Инфоурок Биология Другие методич. материалыУрок по биологию на тему "крестгүлділер тұқымдасы" (7 класс)

урок по биологию на тему "крестгүлділер тұқымдасы" (7 класс)

Скачать материал

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, №249 мектеп – лицей

Мергентаева Газиза Бахтыгереевна

  «Крестгүлділер тұқымдасы. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері» тақырыбында 6 «А» сыныбында өткізген сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:  Крестгүлділер тұқымдасы. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері

 

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Оқушыларға жабық тұқымды өсімдіктердің қосжарнақты класы бөлімін және оған жататын асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар туралы мағлұмат беру

 

Ә) дамытушылық:

Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, жадысын, шығармашылық қабілеттерін арттырып, сабаққа қызығушылықтарын ояту

 

Б) тәрбиелік:

 Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, тапсырылған

жұмысты мұқият орындауға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу

 

Сабақтың типі:

Аралас

 

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақты меңгерту

 

Сабақтың әдістері:

Түсіндірмелі, жұмбақтар, кестелер

 

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Интерактивті тақта, бақша өсімдіктерінің моделі, бейнетаспа

 

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Экология, математика, тарих

 

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының дайындығын тексеру

-амандасу;

-кезекшілік

  міндеттерін

  атқару;

-сабаққа

  дайындалу;

ІІ. Рефлексия

Балалар, мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету)
Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай?
Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған.

Әр оқушы өзінің көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үлгерімі төмен және дарынды оқушыларға кеспе қағаз тарату арқылы үй тапсырмасы жазбаша түрде алынады. Қалған оқушылардан графикалық тест түрінде сұралады:

1.Жабық тұқымды өсімдіктердің 250000-дай түрі бар.

2. Гүлді өсімдіктердің тұқымы бүрде ашық орналасады.

3. Жабық тұқымды өсімдіктерде гүл көбею мүшесі болып табылады.

4. Гүлді өсімдіктерге қосарлы ұрықтану тән.

5. Жабық тұқымдылар жеміс түзбейді.

6. Жабық тұқымдылар – сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар.

7. Жабық тұқымды өсімдіктер тұқым жарнағына байланысты даражарнақтылар және қосжарнақтылар класы деп бөлінеді.

1. (+)

2. (-)

3. (+)

4. (+)

5. (-)

6. (-)

7. (+)

 

ІV. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

«Құпия сөздің құлпын аш!»

Жауабы: (әрбір дұрыс жауаптың бірінші әрпін жазу)

1.      Өсімдіктің қор заты

2.      Алма, алмұрт, итмұрын қандай тұқымдасқа жатады?

3.      Жұпаргүл, гүлшетен, жалбыз қай тұқымдасқа жатады?

4.      Гүлдің сабаққа бекінетін жері

5.      Тұқым бүршігінен не түзіледі?

6.      Жабық тұқымдылардың көбею мүшесі

7.      Егер аналық гүл табанының жалпақ бетіне орналасса, ол қалай аталады?

8.      Лапыз, қызғалдақ, сүмбілшаш қай тұқымдасқа жатады?

9.      Ағаш сабағы не деп аталады?

10.  Інжугүл өсімдігі қай тұқымдасқа жатады?

11.  Басқа өсімдікке оралып өсу қалай аталады?

12.  Қосарлы ұрықтану кезінде орталық жасуша екінші аталық жыныс жасушасымен қосылып не түзеді?

13.  Тамырдың қызметін атқарушы өсінді қалай аталады?

К

Р

Е

С

Т

Г

Ү

Л

Д

І

Л

Е

Р

1.(крахмал)

2. раушангүл

ділер

3. ерінгүлді

лер

4. (сағағы)

5. (тұқым)

6. (гүл)

7. (үстіңгі жатын)

8. лалагүлді

лер

9. (дің)

10. (Інжугүл)

11. (лиана)

12. эндо

сперм

13. (ризоид)

 

 

V. Жаңа материалды түсіндіру

А) жаңа ұғымға байланысты жұмыс

Өсімдіктер дүниесі – Жабық тұқымдылар бөлімі – Қосжарнақтылар класы – шаршыгүлділер тұқымдасы – шомыр туысы – екпе шомыр. Халықаралық атауы: Brassica туысы - Brássica olerácea түрі. Өсімдіктер дүниесі – Жабық тұқымдылар бөлімі – Қосжарнақтылар класы – асқабақ тұқымдасы – асқабақ туысы – асқабақ. Халықаралық атауы:  Cucurbitaceae тұқымдасы - Cucurbita pepo түрі.

Асқабақ тұқымдастар бұлар-бақша өсімдіктері. “Бақша”парсының “шағын бақ” деген сөзінен негіз алады. Қазір бақшада өсімдіктердің 900 түрі белгілі. Қазақстанда 9 түрі бар. Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшеліктері-шөптекті біржылдық өсімдіктер. Қазақстанда асқабақ тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдіктің бір түрі Қаратау маңында кездеседі. Ол құтырған қияр. Өркендері шырмалып немесе төселіп өседі, яғни олар-жатаған сабақты өсімдіктер. Бұлардың сабағында мұртшалары бар. Мұртша-өзгерген өркен. Асқабақ тұқымдастар ұзын сағақты, жай жапырақты болады. Гүлдері жапырақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі. Көпшілігі дара жынысты, қосжыныстылары да кездеседі.

Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5-еу,оның 4-еуі тұтасып, екі-екіден біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұтасып, гүл ортасына бағана түзеді. Аталық тозаңдығы-имек. Аналық жатыны үш ұялы. Жемісі-қабақ. Асқабақ тұқымдастардың тұқымы көп болады. Бір тұқымды түрлері де бар мысалы, мексикалық қияр-чайот.

Асқабақ тұқымдастар бақшада өсірілетін мәдени өсімдіктер болып саналады. Бұлар –жемісі ірі өсімдіктер.

Асқабақ-ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 метрге жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағында тікенектер көп өскен, Жай жапырақтарында қарама-қарсы орналасқан мұртшалары бар. Жапырағы - ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімденген жай жапырақ. Гүлі дара жынысты, бір үйлі, жапырағы қолтығында жеке-жеке өседі. Аталық гүлінің формуласы: Т(5)К(5)А(2)+(2)+1Ж0

Аналық гүлінің формуласы:Т(5)К(5)А0Ж(3)

Қауын-бір жылдық шөптекті өсімдік, гүлі дара жынысты, кейде қосжынысты болады. Бунақденелер арқылы тозаңданады. Жемісі-қабақ,оның салмағы 20 килограмға дейін жетеді. Қауыннан әртүрлі тағамдық өнімдер даярланады. Жемісін тіліп, кептіріп қақ жасайды, қауынқұрт қайнатады.

Қияр-асқабақ тұқымдастарының көкөністік түрі. Гүлі қосжынысты түрі сирек кездеседі, көпшілігі даражынысты. 30-жуық түрлері бар. Бұлар-қауын туыстас өсімдіктер. Жемісі-қабақ, тағамға пайдаланады

Орамжапырақгүлділер. Бұларды кейде шаршыгүлділер тұқымдасы деп атайды.

Олар-шөптекті және шала бұталы қосжарнақты өсімдіктер. Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын 3000-ға жуық түрлері бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады, бөбешік жапырақтары болмайды. Қосжынысты гүлі шаршы болып орналасқандықтан, орамжапырақгүлді өсімдіктер шаршыгүлділер тұқымдастары деп аталған. Гүлі шашақ гүлшоғырына жиналған. Тостағанша жапырағы 4, күлтесі 4-еу, аталығы 6-ау, оның 4-еуі ұзын, 2-еуі қысқа, аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады. Гүлдерінің түсі ақ, сары, қызғылт, ақшыл көк түсті болып келеді. Жемісі-бұршаққын немесе бұршаққынша.

Орамжапырақ гүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы: жабайы шомырдікі-

Т 2+2К4А 2+4Ж(2)

Крестгүлділер жөнінде бейнетаспа көрсету

Дәптерге түсіру

 

Ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма

 

Артық болмас білгенің!

Асқабақ пен дермене (жусанның түрі) ұрығының ұнтағынан бір-бір ас қасық алып,сол ұнтақты жарты килограмм қара мейізге қосып темір келіде жаншып, осының бас бармақтайын күніне 4 рет ішқұрты бар балаға жегізсе, бір күннің ішінде іштегі құртты айдап шығады. Сонымен қатар асқазан, ұлтабар және ішек жараларына ем үшін осы қосындыны береді. Асқабақты сүтке қайнатып ас орнына жиі ішсе-бауыр, көкбауыр, қант диабеті ауруларына өте жақсы ем. Ал асқабақ сабағын суға қайнатып ішсе, несеп жүргізеді, бүйрек пен жүректің ісініп ауырғанын қайтарады.

Интернеттен мәлімет жинау

 

VІ.Жаңа білімді бекіту

1. ВЕНН диаграмасы

Асқабақ пен орамжапырақтың ерекшеліктері мен ұқсастықтары

Асқабақ. Жемісі-қабақ, ұзын сағақты, жай жапырақты

Орамжапырақ.  Жемісі-бұршаққын, жапырақтары кезектесіп орналасқан, бөбешік жапырақтары болмайды.

Ұқсастықтары: Қосжарнақты гүлді, бақша өсімдіктері

2.Биологиялық диктант

1.Асқабақ пен орамжапырақ тұқымдастар … класына жатады. (қосжарнақтылар)

2.Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшеліктері- … (шөптекті, бір жылдық)

3. …-түрін өзгерткен өркен. (мұртша)

4. Қазақстанда бақша өсімдіктерінің … түрі бар. (9)

5.Асқабақ жемісі-… (қабақ)

6.Орамжапырақгүлділердің жапырақтары … орналасқан. (кезектесіп)

3.Сергіту. Жұмбақтар

1.Жерде жатып желіндейді,

Күз түскенше желінбейді

Үндеместен төлдеп жатыр,

Су беріңдер шөлдеп жатыр (қауын-қарбыз, дыня – арбуз, melon - watermelon)

2.Отыз көйлек киінген

Бір түйме жоқ ілінген (орамжапырақ – капуста – cabbage, cole (бақша орамжапырағы))

3.Сопақша көк өңі бар

Пайдалы, мөлдір сөлі бар

Піскен кезде жияр

Оның аты … (қияр – огурец - cucumber)

4. Іші сары, сырты қатты

Дәні-дәрі, дәмі-тәтті

Пісіріп жесең, ас-тамақ

Оның аты … (асқабақ – тыква - pumpkin)

5.Көк лағым көгенде тұрып семірген (қарбыз – арбуз - watermelon)

6.Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім

Түймелеуге жетпейді,

Жаңбыр одан өтпейді (Қырыққабат – капуста - cabbage)

Тапсырманы орындау

 

VІІ. Үйге тапсырма. Қорытындылау

&25 Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар, «Бақша өсімдіктері» тақырыбына эссе жазу.

Оқу, іздену

 

 

VІІІ.Бағалау

Жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын

 

Күнделікке қойдыру

 

 

                               

 

 

 

 

 

                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по биологию на тему "крестгүлділер тұқымдасы" (7 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан республикасы. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп - лицей, крестгүлділер тұқымдасы.

Орамжапырақ тұқымдасы, крестгүлділер тұқымдасы (Crucіferae, Brassіcaceae) – қосжарнақты, бір, екі және көп жылдық шөптесін, бұта, жартылай бұта өсімдіктер. Дүние жүзінде негізінен Солтүстік жарты шарда тараған 350 туысы, 3 мыңдай түрібелгілі. Қазақстанда 78 туысқа жататын 298 түрі бар. Жапырақтары кезектесе орналасқан, бөбе жапырағы болмайды. Гүлі ақ, қызғылт, сары, көк түсті, қосжынысты. 4 тостағанша, 4 күлте жапырақшалары қиғаш (крест) орналасқан. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Аталығы 6, аналығы – біреу. Наурыз – тамыз айларында гүлдейді. Жемісібұршаққын, кейде жаңғаққаұқсас болады. Тұқымы майлы, құрамында глюкоидтар бар. Орамжапырақ тұқымдасының арасында тағамдық көкөністер (қырыққабат, шалқан, шалғам, тарна, т.б.), майлы өсімдіктер (қыша, арыш, т.б.), дәм-татымдық (қышабас, ақжелкек,баймана, т.б.), дәрілік (ымыртгүл, шытырмақ, қанатжеміс, жұмыршақ, т.б.), бояу алынатын (қышабас, шытыршық), балдық және әсемдік үшін өсірілетін көптеген түрлері кездеседі. Орамжапырақ тұқымдасының шөл, шөлейтті жерлерде өсетін түрлерінің мал азықтық маңызы зор. Орамжапырақ тұқымдасына жататын өсімдіктердің арасында қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген 15 түрі бар.


Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 518 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.04.2015 8009
    • DOCX 27.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мергентаева Газиза Бахтыгереевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29081
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 392 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 513 человек

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Финансовое моделирование и управление инвестиционными проектами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе