Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Рабочие программы / Урок по физике на тему «Тұрақты электр тогы» тарауын қайталау (10 сынып)

Урок по физике на тему «Тұрақты электр тогы» тарауын қайталау (10 сынып)


  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : «Тұрақты электр тогы»  тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты: 

а ) Білімділік: Оқушылардың  білім дағдысын қалыптастыру. Өзіндік іс – әрекетін дамыта отырып, оқушының  өзі жұмыс жасауына жағдай жасау. «Тұрақты электр тогы» тарауын  қайталау және негізгі сұрақтарды пысықтау

ә) Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ой қортындыларын жасай білуге дағдыландыру. Оқушыларды өзара жарыстыра отырып, ойларын жинақтай білуге үйрету

б) Тәрбиелілік: Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа , әсемдікке тәрбиелеу

Сабақ түрі: Қайталау-пысықтау сабағы

Сабақ әдісі: Ой  туғызатын сұрақтар беру, оқушының топтық жұмысын ұйымдастыру. Схема арқылы тізбек құрастырып тәжірибе жасап алған білімін бекіту, сызбалар .

Құрал-жабдықтар: плакаттар, маркер, вольтметр, амперметр, шам, реостат, ток көзі, қызыл, көк, жасыл түсті дөңгелекше қиылған қағаз,тест тапсырмасы, жауап парағы

Пән аралық байланыс:биология

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу. Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді.

І-топ: Ток күші. (Қызыл, күн)

ІІ-топ: Кернеу. (Жасыл, гүл)

ІІІ-топ: Кедергі. (Сары, тал)

Құрметті оқушылар бүгінгі «Физика және табиғат» деген тақырыппен «Тұрақты электр тогы» тарауын қорытындылау сабағын биология пәнімен байланыстыра отырып өткізу барысында жеміс түрлерімен тереңірек танысамыз. Жұмбақ: Әрі қызыл, әрі тәтті.

Татқан жанды таңырқатты. (Алма)

Алма ағашысұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м аралығында, 3-12 жылда жеміс береді. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады.  Алма құрамында су, қант, қышқыл, А, В1, В2, В6, С дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. Яғни, марганец, калий, кальций, фосфор, натрий,молибден,мырыш бар.Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, ауырмайтын боласыңдар. Ойлау қабілеттерің де жақсы дамиды. Ал ең бастысы – алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет. Алманың отаны – Орталық Азия. Алманың жер шарында 36 түрі бар. Қазақстанда алманың «апорт», «сиверс», «недзвецкий», қырғыз алмасы өседі. 
І-Бөлім. Үй тапсырмасын тексеру. Тірек схема бойынша «Тұрақты электр тогы» бөлімінің өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін айқындау. (Плакатқа әр топ өзі орындап, қорғайды.)


Жұмбақ: Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып  қарасаң-

Майда ,майда қызылшоқ . (Анар)

 Анар- ағаштың немесе тікенекті бұтақтың жемісі болып табылады. Ескіден халық данышпандары анар жемісінің пайдалылығын анықтаған. Әуелгі баста Пәкістан мен Ауған елдерінде өскен жидек бірте-бірте Еуропаға келіп, Италия, Португалия, Исландия елдерінде жаңа сұрыптары пайда болған. Қиыр Шығыс халқы бұл жидекті  «Жеміс-жидектердің патшасы»  деп атайды. Тіпті, анардың түбі патша тәжіне ұқсағандықтан, солай атап кеткен деген аңыз бар.Ол таяу Шығыста, Үндістанда, Жерорта теңізінің жағалауында және Кавказда өседі. Анардың құрамында белок, балластық зат, органикалық қышқылдар, темір, калий, кальций және С дәрумені бар. Анар жемісі араны ашылған асқазанның "аузын жабады". Демек, анар жесеңіз, қарныңыз тез аша қоймайды.Бұл дәлелсіз дүние емес. Зерттеумен  Эдинбургтегі арнайы мамандар айналысты. Ол үшін эксперттерге 30 адам өз еркімен барып көмек көрсеткен. Үш аптадай бір топ басқа өнімдермен, ал екінші топ тек анар сығындысымен даярланған дәріні ішкен көрінеді. Анар сығындысынан әзірленген дәріні тұтынған ерікті адамдар бұрынғыдан аз мөлшерде тамақ қажеттілігін сезінген. Ал бірінші топта ешқандай өзгеріс болмаған. Анар шырыны жүрек және қан айналымы ауруларымен күреседі, қан қысымын төмендетеді және қартаю процестерін тежейді. ІІ-Бөлім. Сөзжұмбақ шешеміз. Сонда ерекше торкөзде біздің Қазақстанда ,  яғни Оңтүстік Қазақстанда өсетін анардың түрлері шығады. Үш топқа үшеуі беріледі.

1. Сөзжұмбақ. Жауабы: Бала-мюрсаль.

1.Аттас зарядталған денелердің әсерлесуі (тебіледі)

2. «Электр өрісі» ұғымын енгізген ғалым (Фарадей)

3.Янтарь сөзінің мағынасы(электрон)

4. «Электр тогы» түсінігін енгізген ғалым (Ампер)

5.Ток күші,кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең физикалық шама (жұмыс)

6. Алып планета (Юпитер)

7.Атомның  бөлігі (Ядро)

8.Кедергіні өзгертетін құрал (реостат)

9. Кулонмен өлшенетін физикалық шама (Заряд)

10.Кернеудің өлшем бөлігі (Вольт)

11.Электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген ғалым (Гальвани)

2. Сөзжұмбақ. Жауабы: Қазеке анар

1. Ток күші мен кернеудің көбейтіндісінен тең   физикалық шама(қуат)

2. Ток күшінің өлшем бірлігі (Ампер)

3.Амперметр тізбекке қалай жалғанады? (тізбектей)

4.Токтың жылулық әрекетін зерттеген орыс ғалымы( Ленц)

5.Өткізгішітң қасиетіне байланысты физикалық шама (кедергі)

6.Қуатты өлшейтін құрал (Ваттметр)

  7.Меншікті кедергі қандай шамаға кері пропорционал (аудан)

 8.Өткізгіштерді  параллель жалғағанда қандай шама тұрақты? (кернеу)

  9.Вольтметр тізбекке қалай қосылады?( параллель)

 10.Электронның заряды қандай (теріс)

 3. Сөзжұмбақ. Жауабы: Қызыл анар.

1. Ток күші мен кернеудің көбейтіндісінен тең   физикалық шама(қуат)

2. Ток күші,кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең физикалық шама (жұмыс)

3. Кулонмен өлшенетін физикалық шама (Заряд)

4. I=U/R қандай заңның өрнегі?

5.Аттас зарядталған денелердің әсерлесуі (тебіледі)

6. «Электр тогы» түсінігін енгізген ғалым (Ампер)

7. Өткізгіштерді  параллель жалғағанда қандай шама тұрақты? (кернеу)

8. Вольтметр тізбекке қалай қосылады?( параллель)

9. Электронның заряды қандай (теріс)


Киви –  соңғы отыз жылда әлемдік жеміс-жидек нарығын жаулап алған «дәруменді бомба».  «Дәруменді бомба»  атаулының себебі, кивидің құрамында өте көп С дәрумені бар. Мамандардың айтуынша, кивиді жиі жеп тұрар болсаңыз ағзаның қатерлі ісікпен күресуін арттырып, жүйке жүйесін жақсартады екен . Сондай-ақ, жеміс Е дәруменіне бай. Киви — бұл пайдалы азық ғана емес, сонымен бiрге косметикалық дәрi-дәрмек. Киви шырыны терiнi сергiтiп, жасартады. Ал оның шығу тегін білетін болсақ. Осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын (шамамен 1904 жылдары) Қытай жерінде  михутао атты көрінісі көз тартарлықтай шырмауық өсіпті. Көктем келісімен ол ақ және алтын-сары түсті гүлдер ашып, өзіне жақын орналасқан ағаштардың барлығын әрлендіріп жібереді екен. Сұлулығында мін болмағандығы соншалықты, шығыс ақындарының барлығы михутаоғ жыр арнаған көрінеді. Шетелден келген қонақтар шырмауықты көргенде ауыздарының суы құрып, өзімен бірге бір бұтағын болсын алып кетуді бақыт санаған деседі. Содан бір күні шырмауықтың ұрығы Жаңа Зеландияның бір атақты бақшашы  азаматының қолына түсіп қалады. Тыныш отыруды жөн көрмеген бақташы шырмауықтың пайдасыздығын ұнатпай, оны будандастырып жеміс алуды ойластырады. Және ол ойы 30 жылдан кейін жүзеге асады.Ғажап! Шырмауықтың жемісі балдай тәтті, ал түсі меруерттей ерекше болып шығады. Бақташының өзі таң-тамаша болады! Жемістің «есек терілес» киім кие шыққандығын өзі де түсінбей қалады. Мұны естіген тағы да бір бақташы көмекке келіп, екеуі жемісті тағы да өзгеріске түсіреді де, көптеп өсіре бастайды. Жеміске қысқа ғана киви деген ат беріледі. Киви – Жаңа Зеландияда өмір сүретін ерекше құс. Және ол Жаңа Зеландияның нышаны саналады.  Аңызға сенбесеңіз, киви жемісін алыңыз да, екіге бөліңіз. Оның ортасында тұрған әдемі жұлдызшаны байқасаңыз, олсұлулығы мен махаббатын тарту етіп тұрған михутао гүлінің бейнесі.

ІІІ-Бөлім. Есептер шығару кезеңі.  «Кім тез  шығарады?»

1. №352 Электр үтігі кернеуі 220 В желіге қосылған.Үтіктің қыздыру элементінің кедергісі 50 Ом болған жағдайда ондағы ток күші неге тең? Жауабы: 4,4 А

360 Кедергілері 5 Ом, 6 Ом, 12 Ом үш өткізгіш тізбектей жалғанған.Егер тізбектегі кернеудің түсуі 4,6 В болса, амперметр қанша ток күшін көрсетеді және үшінші өткізгіштегі кернеудің түсуі неге тең? Жауабы: 105,8 А ; 1,3 В

2. №347 Өткізгіштің көлденең қимасынан 2 минутта 36 *10 -3 Кл электр мөлшері өткен болса, онда ток күші неге тең? Жауабы: 0,3·10-3 А

361 Тізбек кедергілері 1,5 Ом және 10 Ом болатын пареллель жалғанған өткізгіштерден тұрады. Оның жалпы кедергісін табыңыз. Жауабы: 1,3 Ом

3. №  348 Кедергісі 30 Ом электр шәйнегінің спиралі кернеуі 120 В электр желісіне қосылған. Шәйнектің спираліндегі ток күшін табыңыз? Жауабы: 4 А  

364. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 5 В. Осы өткізгіш 40 с ішінде 500 Дж жұмыс жасайтын болса, онда ток күші неге тең? Жауабы: 2,5 А  

Апельсин  цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мәңгі жасыл жеміс ағашы. Отаны – Оңтүстік Қытай және Үндістан. Жабайы күйде кездеспейді. Бүгінгі біз білетін апельсин мандарин мен помеланың  гибриді.  Еуропаға  апельсинді саяхатшылар ХV ғасырда әкелген. Өсіп тұрған жері қолайлы болса 75 жасқа дейін өмір сүреді. Апельсиннің селекционерлер шығарған сұрыптары өте көп, жылда 10-15 шақты жаңа сұрыптары шығып жатады. Сұрпына қарай шырыны тәтті, қышқылтым-тәтті және  қышқылтым-ащы болады. Апельсиннің құрамында  қант,  лимон, аскорбин қышқылдары, С, В1, В2, В6,Р,А витаминдері, пектинді және азоты заттар, көмірсулар, өзектер, фитонцидтер және минералды заттар бар. Апельсиннің қабығының құрамында 2% -ға дейін эфир  майы болады. Апельсин жемісі аспаздықта, парфюмерияда және медицинада кеңінен қолданылады. Организмдегі зат алмасу үдерісін жақсартып, бауыр және жүрек сырқаты бар адамдарға пайдалы. ІV-Бөлім. « Менің ойым.» Әр топқа тапсырма тақтада беріледі. Салынған схемадағы қателіктерді анықтап  топ өз ойы бойынша схеманың дұрыс нұсқасын ұсынады.











Біздің елімізде экзотикалық жеміс ретінде белгілі болған ананасты танымайтын адам жоқ. Қонаққа барсақ та, қонақ күтсек те дастархан үстінен табылатын бұл жемістің дәмі тіпті бөлек әңгіме.  Ең алғаш рет еуропалықтар ананасты 1940 жылы Кариб аралдарынан әкелген. Колумб пен оның ізбасарлары ананасты Еуропаға әкеліп, мұндай климатта оны өмір сүре алмайды деп ойлады. Көп жылдар бойы бұл тез бұзылғыш жемісті сән ретінде пайдаланып келді. Тіпті оның дәмін де көрген жоқ. Үй иесінің қандай бақуатты екенін көрсетіп, тек дастархан үстіне сән үшін қойып қоятын болған.Қазір ананас жер шарының барлық торпикалық өңірлерінде өсіріледі.  Ананастың денсаулыққа қандай пайдасы: 100 г ананастың шамамен 80 пайызы дәруменге толы. Әсіресе С дәрумені. Сонымен қатар жемістің құрамында жүйке жүйелері мен иммунды жүйелердің қалыпты жұмыс жасауына көмектесетін В1 және В6 дәрумендері де жоқ емес. Ананастың құрамында мынадай пайдалы минералдар бар: кальций, калий, мыс, темір, магний, фосфор және марганец.  Егер сіз сатып алған ананас әрі тәтті, әрі жұмсақ болғанын қаласаңыз, оны кеспей тұрып, бөлме температурасында 2 күн ұстаңыз. Ананастар талда емес,тікенекті сабағы мен жапырағы бар жер өсімдігі екен.  Бір жемісі 2 -15  келі аралығында келеді. Сиқырлы жеміс. Бұл "таңғажайып жеміс" немесе тәтті жидектер Батыс Африкадан шыққан. Неге сиқырлы дейсіз бе? Бұлай деуіміздің себебі, оның құрамында гликопротеин араласқан миракулин қанты бар. Жемістің өзі тәтті болмағандығымен, осы гликопротеинді жеген адам 2-3 сағат бойы не жесе де, тек қана тәтті дәмді сезеді екен.

V-Бөлім. Суретке қарап шартты белгілері арқылы схемасын сыз.

Эксперименттік тур. Ток күші: Ток көзін, қыздыру шамымен, амперметрді және кілтті тізбектей қосып электр тізбегін жинақтаңдар және жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.
Кернеу: Ток көзі, кілт, амперметр, қыздыру шамын тізбектей қосып электр тізбегін жинақтаңдар және жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.
Кедергі: Ток көзі, кілт, амперметр, вольтметр, қыздыру шамынан тұратын электр тізбегін жинақтаңдар және жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.


Жемістер мен көкөністер – біздің өміріміздің бір бөлшегіне, дастарқанымыздың айнымас серігіне айналып кетті. Олармен қаншама жылдан бері таныс болсақ та, бір-біріне ұқсамайтын пішініне, дәміне, түсіне таңырқаудан жалықпадық. Сонымен қатар, олардың өсу жолы да құпияға толы. Кейбір ерекше жемістер мен көкөністердің қалай, қайда өсетіндігін, қандай жолмен жиналатындығын білмейміз де. Әдетте тек дүкендер мен жеміс лашықтарынан көретін брюссел қырыққабаты жұлынбағанда және атызда былай көрінеді екен. Ал көбіміздің асқазанымызды жаулаған кешью осындай әдемі жеміске жабысып өседі. Ал арахис жерден өсіп шығады екен.

VІ-Бөлім. Оқушылардың шығармашылық жұмысы. Тақырып бойынша эссе немесе өлең шығару, әрі әсемдікке баулитын жемістермен жасалған көркемдік шығармаларын көрсетеді.

Қорытынды: Біз бүгін «Тұрақты электр тогы» тарауын қайталай отырып, жеміс-жидектер туралы да біраз мәлімет алдық. Оқушылар өз білімін көрсете алды деп ойлаймын. Ал енді үйге тапсырма ретінде: Ампер, Ом, Вольт, Кулон және т.б ғалымдар туралы реферат жазып келу. Әділқазыларға сөз берейік. Әділқазылар қорытындысынан кейін бағалау , марапат түрінде өтеді. «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен бақытты болады өмір» - деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір ұстанған ұрпақ болып өсіңдер.


  1. «Ұлы ғалымдар» туралы

Топ мүшелеріне ғалымдар суреттері таратылып беріледі. Кім,қандай жаңалық ашты ,айтулары керек.

1.Ш.О.Кулон 1785жылы зарядталған денелердің өзара әрекет заңын ашқан француз физигі. Оның құрметіне электр зарядының бірлігі аталған.

  1.    Роберт Милликен  алғаш рет тәжірибе жүзінде электрон зарядының мәнін анықтаған америакан физигі.Нобель сыйлығының лауреаты.

3.Георг Симон Ом 1827жылы  тізбектегі ток күшінің кернеу мен кедергіге  тәуелділік заңын ашқан неміс физигі.1787 жылы 16 наурызда Эрланген қаласында туған.оныңңеңбектерінің негізгі бағыты-электр, оптика, кристаллооптика және акустика салаларына арналған.

4.Андре Ампер алғаш рет «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген, магнетизм табиғаты туралы болжамды ұсынған француз физигі.Оның атымен ток күшінің бірлігі аталадаы.

5. Александро Вольта  1800жылы алғашқы болып ,тұрақты ток көзін алған итальян ғалымы.Бұл тұрақты ток көзі «Вольт бағанасы» деп аталады.

  1. ФАРАДЕЙ, МАЙКЛ  (1796-1832), ағылшын физигi, 1791 жылы 22 қыркүйекте Лондон маңында шебердiң отбасында дүниеге келген. «Электр өрісі» ұғымын енгізген.1833 жылы электролиз (Фарадей) заңын ашты

 
























Ток күші:

Ток көзін, қыздыру шамымен, амперметр және кілтті тізбектей қосып электр тізбегін жинақтаңдар және жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.



Кернеу:

Ток көзі, кілт, амперметр, қыздыру шамын тізбектей қосып электр тізбегін жинақтаңдар және жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.




Кедергі:

Ток көзі, кілт, амперметр, вольтметр, қыздыру шамынан тұратын электр тізбегін жинақтаңдар және жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.

Тақтадан өз тобыңа тиесілі схеманы тауып, салынған схемадағы қателіктерді анықтап схеманың дұрыс нұсқасын ұсын.
















.1



352

Электр үтігі кернеуі 220 В желіге қосылған.Үтіктің қыздыру элементінің кедергісі 50 Ом болған жағдайда ондағы ток күші неге тең?



360

Кедергілері 5 Ом, 6 Ом, 12 Ом үш өткізгіш тізбектей жалғанған.Егер тізбектегі кернеудің түсуі 4,6 В болса, амперметр қанша ток күшін көрсетеді және үшінші өткізгіштегі кернеудің түсуі неге тең?



2.



347

Өткізгіштің көлденең қимасынан 2 минутта 36 *10 -3 Кл электр мөлшері өткен болса, онда ток күші неге тең?



361

Тізбек кедергілері 1,5 Ом және 10 Ом болатын пареллель жалғанған өткізгіштерден тұрады. Оның жалпы кедергісін табыңыз.









3.



№  348

Кедергісі 30 Ом электр шәйнегінің спиралі кернеуі 120 В электр желісіне қосылған. Шәйнектің спираліндегі ток күшін табыңыз?





364.

Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 5 В. Осы өткізгіш 40 с ішінде 500 Дж жұмыс жасайтын болса, онда ток күші неге тең?


Сұрақ пен дұрыс жауаптың қилысына «+» таңбасын қойыңыз. (екі сұрақтың жауабы біреу болуы мүмкін)

Сұрақ

Кернеулік

Амперметр

Ом заңы

Вольт

Андре Мари Ампер

Тоқ күші

1

Кернеудің өлшем бірлігі

 

 

 

 

 

 

2

Тоқ ұғымын физикаға енгізген ғалым

 

 

 

 

 

 

3

 мен өлшенетін шама

 

 

 

 

 

 

4

Бұл формула нені білдіреді.

 

 

 

 

 

 

5

Тоқ  күшін  өлшейтін  құрал 

 

 

 

 

 

 

6

Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы

 

 

 

 

 

 



  1. Сөзжұмбақ.


1.Аттас зарядталған денелердің әсерлесуі.


2. «Электр өрісі» ұғымын енгізген ғалым.


3.Янтарь сөзінің мағынасы.


4. «Электр тогы» түсінігін енгізген ғалым.


5.Ток күші,кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең физикалық шама.


6. Алып планета.


7.Атомның  бөлігі.


8.Кедергіні өзгертетін құрал.


9. Кулонмен өлшенетін физикалық шама.


10.Кернеудің өлшем бөлігі.


11.Электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген ғалым.
















  1. Сөзжұмбақ.


1. Ток күші мен кернеудің көбейтіндісінен тең   физикалық шама.


2. Ток күшінің өлшем бірлігі .


3 . Амперметр тізбекке қалай жалғанады?


4.Токтың жылулық әрекетін зерттеген орыс ғалымы.


5.Өткізгішітің қасиетіне байланысты физикалық шама.


6.Қуатты өлшейтін құрал .


7.Меншікті кедергі қандай шамаға кері пропорционал .


8.Өткізгіштерді  параллель жалғағанда қандай шама тұрақты?


9.Вольтметр тізбекке қалай қосылады?


10.Электронның заряды қандай.


















  1. Сөзжұмбақ.


1. Ток күші мен кернеудің көбейтіндісінен тең   физикалық шама.


2. Ток күші,кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең физикалық шама.


3. Кулонмен өлшенетін физикалық шама .


4. I=U/R қандай заңның өрнегі?


5.Аттас зарядталған денелердің әсерлесуі.


6. «Электр тогы» түсінігін енгізген ғалым.


7. Өткізгіштерді  параллель жалғағанда қандай шама тұрақты?


8. Вольтметр тізбекке қалай қосылады?


9. Электронның заряды қандай?












«Кеңес» орта мектебі





hello_html_m2fb623f3.png








Сынып: 10 «А»

Пән мұғалімі: Жақсылықова Э.Ш.











2016 жыл.


Автор
Дата добавления 18.10.2016
Раздел Физика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров92
Номер материала ДБ-271458
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх