Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Рабочие программы / Урок по биологии " Экожүйе"

Урок по биологии " Экожүйе"

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:



САБАҚ: Биология

Мектеп: Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Куатканова А.Т.

СЫНЫП: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

«Экожүйе», «биогеоценоз» және «биосфера» ұғымдары.

Қоректік тізбектің қарапайым сызбасы. Қоректік тізбектің компоненттері

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

Оқушылар орындай алады:

«Экожүйе», «биогеоценоз», «биосфера» терминдеріне түсінік беру.

Коректік тізбектің қарапайым сызбасын қолданып өндірушілер, тұтынушылар және ыдыратушыларды анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

«Экожүйе», «биосфера» «биогеоценоз» ұғымдарына анықтама беру. Қоректік тізбектің компоненттерін білу.

Оқушылардың көбі орындай алады:

Қоректік тізбектің қарапайым сызбасын сызу

Кейбір оқушылар орындай алады:

Өз бетінше қоректік тізбекті құрастыру.

Жетістік критерийлері

  1. «Экожүйе», «биогеоценоз», «биосфера» түсініктерін біледі және түсінеді, осы ұғымдарға анықтама қалыптастырады.

  2. Есеп жазу үшін көмек ретінде термин сипаттамалары бар 3 таратпа парақтың 2-уін дұрыс қолданады.

  3. Қоректік тізбектер мен трофикалық деңгейлер туралы алдыңғы білімдерін қолданады.

  4. Оқушылар әр түрлі қоректік тізбектерді зерттейді, ақпаратта ұсынылған үш түрді пайдаланып, кемінде бір қоректік тізбек құрады.

  5. Нұсқаулар арқылы дұрыс бағыт көрсете алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

«Экожүйе», «биогеоценоз», «биосфера» түсініктеріне сипаттама бере алу Мекен ету ортасында жануарлар мен өсімдіктер арасындағы қоректік өзара әрекеттестікті зерттей алады (оқылым дағдысы) ақпаратты қолдана отырып қоректік тізбекті құрастыру (тыңдалым мен жазылым дағдылары)

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

Экожүйе/тұрақты жүйе

Биосфера құрылымы...

Биогеоценоз құрамы

Түзушілер/продуценттер

Тұтынушылар/консументтер

Ыдыратушылар/редуценттер

Құндылықтарды дағдыландыру

Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыс

Экология, география

АТҚ қолдану дағдысы

Сандық ақпараттарды визуализациялау

Алдынғы білім

Қоректену тізбектерінің қарапайым сұлбаларын жасай білу. (6 сынып)

Қоректену тізбектерінің көмегімен өндірушілер, тұтынушылар және редуценттерді анықтай білу. (6 сынып)

Тірі организмдер арасындағы қарым қатынастар типтерін сипаттай алу. (6 сынып)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланатын қызмет

Ресурстар

Сабақ басы

0-10

Активити: «Шеңбер» Танысу.

Топқа бөліну

Сабақ тақырыбымен, мақсатымен критерийлерімен таныстыру


Сабақ ортасы

11-17




















18-25




26-30










31-35

«Экожүйе», «биосфера» «биогеоценоз» ұғымдарын мұғалім түсіндіреді.

Экожүйе – бұл тұрақты байланыста және өлі табиғаттың құрамбөліктерімен (атмосфера, гидросфера және литосферамен) тікелей ұласатын тірі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар және ұсақ ағзалардың) үдемелі және тұрақты бірлестігі. Экожүйенің негізгі ерекшеліктері :

1. Тірі және өлі компоненттер тығыз байланысты

2. Экожүйелерді ұйымдасудың әр түрлі деңгейінде зерттеуге болады. М: шалшық – тоған – көл – теңіз – мұхит – ғаламшар

3. Экожүйенің сақталуы мен дамуы үшін оның барлық тірі ағзалары мен физикалық ортаның барлық компоненттері қажет.

Биосфера–тірі ағзалар орналасқан Жер қабығы. Биосфераның шегі атмосферадағы, гидросферадағы және литосферадағы ағзалардың таралу атырабымен анықталады.

Биогеоценоз – әр алуан ағзалар түрлерінің тіршілік ортасына жинақталған бірлестігі. Биогеоценоз — бұл фитоценоз шекараларымен анықталатын экожүйе.

1 тапсырма: (топтық жұмыс) Берілген суреттерден экожүйе, биосфера, биогеоценоз мысалдарын ажырату және өз таңдауларын түсіндіру.

Дискрипторлар ( приложение 1)

2 тапсырма: Оқушыларға кемінде 5 әр түрлі таратпа парақ беріледі, оның екеуі оқылатын 3 түсініктің ешбіреуіне де сәйкес келмейді. Таратпа парақтарда: (экожүйе) барлық тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен байланысқа түсуі, (биогеоценоз) тірі ағзалар мен қоршаған ортадағы өлі материямен байланысы, мысалы өсімдік фотосинтез үшін көмірқышқыл газын қажет етуі, (биосфера) Жердің тірі ағзалар мекендейтін қыртысы мен атмосфера қабаты деген ақпарат болады.

Дискрипторлар ( приложение 1)

3 тапсырма: сәйкестікті анықта (жеке жұмыс)

Дискрипторлар ( приложение 1)



Презентация

Сабақ соңы

36-40

Рефлексия:

Мен бүгін білдім … .

Маған сабақта қызық болды …

Маған қиын болды … .

Стикер

Сабақ басы

0-10

Сергіту сәті: «Түрлі-түсті»

Видеоүзінді қарау.

Сабақ тақырыбымен, мақсатымен критерийлерімен таныстыру

Видео,

Сабақ ортасы

11-16























17-20



21-25






26-30






31-35



(W) Бір қоректік тізбекте орналасқан- бірнеше ағзалардың суреттерін сыныпқа көрсетіңіз. Оқушылардан қорек болатын ағзаларды оларды жейтін ағзалармен салыстыруларын сұраңыз. Сонан соң оларға өзара қоректік қатынастарды көрсету үшін қоректік тізбекті қалай құруды көрсетіңіз.

Дискриптолар:...........................

Қоректік тізбек ұғымына сипаттама беру алдында тірі ағзалардың қоректену типтері бойынша жіктелуін презентация көмегімен көрсету.

Түзушілер, тұтынушылар, ыдыратушылар ұғымдарына түсінік беру.

Продуценттер (лат. өндіруші) – фотосинтезді немесе хемосинтезді пайдалана отырып, бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзуге қабілетті автотрофты ағзалар(жасыл өсімдіктер және автотрофты бактериялар).

Консументтер (лат. тұтынатын) – органикалық заттарды тұтынатын гетеротрофты ағзалар

Редуценттер - өсімдік қалдықтары мен жануар өлекселерімен (детрит) қоректенетін сапрофиттер (әдетте бұлар бактериялар мен саңырауқұлақтар).

(G, P) Оқушылар суреттер мен ақпараты бар кеспе қағаздарды қолдана отырып өздерінің қоректік тізбектерін құру үшін жұптасып жұмыс жасайды.

1 тапсырма: қоректік тізбек құрыңдар (жұптық жұмыс)

Қоректік тізбек ұғымына сипаттама, мысал.

Экожүйе ішінде органикалық заттарды автотрофты ағзалар жасайды. Өсімдіктерді жануарлар азық етеді, олар өз кезегінде басқа жануарларға жем болады.

Ағзалардың мұндай байланысы қоректік тізбек, ал тізбектің әр бөлігі трофикалық деңгей деп аталады (греч. trophos «қоректену»).



2 тапсырма: ең ұзын қоректік тізбек құрастыру. (топтық жұмыс)

Оқушыларға әр түрлі ағзалардың суреттері ұсынылады. Осы суреттерді пайдаланып, олар қоректік тізбек мысалдарын құрастырады және қоректік тізбек компоненттерін атайды.



3 тапсырма: суреттегі ақпаратты пайдаланып, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы трофикалық деңгейінде қаршыға бар қоректік тізбекті тауып жазып алыңдар.



4 тапсырма: ашық тест.

Қоректік тізбек – бұл.....

Түзушілер – бұлар ...., оларға .... жатады.

Тұтынушылар – бұл...., олар бөлінеді. ...... және......, оларға.... сияқты тірі ағзаларды жатқызуға болады.

Ыдыратушылар – бұл ...., оларға ...... жатады.

презентация, суреттер

Сабақ соңы

36-40

Рефлексия:

Мен бүгін білдім … .

Маған сабақта қызық болды …

Маған қиын болды … .

Стикер

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?


Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

Қабілеті жоғары оқушылар жергілікті аумақтағы экожүйеге сипаттама бере алады

Топтар бір-бірін бағалайды, ашық тест, сәйкестендіру

Сергіту сәті

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау


Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі мезет сабақты жақсарта алар еді (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Мен сабақтан топпен жекелеген адамдар туралы маған келесі сабаққа дайындалуға көмек беретіндей не білдім?









Автор
Дата добавления 24.09.2016
Раздел Биология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров37
Номер материала ДБ-210347
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх