Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Урок планирование. Тема урока "Әлия ғұмыры- ерлік пен өнеге "
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Урок планирование. Тема урока "Әлия ғұмыры- ерлік пен өнеге "

библиотека
материалов

Тәрбие сағатының тақырыбы: Әлия ғұмыры- ерлік пен өнеге
Тәрбие сағатының мақсаты: Аты аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету. Оқушылардың бойына патриоттық сезімін ояту.
Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейнетаспа «Ерлік ел мұрасы» атты кітап көрмесі, батырдың суреті, нақыл сөздері.


Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Рио - Рита» әуені ойнап тұрады.

Балалар Ұлы Отан соғысы, Ұлы Жеңіс деген сөздер естіп жүреміз. Бүгін осы сөздердің мағыналарына тереңірек үңілеміз.

Әр күніміз үнемі жағалыққа толы. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін  батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да ұмытпақ емес.
1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде, елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.


Соғыс жалмап аға-іні бауырды,

 Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

 Жалғызынан айырыпты ананы,

 Әкесінен айырыпты баланы.

"Соғыстан қайтқан солдаттар" музыка ойнап тұрады

1-оқушы:- Осы соғыста Кеңес Одағының басқа  республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты.

Мұғалім:  Жаратылысы нәзік гүлдей әйел заты болса да, кез келген ер азаматтың қолынан келе бермейтін ерекше қайсарлық, жігер, көзсіз ерлік бойынан табылған Әлия апамыздың есімі  қазақ халқы үшін қашанда мәртебелі. /Слайд/

Әлия туралы бейнематериал көрсетіледі:

Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы, Хобда ауданы, Бұлақ ауылында 

1925 жылдың 15 маусымында дүниеге келген. Әлияны нағашы әжесі Тәжікен тәрбиелеп өсірді.  Әжесі немересін өте жақсы көрген, оған жақсылықты, еңбекқорлықты үйреткен.

Әлия нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы өзімен құрдас Сапурамен өсіп, есейеді.

Әлия оқуда өте зерек, талапты, ынталы болып, кітапты көп оқыған.

Соғыс басталған соң, Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Осы ұрыста Әлия әпкеміз ерлікпен қаза тапты.

Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында1945 жылы 

9 мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл уақыт өтті.

Әлия Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.

Сөйтіп, Әлия, Ару Әлия бізге «Отаным», «елім» деп соққан жүрегін мирас етті.

Қаһарман батыр әпкемізге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық.

1 минут еске алу.

 2- оқушы. Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың,

Отан – өлкең, астанаң

Отан – аудан ауылың.

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жазған елің, ер халқың,

Отан – өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын

3- оқушы. Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі

Әлия атты көңілде

Әпкеміз деп жүреді.

Аты аңыз, жыр қылып,

Елдің батыр түлегі.

Әр жүректе тұр күліп,

Әлия атты батыр қыз.

Ұлы Отан соғысында жауқазын ғұмыры қиылған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова рухына арнап көше аты да берілді, ескерткіш те қойылды, өлең де жазылды. Ал қаһарман қызға жасалған тағзымдардың ішіндегі ең ерекшесі Сейдолла Бәйтерековтың  әні дүниеге келді. Сейдолла Бәйтерековтің “Әлия” әнін орындаған әнші Роза Рымбаева.

«Әлия» әнін  тыңдау.

- Балалар, бейбітшілік дегеніміз не?

- Бейбітшілік құсы не?



4- оқушы. Халықтар өмірді қорғайды,
Әділет ұранын қолдайды.
Шырқаңдар, кел достар, әр елде,
Бейбіт күн жасасын әлемде!

5- оқушы. Әлем сүйген салтымыз бар,
Бейбітшілік – ел ұраны.
Өмір сүйген халқымыз бар.
Бейбіт елдің біз ұланы.


Ән: «Ақ көгершін»
Оқушылардың барлығы ортағы шығып хормен әнді орындайды.

- Балалар, «Ақ көгершін» әні бейбітшілік, бақыт, көктемгі күн сияқты жарқын сәтті суреттейді. Алдымызда қағаздан қиылған ақ көгершіннің арғы бетіне қасыңда отырған досыңа жүрегіңнен шыққан жақсы тілегіңді жазайық.

Қорытынды.

Бүгінгі тәрбие сабағымызда, біз Әлия әпкеміздің жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз.
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» дегендей оның есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-299436

Похожие материалы