Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Конспекты / 7 класс "Планеталардың қозғалысы"

7 класс "Планеталардың қозғалысы"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Мұғалім

Жубатханова Акзира Жубатхановна

Тінәлі НЖББМ

Физика пәнінің мұғалімі

Сыныбы

7 сынып

Тақырыбы:

Планеталардың қозғалысы

Мақсаты:

  • Табиғат құбылыстарын жете түсіну арқылы планеталардың қозғалысының ерекшеліктерін білу, қолдану, талдау және бағалау.


Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар планеталардың қозғалысының ерекшеліктерін жеке және топтық тапсырмалар орындау барысында біледі, қолданады, талдайды және бағалайды.


Міндеттері

Мазмұнға байланысты:

СТО ойлауды дамытуға:

Топпен жұмысқа:

  • Планеталардың қозғалысын, күн жүйесінің құрылысы туралы біледі, күннің қозғалысын ғылыми түрде түсінеді


  • Өз пікірімен салыстырады, тыңдауды үйренеді, алған білімдерін қолдана алатын болады.


  • Ұйымшылдыққа үйренеді, өз білімдеріне қорытынды жасай алады, толлеранттыққа бейімделеді.


Қолданылған әдістер:

  • Сыни тұрғыдан

  • Бағалаудың түрлері

  • Топтық жұмыс

Көрнекілектер:

  • Оқулық, суреттер

  • Компьютер, презентация

  • Үлестірме қағаз

  • Бағалау парағы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

1.1 Сергіту сәті

1.2 Топқа бөлу. (2 мин)

2. Үй жұмысын тексеру.

  • «Сұхбат» стратегиясы (4 мин)

  • «Топтастыру» стратегиясы (2 мин)

  • Сөзжұмбақ шешу (2 мин)

3. Жаңа тақырыпты ашу.

  • «Ой шақыру» стратегиясы (6 мин)

4. Жаңа тақырып бойынша ақпарат алу. (6 мин)

5. Қызықты материалдар (4 мин)

6. «Ұқсастық пен даралық» стратегиясы (4 мин)

7. «Бес жолды өлең» стратегиясы (3 мин)

8. «Эссе» стратегиясы (4 мин)

9. «БББ» стратегиясы (3 мин)

10. Бағалау және рефлексия (4мин)

11. Үйге тапсырма (1 мин).


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

1.1 СЕРГІТУ СӘТІ

«Шаттық шеңбер»

Оқушылар өздерінің аттарының бас әріпі мен соңғы әріпінен басталатын физикалық терминдерді реттерімен айтып, бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

1.2 Топқа бөлу

























2. Үй жұмысын тексеру.

  • «Сұхбат» стратегиясы (4 мин)

Әр топ үйге берілген тақырып бойынша бір-біріне 3 сұрақтан қояды.

Мақсаты: тыңдаушылардың жан-жақты білімдерін тексеру.

  • «Топтастыру» стратегиясы (2 мин)

Қозғалыс сөзіне топтастыру құрады.

Мақсаты: қозғалыс ұғымы туралы ойларын жинақтау.

  • Сөзжұмбақ шешу (2 мин)

hello_html_m590ade4e.jpg



3. Жаңа тақырыпты ашу.

  • «Ой шақыру» стратегиясы

Оқушыларға плакат беріледі. Өздерінің жаңа тақырып бойынша білетіндерімен топтың арасында бөлісіп, талқылап қорғайды.

4. Жаңа тақырып бойынша ақпарат алу

hello_html_6a846e11.png



Күннің төңірегінде оның тарту күшінің әсерінен жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денелері болған. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Плутон айналып жүреді. Олар – планеталар (грекше – кезбе деген сөз).
Планетаның Күн төңірегіндегі жолы орбита деп аталады (латынша – із, жол). Күнге ең жақын орналасқан Меркурий, одан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең қашықтығы Плутон. Олардың өлшемі де түрліше – жерден үлкен, кішісі, сонымен шамаластары бар.
Планета – өзінен жарық шығармайтын салқын дене. Дегенмен, түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап, көрінеді. Олай көрінетін себебі: планетаның бетіне күннен түскен сәуленің шағылысуына байланысты екен. Планета – «кезбе жұлдыз» деген мағынаны беретін грек сөзі. Егер бізге жақын жұлдыз маңында физикалық сипаттамасы Юпитер планетасына ұқсас планета болса, онда оның көрінерлік жұлдыздық шамасы +23m болып және одан доғаның 4о қашықтығында орналасар еді.
Планеталардың гравитациялық күшінің орталық жұлдыздың әрекетін бақылау арқылы планеталар жүйесін іздеу әлдеқайда ұтымды. Планета жүйесі массасының 99%-ы орталық жұлдызға тиісті болса да (мысалы Күн жүйесіндегі тәрізді), оның массалар центрі жұлдыздың центріне сәйкес келмейді және оның ауытқуын Жерден бірнеше жыл бойы бақылаулар нәтижесінде осы жұлдыздардың бірі – “Барнарданың ұшып бара жатқан жұлдызының” (өзіндік қозғалысы жылында доғаның 10,27о-ын құрайды, қашықтығы 6 жарық жылына тең) кеңістіктегі өзіне тән траекториялардан шын мәнінде де периодты түрде ауытқып отыратыны байқалды. Осы ауытқулар арқылы жұлдыздың күңгірт серіктерінің ме-ры анықталды. Ол массалар (Ван де Калеп бойынша) 0,0058 және 0,0030 Күн массасына тең. Планеталар жүйесін спектроскопиялық әдіспен іздеудің болашағы зор. 1983 жылы Вега жұлдызы (қашықтығы 26 жарық жылы) 60 мкм-мк инфрақызыл диапазонда 10 есе артық, ал 100 мкм-де 20 есе артық эенргия шығаратыны белгілі болды. Салқын денелерден тұратын осындай дөңгелектер басқа да кейбір жұлдыздардан табылды. Басқа жұлдыздардың маңында да планеталық жүйелер бер. Жерге ұқсас планетаны ашу болашақтың ісі. Күн жүйесіндегі планеталар өздерінің физикалық қасиеттеріне қарай екі топқа бөлінеді – жер тобындағы планеталар және алып планеталар.
Жер тобындағы планеталарға: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Плутон да жатады. Жер тобының планеталары, негізінен табиғи тұздар мен темірден тұрады. Жер тобындағы планеталардың атмосфералары өте күрделі эволюцияны бастарынан өткізді: біртіндеп және апатты түрде газсыздану (вулкандар), басиапқы аккреция (бөлініп шығу, өсу) периодында әр түрлі бөлінулер, бірінші планеталық тұмандықтардан газдарды қармап алу. Жер тобындағы планеталарда серіктер аз (Меркурий мен Шолпанда олар тіпті жоқ, Марста – екі кішкене серік, Жерде – біреу). Физикалық сипаттамалар бойынша бұл топтағы планеталарға алыстағы Плутон да жататын болар.
Меркурий. Меркурийдің бетінде оған құлаған метеориттердің салдарынан шұңқырлар пайда болған (түрлі-түсті қосымшадағы). Оның ең үлкені Калорис деп аталады. Диаметрі 1300 км болатын осы үлкен шұңқырдың бүйірлерінде метеориттің соқтығысу күшінен тау үйінділері пайда болған. Меркурийдің Күнге жақын орналасуы оны бақылауға кедергі келтіреді. Аспан аясында оның Күнне ең алыс кету бұрышы 29о. Сондықтан ол күн шығар алдында (ертеңгі көрінуі) немесе кешке күн батқанда (кешкі көрінуі) көрінеді. Меркурий орбитасының эклиптикаға көлбеулігі үлкен болғандықтан оны әр уақытта көру мүмкін емес. Планета құралсыз көзге анық көрінеді. Ең жақсы көріну периодындағы жылтыруы –1m-ге тең. Жас Меркурий мен Шолпан өз осьтерінен 10 сағат периодпен айналған болатын. Бұл планеталардың денелері алыс дәуірде (матия) қатып қалғандай әсер қалдырады. Егер Шолпанда магнит өрісі болса, ол өте әлсіз, оның полярлығы жердегі сияқты ғана. Шолпанның массасы Жер массасының 0,815 бөлігін құрайды, тығыздығы 3,24 г/см3-қа тең. Шолпанның орбитасын дөңгелек деуге болады, оның эксцентриститілігі 0,0068-ге тең. Шолпан Күн жүйесіндегі Жерге ең жақын планета, оған дейінгі қашықтық 40-тан 259 млн километрге дейін өзгереді. Шолпан планетасының серіктері жоқ. Атмосферасы, негізінен, көмір қышқыл газынан тұрады және тығыздығы жердегіден тоқсан есе артық. Планетаның бетіндегі атмосфералық қысымды жер бетіндегі мұхиттың бір километр тереңдігіндегі қысымымен салыстыруға болады. Планетаны үнемі тығыз бұлттар жауып тұрады да, планетада «парникті эффект» байқалады. Жер планетасы. Меркурий мен Шолпаннан кейінгі тұрған біздің көгілдір планета Жер. Жердің гидросферасы жылуды сақтайды. Жердің ішкі құрылысы өте күрделі. Қатты планеталар арасынан Жер ең активті болып есептеледі. Беткі қабаты үнемі өзгерістерге ұшырап тұрады. Жер залалинның теориясы бойынша жердің сұйық және қатты ядросы анықталады. Жердің магнит өрісі өте күшті. Оның магнит осінің өз кіндігінен айналу осіне көлбеулігі 11о, 5о бұрыш жасайды. Жер көкшіл көгілдір, Ай қызғылт сары түсті. Ай Жерге тек бір жақ бетімен көрінеді. Айдың Жерді айналып шығу уақыты оның өз осімен айналып шығу уақытына тең. Меркурийдегі тәрізді Айда да атмосфера жоқ.
Марс планетасы. «Қызыл жұлдыз» планетасы Жерден әлде қайда кіші. Ол, бір жағынан, Меркурий мен Айдың арасындағы, екінші жағынан, Жер мен Шолпанның арасындағы аралық планета тәрізді, оның атмосферасының тығыздығы Жер атмосферасының тығыздығынан 10 есе аз. Марстың атмосферасы Шолпандағы тәрізді көмір қышқыл газынан тұрады. Марс планетасының екі серігі бар. Олар өлшемдері шағын, шамамен 20 км болатын Фобос және Деймос.
Марс Күн жүйесіндегі Жерден адам баласының онда детілген жердегідей тіршілік бар деген үмітпен қарап, ерекше қызығушылық тудырған бірінші планета. ХІХ ғасырда негізгі пікірталастар мен айтыстар тудырған Марстан басқа бірде-бір планета болған емес. Қазіргі кезде Марста өсімдіктер мен органикалық өмірдің бар болуы жөнінде талас жүріп жатыр. ХХІ ғасырда бұл пікірталастың жұмбағы азайған жоқ.
Плутон. Енді Жер тобындағы Плутон планетасын, оның серігі Харонды қарастырамыз. Бұл Күн жүйесіндегі ең салқын ең кішкене планета. Оның диаметрі 2260 км, ал бетінің орташа температурасы –230оС. Ғалымдар планетада өте сирек азот пен метаннан тұратын салқын атмосфера бар болар деп жобалайды. Плутонның түнгі аспанында Күн тек жарық жұлдыз тәрізді көрінеді. Оның серігі Харон планетадан екі есе кіші. Күн жүйесінің соңғы планетасы 1930 жылы табылды, оған әлі ешқандай ғарыш аппараттары ұшып барған жоқ. Соңғы кезде Плутонды Күн жүйесіне кіретін тең құқықты планета арасына жатқызуға бола ма деген пікірталас та қызу жүріп жатыр. Ал Жерден алынған фотосуреттермен оның қандай да бір ерекшеліктерін анықтауға әлі мүмкіндік болмай тұр. Плутон мен Харонды зерттеу дәуірі әлі алда.





















hello_html_2478f899.jpg

hello_html_3e8991f.jpg





















hello_html_m6170039a.jpghello_html_m6597dcdb.jpg



















hello_html_2908a7f3.jpghello_html_22a5490f.gif





















5. Қызықты мәліметтер.

Жаңа тақырып бойынша оқушыларға қосымша мәліметттер беріледі.

hello_html_123c44f3.jpghello_html_79189ddf.jpg

hello_html_4b393a30.jpghello_html_7ccc70c5.jpg







6. «Ұқсастық пен даралық» стратегиясы

Планеталардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын айыра біледі.



hello_html_m776fc0e5.png





7. «Бес жолды өлең» стратегиясы

1. Зат есім. Кім?

2. Сын есім. Қандай?

3. Етістік. Не істейді?

4. Төрт сөзден құралған сойлем.

5. Балама сөз



8. «Эссе» стратегиясы

Тірек сөздер: планета, алып, 8, 4, қозғалыс, тәулік, астероид, айналады, күн, жұлдыз, ай, кіші, Меркурий, Жер.

5-6 сөйлемнен бүгінгі тақырып бойынша құрастырады.













9. «БББ» стратегиясы (5 мин)

10. Бағалау және рефлексия (4мин)

«Хат жазу» стратегиясы. «Бүгінгі сабақтан алған әсерім»

Мақсаты: хат жазу үлгісін үйрете отырып, сабақта не меңгергенін, не білгенін, не істегенін айта білуге дағдыландыру.



«сұхбат»

стратегиясы

«топтастыру» стратегиясы

Сөзжұмбақ шешу

«ой шақыру»

стратегиясы

«ұқсастық пен

даралық

стратегиясы

«БББ» стратегиясы

1.

 

 

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

 

 





11. Үйге тапсырма (1 мин).

§12 Планеталардың қозғалысын оқу.

Соңындағы сұрақтарға жауап жазу.

«Жоба қорғау» стратегиясы





Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 16.10.2016
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров37
Номер материала ДБ-266549
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх