Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок по ана тілі "Сөз асылы шешендік сөз"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Урок по ана тілі "Сөз асылы шешендік сөз"

библиотека
материалов

Қ.Шайменов атындағы орта мектебі






hello_html_2f6d32ef.gif



Жағалбайлы Р.О.

4-сынып













2008- 09 оқу жылы


Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға шешендік сөздер терең оймен,шебер тілмен айтылатын халық шығармасы екені жайлы түсіндіре отырып,Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би жайлы олардың өмірінен қысқаша мағлұмат беру.

2.Оқушылардың ойлау,сөйлеу сөздерді дұрыс қолдану дағдысын жетілдіре түсу.

3.Тапқырлыққа,шешендікке баулу,мейірімді болуға үйрету.


Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, әңгіме,баяндау,көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі:Қазыбек би,Әйтеке би,Төле бидің суреті,шешендік сөздер жайлы кітаптардан бұрыш.


Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру.

Жаңа сабақ:Мұғалім:-Бүгінгі біздің өтетін сабағымыз осыған дейін өтілетін шешендік сөздерді қаншалықты меңгергенімізді анықтауға бағытталмақ.Яғни саяхат сабағын өткіземіз.Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған.Сонымен бірге олар – тәрбие құралы.Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін,өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап,жаттап айта жүруді, одан үлгі - өнеге алуды тоқтатқан емес.Шешендер, билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге мағына сыйғызып, халықтың рухани қажетін өтеп отырған.Шешендіктің негізгі мақсаты – адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіруі.Шешендердің сөз тапқыш, сезімтал, суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған.Олар жалпы өмір туралы, ел қорғау туралы хабардар етіп отырады.Олар: Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би, Саққұлақ шешен, Бопан би,Шоқ би,Ақтайлақ шешен және т.б. Сабақты осыған дейінгі өткен шешендер өмірі, олардың шешендік сөздері, төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында жүргізбекпіз.Саяхат сабағының өтуі ретін жақсы білеміз (мұғалім сыныпты үш ауылға бөліп,үш бидің атын қояды).Әр ауылдан тиісті сұрақтарға жақсы жауап беретін,берілген тапсырмаларды жақсы орындаған оқушылар ғана келесі ауылға бара алады.Ол үшін әрбір ауылдың алдындағы кеспе қағазды алып, сол қағаздағы сұраққа жауап бересіздер.

Бірінші ауылымыз-Төле бидің ауылы.Мына кеспедегі сұрақтарға жауап беріңіздер(оқушылар шығып, қағаздағы сұраққа жауап береді).

1.Төле би кім?

2.Төле бидің қандай толғау, шешендік сөздері бар?

1-оқушы: Ұл өссе ұрпақ, Қыз өссе өріс.


2-оқушы: Үй сыртында төбең болса,

Ерттеулі тұрған атың ғой.

Ел ішінде қарияң болса,

Жазулы тұрған хатың ғой.


Мұғалім: - Ия,балалар біз сонымен Төле би ауылынан жақсы өттік.Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.Енді біздің келесі ауылымыз - Әйтеке бидің ауылы.

1.Әйтеке жайлы не білесіңдер?

2.Әйтеке бидің қандай толғаулары бар?

1-оқушы:Қысқаша Әйтеке би туралы мәлімет береді.

2-оқушы: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң жауға найзаң тисін.

Бай болып еш пайдаң тимесе,

Батыр болып жауға найзаң тимесе,

Елден бөтен үйің күйсін...(толғауды толық айтуына болады).

Мұғалім:-Біз, балалар, Әйтеке бидің де ауылында болып қайттық.Ендігі біздің үшінші ауылымыз – Қаз дауысты Қазыбек би ауылы.(Оқушылар кеспе қағазды ретімен алып,ондағы сұрақтарға жауап береді).

1-оқушы:

Алтын ұяң – Отан қымбат

Құт берекең атаң қымбат

Асқар таудай әкең қымбат

Аймалайтын анаң қымбат

Туып - өскен елің қымбат

Ұят пенен ар қымбат.

2-оқушы: «Өркенің өссін десең...»

3-оқушы: «Жалтылдайды екен деп...»

4-оқушы: «Жақсылық пен жамандықтың белгісі...»-деген Қазыбек бидің толғаулары бар.

Ал енді «Қазыбектің Төле бимен кездесуі» деген әңгімені оқыту.

Мәтінмен жұмыс:Берілген сұрақтарға жауап алу.

1.Қазыбек би Төле бимен кездесуге неге құмар болды?

2.Қазыбектің әкесі неге қарсы болды?

3.Төле би Қазыбекті қалай сынады?

4.Қазыбек не деп жауап берді?

5.Қазыбектің жауабын Төле би қалай қабылдады?

Мұғалім:-Балалар, біз шешендік сөз өнерінен алған мәліметтердің қаншалықты терең екендігін байқадық.Халқымыздың атақты үш биінің Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидің ауылында болып, өнегелі сөздерін есімізге түсірдік,көп нәрселер үйрендік.

Мұғалім:Біздің ата – бабаларымыз данышпан,шешен болған.Олар кез – келген сұрақтарға, жұмбақтарға ойланбай жауап берген.

- Алты алаш деген кім?

Оқушы: - Алты алаш – Алаша ханның балалары:Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылған.

Мұғалім: - Үш жүз деген кім?

Оқушы: - Үш жүз – Қазақтың ағайынды үш баласы:Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс.

Мұғалім: - Ағайынды кісілердің өкпесі немен тарқайды?

Оқушы: - Сағынысып көрусімен тарқайды.

Мұғалім: - Балалар жеті ата деген кім?

Хормен: Әке,бала, немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат.

Мұғалім: Қол бастау қиын ба?

Жол бастау қиын ба?

Сөз бастау қиын ба?

Оқушы: Қол бастау қиын емес,

Көк найзалы ерің болса.

Жол бастау қиын емес,

Соңына ерген елің болса.

Бәрінен де сөз бастау қиын

Тауып айтсаң мереке қылады,

Таппай айтсаң келеке қылады!

Оқушы: Атаң болса анаңмен –

Алтыннан соққан қорғаның.

Ағаң болса ақылды –

Ешкімнен кем болмадың.

Інің болса жан ашыр –

Семсер қылыш білегің.

Ақылды қыз,ақылды ұл

Өкпе, бауыр жүрегің.

Оқушы: Бал салмаса – ара қасиетсіз,

Жанбай қалған – шала қасиетсіз.

Әдепсіз болса – бала қасиетсіз,

Әділетсіз болса – дана қасиетсіз.

Көк шықпаса – жер қасиетсіз.

Ойсыз болса – ер қасиетсіз.

Жылуы болмаса – жігіт қасиетсіз.

Мұғалім: -Жерден ауыр не?

-Судан терең не?

-Оттан ыстық не?

-Көктен биік не?

Оқушы:

  • Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім,

  • Судан терең дегенім – оқу-ғылым.

  • Оттан ыстық дегенім – адам өмірі,

  • Көктен биік дегенім – тәкәпардың көңілі.

Мұғалім: - Не жетім?

Оқушы:

  • Жаңбыр жаумаса жер жетім,

  • Басшысы болмаса ел жетім,

  • Ұқпасқа айтылған сөз жетім.

Мұғалім:

-Не тәтті?

-Не жұмсақ?

-Не қатты?

Оқушы:

  • Ананың сүті тәтті.

  • Ананың қолы жұмсақ.

  • Ананың жүрегі қатты.

Мұғалім: - «Әкім» сөзін ажырата білесің бе?

Оқушы:

  • «Ә» дегені - әділ бол,

  • «К» дегені – кекшіл болма,көпшіл бол.

  • «І» дегені – ілтипатты бол.

  • «М» дегені – менмен болма,мейірман бол.

Мұғалім: - Кім жақын?

Оқушы:

  • Тату болса,ағайын жақын,

  • Ақылшы болса,апайың жақын.

  • Бауырмал болса,інің жақын

  • Алдыңа тартқан адал асың,

  • Қимас жақын қарындасың.

Мұғалім: - Қазақтың қонағы неше түрлі болады?

Оқушы:

  • Біріншісі – арнайы қонақ.

Екіншісі – құдайы қонақ.

Үшіншісі – қыдырма қонақ.

Төртіншісі – қылқима қонақ.

Мұғалім: - «Достық нешеу?»

Оқушы: - Достық екеу.

  • Біреуі адал достық,

  • Екіншісі амал достық.

Адал достық - өмірлік нұсқа болады,

Амал достық - өрісі қысқа болады.

Мұғалім: - Балалар сендерге айтатын он түрлі жұмбағым бар.

Соны шешкенде жаман әдеттен сақ боласыңдар.

(Оқушылар бір-бірлеп шешеді).

Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман,

Екі дегеніміз – ерегісіп өткен ер жаман.

Үш дегеніміз – үш бұтақты шедірден шалынған ат жаман.

Төрт дегеніміз – төсектен безген жас жаман.

Бес дегеніміз – белдесіп шапқан жау жаман.

Алты дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман.

Жеті дегеніміз – жас келіншек жесір қалса сол жаман.

Сегіз дегеніміз – Серпілмеген қайғы жаман

Тоғыз дегеніміз – торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.

Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас.

Мұғалім: - Рахмет,балалар дәл шештіңдер!Қазақта нақыл сөз бар «Жақсы адам мақалшыл келеді» деген.Олай болса туыстық қарым – қатнас туралы айтайық.

Оқушы: Ағайын тату болса – ат көп,

Абысын тату болса – ас көп.

Оқушы: Жалғыздың аты шықпас,

Жаяудың шаңы шықпас.

Оқушы: Атаң жақсы болса – қанатың,

Ағайын жақсы болса – санатың.

Оқушы: Атадан ұл тумас па,

Ата жолын қумас па.

Оқушы: Балалы үй - базар.

Баласыз үй - мазар.

Оқушы: Ағасы бардың – жағасы бар,

Інісі бардың – тынысы бар.






Автор
Дата добавления 23.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров211
Номер материала ДВ-181648
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх