Инфоурок / Физическая культура / Конспекты / Урок по физкультуре на тему "Салауатты өмір сүру әдеті"

Урок по физкультуре на тему "Салауатты өмір сүру әдеті"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Қизатаев Қанат Мұқанұлы

Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі



Салауатты өмір сүру әдеті


Салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде бастауыш сынып оқушыларына арнап әдістемелік тәжірибемді ұсынып отырмын.


Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір сүру әдеті»


Сабақтың мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларға денсаулықты жас кезден қалыптастыру, оны сақтау өз қолдарында екенін түсіндіру.


Сергіту. Мұғалім балаларға бір бірінің қолдарынан ұстауды ұсынады.

  • Не сездіңдер? ( Достық, қуаныш, жылылық)

  • Енді көзімізді жұмып, осы сезімімізді көз алдымызға ойша елестетейік.

Көтеріңкі көңіл-күймен бір бірімізге қарап, сәлемдесеміз.

  • «Сәлеметсіз бе» деген сөзді анық, көтеріңкі дауыспен айтып күнделікті жақсы әдетке айналдыруымыз керек. Адаммен сәлемдескенде ол адам сіздердің жақсы ниетіңізді, достық қарым-қатынасыңызды сезінуі өте қажет.

  • Мен әдет деген сөзді айттым, әдет дегеніміз не, соған тоқталайық.

Адам жақсы мен жаманға тез әдеттенеді. Әдет дегеніміз біздің жиі қайталайтын іс-әрекектіміз. Оны жиі қайталаған соң, біз үшін ол күнделікті әрекетке айналады. Әйтсе де әдет әртүрлі болады. Мысалы: пайдалы және зиянды. Зиянды әдеттер адамның тек өзіне ғана емес, оның айналасындағы адамдарға да әсерін тигізіп жатады.

  • Балалар, сендер барлықтарың әдемі, дені сау, күшті болып өсуді армандайсыңдар. Ол үшін денсаулықты күтуді, ауырмауды әдетке айналдыру керек. Ең бастысы – денсаулық екенін ұмытпаңдар. Ал мықты денсаулық үшін, ауырмау үшін адам өз денсаулығын күнделікті күтуі қажет.


Топпен жұмыс.

Мұғалім еденге 6 түрлі қағазды шеңбер етіп төсейді. Ал, балалар өздеріне ұнаған түрдегі шеңберге топтасады. Әр топтың капитаны алдын ала дайындалған конвертті таңдайды. Конверттерде триггерлі суреттер (мозайка) бар. Балалар 3 минуттың ішінде сол суреттерді жинап, мағынасы не екенін түсіндіріп беруі керек. ( Әр суретте денсаулыққа байланысты компонент бейнеленген).

Талдау.

1-топ – «Гигиена» суреті 4-топ – «Жыл мезгіліне сай киіну» суреті

2-топ – «Шынығу» суреті 5-топ – «Зиянды әдеттерден аулақ болу» суреті

3-топ – «Спорт» суреті 6-топ – «Тамақтану» суреті


Мұғалім оқушылардың жауабын толықтырып, қорытынды жасайды.

Салауатты өмір сүру үшін әрбір адам дұрыс тамақтануды, күн тәртібін сақтап, белсенді қимылдауды үйрену керек, гигиена мен тазалықты, шынығу тәртіптерін сақтағаны жөн. Денсаулықтың басты ережесі зиянды әдеттерден аулақ болып, өз-өзіңмен, ішкі дүниеңмен тепе- теңдікте, келісімде өмір сүру екенін естен шығармаған дұрыс.

Тақтаға «Денсаулық – біздің байлығымыз» деген плакат ілінеді.





Денсаулық

1hello_html_3530c186.gifhello_html_m30bd7c31.gifhello_html_m4dd208b4.gifhello_html_m3a951fbc.gifhello_html_2410b671.gifhello_html_11195abd.gif.Гигиена 4.Жыл мезгіліне сай киіну

2.Шынығу 5.Зиянды әдеттерден аулақ болу


3.Спорт 6.Тамақтану



Сергіту уақыты. (Балалар орындарынан тұрып жаттығу жасайды).

Оқушылар 2 командаға бөлініп, денсаулыққа байланысты мақал-мәтел айтып, оның мағынасын түсіндіріп жарысады.

1-команда 2-команда

Ас адамның арқауы. Ұйқы тынықтырады,

Жұмыс шынықтырады.

Тәні саудың – жаны сау.

Тазалық -саулық негізі Қозғалыс өмірдің қоймасы Саулық- байлық негізі.

Ас тұрған жерде дерт тұрмайды

Кесел батпандап кіріп,

. Мысқылдап шығады. Дәрі шөптен шығады,

Дана көптен шығады.

Пайдалы кеңестер.

  • Күн тәртібін сақтап, 8 сағат ұйықтау керек.

  • Таза ауада серуендеу.

  • Таңертең жаттығу жасау. 10 рет орныңда секірсең, қан айналымың күшейіп, ағза шынығады.

  • Денені шынықтыру.

  • Дұрыс тамақтану.

Бұл кеңестер «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген мақалдың мәнісін түсіндіріп тұр.

  • Сіздерге қандай кеңес ұнады?

  • «Өз күш-жігеріңді, сеніміңді жаттықтыр».

Бұл кеңес сіздерге жаман әдеттерге бой алдырмауға көмектеседі.


Сабаты қорытындылау: «Денсаулықты жас кезден сақта!» деген плакат тақтаға ілінеді.

  • Сонымен денсаулық неге байланысты екен?

  • Біздің үйренген, бойымызға қалыптастырған әдетімізге байланысты.

Бойымызда салауатты өмір сүру әдеті барма, жоқ па, соған байланысты екен, сонымен қандай шешім қабылдаймыз?

  • Салауатты өмір сүріп, тиянақты білім алып, табиғаттың берген байлығы – мықты денсаулықты сақтау.

.


Қизатаев Қанат Мұқанұлы

Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Күршім ауылы

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-015541

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>