Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / Урок по биологии на тему: "Қаңқа бөлімдері" (8 класс)

Урок по биологии на тему: "Қаңқа бөлімдері" (8 класс)

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы: 8 «гимн»

Сабақтың тақырыбы: Қаңқа бөлімдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тірек – қимыл жүйесінің құрылысы мен қызмететрі туралы жаңа анатомиялық-физиологиялық түсініктерді қалыптастыру, қаңқаның құрылыс мен қызметтері туралы білімдерін арттыру. Адамның тік жүруіне және еңбек етуіне байланысты қаңқасында пайда болған ерекшеліктерді анықтауға үйрету.

Дамытушылық: Білім алушылардың талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Білім алушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен және мұқият қарауды тәрбиелеу, адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі денсаулығының рөлін түсіндіру

Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру

Сабақтың көрнекілігі:

І Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі: - оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру

Үй жұмысын тексеру.

1. Анализатор дегеніміз не?

2. Анализаторлар нешеге бөлінеді?

3. Көрудің маңызы қандай?

4. Көздің қосымша мүшелерін атаңдар?

5. Көз алмасы неше қабаттан тұрады?

6. Торлы қабықта қандай рецепторлар орналасқан? Олардың маңызы қандай?

І нұсқа.

1. Сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездер.

а) аралас бездер. б) ішкі секреция бездері. с) сыртқы секреция бездері

2. Аралас без а) қарын. б) гипофиз. с) ұйқы безі.

3. Ішкі секреция бездері қанға бөліп шығаратын күрделі биологиялық зат.

а) гормон. б) су. с) қан.

4. Теріде пигменттің түзілуін реттейді. А)ортаңғы б)аралық в)көпір

5. Көздің қосалқы мүшелеріне жататын құрылым. А)қасаң қабық б)қабақ с)нұрлы қабық.

6. Бас миының көру аймағы орналасады. А)маңдай б)шүйде с)самай

ІІ нұсқа.

1) Қандай бездер аралас қызмет атқарады?

а) ұйқы безі. б)қалқанша безі. с) гипофиз.

2. Ішкі секреция бездерінің гормондары қайда бөлінеді?

а) ішекке. б) ұлпа сұйықтығына. с) қанға.

3. Адреналинді қай без бөліп шығарады?

а) ұйқы безі. б) бүйрек үсті безі. с) гипофиз.

4. Қимыл-қозғалысты реттейтін гормон. А)мишық б)ортаңғы с)аралық

5. көздің мөлдір жарықты еркін өткізетін бөлігі. А)қасаң қабық б)нұрлы қабық с)торлы қабық

6. Тері-бұлшық ет, сезімтал аймағы орналасқан: а)маңдай б)орталық иірімдерде. С)шүйде бөлімінде.

Қаңқаның қандай ерекшеліктері адамды сүткоректі жануарлардан ажыратады?

Сүткоректі жануарлардың тірек – қимыл жүйесінің қандай маңызы бар?

Жануарлар қаңқасының негізгі бөлімдерін, сүйектерін, олардың құрамдас бөліктерін атаңдар.

ІІ Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

«Қимыл - қозғалыс – бұл өмір», деп Вольтер айтып кеткен. Шыңында да, адам о бастан қимылға бейімделген, бәлкім табиғат шешкен болар. Біз сондықтан жүреміз, жүгіреміз, секіреміз, жүземіз, күнде мыңдаған әртүрлі қимы жасап, еңкейіп, тік тұрамыз? Мұның барлығын сүйек – бұлшық ет жүйесі немесе тірек – қимыл аппараты қамтамасыз етеді.

Адам қаңқасы 200 – ден астам сүйектен тұрады.

І топ – Бас қаңқасының құрылысы.

ІІ топ – Дене қаңқасының құрылысы.

ІІІ топ – Иық, аяқ белдеулері.

Бас қаңқасы


Ми сауыты Бет бөлігінен


Маңдай Шүйде Самай Төбе сүйектері Қозғалмайтын үстіңгі

Қозғалмалы астыңғы жақ сүйектері

Тұлға қаңқасы


Омыртқа жотасы Қабырғалар Төс сүйегі

Омытқа жотасы 33 – 34 омыртқалардан тұрады. Оны мойын (7), арқа (12), бел (5), сегізкөз, құйымшақ бөлімдері құрайды.



Кеуде қуысы

Арқа омыртқалары, қабырғалар мен төс кеуде қуысын түзеді. Аламда, әдетте, доға тәрізді иілген жалпақ 12 жұп қабырға болады. Олар артқы жағынан арқа омыртқалармен жалғасады, ал алдыңғыижағы төспен байланысады.

Иық белдеуі


Екі жауырын Екі бұғана

Жауырын – кеуде қуысының артқы жағында орналасқан үшбұрышты жалпақ сүйек.

Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы


Тоқпан жілік Білек Қол басы сүйектері

Тоқпан жілік жауырынмен қозғалмалы байланысатын иық буыннын түзіп, қолмен әртүрлі қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Білек кәрі жілік пен шынтақ сүйектерінен тұрады.

Қол басы сүйектерінің үш бөлімін ажыратады: білезік сүйектері, алақан сүйектері және майда сүйектерден тұратын саусақ сүйектері.

Аяқтың еркін қозғалатын


Ортан жілік Асықты жілік шыбық сүйегі толарсақ табан бақай сүйектері

2. Адам қаңқасы - организмнің тірегі. Ал бұлшықеттер қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Қаңқа барлық ішкі мүшелерге қорғаныштық қызмет атқарады. Миды - ми сауыты, жүрек пен өкпені - кеуде қуысы сүйектері, ішек-қарын, бүйректі - жамбас сүйектері, жұлынды - омыртқа жотасының өзегі қорғайды. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі.

Адам қаңқасындағы 206 сүйек бір-бірімен өзара буын қалталары арқылы байланысады. Соның 85-і жұп, 36 - ы тақ сүйектер. Сүйектер пішіні мөлшері жағынан әр түрлі.

Омыртқа жотасы тұлғаның негізгі тірегі, 4 жерден иіледі. Екеуі алға, екеуі артқа, иілімдер дененің тепе-теңдігін жеңілдетіп серпімділікті күшейтеді.

Сөздік дәптерге жаздыру:

Скалиоз – омыртқаның бүйір жаққа қисаюы.

Лордоз – омыртқаның алға қисаюы.

Кифоз - омыртқаның артқа қисаюы.

Аурудың болу себептері.

1. Орындықта түзу отырмау.

2. Жазу үстелі мен орындықтың биіктігінің сәйкессіздігі

3. Бір қолмен жүк көтеру.

Адам денесінде 230 – астам буын бар. Буын қапшығында сұйықтық болады.

Сұйықтың үйкемсті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді.

Біле жүріңіз.

Арқа омыртқалары мойын омыртқаларынан ірілеу, арқа өсіндісі көлбеу орналасқан.

Бел омырқалары басқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда денесі жалпақ әрі үлкен. Арқа қанаттары да жуан, бұл бел бөлімінің көбірек қозғалуына әсер етеді. Бел омыртқаларына дене салмағының күші көбірек түседі.

Сегізкөз омыртқалары бірімен- бірі қозғалмастай тұтасып кеткен. Пішіні үшбұрышты, ішке қараған беті сәл иіліңкіреп, ойықтар болып келеді.

Құйымшақ омыртқалар қалдық ретінде тұтасып кеткен. Тек бірінші омыртқаның кейбір белгілері ғана сақталған. Қалғандары біртіндеп кішірейген.

Сергіту сәті. Шынығу сайысы.

Сымбатты болғыңыз келсе ( Дене жаттығу түрлерін көрсет)

Жалпақ табандылықты жоюға арналған жаттығуды көрсету.

Жұмбақтар шешу.

Қақпақтай екен деп те сипаттайды,

Ауа райын да кейде болжайды.

Пішіні үшбұрышты, өзі жалпақ

Жауабын кім бар екен мұның таппақ?

Қазақша күресте бар әдісі,

Халқымның қадірлі мүше асы.

Атқа отыруда да кездеседі есімі

Аташы осы сүйекті ...

Дәнекер ұлпадан тұратын орманы бар,

Қозғалмайтын сүйектен жасалған қорғаны бар.

Ақыл-ойыңның қорғаны

Бұл қай сүйек болғаны?

Бірінің үстінде бірі тұрады,

Дәл ортасы жұлынның тұрағы.

Төрт жерден иілім жасайды,

Кім біледі мұның жауабын?

ІІІ Қорытынды. Бекіту кезеңі.

Омыртқа саулығын анықтап көріңіз. Тест

1.Түнде ұйықтағанда арқаны қыйсайтып жатасыз ба? а) Ия, б) Жоқ

2.Мойынды қыймылдатқанда мойын омырқалары кітірлейді ме? а) Ия, б) Жоқ

3. Сізде артық салмақ бар ма? а) Ия, б) Жоқ

4. Ұзақ уақыт тікесінен тұру қиынға соғады ма? а) Ия, б) Жоқ

5.Сен кешке қарағанда таңертең денеңді тік ұстайсың ба? а) Ия, б) Жоқ

6. Жамбас жүйкесі талаурап немесе белді жиі шаншу мазалайда ма? а) Ия, б) Жоқ

7. Жазу немесе асхана үстелінде бүкірейіп отырасыз ба? а) Ия, б) Жоқ

8. Өте жұмсақ төсекте ұйықтайсыз ба? а) Ия, б) Жоқ

9. Дененің әрбір бөліктерінде қабыну жағдай жиі болып тұра ма? а) Ия, б) Жоқ

10. Орныңыздан тұрған кезде бірден қозғала алмай қалған кездер болды ма? а) Ия, б) Жоқ

Тест жауабы:

Егер 10 сауалдың екеуіне ғана «ия» деп жауап берген болсаңыз: арқа мен омыртқаларыңызда ешқандай дерттің белгісі жоқ деген сөз

Егер 3-5 рет «ия» болса, бұлшықеттердегі ішкі жасушалардың зат алмасу қызметінде бұзылыс орын алған. Бұл көбінесебұлшықет ткандарына қажетті аминқышқылдардың жеткіліксіздігінен орын алады. Омыртқалардағы дерттің дені В6, В5, В2дәрумендерін толық алмағандықтан пайда болады

Егер «ия» жауабы 6 немесе оданда көп болса, жүйкеде кінәрат бар немесе омыртқа зақым келген. Бұл тұста да дәрумендер қорының аздығы әсер еткен дегіміз келеді. Е,С дәрумені арқылы қабынудың алдын алуға болады.

Семантикалық карта

Сүйектер

Орналасуына қарай

Құрылысына қарай

Байланысуы

Бас

Тұлға

Қол

Аяқ

Ұзын

Қысқа

Жалпақ

Қозғалмайтын

Қозғалмалы

Аз қозғалатын

Ортан жілік

+

+

+

Омыртқа

+

+

+

Жамбас

+

+

+

Самай

+

+

+

Қабырға

+

+

+

Тоқпан жілік

+

+

+

Графикалық диктант.

1.Адам қаңқасы 200-ден астам сүйектен тұрады

2.Шүйде сүйегінің үлкен тесігі бар

3.Бассүйек – мидан ғана тұрады

4.Омыртқа жотасы 35-36 омыртқадан құралған

5.Адамда доға тәрізді иілген 12 жұп қабырға болады

6.Иық белдеу екі жауырын мен екі бұғанадан тұрады

7.Тоқпан жілік аяқ қаңқасына жатады

8.Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне кәрі жілік жатады

9.Мойын омыртқа саны: 7

10.Арқа омыртқа маны: 13

IV Үй тапсырмасын беру кезеңі: . Қаңқа бөлімдері тақырыбын оқу;

2. Негізгі ұғымдар мен терминдерге жауап беру;

3. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру;

4. Тақырып соңындағы кестені толтыру

V Бағалау. Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы тест.

Дұрыс жауап 1 балл.

Бекіту. Семантикалық карта.

Дұрыс жауап 1 балл.

Қорытындылау. Графикалық диктант.

Дұрыс жауап 1 балл.

Баға .

28-34 балл – «5»

20-27 балл – «4»

26-дан төмен- «3»

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 01.04.2016
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров64
Номер материала ДБ-001229
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх