Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Урок по аппликации для второй младшей группы

Урок по аппликации для второй младшей группы

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы

Екінші кіші топ «Құралай»


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: "Көгалда серуендеген балапандар"

Мақсаты: үй құстары туралы білім беру; балапанның қайдан шығатыны туралы түсініктерді қалыптастыру; желімсіз жапсыру дағдыларын қалыптастыру; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын жапсырма үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: көгал.

Билингвальді компонент: балапан-цыпленок, сары-жёлтый.

Іс-әрекет кезеңді

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық - қозғалыс

Жылулық шеңбері.

Күннің көзі ашылсын.

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тобасы ғой

Ал, кәнекей,бәріміз

"сәлем" дейік үлкенге.


Балаларға"Шөжелер" әуені қойылады.



-Балалар, бұл өленде не туралы айтылған?


Балалар шеңберге

тұрып тәрбиешінің іс-

әрекетін қайталайды







Балалар өлеңді

тындайды, билейді


-Балапандар туралы

айтылған.









Ұйымдастыру

іздестіру

- Кәне, бәріміз бірге балапанның даусын салып, жүрісін қимылмен көрсетейік.



- Балалар, суретке назар аударыңдаршы, не көріп отырсыңдар?

- Балапанның түсі қандай болады?

- Неше балапан көгалда серуендеп жүр?

Сөздік жұмыс: көгал.

- Олай болса, біз бүгін сендермен балапандарды жапсыруды үйренеміз.

Бізге дайын көк негізгі бет (фон) берілген, осы негізгі бетке балапандарды орналастырамыз.

Ең бірінші фонға балапанның денесін жапсырамыз, өйткені ол балапанның үлкен бөлігі болып саналады. Одан кейін екінші бөлігі - басын жапсырамыз.

- Балалар, қараңдаршы, балапанның басы қандай пішінге ұқсайды екен?

Басын жапсырғаннан кейін қанаттарын жапсырамыз.

Билингвальді компонент: балапан-цыпленок, сары-жёлтый.

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Жұмыс барысында тәрбиеші балалар -мен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың іс-әретін бақылап,

балалармен жеке жұмыс жүргізеді.


Балалар тәрбиешіге қарап, балапанның даусын салып қимылмен көрсетеді.




- Балапандарды.

- Сары.

- Үш балапан

Қайталайды: көгал.



Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.




-Дөңгелекке ұқсайды.






Қайталайды: балапан -цыпленок, сары-жёлтый.





Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтып қимылдар жасайды.




Балалар көрсетілген сурет бойынша және тәрбиеші-

нің нұсқауы бойынша

жапсырма жұмыстарын атқарады.





Рефлексифті

реттеушілік

Қортынды:

- Балалар, бүгінгі оқу-әрекеті сендерге ұнады ма?



Балапан неше бөліктен тұрады? Түсі қандай екен?

- Балапандар қайда серуендейді?


- Көгалда неше балапан серуенде жүр?


- Балалар, бүгін тапсырманы жақсы орындағандарың үшін рақмет!


Балалар өз ойларымен бөліседі, тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.


- Балапан үш бөліктен тұрады. Түсі сары.

- Көгалда серуендейді.


-Үш балапан серуенде жүр.


Балалар педагогтің айтқан рақметіне қуанады.

Күтілетін нәтижелер:


Ұғады: кеңістікті бағдарлай отырып, рет-ретімен орналастыруды;

Түсінеді: балапанның жұмыртқадан шығатынын;

Қолданады: балапанның дене мүшелері туралы түсініктерді.






Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Екінші кіші тобы «Құралай» 13.10.15.

Білім беру саласы: Шығармашылық Тәрбиеші: Айтбаева.К.Ж.

Бөлімі:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Алаңқайдағы саңырауқұлақтар» Мақсаты: саңырауқұлақтармен таныстыру,олардың орманда өсетіндігі жайлы түсініктерін кеңейту,сөздік қорларын молайту,екі бөліктен тұратын қалпағы мен аяғын біріктіру тәсілін қолдана отырып тілін дамыту,табиғатқа деген қызығушылықты қалыптастыру,табиғатта жүргенде өздерін ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Қос тілдік компоненттері:саңырауқұлақтар-грибы Көрнекілік құралдар:саңырауқұлақтың суреті,тақтайша,ермексаз,сулық.



Балаларды орманға серуенге шығару.Саңырауқұлақтар аланқайын көрсету.Балаларға саңырауқұлақтарды себетке жинату.

Саңырауқұлақтар туралы әңгімелеп сұрақтар қояды.

-Балалар біз не жинадық?

-Саңырауқұлақ қанша бөліктен тұрады екен?

Балалардың көңілін суреттегі саңырауқұлақтарға бөлу түстерін сұрау.

Орманға баруға қызығушылытарын танытады.



Әңгімені тыңдап сұрақтарға жауап береді.

-Саңырауқұлақ жинадық

-Саңырауқұлақтар екі бөліктен тұрады.

Калпағы,аяғы

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастыру

іздестіру

Балаларға В.Сутеевтің Саңырауқұлақ саясында ертегісін айтып беру.

-Орманда кенеттен не басталды?

-Саңырауқұлақтың астына нелер жиналды?

-Жаңбырдан кейін не болды?

-Ендеше,біз де саңырауқұлақты мүсіндеп көрейік.

Тәрбиеші өзі жасаған үлгіні көрсетеді.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп,түсіндіру:

-қызыл түсті ермексазды екі алақанымыздың ортасына салып жұмсартып,қалпақ жасаймыз,

-ортасын ойық жасау үшін сұқ саусағымызбен басамыз:

-ақ түсті ермексаздан сабағын жасаймыз.Ол үшін ермексазды «шұжықша» пішінге келтіреміз.

-қалпағы мен сабағын біріктіреміз,біріктірген жерін саусағымызбен тегістеп қоямыз.

Сергіту сәті.

«Күн және жаңбыр» ойыны

Балалар шеңбер жасап тұрады.

«Жаңбыр жауды» дегенде қолшатырдың астына жиналады.

Жұмбақ

Орманан алып келген қазанбасты,

«Жейміз»,деп анам күліп қазанға асты.

(Саңырауқұлақ)

Саңырауқұлақтардың бәрін жеуге болмайтынын, олардың ішінде жеуге жарамайтын улы түрі болатынын айтып ескертеді.Ол –

Мумомор деп аталады.



Ертегіні тыңдайды



Ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді.





Үлгіреді қарайды.




Саңырауқұлақты жасаудың әдіс-тәсілдерімен танысады.






Саңырау құлақты мүсіндейді.


Ойын ойнайды.





Жұмбақты шешуге тырысады.


-Саңырауқұлақ.

Рефлексивті реттеуші

Қортынды:Балалар,бүгін не мүсіндедік?

-Саңырауқұлақ қайда өседі?

Балаларды мадақтау.

-Саңырауқұлақты мүсіндедік.

-Орманда өседі.

Күтілетін нәтиже.

Ұғады: дөңгелек пішінді ермексазды саусақпен жалпақтау арқылы саңырауқұлақтың қалпағын жасап,сопақша пішінді сабағымен біріктіреді. Түсінеді: улы және жеуге жарайтын саңырауқұлақтар болатынын;

Қолданады: ермексазды сопақша,дөңгелек пішінге келтіру дағдысын.











Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы


Екінші кіші: «Құралай» тобы 20.01.2016

Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық, Таным

Бөлімі: Тіл дамыту, Сурет, Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: "Көңілді қыс"

Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге ойын толық жеткізе білуге үйрету.Табиғатты аялауға әсемдікті сезінпіп,көре білуге тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер: суреттер, ағаш, шырша, қоян, аққала.

Қос тілдік компанентер : Қыс-зима-winter,қар-снег-snou,


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық - қозғалыс

Балалар бізде бігін ерекше күн.Кәне

апайлармен амандасып алайқ.

Шаттық шеңбері

Арайлап атқан таңға сәлем?

Жылуын шашқан күнге салем

Жайнап өскен бізге салем

Білім беріп тәрбиелеген

Апайларым сізге салем

Балалар 3-тілде амандасады.

Сәламатсыздар ма?

Здраствуйте

Good morning

Шаттық шеңберін

қимылмен жасайды.



Ұйымдастыру

іздестіру

-Балалар қазір қандай мезгіл?

-Жарайсыңдар балалар.

-Қыс мезгілінің ерекшелікерін

білеміз бе?

-Ендеше,боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?

-Қатты аяз болып,тоңғанда не істейміз?


-Ал күн шыққанда не істейсіндер.

Жарайсыңдар балалар!

Осындай тамаша көніл күймен орманға барғыларын келеме?

-Балалар қыста қалай киінеміз?

Басымызға бас киім,

Үстімізге тон немесе куртка

Аягымызға етік

Қолымызға қолғап киеміз.

-Қане баріміз көзімізді жұмайқ.

-Міне балалар қысқы орманға келдік. Орманнан нелерді көріп тұрмыз.

Қар басқан ағаштар,шыршалар,үйілген қарлар,аққала,қоян.

Қарды басқанда қандай дыбыс шығады?

Балалар мынау жерде біреу бар сияқты,кім болды екен?

-Қоян ғой.


Қоян балаларға тонып қалғанын айтады.

Ендеше, балалар, қоянмен бірге сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қоян:Рахмет мен жылынып қалдым.

Сендерге жұмбақ жасырамын,шешуін табыңдаршы.

Жұмбақ.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады.

(Қар)

Қоян:Қыс мезгілі туралы маған таппақ

айтып беріндерші?













Қоянның қолына қар түседі.Ой,балалар менің қолыма қараңдаршы.

Бұл не екен?

Осы қардың суретін салып беріңдерші?

Тәрбиеші:Қоян, ұлпа қардың суретін балабақшамызға барғасын салып береміз жарай ма?

Балалар біз тонып қалдық.

Балабақшамызға қайтатын уақыт болды.

Ендеше көзімізді жұмайық.

Міне, балалар балабақшамызға келдік.

Киімімізді шешейік.

Мына суретке қараңдар.Қыс мезгілі

бейнеленген, жауып тұрған ұлпа қардың суреті.

Қос тілдік компаненттер:

-Қыс-зима-winter

Қар-снег-snou

Салу жолдарын түсіндіру.

Ауада салайық,түзу сызық,қиғаш сызық,

көлденең сызықтар саламыз.

Балалар қыл қаламды қолымызға алып,

жоғарыдан төмен қарай,көлдененінен, қиғасынан түзу сызықтар саламыз.

Енді балалар жұмысқа кірісейік.

-Қыс мезгілі.


Қар жауады,аяз болады, боран соғады.

Балалар қолдарын жоғары көтеріп,гуілдейді.

-Қолдарын қусырып аяқтарын топылдатады.

Алақай деп қолдарын көтереді.




Қалың киінеміз деп қимылмен көрсетеді.




Балалар көздерін жұмады,ашқан кезде орман көрінісін көреді.



Сықыр-сықыр.



Балалар қоянмен амандасады.





Балалар серіту сәтін қыймылмен жасайды.








Балалар жұмбақты шешеді.



Қыс туралы тақпақ айтады.

Қыс мезгілі көңілді,

Аспанан ақ қар төгілді.

Шанамен біз ойнаймыз,

Шанғы теуіп сырғанаймыз.


Қар жауғанда топ бала,

Соқты қардан аққала.

Мұрны сәбіз,үп-үшкір,

Көзі көмір қап-қара.


Ауыл сырты- биік жар,

Бізді күтіп тұр қарап.

Биік жарға шығып- ап,

Жөнелеміз сырғанап.


Ұлпа қар.







Көздерін жұмып,ашып киімдерін шешеді.





Қайталайды.



Балалар ұлпа қардың суретін ауада салады.





Балалар ұлпа қарды салуға кіріседі.


Рефлексиялық-түзетушілік

Қортынды: Балалар қайда бардық?

Онда не көрдік.

Қоянға ненің суретін салып бердік?

Қоян балалармен қоштасады.



Қысқы орманға.

Ағаштар,шыршылыр,аққала

қоян, үйілген қарды.

Ұлпа қарды.


Күтілетін нәтижелер:

Ұғады: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін;

Түсінеді: қыс мезгілінде болатын табиғат құбылыстары туралы ;

Қолданады: Қыл қаламмен түзу,қиғаш,көлденең сызықтарды салуды;


































Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы

Екінші кіші топ: «Құралай»

Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Жапсыру.

Тақырыбы: «Үй құстары»

Мақсаты: Үй құстары туралы түсініктерін нығайту,олардың мекенін,тіршілігін,дала құстарынан айырмашылығын ажырата білуге дағдыландыру,үй құстарына деген қамқорлыққа баулу.Үй құстары туралы әңгіме.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Үй құстарының суреті.

Қостілділік компонент: Үй-дом- House

Құстар – птицы -Bizds

Амандасу.

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң достарым.



Балалар шеңбер бойына тұрып орындайды.

Ұйымдастыру

іздестіру

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі.

- Көктем мезгілінде қандай ауа

райы өзгерістер болады ?


-Дұрыс айтасыңдар.

Балалар сендер үй жануарларын білесіңдер ме,қане атап беріңдерші.

- Өте жжақсы,балалар бүгін біз құстар туралы білетін боламыз.

- Құстар үй құстары және дала құстары болып бөлінеді.

- Үй құстарына тауық, әтеш,

қаз,үйрек,балапан жатады.

-Иә,балалар олар үй маңында аулада тіршілік етеді,адамдар оларға жем,тары береді.


Қос тілділік компонент: Үй –дом-House, құстар – птицы-Bizds.


- Өте жақсы,балалар дала құстарын айтайықшы.

- Иә,балалар бұл құстар далада орманда өмір сүреді.

- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер жауабын тауып көріңдер,жарай ма?

Кеудесі қайқандап,

Жүреді байпандап.

Ол не?

-Иә,балалар міне бұл үй құстарының бірі - қаз.

Қаздың мойыны,тұмсығы ұзындау болады.Ал мынау қанаттары.

- Ал мынау- үйрек.Бұл құстар суда жүзгенді ұнатады.

Балапандарын суда жүзуге баулиды.

- Ал,мынау суретке,

қараңдаршы,бұл не?

- Тауықтың түсі қандай?

- Тауық қалай дыбыстайды.

Ал келесі жұмбағымды мұқият тындаңдар.

Бұрап қойған сағаттай

Айғайлайды таң атпай.

Ол не?

Иә,балалар бұл әтеш,ол таңертен адамдарды ұйқысынан оятады,

жан-жағына қарап ,қақпаға шығады,қанаттарын қағып қатты айғайлайды. Әтеш тауықтан

үлкен оның басында қызыл айдары бар ,солай ма балалар?

- Әтеш қалай дыбыстайды?

- Қане олай болса балалар аздап сергіп алайық.

Сергіту сәті.

Әтеш ерте оянып,

Жан-жағына қарады.

Шынықтырып денесін,

Қанаттарын қағады.

Танғажайып сәт: «Қалпақтың астында не бар?»

(қалпақтың астында жұмыртқа бар,жұмыртқадан балапан шығады)

- Балалар қалпақтың астында не бар екен ?

Түсі қандай

- Пішіні қандай?

- Жұмыртқаның сырты қатты,жерге түсіріп алсақ жарылып қалады.

- Жұмыртқаның ішінде не барын

көргілерің келе ме?

- Жұмыртқадан не шықты?

- Балапанның түсі қандай?

- Өте жақсы,балалар,олай болса,

Қазір біз балапан бейнесін жапсырамыз.

- Қараңдаршы,балапанның денесі қандай пішіндерден құралған?

Ал,мынау суретте балапан қандай

пішіндерден құралған ?

Ендеше ,осы пішіндерден

балапан бейнесін құрастырамыз.

- Қане,олай болса осы пішіндерді қолданып,балапан бейнесін жапсырайық.


- Көктем мезгілі


Күн жылынады,қар ериді ,құстар жылы жақтан ұшып келеді.


-Жылқы,қой,ешкі,сиыр,

түйе,ит,мысық.






Тауық ,қаз,үйрек,

балапан.





Қайталайды: Үй –дом-House, құстар – птицы-Bizds.


-Қарлығаш,көгершін,

торғай, қарға.







-Қаз






-Үйрек




- Тауық

- Сары

-қо-қо-қо





-Әтеш








Ку-ка-ре-ку




Балалар іс-қимыл арқылы көрсетеді.






Балалар қызығушылық танытады.



- жұмыртқа


-Ақ,сопақша





Иә.

- Балапан

- сары



Дөңгелек,сопақ,

үшбұрыш.


-Дөңгелек ,үшбұрыш

Балалар балапан бейнесін жапсырады


Балалар жұмысқа кіріседі.

Рефлексивті

түзетушілік

Қорытынды:

-Өте жақсы,балалар сендерге бүгінгі іс-әрекеті ұнады ма?

-Мағанда ұнады,сендер өте жақсы қатыстыңдар, рахмет.




-Ұнады.


Күтілетін нәтиже:

Ұғады: Үй құстарының түрлерін

Түсінеді: құстардың ерекшеліктерін

Қолданады: ұқыпты жапсыруды,құрастыруды.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-023747
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>