Инфоурок Всеобщая история КонспектыУрок "Орта ғасырдағы Түркия"

Урок "Орта ғасырдағы Түркия"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:      Орта ғасырлардағы Түркия

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Сыр бойынан Кіші Азияға көшіп барып мемлекет құрған, империялық дәрежеге көтерілген түрік-салжұқтардың тарихы мен мәдениеті жайлы мағлұмат беру;   ә) дамытушылық: Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу, тарихи ұғымдарды талдап салыстыру дағдыларын, бәсекелестік қабілеттерін дамыту;.

б) тәрбиелік: Оқушылардытуыстас халықтың жетістіктері мен мәдениетінүлгі ете отырып елін, жерін сүюге, адамгершілікке, жасампаздыққа баулу.

Сабақтың түрі:    сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі:    баяндау, сұрақ – жауап, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: Осман империясының картасы, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

·   Сәлемдесу;

·   Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын тексеру;

·   Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

Мұғалім: Бүгінгі  сабағымызды сайыс түрінде өткіземіз. Сыныпты екі топқа бөлеміз. Сабақ барысында «Сырлы жол» ойынын ойнаймыз. «Сырлы жолда» түрлі тосқауылдар кездеседі. 1. Қарақшылар, 2. Жұлдыздар әлемі, 3. Асық ату, 4. Ауыр тас кедергілері шығады.  Осы тосқауылдардан көп ұпай жйнап шыққан топ алтын қазынаға ие болады.

 

І Үй тапсырмасын сұрау.

Компютер арқылы слайд көрсету.( Үндістандағы феодалдық қатынастар).

Описание: http://t3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTJZJZC1PZGg89_WVXeySMaDYWqJ1dcpi1w3rx4pyLKusr-CnsZXg«Қарақшылар» ойыны:  Бұл ойынның шарты бойынша оқушылар слайдта тұрған қарақшылар дың сұрақтарына жауап беру керек.

 

 

 

 

 

 І-топ:

1.     Магадхи жерінде құрылған ең ірі мемлекет (Гупта)

2.     Үндістан феодалдық қоғамының ерекшелігі(Касталарға бөліну)

3.     Қолөнер мен сауда жақсы дамыған негізгі қалалар(Варангал, Танджур, Пайтхан, Дели)

4.     Ұлы Моғол империясын құрған кім? (Бабыр)

5.     7-ғасырда құрылған қуатты мемлекет (Харши мемлекеті)

6.     5-7 ғасырдағы иеалистік көзқарас ұстанған философтар (Нагарджун, Джаймини, Васуб андху)

ІІ-топ:

1.     5-ғасырда Гупта мемлекетіне жойқын шабуыл жасайды (Ғұн –эфталиттер)

2.     1398 жылы Дели сұлтандығын құлатқан билеуші (Әмір-Темір)

3.     Үндістан сәулетшілер-дің әлемдік деңгейде салынған кесене (Тәж-Махал кесенесі )

4.     Қазіргі заманда Үндістанда қандай діндер дамыған? (Буддизм, христиан, ислам. )

5.     Жердің Күнді айналатынын айтқан алғашқы ғалым. (Арьбхата)

6.     Патша жерді қандай иеліктерге бөлді? (1. Мемлекеттік мүддеге арналған; Патша қызметкерлеріне арналған;3. Асқан қабілетті адамдарға сыйлаған; 4. Дін қызметкерлеріне арналған)

ІІІ Жаңа сабақ:

Компютермен слайд көрсетіледі. (Түркияның тарихы, мәдениеті туралы).

 

Осман империясының құрылуы.

 ХІ ғасырдың аяғына қарай Кіші Азия қуатты мемлекет Түрік-Осман империясы құрыла бастады. ІХ ғасырда Сырдың орта  және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. ХІ ғасырда қыпшақтар күшейіп, оғыздарды ығыстырды. Оғыздардың басым көпшілігін құраған салжұқтар Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға көшіп кетуге мәжбүр болды.    Оғыздардың қынық тайпасынан шыққан әскербасшысы  Салжұқтың немересі Тоғрыл-бек 1040-1060 жылдары Кіші Азияда Салжұқ түріктерінің мемлекетін құрды. Ол Хорезмді, Иранды, Азербайжанды, Күрдістан мен Иракты басып алып өз билігін орнатты.

1071-1081 жылдар аралығында салжұқтар Кіші Азияны толық жаулап алды.

Монғалдар шапқыншылығынан кейін ыдырап кеткен Салжұқ мемлекетінің орнына 1299 жылы желтоқсанда Осман түріктерінің мемлекеті келді. Оның негізін 1220 жылы Сырдария маңынан қоныс аударған түріктердің басшысы Ертоғрылдың баласы Осыман сұлтан 1258-1326 қалаған еді.

 ХІV ғасырдың екінші жартысында Осман империясы көрші елдерге жорықтар ұйыдастыра бастады. 1352-1354 жылдары түріктер Дарданелл жағалауын, Галлиполь және бірқатар калаларын басып алады. Бұдан кейін осман түріктері Балкан түбегінде тұрып жатқан оңтүстік славян тайпаларынан құрылған Болгар патшалығы мен Серб мемлекетіне қарсы соғыс бастайды.

1363 жылы сұлтан І Мұрад Андрионопольды алды да, өз астанасын сонда көшірді. Андрионопольды жаулап алуы Балқан түбегіндегі славян мемлекеттерін бағындырудың негізгі базасына айналды. Бұл кезде Балқан түбегіндегі Болгар және Серб феодалдық мемлекеттері өзара қырғи қабақ болып, бытыраңқылықты бастан кешіріп жатқан еді.

1389 жылы түріктер Сербияға шабул жасайды. Шешуші ұрыс 15 маусымда Косова даласында болады. Серб королі Лазарь мен түрік сұлтаны І Мұрадтың арасында болған шайқаста түрік әскерлері ірі жеңіске жетеді. Серб сарбазы Милош Обилич І Мұрад отырған шатырға кіріп келіп, оның ту сыртынан қанжар салып өлтіреді. Соғыста Лазарь тұтқынға түсіп, өлтірілді.

 Балқан түбегін бағындыру І Мұраддың баласы Иылдырым Баязит (1360-1403) кезінде жалғасты. Соғыс майдандарында көрсеткен ерлігі үшін оған Иылдарым (Найзағай) деген ат берілген. Түрік әскерлері Баязит сұлтанның басшылығымен бөлшектеніп кеткен болгарлардың Тырнова патшалығын бағындырды.

Содан соң түріктер Византия мемлекетінін; астанасы Константинопольге жорық бастайды.

1453 жылы сәуірдің басында ІІ Мехмед сұлтан 200 мың түрік әскерлерімен Константинополь қаласын қоршайды. 1453 жылы 29 мамырда түрік әскерлері Константинополь қаласын жаулап алды. Византия мемлекетінің соңғы императоры Константин ХІ Палеолог (1444-1453) шайқас үстінде қаза тапты.

Константинополь Стамбұл атымен Осман империясының астанасы айналдырылды Түркия Осман империясы болып жарияланды.

 Осман түріктері ХІV-ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында   құрды.              

       

          Түріктер Балқан түбегіндегі жаулап алған жерлерін санжаққа (облысқа) бөлді. Феодалдық жер иелігі – спахи, ал мешіт иелігіндегі жерлер – вакуф деп аталды. Санжактарды түрік сұлтаны тағайындаған бейлер басқарды

Балқан түбегіндегі халықтарға мемлекеттік салық салынды. Жер салығы – харадж енгізді. 5-7 жастағы ер балаларды Түркияда тәрбиеленіп, әскери янычар құрамдарына алып отырды. Шаруалар спахилік жер иесінің меншігі болды. Түрік иелігі орнаған жерлердегі халықтарды «райя» деп атады. «Райя» деген сөз «мал» деген мағынаны білдірді. Харадж салығы кәпірлерге салынатын салық еді.

Үшір салығы – өнімнің түсімінен алынатын салық түріне жатады. Шаруалар жергілікті өкіметтің рұқсатынсыз өз үлесін тастап ешқайда кете алмады.

Дін жағдайы өте ауыр болды. Болгар, Серб жеріндегі христиан шіркеуіәне тыйым салынды. Ежелгі славян тайпаларынан бері сақталып келген мәдениет орындары жабылды. Балқан түбегінде Осман империясы мұсылмандандыру саясатын жүргізді. Болгар, серб халықтары діни езгіге қарсы ұлт-азаттық күреске шығып отырды.

Осман империясының құрылымы. Империя уәлаяттарға (облыстарға) бөлінді.

І Сүлейман (1520-1566) кезінде Осман империясы 21 уәлаяттан құрылды. Уәлаяттар санжақтарға бөлінді. Уәлаяттарды бейлер басқарды Олар санжактарға да билік жүргіздіОл азаматтық және әскери басқару түрінде жүргізілді. Бұлар сонымен бірге өз аймақтарында ірі жер иелері еді 

Осман империясында сот жүйесі де болды. Сот жұмысын мұсылман қазы (кади) жүргізді Сот ісін жүргізу орталықтандырылып, жоғарғы сот уәзірдің қолында болды Діни бағыттағы сот істерін шейх-уль-ислам жүргізді.

Осман империясы 4 әлеуметтік топтан тұрд:

1) Рухани феодалдар;

2) Әскери феодал;

3) Көпестер мен қала тұрғындары;

4) Шаруалар.

Түркияда жер мемлекеттің меншігіндЖердің едәуір бөлігі феодалдарға уақытша меншікке берілді. Бұл уақытша берілген жер лен деп аталды. Леннің иелері сипахилер болды.

 

Олар сұлтанның атты әскерінде қызмет атқарып, өздерінің лендерінің мөлшеріне сәйкес жорыққа белгілі бір оскер шығаруға міндетті болды. Жоғары әскер басшылары мен шенеуніктер неғұрлым ірі лендерді - хассаларды алып отырды. Халықтың ендігі бір бөлігі - феодалдық тәуелді шаруалар өздерінің жер үлестерін мүрагерлікпен пайдаланды.

 Еңбекке жарамды, ересек христиан ер адамдар сұлтанның қазынасына ақшалай салық – харадж, жизия төлеп тұрды. Барлық халыққа салынатын ақшалай салық испандже деп аталды.

Империя қоластындағы халықтар түрік езгісіне қарсы күресін тоқтатпады. Болгар және серб партизандары өздерін «гайдуктер» деп атады. 1593-1598 жылдары, орыс-түрік соғысы кезінде күрес біршама күшейді. Ресей империясы діні бір ел – болгар, сербтерді қолдапотырды. Алғаш рет ұйымдасқан көтеріліс 1598 жылы Тырнова қаласында болды.

1594 жылы серб халқы Австрия мемлекетіне арқа сүйеп , түріктерге қарсы шықты.

Болгар және серб халықтарының көтерілісшілері арасында бірлік болған жоқ. Осыны пайдаланған Түрік сұлтандығы Косово жеріне албан мұсылмандарын жер аударып, ондағы мұсылмандардың санын көбейтті. Күні бүгінге дейін Косовода тұратын халықтың 96%-ы албан мұсылмандары.Түрік езгісінен қашқан сербтер Воеводин жеріне орналасты. Түрік үстемдігі Балқан түбегінде 1389-1878 жылдарға дейін созылды.

Түрік мәдениеті. Түркияда жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері  ХІІІ ғасырда пайда болды. Тұңғыш шығармалар сопылық сарында жазылды. Көне шығармалардың қатарына Ахмед Факихтің «Тағдыр кітабы» жатады. Оның шәкірті Шейад Хамза «Жүсіп пен Зылиха» қиссасын жазды.

           Түрік тілінде ең алғашқы шығарма – сопы Ашик паша жазған «Қуғындылаушының кітабы» (поэма) болды.

        XIV-XV ғасырларда поэзияда Низами Гәнжауидің «Бес дастаны» («Құпия казына», «Хұсрау мен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті ару», «Ескендірнама» ) үлгісімен романтикалық сарындағы шығармалар жазған бірқатар авторлар (Ахмед, Жүсіп, Синан т. б.) дүниеге келді. Математика, астрономия ғылымдарына талдау жасаған және философия пәндері бойынша бірқатар еңбек жазған Лютфи Такади еді. Географ адмирал Пири Реис 1513 жылы Дүние жүзінің картасын, ал 1523 жылы «Бахрийе» атты теңіз атласын жасады.

Түрік эпостық дастандары катарынан «Оғызнама», «Кітаб Дәдәм Коркуд» пен «Көрұғлы» шығармалары ерекше орын алады. XV-XVII ғасырларда түрік сәулетшілері (X. Синан т. б.) сәулет өнерінің композициялық құрылымы мен көркемдігіне ерекше көңіл бөлді. Түркия қалаларында медресе, кесене, күмбезді монша, хауыздар салу кең өріс алды. XV-XVII ғасырлар аралығында сән және қолданбалы өнердің керамика, жібек жібін иіру, кілем тоқу, металл өндіру, қару-жарақ жасау сияқты салалары өрістеді.

 

Түрік музыкасы басқа да түрік халықтарының музыкасымен сабақтас. Мысалы, мани,қошма, тюркю әндері Орта Азия, Қазақстан, Азербайжан музыкасымен әуендес болып келеді. Музыка аспаптары: кеманча, ребаб, тамбур, уд, ковар, дюдюк, зурна, дәф, давул т.б.  

 

ІV Жаңа сабақты бекіту:

«Жұлдыздар әлемі» ойыны: Бұл ойында сайдтағы жұлдыздарды таңдап сол жұлдыздың сұрағына жауап береді.

І-топ:

1.     9 ғасырдың Сырдың орта және төменгі ағысында құрылған мемлекет (Оғыз )

2.     Манғол шапқыншылығынан  кейінгі ыдырап кеткен мемлекет (Салжұқ )

3.     1363 жылы сұлтан  1 Мұрад астананы қай қалаға көшірді? (Андрионопольға )

4.     1453 жылы 200 мың әскермен Константинополь қаласын кім қоршады? (ІІ Мехмед сұлтан )

5.     Серб сарбазы Милош Обилич кімнің шатырына кіріп ту сыртынан қанжар салып өлтіреді? (І Мұрад )

6.     І Сүлейман кезінде Осман империясы неше уәлаяттан құрылды? (21 уәлаяттан )

ІІ-топ:

1.     Осман империясы неше әлеуметтік топтан тұрды? (4 әлеуметтік топтан )

2.     11 ғасырдың аяғында Кіші Азияда құрылған мемлекет (Түрік-Осман империясы )

3.     Салжұқтың немересі (Тоғрыл-бек )

4.     1389 жылы түріктер қайда шабул жасайды? (Сербияға )

5.     Соғыс майдандарында көрсеткен ерлігі үшін Баязитке қандай атақ берілді? (Иылдарым (Найзағай) )

6.     “Райя” деген сөз қандай мағананы білдіреді? (“Мал” )

 

«Асық ату» ойыны: Бұл шартымызда оқушылар асық атып тигізсе 1 ұпай қосылады. Ал асыққа тигізіп сұрағына да жауап берсе 2 ұпайға иеленеді.

Описание: http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/e/ee/%D0%90%D1%81%D1%8B%D2%93%D1%8B%D2%A3_%D0%B0%D0%BB%D1%88%D1%8B%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B0%D0%BD_%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%81%D1%96%D0%BD.jpg/220px-%D0%90%D1%81%D1%8B%D2%93%D1%8B%D2%A3_%D0%B0%D0%BB%D1%88%D1%8B%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B0%D0%BD_%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%81%D1%96%D0%BD.jpgОписание: http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSthCEf5JKJ1PdUKehfuBEPZI1hr2x6G1k1ZACpfPS8yv4UcY9MpQ 

І-топ:

1.     Кәпірлерге салынған салықтың түрі (Харадж )

2.     Қай жердегі христиан шіркеуіне тыйым салды? (Болгар, Серб )

3.     Салжұқтар Кіші Азияны қай жылдар аралығында жаулап алды? (1071-1781 ж.ж.)

4.     1453 жылы 29 мамырда түріктер қай қаланы жаулап алды? (Константинополь )

5.     Феодалдық жер иелігі қалай аталды? (Спахи )

6.     Осман түріктері қай ғасырлар аралығында ұлы империя құрды? (14-17 ғасырлар )

ІІ-топ:

1.     Мешіт иелігіндегі жерлер қалай аталды? (Вакуф )

2.     Санжактарды кімдер басқарды? (Билер )

3.     Тырнова патшалығын кім бағындырды? (Баязит )

4.     Қай мемлекеттік халықтары діни езгіге қарсы ұлт-азаттық күреске шығып отырды? (Болгар, серб )

5.     5-7 жастағы ер балаларды Түркияда тәрбиелеп, қандай құрамдарына алып отырды? (Янычар )

6.     Өнімнің түсімінен алынатын салық. (Үшір салығы )

 

«Аур тас» ойыны: Бұл ойынымыздан соң жеңімпаз анықталады. Алдымыздағы аур тастарды жылжыту  үшін, біз ондағы сұрақтарға жауап беруіміз керек.

 

 

І-топ:

1.     Балқан түбегіне Осман империясы қандай саясат жүргізді? (Мұсылмандыру )

2.     Ресей империясы діні бір елді қолдап отырды. (Болгар, Сербия )

3.     Алғаш рет ұйымдастырылған көтеріліс 1598 жылы қай қалада болды?(Тырнова )

4.     Тұңғыш шығармалар  қандай сарнада жазылды? (Сопылық)

5.     Түрік езгісінен қашқан сербтер қай жерге орналасты? (Воеводин)

6.     1594 жылы серб халқы қай мемлекетке арқа сүйеді? (Австрия )

ІІ-топ:

1.     Көне шығармалардың қатарына Ахмед Факихтің қай шығармасы жатады? (“Тағдыр кітабы” )

2.     Еңбекке жарамды, ересек христиан ер адамдар сұлтанның қазынасына қандай салық төлеп тұрды? (Харадж, жизия. )

3.     Болгар және серб партизандары өздерін қалай атады? (“Гайдуктер” )

4.     Осман империясының 4 әлеметтік топтарыны ішіндегі 3-шіне кімдер жатады? (Көпестер мен қала тұрғындары)

5.     Уақытша берілген жер қалай аталды? (Лен)

6.     Леннің иелері кімдер болды?(Сипахилер )

Қорытындылау: Жеңімпаз топты марапаттау.

Үйге тапсырма: Орта ғасырдағы Түркия.

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок "Орта ғасырдағы Түркия""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 960 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.02.2016 1897
    • DOCX 365 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтказинов Асхат Муратович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айтказинов Асхат Муратович
    Айтказинов Асхат Муратович
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 25473
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе