Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Урок по дошкольной педагогики на тему "Күн тәртібі" (1-курс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Урок по дошкольной педагогики на тему "Күн тәртібі" (1-курс)

библиотека
материалов

Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні/ Дата/ Date:20.02.2015ж

Топ/ Группа/ Group: Т-12

Пән/ Предмет/ Subject: Педагогика

Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: Күн тәртібі

Сабақтың үлгісі / Тип занятия/ Type of the lesson: аралас

Сабақтың түрі/Вид занятия/ Kind of the lesson: дәріс

Мақсаты/ Цели занятия/ Objectives :

білімдік / образовательная/ educational: . күн тәртібі оның мектеп жасына дейінгі балалар өміріндегі маңызы ол туралы жалпы түсінік,әр жас топтарындағы күн тәртібі туралы мәліметпен таныстыру маңызын ашып көрсету.

дамытушылық/ развивающая/ developing: Танымдық іс-әрекеттерін, белсенділіктерін дамыту,әр жас топтарының күн тәртібін талдай отырып,ойлауды белсенді етеу қабілеттерін дамыту.ойындар таңдай білу қабілеттерін дамыту.

тәрбиелік/ воспитательная / bringing-up: пәнге деген сүйіспеншілікке,қызығушылыққа,жақсы көзқарастармен, ынта-ықыласқа тәрбиелеу,салауатты өмір салтын ұстана білуге үйрету.

Көрнекі құралдар/ Оборудование/ Resources: тақта, кесте,қима қағаз

Сабақтың жоспары/ План занятия/ Plan:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Түрткілеу (жапырақтарды алып,денсаулық туралы ойға келу)

  4. Мақсатқа жету (Елбасы сөзіне тоқталу)

  5. Жаңа тақырыпты хабарлау.

  6. Бірінші сұрақты бекіту мақсатында қырықаяқ тәсілін қолдану.

  7. Екінші сұрақ

  8. Үшінші сұрақты ашу мақсатында бейне таспа көрсету.

  9. Материалды бекіту.

  10. Үй тапсырмасы

  11. Қорытынды жасау.


Әдебиет/ Литература/ Literature:

Отбасы және балабақша \\ Дошкольная педагогика под ред.В.И.Логиновой и П.Г.Саморуковой. М., П., 1988 г. Бабанский Ю. Педагогика, 1983

Дошкольная педагогика под ред. Ядешко В.И. и Ф.А.Сохиной М., П.. 1986 г

Байтұрсын ұлы А Шығармалары. Алматы 1989



Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру бөлімі. Үш тілде амандасу. Сәламатсыздар ма?Здравствуйте,Good morning...(сыртқы пішін,топтың дайындығы)

2. Көңіл-күйді көтеру .Қарапайым тәсілмен көңіл-күйді көтеру үшін..Күлген жанның бір құпиясы бар. Білген жанның қай кезде де күлімдеп жүруге бір мысалы табылады. Қарапайым тәсілмен көңіл-күйді көтеруге болады емес пе? Күлкі жаттығулары:

1.Таңертең үйде , көшеде таныстарыңызды кездестіргенде демді ішке тартып, демді шығарарда и-и-и дыбысын шығарыңыз (2-3 рет)

2.Көзді сықситып ,ерін бұрыштарын көтеру (10-15 сек).

3.Терең дем алу , демді шығарарда «ха-ха-ха» деп 7 рет қайталау , бұл өкпедегі ауаны сыртқа шығарады.

4.Одағай сөздер арқылы жымию а, о, ух.

2.Үй тапсырмасын сұрау

-бағдарламамен жұмыс;

- «Аукцион» ойыны арқылы теориялық білімдерін сынау

3. Түрткілеу - Адам өміріндегі ең бағалы зат не? (Денсаулық)

Мен сіздердің назарларыңызды мына сиқырлы гүлге аударғым келеді,(жапырақтарды алып,денсаулық туралы ойға келу)Жапырақтарды алып, келесі жағындағы сөзді оқиды.


ДЕНСАУЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

  • Денсаулық- сұлулық.

  • Денсаулықақыл

  • Денсаулық - қуат

  • Денсаулық - байлық.

  • Денсаулық - ауырмау.

  • Денсаулық – бақыт.

  • Денсаулық – салауатты өмір.



4.Мақсатқа жету

Кіріспе сөз: Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек?
    Адам баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет.
    Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы, сондай-ақ Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында шаралар кешені іске асуда.
    Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі — салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
    Салауатты өмір сүру дегеніміз не?
    Ол — әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану. денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану. зиянды әрекеттерден аулақ болуКөптеген мемлекеттік құжаттарда «Саламатты Қазақстан»мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асуда..

Елбасы өзінің «Нұрлы жол» атты жолдауында қазақстандықтардың салауатты өмір ұстанымы туралы баса айтты.Тақтаға назар аударсақ.

5.Жаңа тақырыпты хабарлау.

Біз неліктен бұл тақырыпты өтеміз? Қалай ойлайсыңдар?

Тақырыбы: Күн тәртібі

Жоспар:

  1. Күн тәртібінің түсінігі, оның маңызы. Күн тәртібінің физиологиялық негіздері.

  2. Күн тәртібінің педагогикалық талаптары.

  3. Кіші, ортаңғы,ересек топтардың күн тәртібінің талдауы.

Әдебиеттермен танысу, Козлова Свелана Александровна

Фатима Ниязбекқызы Жұмабекова,Айымкүл Меңжанова.

Азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруіне байланысты.Арттарына өлмес мұра қалдырған өлмес мұраларға шолу жасасақ;

Ибн Сина еңбектері,Шығыс аристотелі атанған Әл-Фараби,Түркі тілдес халықтардың бәріне өшпес мұра қалдырған Жүсіп Баласұғүн.Мәселен Мағжан Жұмабаев «Сау жан сау денеде болады » деген. Ал,біздің мақал қылып айтып жүрген «Тәні саудың-жаны сау»Ахмет Байтұрсыновтың сөзі екен.Ал,Ресей ғалымдарына келер болсақ, Балалардын денсаулығы, олардын нығайып өсуі туралы қамқорлык тазалык сақтауға, мүнтаздай киінуге, тәртіпке баулудан басталады. «Ба­лалар бақшасынын манызды міндеттерінін бірі,— деп жазды Н. К. Круп­ская — балаларға олардын денсаулығын нығайтатын дағдыларды үйрету. Балаларды жастайынан тамак алдында колын жууға, асты бөлек ыдыстан ішуге, таза жүруге, шашы қиылған болуға, киімінін шаңын қағуға, аяк киімін сүртуге, кайнамаған су ішпеуге, мезгілінде тамактануға, уактылы үйқтауға, таза ауада көбірек жүруге және т. б. үйрету керек»

1.Күн тәртібінің түсінігі, оның маңызы. Күн тәртібінің физиологиялық негіздері.

Күн тәртібі –дене тәрбиесінің маңызды болуының шарты.Күн тәртібі- іс-әрекет пен демалыстың алуан түрінің уақыты мен кезегіне қарай тиімді болуды көздейтін ғылыми жағынан негізделген өмір тәртібі.

Күн тәртібін кұрайтын барлық элементтердің (тамақтану, ұйықтау, ойнау, оку, серуендеу) белгілі бір жүйемен қайталанып отыратындығының нәти-жесінде бір түрден екінші түрге ауысуды оңайлататын балалар тұрмысының үйреншікті кұбылыстары орын алады. Мәселен, тамақ ішетін уақыт болғанда балалардын қарны ашады, тәбеті келеді, осының арқасында та­мақ жақсы қорытылып, тез сіңеді: ұйықтайтын- уақыт келгенде балалар­дың жүйкесі оңай тежеліп, олар тез арада ұйқыға кетеді. Күн тәртібінің орындалып отыруы баланың нерв жүйесіне және организмдегі барлық физиологиялық процестердін жүруіне игі әсер етеді.

Күн тәртібінің физологиялық негізі болып табылады:

  • ұйқы мен сергектіктің тиімді ара-қатынасы,бастың ми бөліктерінің ақпаратты қабылдап,қызметтерінің дұрыс алмасып қызмет жасауы;

  • ақыл-ой жүктемесі мен дене жүктемесінің сайкестігі;

  • табиғат құбылыстарының ырғақты алмасуы,ағза іс-әрекетінің ыоғақты қозғалысы,ұйқы мен сергектіктің кезектесуі; (дене қызуының өзгеруі,кешке дене қызуы көтеріледі, таңертең түседі.

Күн тәртібінің маңызы:

  1. Сауықтыру;

  2. Тәрбиелік;

Сауықтыру маңызы:

Күні бойы бір әрекетті қайталау рефлекторлық жағдайды қалыптастыруға жол ашады.Бір әрекеттен бір әрекетке ауысу ешқандай қиындық туғызбайды.Күн тәртібінің үнемі сақталуы нерв жүйесінің дұрыс жұмыс жасауына жағдай жасайды.Осы орайда психология пәнінен оқыған рефлекс пен жүйке жүйесі туралы білімімізді еске түсіріп өтейік. (Иван Петрович Павлов пен Иван Михайлович Сеченов) шартты және шартсыз рефлекстер туралы ілімін еске түсірейік.

Тәрбиелік маңызы:

Қайта-қайта қайталанған іс-әрекеттер арқылы бірізділік пен жүйелілік сақталып отырса,бала кез-келген әрекетті жылдам меңгереді.Мәдени-гигеналық дағдылар,еңбек дағдылары автоматты түрде жасалатын іс-әрекетке ауысады.Балаға өз бетінше әрекет етіп.белсенділік танытуына жағдай жасайды.Күн тәртібі баланы адамгершілік қасиеттерге баулуға көмектеседі.

Флипчарттағы күн тәртібі деген сөз қорытындысын жасап, өз пікірлерін қорғау.

2.Күн тәртібінің педагогикалық талаптары.

Күн тәртібіне қойылатын талап балалардын жасына карай психофизиологиялық ерекшеліктерге, тәрбиелеу міндеттеріне, жағдайға байланысты анықталып отырады.

Күн тәртібіне қойылатын негізгі талап

  • балалардын, жас ерекшеліктерін есептеу;

Сәбилер топтарында ұйқыға, киінуге, шешінуге және беті-қолын жууға т. с. уақыт. көбірек беріледі. Ересек топтарда балалардын дербестігінің артуына байланысты тұрмыстық процестерді атқаруға уақыт анағұрлым аз жұмсалады, соған орай, ойынға және басқа іс-арекеттерге уа­кыт көбірек жұмсалады. (3 жастағы бала 10-19 мың қадам,7 жастағы бала 14-25 қадам) жасау қажеттілігі туындап отырады.

Күн тәртібін орындау процесінде;

  • балалардың денсаулығы жағдайын;

  • олар­дың психикалық даму дәрежесін ескеру керек.

Денсаулығы осал немесе сыркаттан айыққан балалардың. ұйқтайтын уақыт және таза ауада серуендеу мерзімі.ұзартылады, тәрбиелік-білімдік жұмыстар мазмұнына да қажетті өзгерістер енгізіледі.

    • -ауа-райының жағдайы (жаз кезеңде баланың күндізгі ұйқысын молайту;

    • -Бала-бақшада болу ұзақтығы (12-24сағат)

    • Ата-аналар жұмыс уақытын есепке алу;

    • Органикалық қажеттіліктердің уақытылы орындалуы;

    • Гигеналық жағдай;

    • Режим процестеріне балалардың өз бетінше қатысуын мараптттау;

    • Режим процесінде көңіл-күйі;

Келесі талап — күн тәртібінің тұрақтылығы;

- дер кезінде тамактану, оку, ойнау, ұйктау.' Ол балалардың кайталанып отыратын кұбылыстарға дағдылануына көмектесіп, балалар жөн-жосыкка, тәртіпке үйретіледі. Күн тәртібінің бұзылуы балалардын денсаулығына және олардың мінез-құлқына теріс әсер етеді: олар кызынып, қыңырлыкка салына бастайды, олардын арасында ұрыс-керістің болуы да мүмкін.

Күн тәртібін белгілегенде жыл мерзімдері ескеріледі. Мәселен, жазғы кезде балалардын таза ауада болу уақыты ұзартылады, оларды танертең ертерек оятып, ал кешкісін ұйкыға кештеу жатқызады.

Сонымен катар балалардын бакшада болу мерзімін де ескеру кажет. 12—24 сағат болатын балалар бақшасында уакыттың екінші жартысында ойынға, серуендеуге уакыт көбірек бөлінеді.

Дұрыс жасалған күн тәртібінің гигиеналық және педагогикалык маңызы үлкен. Ол күн сайын қайталана отырып, балалардын организмін белгілі бір ырғаққа үйретеді, іс-әрекетінің алмасып отыруын (ойын, сабак, еңбек) камтамасыз етеді, сөйтіп нерв жүйесін шаршаудан сактайды.Күн тәртібінің орындалуы мәдени-гигиеналык дағдылардын қалыптасуына, ұйымшылдық пен тәртіптілікке тәрбиелеуге көмектеседі. Күн тәртібінің дәл орындалып отыруы балалардың уақытты сезіну сезімін тәрбиелеп, олар уакытты бағалай бастайды.

Балалардың тұрмыстын жаңа күн тәртібіне үйренуі әдетте бір-екі аптаға созылады. Әлсіреген немесе күрт ашуланатын сәбилердің күн тәртібіне көндігуі бес-алты аптаға созылады.

-Сергіту сәті. Денсаулықты нығайту мақсатында топпен жүргізілетін жаттығу жұмысы үш тілде студенттер дайындығымен жүреді.

FATHER, MOTHER, SISTER, BROTHER”

Here is my father,

Here is my mother,

Here is my sister,

Here is my brother.

Father, mother,

Sister, brother,

Hand in hand

With one another”.

Флипчартта «Педагогикалық талаптар» қорытынды жасау.

3.Кіші, ортаңғы,ересек топтардың күн тәртібінің талдауы

1.жүргізілетін жұмыс.

Практика күнделіктерін ашып,өз топтарыңдағы күн тәртібінің ерекшелігі туралы айту.

Тақтаға назар аударсақ;

(тақтада бейне таспа)

Бейне таспаны қарап;

-режим процесін жүргізілу әрекетіне байланысты рет-ретімен қою;

-әр режим процесінің жас ерекшелік тобын анықтау;

Әр топтағы күн тәртібі ерекшелігіне келер болсақ;

Вендиаграммасымен жұмыс.

-Қима қағазбен жұмыс.

6.Дәрісті меңгерулерін тексеру

Жаттығу 

«Шырматылған жіп» жаттығуын қолдана отырып,рефлексия жасау.Студенттер қолдарына байлап бүгінгі сабақта есінде қалған бір сөзді айтып қолын байлайды.Соңында педагог бүгінгі өткен тақырыбымызда осындай бірізділік,жүйелілік принциптеріне құрылады.

Қорытынды:
Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па,әлде атақ па?» депті.Сонда Сократ «Байлық та, атақ та,даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды.Дені сау кедей,ауру патшадан бақыттырақ » деп жауап беріпті.Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек,ал денсаулықтын кепілі салауаттылық.





































hello_html_m589f2f49.gif



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров317
Номер материала ДВ-270295
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх