Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Урок по физике на тему: "Физика ғажайыптары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физика

Урок по физике на тему: "Физика ғажайыптары"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Физика-ғажайыптары»

Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушының физика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру
Дамытушылық: Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру
Тәрбиелік : Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру,біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу;
Шараның түрі: Жарыс

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, сызу

Көрнекіліктер: плакаттар, слайд

1-жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, физикалық сайысқа қатысушы сайыскерлеріміз, аяулы ұстаздарымыз, мектеп оқушылары!!Бүгін 9 кластар аралығында физика пәнінен өткелі тұрған «Физика-ғажайыптары» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған, сайысымыз сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанарымыз әбден анық.
1-жүргізуші:
Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды өскен жерге.
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.

2-жүргізуші:
Ғалымдардың патшасы атанғансың
Архимед, Ньютон, Галилейден бата алғансың
Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән – физика атанғансың
2-Жүргізуші:
Бәріңізге бір сәлем
Онда кешті бастайық.
Бәріміз асып-саспайық
Сөз кезегін келесі
Қатысушыларға тастайық.
Кеште өздеріне арналған
Топтар шықса бастайық.

1-Жүргізуші:
Олай болса сайысымызға қатысқалы отырған топтар:
1-топ «Қайсар» тобы
2-топ «Қайтпас» тобы
Сайысымыздың турларымен таныс болайық:
1. Әр топ өзін-өзі таныстыру (ұран, эмблема)

2. Ғажайып қоржын (логикалық сұрақтар)

3. Мақал-мәтелдер (сәйкестендіру)

4. «Есептеп көр» (есептер шығару)

5. « Бұл не?» (қораптағы физикалық денені табу)

6. «Байқап қал» (Санаға сыймас ғажайыптар суретін табу)

7. «Физика- ғажайыптары» (Үйден дайындап келген газеттерін қорғау)

2-Жүргізуші:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікті шеше біл, - әділқазылармен таныстыру.

1.

2.

3.
1-жүргізуші:

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу

Алға қойған мақсаты

әрқашанда мектепте

шығып жүрген жақсы аты

жиналған ылғи дарындар,

жүректе от көздерінде жалын бар.

қайтпас, қайсар топтарын,

қол соғып қарсы алыңдар - дей келе сайысымыздың бірінші бағыты бойынша әр топ өз-өзін таныстырып өтсін. топ басшылары ортаға шығып, өз тобын таныстырады.

2-жүргізуші:

Түйемен ақсақал келеді

Сендерге ұрпағым деп сенеді

Ғажайып қоржын тартуын

Екі топқа үлестіріп береді – сайысымыздың бірінші бөлімі ғажайып қоржын деп аталады.(екі топқа нөмірленген асықтар үлестіріліп беріледі, асықтардың сұрақтары тақтада көрсетіледі) Дұрыс жауап екі ұпайдан

Логикалық сұрақтар:

«Қайсар» тобына

1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді ? ( Құс жолы)

2.Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)

3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)

4. неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

5. дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)

«Қайтпас»тобына

1. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)

2. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны , ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)

3. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

4 қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)

5. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)

1-жүргізуші

Сөзге бай қазақпыз ғой жанымыз,

Келіспей ме мақалменен сәніміз.

Сәйкестіріп бағытты сызықтармен,

Физикалық құбылысты табыңыз – дей келе сайысымыздың бесінші бағыты мақал мәтелдерді сәйкестіру кезеңіне кезек берейік.

Сәйкестіріп бағытты сызықтармен,

Физикалық құбылысты табыңыз – дей келе сайысымыздың бесінші бағыты мақал мәтелдерді сәйкестіру кезеңіне кезек берейік.


«Мақалдарды сәйкестендіру» бағыты (Дұрыс жауап 1ұпай)


Қайсар тобының тапсырмасы:

ҚПрямая соединительная линия 13Прямая соединительная линия 12арыстан сүйем жақын Жылу өткізгіштік

Тонның жылуы терісінен емес жүнінен Физикалық шама

ҚПрямая соединительная линия 10Прямая соединительная линия 9имылдаған қыр асар Заттың агрегаттық күйі



Таумен тасты су бұзар

Адамзатты сөз бұзар Механикалық қозғалыс



АПрямая соединительная линия 8Прямая соединительная линия 7яқ сүрінсе басқа салмақ түсер Жылдамдық

Шапшаң озар

Жатқан қалар Инерция

Қайтпас тобы:

ЖПрямая соединительная линия 6еті рет өлшеп бір рет кес Диффузия

Прямая соединительная линия 5

КПрямая соединительная линия 4өсеу ұзын болса қол күймес Физикалық шаманы өлшеу



Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді Жылу өткізгіштік

ОПрямая соединительная линия 3Прямая соединительная линия 2тқа салса темірде балқиды Жылдамдық



Аттыға жаяу жолдас болмас Заттың агрегаттық күйі(балқу)



Дән себілмей астық өнбейді Булану конденсация




2-жүргізуші

Қалмаңдар білімде көрінбей

Ұлдар мен қыздар өрімдей

Топ басшыларына беремін

Есепті есептеп көр ерінбей – дей келе сайысымыздың төртінші бағыты «есептеп көр» ерінбей кезеңіне береміз. Дұрыс жауап 5ұпай

Қайсар тобы:

1 Массасы 0,5кг допты ұрғанда 0,02 секундтан кейін 10 м/с жылдамдыққа ие болады. Соққының орташа күшін табыңдар.(250Н)

2 . Әрқайсысының массасы 80 т екі вагон бір-бірінен 1 м қашықтықта тұрғанда қандай күшпен тартылады? (0,4Н).

Қайтпас тобы

1 Ілмегіндегі тарту күші 15 кН болатын трактор тіркемеге 0,5 м/с2 үдеу береді. Тарту күшін 60кН жеткізетін трактор сол тіркемеге қандай үдеу береді? (2)

22. Массасы 8 т-ға тең ғарышкеме массасы 20 т орбиталық ғарыш станциясына 100 м қашықтыққа дейін жақындап келді. Өзара тартылыс күшін анықтаңдар. (0,1Н)

1-жүргізуші Сайысымыздың бесінші кезеңі «Бұл не деп аталады?» алдарыңызға қорапта тұрған бір физикалық денені табу керек. Ол үшін сідерге қағазда жазылған төрт тапсырманы табу керек, төрт жауаптың бірін таңдап, яғни сол қағазға жазып не бар екенін тауып айтамыз. Әр жауап балменен есептеледі. Екі топқа бір тапсырма.

а) Ғылымда, физикада зерттеу жұмыстары үшін қолданылады доп 5 ұпай

б) Беттік ауданы ең аз геометриялық фигура доп 3 ұпай

в) Спортшы осы денемен дос доп 2 ұпай

г) Шар тәріздес ( доп) 1ұпай


2-жүргізуші

Қаруланып жарысқа жауабыңды сайлап бар,

Қиялыңды ойыңа шешілместей байлап бар.

Көргеніңді қайталап жаз ұмытпай,

Көреген өткір көздеріңмен байқап қал - дей келе сайысымыздың кезеңі байқап қал деп аталады.

(Санаға сыймас ғажайыптар суретін тауып атын атаймыз) Әр сұрақтың жауабы 5 ұпай


hello_html_2c075b1a.jpgҚұмды дауыл


Құмды дауылды сұлу құбылыс деп айтуға ауыз бармайды, бірақ, тым әсерлі әрі дүрліктіргіш дүние екендігіне ешкімнің таласы жоқ болар. Құмды дауылды өз көзімен көрген пенде Табиғат күшінің қаншалықты жойқын екенін мойындай түседі. Алайда, біздер құмды өлкеде тұрмағандықтан бұл көріністен мақұрым қалып отырмыз. Баз біреулердің "Әәәә, құмды дауыл ма?" деп менсінбей қарауы мүмкін. Асылында, мұндай боранда адамның тұншығып өліп кетуі мүмкін. Тарихта ондай жағдайлар аз болмаған. Жыл сайын Сахара шөлінен 40 млн. тонна құм Амазонка шөліне көшеді екен.

Солтүстік шұғыласы

hello_html_7dc3b7c7.jpg


Табиғаттың бұл ерекше құбылысын жердің солтүстік және оңтүстік полюстерінен бақылауға болады (қазір ауаның ластану әсерінен жер шарымыздың солтүстік бөліктерінен ғана анық көруге мүмкіндік бар). Аспандағы ашық түсті алуан түрлі ұшқындар мен жарқылдар магнит өрісінің күн сәулесін өзіне тартуынан пайда болады.

Отты құйын (торнадо)

hello_html_30155488.jpg

Жалпы, құйынның өзі - қорқынышты құбылыс. Ал оған отты қосатын болсаңыз, не болатындығын өзіңіз ойлай беріңіз. Мұндай құбылыс өрт болып жатқан жерде орын алады. Өрттің жекелеген ошақтары бір үлкен алауға біріккенде ауа қысымы қатты көтеріліп, жоғарыға қарай лаулай бастайды. Құйын тудырған ыстық ауаның шапшаңдығын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес.


Аталған табиғи құбылыс отты құйын секілді сирек кездеспейді. Жарқын тіреуіштер солтүстік шұғыласы сынды көрікті жаратылыс. Мұндай тіреуіштер ауа температурасы 20 градустан төмендегенде пайда болады. Дәл осындай температурада бұлттар мұзды кристаллдар түзе бастайды да, атмосфераның төменгі қабаттарында күнмен шағылысады. Әдетте, кристаллдар жерге жетпей жатып буланып кетеді екен.

hello_html_42198fa9.jpg Су ұйығы (иірімі)


Табиғат туған тағы да бір құбылыс - су ұйықтары. Олар көбіне қайтқан және толысқан толқындардың соқтығысуынан пайда болады. Иірімдегі су қимылының жылдамдығын есептеу мүмкін емес. Тіршілік иесінің жұтылып кетуі ғажап емес. Көптеген ғалымдар су иірімдерінің кемелер үшін қауіпті екендігін жиі ескертіп жатады, дегенмен, тарихта ұйыққа құрбан болған кемелер тіркелмеген.

hello_html_40951261.jpg Күннің тұтылуы


Күннің тұтылуы - өте жиі қайталанатын қызықты құбылыс. Бала күніңізде "қара күнді" талай рет тамашалағандығыңызға сенімдіміз. Дегенмен, оны дүниенің кез-келген бұрышынан көруге болмайтындықтан, әлем халықтары мұны сирек орын алатын құбылыс деп ойлауы мүмкін. Ол айдың қимыл-әрекетінің (Күн табағынан өткенде) нәтижесінде пайда болады. Айдың Күнге қарағанда жерге жақын орналасу себебінен (400 есе) күн бетін толықтай жабуға мүмкіндігі бар.

Екі жағы томпақ бұлттар

hello_html_m1c864f0f.jpg

Бұл ғылымда бірнеше онжылдықтар бұрын ашылған құбылыс. Ғылымдағы атауы - “Lenticular mammatus”. Олар көбіне ұшатын табаққа ұқсас келеді. Екі жағы шығыңқы бұлттар соңғы рет осыдан 30 жыл бұрын көрінгендіктен әлі де толық зерттелмеді. Алдыңыздағы сурет 2005 жылы АҚШ-тың Джоплин қаласында түсірілген.

hello_html_280e32ff.jpg Шар тәрізді найзағай


Әртүрлі пішіндегі қарапайым найзағайды айтып ешкімді таңдандыра алмаспыз. Таныстырғымыз келгені, шар тәрізді найзағайлар немесе ғылымда "отты шар" аталып жүрген табиғи құбылыс еді. Мұндай найзағай өте сирек кездеседі. Зерттеушілердің айтуынша, физика заңдарын басып өтетін мұндай екі шарға қарапайым 1000 найзағай татиды екен. Құбылыс себебі әлі де зерттелмеген. Олардың түсі - сары немесе қызыл болып келеді. Олар ауада бірнеше секунд тұрақтап, ғайып болады.

hello_html_14bffc50.jpg Түн шамы


2-Жүргізуші: Келесі кезекті «Физика- ғажайыптары» Үйден дайындап келген қабырға газеттерін қорғауға береміз. Бағалануы 5 ұпай.

  1. Жүргізуші:

Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау.

Шеберлік пен білімді,

Сарапқа сап көріңіз.

Әділ қазы алқасы,

әділ баға беріңіз.

Әділ қазылар бағасын бергенше музыкалық сәлемдеме. Жеңімпаз топ марапатталады.

  1. Жүргізуші:

Қадірлі ұстаздар, оқушылар сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңды бір рахмет айтамыз.

Ғылым дами берсін ғаламдағы

Білімді үйренейік жаңа замандағы

Аман сау тұрыңыздар осыменен

физикалық cайысымыз тәмамдалды.






















Ақтөбе қаласы












«ФИЗИКА-ҒАЖАЙЫПТАРЫ»




Класы: 9 «А,Ә»

Өткізген: Б.Р.Утебаева












2015-2016 оқу жылы







hello_html_1fb44c7e.jpghello_html_m5d1f8aeb.jpg



hello_html_m4fe6a79a.jpghello_html_14c1c533.jpg



hello_html_3a2af36a.jpghello_html_m49b01456.jpg



hello_html_3eb230d4.jpg


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.06.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров104
Номер материала ДБ-115930
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх