Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Урок на тему: Жүн және жібек маталары

Урок на тему: Жүн және жібек маталары

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов



Сабақтың тақырыбы: Жүн және жібек маталары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: жүн және жібек маталарды күту тәсілдерімен таныстыру, маталардың қасиеттерін зерттеу кезіндегі нәтижелерді сараптай және бекіте білуге үйрету;

Дамытушылық: уақытты тиімді қолдана білу, жұмысты атқарған кезде тазалық сақтау және мұқият атқару сияқты жалпыеңбектік және политехникалық білігінің дамуына жағдай жасау;

Тәрбиелік: зейінділікке, еңбек мәдениетіне, үнемшілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың көрнекілігі: матадан жасалған альбом, мата, жіп-ине, қайшы, слайд

Пәнаралық байланыс: биология, химия, физика, тарих

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме, қыздар! Отырыңыздар. Оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті материалдарды тексеру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сүт құрамында қандай дәрумендер бар?

2. Сүттен қандай тағамдар жасалады?

3. Төрт түлік малдан қандай сүт өндіріледі?

4. Қандай сүт өнімдерін сен білесің?

5. Ашыған сүт өнімдерінің құндылығы неде?

6. Қандай тамақ түрлерін сүт өнімдерінен жасауға болады?

7. Сүттен қандай ыстық тамақ пісіруге болады?

8. Өндіріс дегеніміз не?

9. Өнімділік дегеніміз не?

ІІІ Жаңа сабақ.

Жүн және жібек маталар жануарлардан алынатын табиғи талшықтардан, сонымен қатар химиялық жолмен алынатын талшықтарды қосу арқылы жасалады. Маталардың талшықтық құрамы немесе қолданылуы бойынша іріктеп алу маталардың сұрыпталымы деп аталады. Тоқыма өнекәсібінде түрлі маталар түржиыны шығарылады. Қазіргі уақытта мата өндірісінде табиғи талшықтармен қатар химиялық талшықтар да қолданылады, осының есебінен маталар түржиыны айтарлықтай кеңейеді. Табиғи талшықтарға химиялық талшықтар қосу тәнижесінде матаның пайдалану (эксплуатациялық) қасиеттері жақсарады. Матаның түрі мен сапасы оның өңделуіне байланысты.

Жүн маталар түржиынының шамамен 2 мыңдай түрі бар. Олар үш түрге: мауыты, жұқа шұға және қалың шұға маталар болып бөлінеді; бұл маталардың әрбір түрі екі топқа жіктеледі: жүн мата және жартылай жүн мата; матаның қолданылуына байланысты әр топ 6-9 топшаға бөлінеді: көйлектік, костюмдік, пальтолық және т.б. маталар дайындалады.

Жүн маталар әдемі, мықты болады, қыртысталмайды және жылусақтағыштық қасиеті жоғары болады. Көйлек, костюм, пальто және басқа да бұйымдар тігуде кеңінен қолданылады.

Жібек маталар қолданылатын шикізат, иірімжіп пен жіп түрлеріне, бетінің тығыздығы, жалпы тығыздығы, өрім түріне, өңделу сипаты мен қолданылуына қарай әртүрлі болады. Жібек маталар табиғи, жасанды және синтетикалық жіптерден тоқылады, кейде штапельді иірімжіп қосылады. Жібек маталар түржиынына өте жеңіл маталар – капрондық жайма, креп-шифон және т.б. жатады.

Жүн және жібек талшықтарының қасиеттері

Киімді дұрыс күту үшін талшықтар мен маталардың қасиеттерін білу қажет. Табиғи талшықтар өсімдік және жануар тектес талшықтарға бөлінеді. Жануар тектес талшықтарға жүн және жібек жатады.

Жүн талшықтары – қой, ешкі, түйе және басқа да жануарлардың түк жамылғысы. Тоқыма өнекәсібінде өңделетін жүннің негізгі бөлігі қойдан алынады (95 %) (41-сурет). Жүнді арнайы қайшымен немесе машиналармен біртұтас, үзіліссіз қырқып алады, сол қырқылып алынған жүн жабағы деп аталады. Жүн тоқыма фабрикаларына жіберілуінен бұрын сұрыпталады, түтіледі, жуылады, кептіріледі.

Жүннің гигроскопиялық қасиеті жоғары, яғни ылғалды жақсы сіңіреді, қышқылдардың ықпалы мен күн сәулесінің әсеріне төзімді келеді. Жанған кезде күйдірілген мүйіз немесе қауырсынның иісіне ұқсас иіс шығарады, талшықтың ұшында саусақпен жеңіл үгітілетін, күйген қара түйіршік қалады. Жүн неғұрлым жіңішке болса, оның сапасы соғұрлым жоғары болады. Иірімделген талшықтардың жылу сақтағыштық қасиеті жоғары. Мұндай талшықтардан тоқылатын маталардан қысқы киім тігіледі. Маталардың атаулары әртүрлі болады: шұға, драп, кашемир.

Табиғи жібек - тұт ағашы жібек құртының қуыршақтарынна алынатын ұзын жіңішке жіп (42-сурет).

Жібек құрты өзінің дамуына төрт сатыдан өтеді: жұмыртқа, құрт, қуыршақ, көбелек. Құрттың қуыршаққа айналатын уақыты келгенде өзінен жіп шығарады, оны құрғақ бұтаққа бекітіп, осы жіптен өзіне ұяшық, яғни піллә дайындайды. Жібек жәп пілләда 40-50 қабат оралып, ұштары ерекше зат – серицинмен өзара жабыстырылған екі жібек жіптен тұрады. 8-9 күннен кейін пілләлар жиналып, алғашқы өңделуге жіберіледі. Пілләларды ыстық бумен өңдейді, содан кейін ыстық ауамен кептіреді. Одан әрі бірнеше пілләнің жіптерін (3-тен 8-ге дейін) біріктіріп орайды, себебі пілләнің жібі өрмек жібіндей өте жіңішке болады. Осындай жіпті «жібек шикізаты» деп аталады.

Еңбекті бөлу – бұл өндірістік процесс ұсақ операцияларға бөлінетін және әр жұмысшы белгілі бір операцияны ғана орындайтын өндіріс стратегиясы.

Орта ғасырларда қолөнершілер өз бұйымын басынан аяғына дейін өндірсе, мысалы етікші аяқ киім, тігінші киім тіксе, құмырашы ыдыс-аяқ өндірсе, кейінірек фабрикалар мен зауыттардың пайда болуына байланысты еңбекті бөлу де пайда болды.

Мамандандыру – кәсіпорын, аймақ немесе елдің өнімінң шектеулі көлемін өндіруі.

Адам Смит суреттеген фабрика түйрегіштер шығаруға мааманданғаны сияқты, «Фудмастер» компаниясы сүт өнімдерін, ал «Эппл» компаниясы дербес компьютерлерді өндіруге маманданады.

Табиғи басымдылықтарын пайдалана отырып түрлі елдер белгілі бір өнімдерді шығаруға маманданады, олар онымен тек өз елінің тұрғындарын қамтамасыз етіп қоймайды, олар бұл өнімдерді басқа елдерге де сатады.

Мамандыру өндіріске жұмсалатын шығындарды азайту мүмкіндігін береді, яғни осы өндіріс тиімділігін арттыруға көмектеседі.

ІҮ Жаңа сабақты бекіту.

  1. Өсімдіктекті және жануартекті табиғи талшықтарды атаңдар.

  2. Жүн қандай қасиеттерге ие?

  3. Жібектің қандай қасиеттерге ие?

  4. Піллә жібінің ұзындығы қанша болады?

  5. Жібек шикізаты деп нені айтады?

  6. Еңбекті бөлу дегеніміз не?

  7. Мамандандыру дегеніміз не?

Ү Сабақты қорыту. Міне, қыздар бүгін біз жүн және жібек маталарын, өндіріс пен өнімділік туралы білдік. Осымен сабақ аяқталды.

ҮІ Үйге тапсырма. §11 оқу.

ҮІІ Жұмыс орнын ретке келтіру.

ҮІІІ Рефлексия.


Табиғи талшықтардан алынған маталардың қасиеттері



Көрсеткіші

Мата түрлері

Зығыр

Мақта

Жүн

Жібек

Жанғыштығы

Күйген қағаз иісті, күлі-сұр түсті

Күйген қағаз иісті, күлі-сұр түсті

Күйген қауырсын иісті

Күйген қауырсын иісті

Тегістігі

Тегіс

Кедір-бұдыр

Кедір-бұдыр

Тегіс

Жылтырлығы

Мықты

Болмайды

Болмайды

Орташа

Жұмсақтығы

Қатты

Жұмсақ

Жұмсақ

Жұмсақ

Қыртыстанғыштығы

Мықты

Әлсіз

Әлсіз

Әлсіз

Жіп бұралғыштығы

Күштілігі болмайды

Ирелеңі аз

Қатты бұрағыштығы

Болмайды

Жіптің үзілуі

Түзу талшықтардың күлтесі

Мақташық

Бұралған талшықтардың күлтесі

Күлтесіз

















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-377862
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>