫРУ. "Әдемі мысық"

Урок на тему ЖАПСЫРУ. "Әдемі мысық"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Жапсыру»

Тақырыбы: «Әдемі мысық»

Мақсаты: Балалардың қайшыны қолдану іскерліктерін бекіту. Композиция заңдылықтарын түсінуге, сәнді жапсыруларды құрастыруға үйрету. Балаларды өз сүйікті жануарларды орналастырып жапсыруға үйрету. Эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: жануарлар - животные

Қолданылатын көрнекілік: ақ қағаздар, желім, қайшы, үлгі суреттер.


Әркеттің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялы – ынталандыру кезең.

I. Кірісне бөлім.

1. Амандасу рәсімі:

Шаттық шеңберге тұрғызу.

Жарқырап күнде ашылды,

Алтын сәуле таратты.

Жрқырап тұр қаламыз,

Жайнап тұр даламыз.

Амансыңдар ма достарым!

Амансыңдар ма апайлар!

Балалардан бүгінгі ауа – райы жайлы сұрау.



Балалар шаттық шеңберге тұрып, бір – бірімен амандасып, жылы лебіздерің айтады.


Күз келді балақай!

Жасарды жер алақай!

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық!

Күз туралы, ауа – райы туралы әңгімелесу.


Ұйымдастыру ізденгіш кезең.

II.Негізгі бөлім.

Балаларға жануарлар туралы жұмбақ жасыру.

Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (түйе)

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.(қой)

Өзі жап – жас мұрты бар,

Етпен сүтке ұмтылар.

Тастамайды жылы үйде.

Түкті тоның шұп – шұбар. (мысық)

-Ал, біз бүгін жапсыру әрекетте сүйікті жануарларды қиып жасап көрейік. 1 суреттер бойынша шағын әңгіме жүргізу. Жануарлардың қандай бөлшектері бар, олар қандай геометриялық пішіндерге ұқсайтынды салыстыру (сопақша, дөңгелек). 2 қарандашпен салып қиятын жолдарды көрсетіп түсіндіру.

3 қолға арналған жаттығу жасату.

Он дегенім – он маусақ,

Қос қолдағы жұмыскер.

Орнын біліп жұмсасақ,

Бәрі шебер, бәрі іскер.

Е. Өтетілеуұлы.

4 қайшымен қалай жұмыс істеу ережелерін таныстырып, мәлімет беру. Балаларға жеке барып көмек көрсету.





















Суреттен көргендерін айтқанын түсіну.





Қолдарына арналған жаттығуларын жасау. Өз қалаулары бойынша жұмыс жасайды. Балалар өз қалаулары бойынша жұмысқа кіріседі.


Рефлексиялық түзету кезең.

III.Қорынды бөлім.

Балалардың жұмыстарын мадақтап бағалау.

Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

Бүгінгі тақырып бойынша қортынды әңгімелеу.

Қоштасу рәсімі.



Өз жұмыстарына баға беру.

Жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

Қойылған сұрақтарға жауап беру.

Өз ойларын айтады. Қоштасу рәсімі.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Сүйікті жануарларды қиып орналастырып жапсыру дағдылары, композиция заңдылықтарын түсініктері.

Болу керек: Қайшыны дұрыс ұстау дағдылары.

Істей білу керек: Өз жұмыстарын аяғына дейін орындау.







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 01.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров172
Номер материала ДВ-112799
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх