Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Урок по географии для 6 класс. "План және карта" тарауын қорытындылау

Урок по географии для 6 класс. "План және карта" тарауын қорытындылау

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Пән:

География

Пән мұғалімі

Мырзагалиева Гаухар Жанбаевна, Павлодар қаласының №35 ЖОББМ

Тақырыбы:

«План және карта» тарауын қорытындылау

Күні:

29.10.2015

Мақсаты:

hello_html_m234317b.png

Білімділік:Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, қорытындылау арқылы танымдық белсенділіктерін арттыру

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ептілікке, жылдам жауап беруге дағдыландыру.

Тәрбиелік:Білім алуға деген ынтасын арттыра отырып, ұқыптылық пен жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, топта жұмыс істей білуге,өзара сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Нәтижесі:


1.Алған білімдерін талдай алады, практика жүзінде қолданады

2.Топпен жұмыс жасай отырып, бір – бірінің пікірін тыңдап, пікір алмасуға үйренеді.

3. Оқушылар өз пікірлерін жеткізіп, дәлелді сөйлеуге дағдыланады.

4.Оқушылар қоршаған ортаны, табиғатты аялауға, мейірімділікке үйренеді.

Түйінді идея:


Егер ақпарат оқушыларға тиімді тәсілдер арқылы ұсынылса, нақты мәліметті есте сақтау мүмкіндігі артады, оқушылар бірлескен іс – әрекетке түседі, өз пікірлерімен бөлісіп, дәлелді сөйлеуге дағдыланады

Сілтемелер:

Мемлекеттік білім стандарты, 6-сынып география оқулығы, дидактикалық материалдар

Ресурстар:

Интербелсенді тақта, компьютер, ватмандар, маркерлер, түрлі- түсті стикерлер, 6 сыныпқа арналған физикалық география бастапқы курс атласы, дүние жүзінің жарты шарлар физикалық картасы кескіні, бағалау парақтары

Сабақ барысы:

Оқыту әдістері

Уақыт

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

5 мин

Сәлемдесу

Әр оқушы орнына орналастырылып қойылған түрлі-түсті стикерлер арқылы бөліну – бірдей түс түскен оқушылар бір топқа жинақталады. Отырғаннан кейін кімнің орнында топ түсіне сәйкес стикер тұрады, сол оқушы бағалау парағын толтырып отырады.

Экватор тобы

Меридиан тобы

Параллель тобы

Глобус тобы

Бағалау парағы таратылады. Бағалау парағында бағалау критерийлері жазылып тұрады..

-Бүгінгі сабағымызда бір тоқсан бойы өткен үлкен бір тарауды қорытындылайтын боламыз. Сіздер бүгін осы күнге дейін алған барлық білімдеріңді, үйренген білік пен дағдыларыңды көрсетесіз деп мен сенімдімін. Сондықтан барлықтарыңызға сабақта сәттілік тілеймін, сабағымыз жемісті да, жеңісті болсын!

Қазір сіздердің алдарыңызда «Адасқан  әріптерден» құралған сөздер жатыр, солардан сіздер қазір әр әріпті орнана қойып біздің тарауымызға қатысты жаңа ұғымдарды табуларыңыз керек. 

1) ТСААШМБ МАСШТАБ

2) ТЗМАУИ АЗИМУТ

3) ТВОЭРАК ЭКВАТОР

4) ДЕНАИИМ МЕРИДИАН

5) ТАРКА             КАРТА

6) СЛБУОГ ГЛОБУС

7) АЛЛЬЛЕПРА ПАРАЛЛЕЛЬ

8) ЛЮПОС ПОЛЮС

9) КЕДІН ЕНДІК

10)ЛЫБОЙҚ      БОЙЛЫҚ                  

Күн мен түннің кеңдігін,

Жер шарьның ендігін

Қақ бөліп түр тепе-тең,

Жүмыр жердің белдігі. /Экватор/


Бір нәрсе бетінде жоқ ой мен қыр,

Өзінің кіндігінен айналып жүр.

Өзіңе назар салып қарасаңыз

Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. /Глобус/


Басты сызық экватормен

Қатар жүреді әрдайым

Кездеспейді ешқашан

Тілесе де әрдайым /Параллель/


Солтүстікпен, оңтүстікке

Бағыттайды

Полюстерді қосады,

Уақыт санайды. /Меридиан/

Топқа бөлінеді орындарына жайғасады.
















Оқушылар  ретсіз 

орналасқан  әріптерді орнына қояды географиялық  ұғымдарды  табады.










Жұмбақтар шешіп топ атауларын айқындайды.Қай топ табады сол атауға ие болады.


Негізгі бөлімі

Теорялық білімді білу, түсіну

5+2 мин

Сонымен бүгінгі сабақ барысында біз Сіздермен «План және карта» тарауы бойынша білімімізді тексеріп, қорытындалып жүйелей үшін «География әлеміне» аттанамыз.

Саяхат жолымыздағы бірінші «Географиялық терминдер мен ұғымдар» кезеңімізден бастаймыз. Сәтті жолымызды жалғастыру үшін Сіздерге әр кезеңде тапсырмалар орындау қажет болады.

1 тапсырма. Топтық жұмыс.

«Географиялық терминдер мен ұғымдар» аялдамасы:

«План және карта» тақырыбы бойынша географиялық диктант. Берілген түсіндірмелер мен ұғымдарды сәйкестендіріңіздер

Ұғымдар мен терминдер түсіндірмелері

Дұрыс жауабы

Жауаптың нұсқасы

1.Аспан мен жер бетінің астасып көрінетін сызығы


1. Меридиан


2.Белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрыш.


2. Батыс 


3.270° азимут қандай көкжиек тұсы.


3.Көкжиек

4.Жер бетіндегі  өлшенген қашықтықты  қағазға түсіргенде қанша  рет кішірейтілгендігін

 көрсететін  бөлшек сан.


4.Масштаб


5.Жер бетінің  қағазға кішірейтіліп  түсірілген  нұсқасы.


5.Азимут


6.Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктігі.


6.Салыстырмалы биіктік 


7.Жер бетіндегі кез-келген нүктенің  басқа нүктеден айырмасы.


7.План


8.Жер бетіндегі салыстырмалы биіктікті өлшейтін құрал.


8.Абсолюттік биіктік

9.Ең ұзын параллель.


9.Деңгейлегіш

10.Жер бетінде полюстен полюске дейін ойша жүргізілген сызық.


10.Географиялық карта

11.Жер бетінде ойша экваторға параллель жүргізілген сызықтар.


11.Экватор


12.Жер бетінің  белгілі бір масштабқа сәйкес  кішірейтіліп, шартты белгілермен  жазықтықтағы  сызбасы.


12.Параллельдер


Бағалау критерийлері №2 қосымша








Топпен орындалады. Топтар сағат тілінің жүрісімен парақтарын алмасады, бір-бірлерінің жауаптарын тексереді. Қорытындысын шығарады. Топтар бірін-бірі бағалайды.


















Қолдану

5+2 мин

Барлық топтарымыз саяхатын жалғастыруға мүмкіндік алып отыр.

Келесі аялдамамыз «Шартты белгілер сыры» деп аталады, одан сәтті өту үшін топографиялық әңгіменің белгіленген сөздерін шартты белгілермен көрсету.

1.Біз әжем екеуміз (қаладан) __________ шығып, (тасжол) ___________ мен жүріп, (өзендегі ағаш көпір) _________ ден өттік. (Көл мен батпақты) __________ айналып, (аралас орман)____________ ішіндегі орманшының __________ (үйіне) бардық. Әжем сонда қалды. Біз Серік екеуіміз 1 шақырым (шалғындағы соқпақ жол) ___________ мен (жеміс бағына) __________ барып, алма жинадық.

Бағалау критерийлері №2 қосымша

2.Әңгіме бойынша шартты белгілерді пайдаланып, немересі мен әжесінің жол сызбасын құрастыру.

Қаладан (1 нүкте) тас жол (2 нүкте) 45° азимут бойынша 200 м қашықтықта орналасқан. Өзенге (3 нүкте) жету үшін немересі мен әжесі 250 метр 90° азимуты бойынша жол жүрді. Аралас ормандағы орманшының үйі өзеннен 180° азимуты бойынша 150 метр қашықтықта орналасқан. Масштаб 1: 5000 (1 см-де 50 метр)

Бағалау критерийлері №2 қосымша

Топпен орындалады. Топтар тақтада ашылған жауптарымен салыстырып тексереді. Қорытындысын шығарады.



3 мин

Сапарымыз сәтті жалғасып жатқанына қуаныштымын, қызыққа, жұмбақтарға толы «География әлеміндегі» жолымызды жалғастыруға дайынбыз ба?Біраз ой жинақтап, демалып алу үшін сіздерді «Бинго» ойынына шақырамын, назар тақтаға. Бірінші сұраққа жауап беру үшін әр топтан бір оқушыдан орнынан тұрады, кім жылдам жауап береді сол жеңімпаз, келесі сұраққа келесі оқушылар тұрып жауап береді.

«Бинго» ойыны ойналады. (Презентация).

Ойынға топтан қатысатын 1 оқушы орнына тұрады. Сұрақтарға жауап береді.

Талдау

12 мин

География пәнін небары екінші ай оқып жатқандарыңмен бұл пәннің қызықты екеніне көздерің жетті деп ойлаймын. Ал бізді қызықтырып, қанша сыр, жұмақтарды ашып, әлеммен танысуға мүмкіндік беретін, ол әрине Географиялық карта. Сондықтан келесі біздің кезеңіміз «Картаны оқимыз» деп аталады. Қазір сіздерге әр қайсылырыңызға тапсырмалар ұсынылады, осы тапсырмаларды сәтті орындап, ары қарай геогафия әлемін саяхаттауға мүмкіндікке ие болатындарыңызға сенімдімін.

Жеке дара орындалатын тапсырмалар:

1 тапсырма: Қазақстанның мен дүние жүзінің физикалық картасын қолдана отырып берілген нысандар арасындағы арақашықтық табу.


Нысандар арасы

Оқу құрал жабдықтары

Масштабы

Өллшеу нәтижесі

Павлодар - Қарағанды

Қазақстанның физикалық картасынан

1см-де 80 км


Астана-Берлин

Жарты шарлар картасынан

1 см: 930 км


Бағалау критерийлері №3а қосымша

2 тапсырма: Географиялық координаттар анықтау бойынша

1.52º с.е. пен 14º ш.б.-та орналасқан қала, ол қай елдің астанасы?

Берлин-Германия

2.Орталық бөлігі 19º о.е. пен 47º ш.б.-та орналасқан аралда ең кішкентай маймылдар тіршілік етеді. Бұл қай арал?       

Мадагаскар аралы

3.№1 кеменің теңізшілері 10º с.е. пен 160º б.б.-тағы мұхит тереңдігін анықтауға тапсырма алды. Ал №2 кеме 10º о.е. пен 160º б.б.-та осындай тапсырма орындауға тиіс. Осы жерлерді кескін картаға үшбұрышпен белгіле. Арақашықтығын тап.

1 әдіс.2,4 см х 930 км= 2232 км

2 әдіс 20º х 111 км= 2220 км3

Бағалау критерийлері №3ә қосымша

3 тапсырма. Сандық масштабты атаулық, атаулық масштабты сандыққа аыналдырып. Ірі масшатбтан ұсақ масштабқа қарай ретімен орналастырып жаз.

1:10000;

1:1 000 000;

1:200 000;

1 см 500 м

1 см 80 км;

1 см 5 м.

1___________ 2___________3___________ 4___________5___________6___________

Бағалау критерийлері №3б қосымша

Тапсырмаларды жеке дара орындайды, әр оқушы бағалау критерийі бойынша ұпайын есептейді, қорытындысын спикерге айтады.

Жинақтау

5 мин

Тест орындау.


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

C

C

B

E

D

B

B

A

A

A


Бағалау критерийлері №3в қосымша

Тақтадағы жауаптармен салыстырып тексереді, қорытындысын шығарып, спикерге айтады.

Бағалау

hello_html_mad91b3d.png

3 мин

Қорытынды бағалау парағы №4 қосымша


Суммативті бағалау, топ спикері оқушылардың қорытынды бағасын айтып шығады.

Рефлексия







2 мин

2 жұлдыз, 1 тілек

Оқушылар сабақтан алған көңіл-күйлерін яғни екі жұлдыз, бір тілек стикерлерімен білдіреді.

Үй тапсырма:

1 мин

«План және карта» тарауын қайталау.Азимут, масштаб, географиялық координаттар анықтау бойынша есептер шығару.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.














Пән:География.

Таұырыбы:«План және карта» тақырыбын қорытындылау

Күні 29,10,15

1 кесте. Ұпайларды бағаларға айналдыратын шәкіл:

Ұпайлар саны

0-11

12-14

15-18

19-21

Бағасы

2

3

4

5

Орындалу пайызы

60% және одан төмен

61-74%

75-88%

89-100%


2 кесте. Топтық жұмысты бағалау парағы.

Топ________________________________


Оқушының аты

І тапсырма

(0-2 ұпай)

ІІ тапсырма

(0-3 ұпай)

ІІІ тапсырма

(кесте)

(0-6 ұпай)

Жалпы ұпайы

(11 ұпай)

Тест ұпайы

(10 ұпай)

Жиынтық ұпайы

(21 ұпай)

Бағасы



















3а кесте

Жеке дара орындауға арналған 1-3 тапсырмаларды және тест қорытындысын бағалау критерийлері


Оқушының аты-жөні

1 тапсырма

0

1

2

Оқушы нәтижеге қол жеткізе алмады

Оқушы тапсырманы 50% ғана орындады,жауабын дұрыс тапты

Оқушы тапсырманы толық орындады, жауабын дұрыс тапты











3ә кесте

Жеке дара орындауға арналған 1-3 тапсырмаларды және тест қорытындысын бағалау критерийлері


2 тапсырма

Оқушының аты-жөні

0

1

2

3

Оқушы нәтижеге қол жеткізе алмады


Тапсырманың біреуін ғана шешті. Дұрыс жауап береді.

Тапсырманың екеуін шешті. Дұрыс жауап береді.

Оқушы тақырып бойынша үздік білім мен түсінігін көрсетті. Барлық жауаптары дұрыс.












3б кесте

Жеке дара орындауға арналған 1-3 тапсырмаларды және тест қорытындысын бағалау критерийлері


3 тапсырма

Оқушының аты-жөні

0

1

2

3

4

5

6

Оқушы нәтижеге қол жеткізе алмады.

Тақырып бойынша түсінік қалыптаспаған. Тапсырманы орындауға талпыныс жасаған.

Тақырып бойынша түсінік толыққанды қалыптаспаған. 1-2 масштабты дұрыс тапқан.

Тақырып бойынша түсінік толыққанды қалыптаспаған. 3-4 масштабты дұрыс тапқан.

Тақырып бойынша түсінік қалыптасқан 5 масштабты дұрыс тапқан.

Тақырып бойынша түсінік толық қалыптасқан. Барлық масштабты дұрыс тапқан.

Оқушы тақырып бойынша үздік білім мен түсінігін көрсетеді. Масштабты ретімен орналастыра алған





















3в кесте

Жеке дара орындауға арналған 1-3 тапсырмаларды және тест қорытындысын бағалау критерийлері


4-тапсырма. Тест


Оқушының аты-жөні


0-1

2-3

4-5

6-7

8-10

Төменде берілген нәтижелерге қол жеткізе алмады. Тест сұрақтарының 50% (5 сұрақ) қате орындалған.

Тақырып бойынша түсінік қалыптаспаған. 6 дұрыс жауап берілген.

Тақырып бойынша түсінік толық қалыптаспаған. 7-8 дұрыс жауап берілген.

Тақырып бойынша түсінігі қалыптасқан 9-10 жауаптары дұрыс берілген.

Оқушы тақырып бойынша үздік білім мен түсінігін көрсетеді. Қатесіз орындаған.
















Қорытынды бағалау парағы

Оқушының аты жөні

І тапсырма

(0-2 ұпай)

ІІ тапсырма

(0-3 ұпай)

ІІІ тапсырма

(кесте)

(0-6 ұпай)

Жалпы ұпайы

(11 ұпай)

Тест ұпайы

(10 ұпай)

Жиынтық ұпайы

Бағасы


















































Тапсырмалар жауаптарымен

1

1.«Адасқан  әріптерден» құралған сөздерде әр әріпті орнана қойып «План және карта» тарауына қатысты жаңа ұғымдарды табу

1) ТСААШМБ МАСШТАБ

2) ТЗМАУИ АЗИМУТ

3) ТВОЭРАК ЭКВАТОР

4) ДЕНАИИМ МЕРИДИАН

5) ТАРКА             КАРТА

6) СЛБУОГ ГЛОБУС

7) АЛЛЬЛЕПРА ПАРАЛЛЕЛЬ

8) ЛЮПОС ПОЛЮС

9) КЕДІН ЕНДІК

10)ЛЫБОЙҚ      БОЙЛЫҚ                   

2

План және карта тақырыбы бойынша географиялық диктант

Берілген түсіндірмелердің ұғымдарын дұрыс табу керексіздер

Ұғымдар мен терминдер түсіндірмелері

Дұрыс жауабы

Жауаптың нұсқасы

1.Аспан мен жер бетінің астасып көрінетін сызығы

3

1. Меридиан


2.Белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрыш.

5

2. Батыс 


3.270° азимут қандай көкжиек тұсы.

2

3. Көкжиек

4.Жер бетіндегі  өлшенген қашықтықты  қағазға түсіргенде қанша  рет кішірейтілгендігін  көрсететін  бөлшек сан.

4

4. Масштаб


5.Жер бетінің  қағазға кішірейтіліп  түсірілген  нұсқасы.

7

5. Азимут


6.Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктігі.

8

6.Салыстырмалы биіктік 


7.Жер бетіндегі кез-келген нүктенің  басқа нүктеден айырмасы.

6

7. План


8.Жер бетіндегі салыстырмалы биіктікті өлшейтін құрал.

9

8. Абсолюттік биіктік


9.Ең ұзын параллель.

11

9.Деңгейлегіш

10.Жер бетінде полюстен полюске дейін ойша жүргізілген сызық.

1

10. Географиялық карта


11.Жер бетінде ойша экваторға параллель жүргізілген сызықтар.

12

11.Экватор


12.Жер бетінің  белгілі бір масштабқа сәйкес  кішірейтіліп, шартты белгілермен  жазықтықтағы  сызбасы.

10

12. Параллельдер



3

1.Топографиялық әңгіменің белгіленген сөздерін шартты белгілермен жазып көрсеңдер.

Біз әжем екеуміз http://www.osvitanet.com.ua/base_book/geography6/geography6_files/image067.gif шығып, http://www.osvitanet.com.ua/base_book/geography6/geography6_files/image067.gif мен жүріп,) http://www.osvitanet.com.ua/base_book/geography6/geography6_files/image067.gif ден өттік. hello_html_2178beeb.png айналып, hello_html_62e62297.png ішіндегі орманшының hello_html_62e62297.png бардық. Әжем сонда қалды. Біз Серік екеуіміз 1 шақырым hello_html_m4aaab24b.pngмен hello_html_7e45ff5f.png барып, алма жинадық.












2.Әңгіме бойынша шартты белгілерді пайдаланып, немересі мен әжесінің жол сызбасын құрастыру.

Қаладан (1 нүкте) тас жол (2 нүкте) 45° азимут бойынша 200 м қашықтықта орналасқан. Өзенге (3 нүкте) жету үшін немересі мен әжесі 250 метр 90° азимуты бойынша жол жүрді. Аралас ормандағы орманшының үйі өзеннен 180° азимуты бойынша 150 метр қашықтықта орналасқан. Масштаб 1: 5000 (1 см-де 50 метр)
























Масштаб 1: 50000 (1 см-де 50 м)





1 тапсырма: Қазақстанның мен дүние жүзінің физикалық картасын қолдана отырып берілген нысандар арасындағы арақашықтық табу


Нысандар арасы

Оқу құрал жабдықтары

Масштабы

Өллшеу нәтижесі

Павлодар - Қарағанды

Қазақстанның физикалық картасынан

1см-де 80 км

Павлодар _____5 см_______Қарағанды

5х 80 км= 400 км

Астана-Берлин

Жарты шарлар картасынан

1 см: 930 км

Астана_______4 см_______ Берлин

4х 930 км= 3720 км

2 тапсырма: Географиялық координаттар анықтау бойынша

1.52º с.е. пен 14º ш.б.-та орналасқан қала, ол қай елдің астанасы?

Берлин-Германия

2.Орталық бөлігі 19º о.е. пен 47º ш.б.-та орналасқан аралда ең кішкентай маймылдар тіршілік етеді. Бұл қай арал?       

Мадагаскар аралы

3.№1 кеменің теңізшілері 10º с.е. пен 160º б.б.-тағы мұхит тереңдігін анықтауға тапсырма алды. Ал №2 кеме 10º о.е. пен 160º б.б.-та осындай тапсырма орындауға тиіс. Осы жерлерді кескін картаға үшбұрышпен белгіле. Арақашықтығын тап.

1 әдіс.2,4 см х 930 км= 2232 км

2 әдіс 20º х 111 км= 2220 км3

3 тапсырма. Сандық масштабты атаулық, атаулық масштабты сандыққа аыналдырып. Ірі масшатбтан ұсақ масштабқа қарай ретімен орналастырып жаз.

1:10000; 1 см-де 100 м

1:1 000 000; 1 см-де 10 км

1:200 000; 1 см-де 2 км

1см-де 500 м 1: 50000

1 см –де 80 км; 1: 8000000

1 см –де 5 м. 1: 500


1. 1:500;

2.1:10000;

3. 1:50000;

4. 1:200000;

5. 1:1000000;

6. 1: 8000000


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-309548

Похожие материалы