Тақырыбы: Жуан және
жіңішке айтылатын сөздер. «Темірағаш»
Мақсаты:
1.Оқушылардың дауысты дыбыстар бойынша алған білімдерін
кеңейтуге мүмкіндік жасау, сөз ішінде дауысты дыбысқа байланысты сөз жуан не
жіңішке айтылатындығын ұғындыру; сауатты жазу және оқу дағдысын жетілдіру.
2.Өз ойын еркін жеткізу, өздігінен жұмыс істеу дағдысын
дамыту;сөздік қорын байыту; танымдық белсенділігін арттыру.
3.Қоршаған ортасымен ізгілік қарым-қатынас орната отырып,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: тірек
білімдерін жетілдіру.
Сабақ формасы: аралас
Ұйымдастыру формасы:
жұппен, жеке дара, ұжыммен
Әдіс-тәсілдері:
талдау-жинақтау, салыстыру, көркем жазу, шығарм. жұмыс, мәнерлеп оқу, өздік
жұмысы, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс:
дүниетану
Көрнекілігі: тірек сызба
«жуан және жіңішке айтылатын сөздер»
Сабақтың барысы:
І.Бағдарлау-мотивациялық кезең
1. Психологиялық көңілашар: жұптасып, сәттілік тілеу.
2. Сабақ тақырыбы мен мақсатын нақтылау.
3. Жұмбақ жасыру, шешуін салыстыру:
- Бір мойын, екі иық, -Сырт-сырт
соғады,
Тұрады киім киіп. (ілгіш) Уақыт озады.
(сағат)
4. Ребус шешу: түймедақ
- Сөздер неге байланысты жуан, не жіңішке, не аралас болып
айтылады?
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
1. №48 «Кітап ескірмейді»мәтінін «тізбектеп» оқу.
2. Сұрақ-жауап: - Кітап неліктен ескірмейді?
3 Ережелерді қайталау 32, 34 б. Тірек-сызбаны талдау.
ІІІ.Операционалдық-орындаушылық кезең
1. Жаңа
материалды меңгерту:
1. «Темірағаш» мәтінін мұғалімнің оқуы, сөздік жұмысы
2. Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар:
- Әңгіме не туралы? Неліктен темірағаш деп атаған? Одан не
жасайды?
Сергіту сәті
3. Оқушылардың «тізбектей» оқуы
4. Өздік жұмысы : мәтіннен алғашқы екі сөйлемді көшіріп,
жуан, жіңішке, аралас сөздердің астын сызу.
5. Дәптермен жұмыс 20б. №1,2
ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі
1.Сұрақ-жауап: Сөздер неге байланысты жуан және жіңішке болып
айтылады?
Қандай сөздерде жуан және жіңішке дыбыстар аралас келеді?
2. Өз ойыңнан үш топқа сөз тауып жаз: жуан
жіңішке аралас
3.Бағалау
4.Үй жұмысы: оқу, әңгімелеу 51 жаттығу, ереже жаттау 32,34б.,
жазу 20 бет №3
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.