Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок оп Ана тілі на тему М.Әлімбаев. «Не жомарт? Кім жомарт?» 2 класс

Урок оп Ана тілі на тему М.Әлімбаев. «Не жомарт? Кім жомарт?» 2 класс

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Байдуллаева Шарипа Тажиғалиқызы –

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,

13 мг бастауыш сынып мұғалімі


Ана тілі

Тақырыбы: М.Әлімбаев. «Не жомарт? Кім жомарт?»
Мақсаты:
1. Білімділік.
Өлеңнің мазмұнымен таныстыра отырып табиғат ананың жоиарттығына көз жеткізу.
2. Дамытушылық.
Түрлі көрнекілік құралдарын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен шығармашылық жұмысты жасауға үйрету.
3. Тәрбиелік.
Жер-Ана бейнесі арқылы жомарттыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Батырлар, ұстаздар суреттері, т.б. интерактивті тақта.

1. Ұйымдастыру.
Балалар, қазір ана тілі сабағы. Бүгінгі ана тілі сабағын мен жүргіземін. Атым Шарипа.
- Арман, сен қазір почташы баланың қызметін атқарасың. Сенің міндетің сыныптан шығасың да, есікті қағып кіріп, мына хатты бізге алып кіресің.
(Бала шығып, қайтадан кіреді)
Хат (оқылады) – Бұл хат әнші Мейрамбек Беспаевтан екен.
«Құрметті менің тыңдармандарым, сүйікті көрермендерім. Мені көргілерің келсе теледидарды қосып, экранға назар аударыңыздар. Мен тікелей эфирге шықтым» - депті.
- Қане, бәріміз экранға назар ауарайық. Мейрамбектің суреті шығады.
- Балалар, Мейрамбектің бос уақытында кептер бағатынын «Жұлдыздармен жүздесу» журналынан оқыған болармыз. Ол гастрольдік концертте жүргенде кептерлері жан-жаққа ұшып кетіпті. Мейрамбек кептерлерін қондыра алмай әуре. Қондыру үшін «Көк кептер» мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береміз.

2. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Мәтіндегі кейіпкерлерді ата.
2. Бір топ бала Нүсіпбекті неге кінәлі еп ойлайды?
3. Балалар жаралы кептерді не істейді деп ойлайсыңдар?
4. Нүсіпбек пен Аймаған арасынағы достыққа баға бер.
5. Достық туралы мақал айтыңдар. (Кептер Мейрамбектің қасына бір-бірден қонады)

- Мейрамбек сендерге риза болып, ән шырқайды.Бірге қосылып айтайық. Ән «Өз елім».
- Біз тыңдаған ән не туралы?
- Туған ел.
- Кең байтақ жерімізге жарығын беріп, шуағын төгіп тұрған не?
- Күн.
- Туған елімізді асырап отырған не?
- Жер-Ана
- Туған елдің баласына білім нәрімен сусындатып отырған кім?
- Ұстаз.
- Осы үш сөздің бізге не беретінін топтастырып жаза қойыңдар.

Күн
- Нұрын
- Жарық
- Шуағын
- Сәулесін

Жер
- Байлығын
- Тамағын
- Су
- Киімін

Ұстаз
- Үлгі
- Білімін
- Өнегесін
- Тәрбиесін

- Осы біз талқылаған үш сөз өздерінің беретін нәрселерін бізге сатып береді ме, әлде тегін бе?
- Тегін береді.
- Сонда барын аямай беретіндері халқымыз жомарт дейді екен.

3. Жаңа сабақ. (Атымтай жомарт суреті )
-Балалар,мына суреттегі кім деп ойлайсыңдар? Бұл аңыздарда айтылатын Атымтай жомарт екен.Ол өз заманындағы адамдарға барын беріп,кең пейілділік танытқан жомарт жан екен.

(Шықберген Шығайбай суреті)
-Мынау кім деп ойлайсыңдар?
-Ол-Шықберген Шығайбай.Ол өте сараң,қызғаншақ,қорасындағы мыңғырған малы болсада,ешкімге ештеңе бермейтін жан болыпты.
-Балалар,қазіргі өмірде осы Атымтай жомарт пен Шықберген Шығайбайдай адамдар бар ма?
-Иә,бар.
-Олай болса,оқулықтағы мақалды оқиық.

Сараңда бар болса да жоқ,
Жомартта жоқ болса да тоқ.

-Балалар,сендер кімге ұқсағыларың келеді?
-Атымтай жомартқа.
-Жомарт болу үшін Қабуснама бізге қандай үлгі,өнеге айтады екен.
-Сонымен жомарттық дегеніміз қандай мағына береді?

Жомарт
-Ниеті түзу
-Мырза
-Кеңпейілді
-Қолы ашық
-Қызғанбайтын

-Жомарт сөзінің мағынасын түсінсек М.Әлімбаев атамыздың «Кім жомарт? Не жомарт?» өлеңін өтеміз.Сабағымыздың негізгі мақсаты осы өлең арқылы жомарт жандар мен табиғаттың жомарттығына тереңірек көз жеткізу.
-Алдымен М.Әлімбаев кім екенін білейік.Қысқаша өмірбаянын 2-3 оқушы айтып өтеді.Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
-Кім жомарт?
-Батыр жомарт.Халық үшін жанын берген!
(Батырлардың суреті:Бауыржан,Әлия,Мәншүк,Қайрат Рысқұлбеков)
-Кім жомарт?
-Ұстаз жомарт бар балаға тәлім берген!
(Ахмет,Ыбырай,өз ұстаздарының суреттері)
-Не жомарт?
-Жер жомарт.Адамзатты асыраған!(Жер-Ана суреті)
-Не жомарт?
-Күн жомарт.Жерге нұры шашыраған.
(Күн шуағын төгіп тұрған табиғат суреті)
-Міне,қызық,біздің ойымызбен М.Әлімбаевтың ойы сәйкес келеді.
-Келесі кезекте ақындық қабілетімізді оятып,өлеңді өз шумақтарымызбен жалғастырып көрейік.Ол үшін мен сендерге көмек беремін.(Н.Назарбаевтың суреті)
-Кім жомарт?
-Елбасы жомарт.
Жақсы ісін халқынан аямаған!

-Балалар,Елбасы халқына қандай жаңсы іс істеді деп ойлайсыздар?
(Өмірмен байланыс)
-Кім жомарт?
-Ана жомарт.
-Мейірімін баласынан аямаған.
-Ендеше,М.Әлімбаев айтқандай ұстаз жомарт,сендердің шумақтарыңда айтылғандай Ана жомарт.Олай болса мен –Анамын,мен-ұстазбын.Менде жомарттығымды көрсетіп сіздерге бүгінгі сабақтан естелік ретінде жолақша беремін.Мында Әлімбаев пен оның батырлық туралы бір шумақ өлеңі жазылған.(Өлеңді хормен оқу)
-Батырлық туралы өлеңді неге таңдап алды деп ойлайсыздар?
-Себебі аз уақыттан соң Ұлы жеңістің 70 жылдық мерейтойы.
-Осы тойға бүкіл республика халқы үлкен дайындық үстінде.Осы шумақты жаттап алсаңдар,сол тойға сіздердіңде шашуларыңыздың дайын болғаны.

4.Қорытындылау.«Кім тапқыр» ойыны.
М.Әлімбаев атамыз айтқандай «Батырлық балалық шақтан басталады» деп. Біз ертеңгі туымызды көкке көтерер келешек ұрпақпыз.Сондықтанда батыр да,батыл,жомарт та білімді азамат болып өсейік!

5.Үйге тапсырма. М.Әлімбаевтың «Не жомарт? Кім жомарт?» өлеңін жаттау.
6.Бағалау.

Автор
Дата добавления 19.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров495
Номер материала ДВ-076110
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх