Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Урок по биологии натему "Қан және оның маңызы.Қан құрамы" (8 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

Урок по биологии натему "Қан және оның маңызы.Қан құрамы" (8 класс)

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы:«Қан және қан айналымның маңызы. Қанның құрамы. Тромбоциттер» тақырыбын жаңа технологиялық оқу әдісін пайдаланып, кіріктірілген сабақ түрінде

Сабақтың мақсаты.          

Білімділік. Қан, қанның құрамы, тромбоциттер туралы түсінік беру.

Дамытушылық. Ағзаның ішкі ортасы туралы түсінік. Қанның «ағзаның айнасы» деп аталуына тоқталу.

Тәрбиелік. 1. Денсаулық сақтауда қан топтары мен құюдың маңызы. Донор, реципиент. 2. Оқушыларды ұқыптылыққа, бауырмалдылыққа баулу.

Сабақта сұйылтылмаған қан, ұйыған қан, қан топтарын анықтайтын құралдар, суреттер, тірек-сызбалары қолданылды.

Сабақтың барысы:

  Биолог мұғалім жаңа сабақты өзектендіретін (эпиграф) мынадай өлең жолдарымен бастады:

                        Қан айналады жүректің әмірімен,

                        Қан тілдеседі жүрек деген тәңірімен.

Ақ түсті мөлдір және қызылданып,

Адамға күш береді пәрменімен.

            Ағза барлық жасушалар мен ұлпаларға қоректік заттар мен оттегі үнемі еніп, олардан зат алмасуының ақырғы өнімдері шығарылып отырғанда қызметін дұрыс атқара алады. Бұл ұрдістерді қан жасушаларының сұйықтығы және лимфадан түзілген ағзаның ішкі ортасы қамтамасыз етеді. Ішкі орта ағзаның барлық жасушаларының қалыпты тіршілік әрекетіне қажетті жағдайларды жасайды. Бұл оның құрамының айтарлықтай тұрақтылығы мен физикалық-химиялық қасиеттерінің арқасында мүмкін болады. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау гомеостаз деп аталады. Ағзада өтетін болмашы өзгерістер сол сәтте – ақ  ішкі ортаның құрамы мен қасиаттеріне әсер етеді.

            Француз ғалымы Клод бернардың қанды «ағзаның айнасы» деп атауы кездейсоқ жағдай емес. Қанның атқаратын мыңызы орасан зор. Ол тынысалу , қоректену, зәршығару, қорғаныштық қызметін, дене температурасының тұрақтылығын сақтайды.

Қан 23 секундтың ішінде тамырлар мен денені бір рет айналып шығады. Осы уақыт аралығында өзінің барлық қызметін атқарып үлгереді. Қанның қызметі оның құрамындағы биологиялық заттардың қатысуымен өздігінен, яғни гуморальды реттеледі.

Адам қанның мөлшері айтарлықтай тұрақты және ол дененің массасы мен жасына байланысты. 70 кг ересек адамда 5-6 литр қан болады. Адам тыныш күйде болғанда 40-50% -ы қан тамырларымен қозғалады, оның қалған мөлшері қан деполары – бауырда, көкбауырда, шелде болады. Адам қансырағанда бұлшықет жұмысы кезінде деподағы қан жалпы қан арасына өтеді.

Қанның құрамымен химия пәні мұғалімі таныстырады.

Қан – ағзадағы дәнекер ұлпалардың бірі. Қанның құрамы сұйық плазмадан және оның ішіндегі қалқан жүретін жасушалардан (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) тұрады. Ересек адамдарда 4,5-5 л қан болады, мұның 55-60%-ы плазма және 40-45%-ы қан жасушалары.

Қан плазмасында тіршілікке қажетті барлық заттар – су, минералды тұздар, нәруыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер , ферменттер қорғаныш заттары – антителалар мен басқа да кейбір заттар болады. Плазма тұздарының құрамы  теңіз суы тұздарының құрамына жақын. Бұл бастапқы ағзалар өздері үшін сыртқы орта болған теңіз суында тіршілік еткенін дәлелдейді.

Теңіз суы мен қан сарысуының химиялық құрамы, (%)

Плазмада 90-92% су болады. 8-10%-ы минералды және органикалық заттар. Минералды заттардың ішінде 1% натрий, калий, кальций, магний, темір және хлор, күкірт, йод, фосфар аниондары болады. Әсіресе хлор мен натрий иондары өте көп. Сондықтан адамнан қан көп аққанда қанның орнына қан тамырына хлорлы натрийдің 0,9%-дық ерітіндісін құяды. Пазманың органикалық құрамында ақуыздың мөлшері 7-8%. Олардың негіздері – альбуминдер, глобулиндер, фибриноген. Нәруыздың бір түрлері қанның тұтқырлығын қамтамасыз етсе, екінші түрлері эритроциттерден тұнуына кедергі жасайды, үшінші түрлері қанның ұюына қатысады, төртінші түрлері қорғаныш қызметін атқарады, бесінші түрлері қоректік заттар болады. Ағзаның жұқпалы ауруларға төзімділігін арттыратын гамма-глобулин нәруызының маңызы ерекше.

Қан плазмасында су мен нәруыздан басқа көмірсулар – 0,1% жүзім қанты, 2% май және тағы басқа заттар бар. Қан жасушалары - эритроциттер қызыл түсті, олар ағзада оттегін және ішінара көмірқышқыл газын тасымалдайды.

Лейкоциттер – қанның түссіз жасушалары, ядросы мен цитоплазмасы болады, олар өздігінен қозғала алады да, қорғаныштық қызмет атқарады. Лейкоциттер тек қан арнасында ғана емес, біздің денеміздің кез келген жерінде кездеседі.

Тромбоциттер – қан пастинкалары; қанның өте ұсақ ядросыз элементтері, олар жасуша түзінділері болмауы да мүмкін. Ересек адамның 1 мм³ қанында 300-400 мың, 7-10 жастағы балалардың қанында 200-300 мың тромбоцит болады. Тромбоциттердің мөлшері тәулік ішінде ауытқып отырады: олар күндіз көп, түнде аз болады. Тромбоциттер тіршілігінің ұзақтығы 2-5 тәулікке созылады.  Олар көкбауырда бұзылады. Тромбоциттер қанның ұю үрдісінде маңызды рөл атқарады, демек, қан тамырлары зақымданғанда ағзаны қансыраудан сқтауға жәржемдеседі. Нәруыз қан мен ұлпааралық сұйықтықтарда судың керекті мөлшерде таралып отыруын реттейді. Қанның құрамына әр түрлі заттар өне бойы түсіп тұруына қарамастан, оның құрамы үнемі тұрақты болады., өзгермейді. Оның себебі артық заттар зәршығару мүшесі, өкпе, тері арқылы сыртқа бөлініп отырады.

Қанның ұюы. Жарақаттанған жерден алғаш қан аққанымен, аздан соң ақпайтын болады. Себебі, қандағы ерітінді күйіндегі ақуыз талшығы фибрин талшығына айналады.

Қан тамырлары жарақаттанғанда  тромбоциттер жарғақшасының бұзылуы нәтижесінде протромбин бөлініп, талшықты фибринге айналдырады. Фибрин талшықтары қан тамырының жарақатталған жерлерін торлайды. Торланған фибрин талшықтарына қанның қызыл түсті жасушалары – эритроциттер шырмалады да, іркілдек зат – қанұйық түзеді. Тромбоциттер тағы серотонин деген зат бөліп шығарады. Серотонин қан тамырларының жарақаттанған жерін тарылтып, қанның ағуын тоқтатады. Қан тамырларының жарақаттануына байланысты қанның ұюы – ағзаның қанды көп кетуден сақтайтын қорғаныш реакциясы. Егер қан ұюы қан тамырларының ішінде пайда болса, онда ол ағза тіршілігіне қауіп туғызады. Кейбір адамдардың қаны ұйымайды. Бұл плазмасында протромбиннің түзілуіне қажетті нәруыздардың бірі – глобулиннің жоқтығына байланысты. Бұл ауруды гемофилия ауруы деп атайды. Ол іштен туа пайда болады. Гемофилия ауруынан, кейбір адамдарда өте кішкентай жарақаттанудан көп қан кетіп, тез өліп қалуы мүмкін.

Медицинада гемофилия – ауруын «корольдер ауруы» деп атайды. Ағылшын королевасы Викторияның әулетіне құрылған шежірелік картаға қарағанда оның өзі де, күйеуі де гемофилиямен ауырмаған. Бірақ Викторияның өзі тасымалдаушы ретінде гемофилия генін ұлы Леопольдке және қыздары Алиса мен Беатриссаға бергендіктен, ұлы гемофилиямен ауырған, ал қыздарының дені сау, бірақ олар да тасымалдаушы болған. Осы балалардың үйленіп, тұрмыс құруы нәтижесінде гемофилия гені Еуропаның басқа мемлекеттеріне: Германияға , Ресейге және Испанияға таралған. Қан арқылы тұқым қуалайтын аурулар ғана емес, дарындылық, білімге қабілеттілік, өнерге икемділік немесе басқа да жағымды қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мысалы, Құнанбай әулетінен тарағандардың ішінде ақын-композиторлар көп болған. Олар: Құнанбайдың баласы қазақ әдебиетінің классигі – Абай (Ибрагим), бала-немерелері – Шәкәрім, Әбдірахман, Мағауия, Ақан және басқалар.

Қанды ұйытпау үшін оған Са тұздарын ерімейтін күйге көшіретін және оларды тұтындыратын заттар қосады. Мәселен, құюға арналған қанға лимон қышқылының тұздарын қосады.

     Қанның өзі бөлінеді әрбір топқа,

Ол топтар бір-бірімен жақын доста.

Қан кеткенде топтастар көмектесер,

Донор болу қасиетті іс нағыз досқа. 

 деп, сабақты қан құю орталығынан келген маман иелері жалғастырады.      Адамға алғаш рет қан құю жұмысын 1667 жылдың 15-маусымында Жан Батист Дени жүргізген. Ол 20 рет қан алудан кейін әлсіреген ауру адамға қозы қанының  бірнеше грамын құйған.

  Ландштейнер мен Янскийдің 1900 ж. Зерттеулері арқылы адам қанының эритроциттері аглютиногендер, яғни «желімдеуші»  деп аталатын заттар болатыны анықталды .                                                                                                        

Аглютиногендерді латын әріптерімен А, В деп белгілейді.

Аглютиногендерді гректің ą, β әріптерімен белгілейді.

А аглютиногені ą аглютининмен жеткілікті мөлшердегі концентрацияда кездессе болды, эритроциттер желімделеді.   Донор – қан беретін адам. Реципиент – қан құйдыратын адам. Резус фактор.1940 жылы Ландшейнер макака-резус маймылы эритроциттерінен адам қанының эритроциттерінің аглютиногеніне туыстас аглютиноген нәруызын тапты. Бұл нәруыз резус-фактор деп аталды. Жер шарындағы адамдардың 85%-ы оң резусты, 15%-ы теріс резусты, яғни ақуыз жоқ.Егер теріс резусты адамға оң резусты қанды құйса, тіпті қан топтары сәйкес келген жағдайда да теріс резусты адамның қанында бөгде нәруыз болады. Егер қанның қандай резусқа жататынын анықтау мүмкіндігі болмаса, онда резус реципиентке теріс резусты донордың ғана қанын құю керек.

Адамнан адамға қан құюды алғаш рет ғылыми негізінде орыс дәрігері В.Н.Шамов жүргізген. Кейінгі жылдары қан мен оның құрам бөліктерін сүрлемелеу әдістері жасалуда. Мәселен, қазіргі уақытта әр түрлі ауруларға сұйық ортадағы сүрмеленген эритроциттік, лейкоциттік және тормбоциттік массаны, сондай-ақ сұйық плазманы қолданады. Сұйылтылмаған қан құюдан гөрі мұндай компоненттерді әлде қайда тиімді. Орталық гемотология және қан құю институттарында қанды ұзақ мерзімге сүрлемелеу әдістері жасалды. Төмен температура оны 7-10 жылға дейін сақтайды.

Қан тобын ажырату оқушыларға тәжірибе жасау арқылы көрсетілді. Резус-факторды анықтау жолы түсіндірілді.

  Биолог мұғалім сабақты жалғастыра отырып, адам қанының қай топқа жатуына байланысты оның мінезін анықтауға болатынын әңгімелейді.

   Қан мен мінез. Адам қанының тобына байланысты мінезін анықтауға болады екен.

            Бірінші топ қаны бұл топқа жататын адамдар ырымшылдыққа қарсы, жігерлі, табанды, әзіл-сықаққа бейім, өмірдегі құбылысқа көзін ашып қарайтын, айқындықты ұнататын болып келеді.

            Екінші топ – сезімтал, сәл нәрседен көңілі қалғыш, сырттай қарағанда ұстамды әрі байсалды болып көрінгенімен, жүйкесі жұқалау. Өзіне-өзі талап қойғыш, өз іс-әрекетін мұқият бақылап отырады,

            Үшінші топ – секемшіл, өзін қоршаған ортаға сезікпен қарайды, сары уайымға жиі салынады. Бірақ сабасына тез түсіп, болған жәйтті тез есінен шығарады.

            Төртінші топ – көздеген мақсатына жетуге жан-тәнін аямайды, басқа адамдарды өз мақсатына пайдалануға шебер, махаббат мәселесінде шыдамсыз әрі табансыз.

            Сау адамның қаны өлік қанының ерекшеліктері айтылды. Өлік қанын құю әдісіне тоқталған жөн.

            Өлік қанын құю әдісі өте сирек қолданылады. Өлген адамның қанын құюды пайдалану әдісі туралы ойды бірінші рет В.Н.Шамов (1928)  айтқан. Ал тәжрибе жүзінде өлген адамның қанын құюға С.Д.Юдин (1930) пайдаланған. Бұл үшін қанды қатты жарақаттан қайтыс болған, бірақ дененің ішкі қуыстағы ағзалары жарақаттанбаған  (ішек, асқазан) немесе жұқпалы ауруы жоқ өліктерден алады. Өліктерден қанды қайтыс болған сәттен алты сағаттың ішінде алу керек. Өйткені одан кейін өлік қанында инфекция (Жұқпа) пайда болуы мүмкін. Алынған қан серологиялық, бактериологиялық және патаномиялық тексеруден өтуі тиіс. Қан үлкен ойық көктамыр (вена) арқылы өліктің бас жағын еңкейтіп алынады. Орта есеппен әрбір өліктен 1-2 литрге дейін қан алуға болады. Кенеттен қайтыс болған өліктерден алынған қан алғашқы уақытта ұйығанымен, кейіннен фибинолизге байланысты ұюы тарап кетеді. Сондықтан оларға ұюға қарсы қолданылатын сұйықтықтарды қоспайды. Ондай қаңдар +4 - +6° -та 20 күнге сақталады. Бұл қанға цитрат қосылмағандықтан, көп мөлшерде қан құйғанда цитратпен улану сияқты асқынулар кездеспейтін.

            Біздің балаларымыз жеті атадан бергі ағайындар арасында неке құрмаған. Халық емінен басқа медицинаның саласы дамымаған көшпенділер үшін туыстық некенің болмауы – тұқым қуалайтын ауруларды болдырмаудың сара да дана жолы.

            Салауатты өмір сүру ағзаға жат қылықтардан аулақ болу керек екенін айтып, ИТИС ауруын тудыратын вирус тек адам қанының жасушаларында ғана тіршілік ететіні жас өспірімдерге мысалдар арқылы түсіндірілді.

            Жаңа сабақты бекіту үшін оқушыларға тест сұрақтары таратылды.
1.      Қан қай ұлпаға жатады: а) дәнекер;    ә) бұлшықет;    б) жабын;    в) жүйке;    г) май? 2. Қан дене салмағының неше пайызын құрайды:  а) 7% ;     ә) 10% ;    б) 15% ;    в) 20% ;     г) 25% ?

3. Қан ағзаға қандай қызмет атқарады: а) тынысалу,   ә) қоректену,  б) зәршығару, в) қорғаныштық      қасиет,    г) дене температурасының тұрақтылығын сақтайды?

4. Адамға алғаш рет қан құю жұмысы қай жылы жүргізілді: а) 1967;    ә) 1667;    б) 1900;   в) 1860;     г) 1901?

5. Фибринноген нәруызы қайда кездеседі: а) қанда;   ә) плазмада;   б) эритроцитте;   в) тромбоцитте;  г) лимфада?

            «Бірінші байлық - денсаулық» жас өспірімдерді өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауға, өмірлік мәні бар адам ағзасының қыр-сырын, ерекшеліктерін білу – оны әр түрлі зардаптардан сақтаудың бірінші жолы екеніне көздерін жеткізуде әр сала мамандарының қатысында өткізілген кіріктірілген сабақтың пайдасы зор болды

Бағалау.

Үй тапсырмасы.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.10.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров290
Номер материала ДВ-057338
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх