Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Урок на тему "3 және 4 сандарын салыстыру"

Урок на тему "3 және 4 сандарын салыстыру"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

7 қазақ орта мектебі.







Ашық сабақ: Қарапайым математикалық ұғымдарды таныстыру





Тақырыбы:

«3 және 4 сандарын салыстыру»











Мектепалды даярлық

сыныбының тәрбиешісі:Куразбекова.А.К











2013-2014 оқу жылы



Такырыбы:«3 және 4 сандарын салыстыру»

Мақсаты: 3 және 4 санын салыстыру, санды қатар ретімен ауызша санауға жаттықтыру. Логикалық ойын, тапсырмаларды орындау арқылы баланың 3 және 4 саны көлемінде білімін арттыру. Сан қатарындағы алдыңғы және келесі санның орнын білуді үйретуді жалғастыру.Көктем мезгілінің ерекшеліктерін аңғара отырып, оны күнделікті оқу іс-әрекетінде есте сақтап, сөз арасында байланыстырып айтуға үйрету. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.Балалардың шығармашылығын, зейінін дамыту.Сөздік қорын байыту арқылы сұраққа толық жауап беру деңгейін арттыру. Баланың ақыл-ойын, ойлау үрдісін дамыту.

Әдіс-тәсілі: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын, бағалау, қорыту.

Көрнекіліктері: үйдің макеті, көжектер, сәбіздер, көбелектер, гүлдер, аралар, төр жолақты және екі жолақты карточкалар, үлестірмелі материалдар, сандар таңбасы.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің типі: Жаңа білімді игерту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Дәстүрлі емес.

Сөздік жұмыс: үш саны аз, төрт саны көп.

Пәнаралық байланыс: айналамен таныстыру, көркем әдебиет, ән-әуез.

- Балалар, бүгінбізге ертегілер елінен қонақтар келіп қалыпты. Олар нелер?

- Қояндар немесе көжектер

- Бізге қонаққа қанша көжектер келіпті.Санайықшы.

- 1,2,3,4 барлығы 4 көжек

- Ал енді бізге қонаққа келген көжектер нені жақсы көреді немесе қандай көкөністі ұнатады?

- Көжектер сәбізді жақсы көреді

- Дұрыс жарайсыңдар, балалар ендеше мен кәрзеңкеден көжектерге сәбіздерді үлестірейін, ал сендер мен қойған сайын санап отырыңдар.(тәрбиеші көжектің алдындағы ыдысқа 3 сәбіз қояды.)

- Балалар, көжектерге сәбіз жетті ме, санайықшы

- 1,2,3 сәбіз. 1 көжекке сәбіз жетпей қалды

- Бізде көжек нешеу еді?

- 4 көжек.

- Сәбіз нешеу болды?

- 3 сәбіз.

- Көжек көп пе, сәбіз көп пе? Салыстырайықшы

- Көжек көп, сәбіз аз.

- Дұрыс көжек төртеу, сәбіз үшеу.

- Ендеше, бүгінгі математика оқу іс-әрекетінде 3 және 4 сандарын салыстыруды үйренеміз. Қане қайталайықшы. (салыстыру)

- Балалар, 3 саны 4 санының алдыңғы көршісі, ал 4 саны 3 санының артқы көршісі екенін білеміз.Қайталап айтайықшы.

- Міне , көктем мезгілі келіп жәндіктер оянған соң көбелектерде ұшып келіпті. Ендеше кім келіп, мына жоғарғы жолаққа қандай сан тұрса, төменгі жолағына сонша көбелек орналастырады.

(Балалар шығып орналастырады, жеке баламен жұмыс жасау)

- Балалар, осы көбелектер қайда қонады?

- Көбелектер гүлге қонғанды ұнатады.

- Ал, енді мына үшінші жолақта қандай сан тұрса, төменгі 4-ші жолаққа сонша гүлді орналастырайық.

(Балалар, орналастырады)

- Балалар, көбелек нешеу?

- Көбелек үшеу.

- Ал, енді гүл нешеу?

- Гүл төртеу.

- Қайсысы көп, қайсысы аз?

- Гүл көп, көбелек аз.

- Ал, енді екеуі тең болу үшін не істейміз?

- 1 көбелек қоямыз.

- Міне, балалар көбелек пен гүл теңесті.

- Балалар, бәріміздің алдымызда екі жолақты карточка бар, осы карточканың жоғарғы қызыл жолағына көбелектерді, ал төменгі жолағына гүлді орналастырамыз.

(Балалар үлестірмелі материалдармен өз беттерінше жұмыс жасайды)

Енді балалар, бір сәт айналамызға қарайықшы, не байқап тұрсыңдар.

- Әдемі үлкен гүлдерді көріп тұрмыз.

- Гүлдерді санайықшы. 1,2,3,4

- Гүлдердің үстіне нелер қонып тұр?

- Аралар қонып тұр.

- Араларды санайықшы, нешеу екен. 1,2,3

- Гүлдер көп пе, аралар көп пе?

- Гүлдер көп, аралар аз.

- Екеуін теңестіру үшін не істеуге болады?

- 1 ара қосамыз.

- Тамаша, жарайсыңдар балалар!

(Әсем әуен ойналып,екі жерде тұрған түймедақ гүлі ашылады)

Сергіту ойыны: «Ұқсас санға ұшып барайық»

Шарты: Мына сиқырлы гүлдерде 3 және 4 саны бейнеленіпті.Ендеше 4 саны қойылған столдағы балалар көбелек болып, 4 саны бейнеленген гүлге ұшып келеді.Ал, 3 саны қойылған столдағы балалар, 3 саны бейнеленген гүлге көбелек болып ұшып келеді.

Тамаша балалар, керемет көбелектерге ұқсап кеттіңдер.

- Балалар, көжектердің үйінің алдында көп сәбіз өсіп тұр екен.Ал, әке қоян орманнан саңырауқұлақ теріп әкеліпті. Қане балалар, санап көрейікші.

(Балаларға санату, салыстырту)

- Балалар, біз бүгін математика оқу іс-әрекетінде 3 және 4 санын салыстыруды үйрендік.

- Балалар, бізге қонаққа нелер келді?

- Көжектер келді, көбелек пен гүлдерді санадық, салыстырдық.

Жарайсыңдар, балалар!

Күтілетін нәтиже:

Білуі: 3 және 4 санын кез-келген үлестірмелі материалдардың көмегімен салыстыра біледі.

Меңгеруі: Қарапайым математикалық ұғымдар туралы білімді меңгере білуі, сұраққа толық жауап бере білуі.

Жасай алуы: Достарының жауабына, ойына, өз көзқарасын еркін білдіре білуі, өзін жеке тұлға ретінде сезіне білуі

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров103
Номер материала ДВ-333860
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх