Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Урок по географии для 7 класса на тему "Климат қалыптастырушы факторлар, жер шарының климаттық белдеулері"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Урок по географии для 7 класса на тему "Климат қалыптастырушы факторлар, жер шарының климаттық белдеулері"

библиотека
материалов

Модульдік оқыту технологиясы бойынша

«Жер шары табиғатының басты ерекшеліктері»

бөліміне құрылған модульдің

сөйлесу бөліміндегі 5 сабақ

«Климат қалыптастырушы факторлар, жер шарының климаттық белдеулері» тақырыбы бойынша «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны

(ІІ нұсқа)

Мақсаттары:

Білімділік:

- климат қалыптастырушы факторлар мен климаттық белдеулердің орналасу заңдылықтарын білу;

-жалпы географиялық ұғымдар мен заңдылықтар туралы білімді одан әрі дамытып тереңдету;

Дамытушылық:

- оқушылардың өз бетімен білім алу белсенділігін арттыру;

-оқушылардың пәнге деген шығармашылық қызығушылықтарын ойын элементтерін енгізу арқылы арттыру;

- алған білімдерін жүйелі түрде пайдалану дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік:

- ұжымда жұмыс істеу, бір –бірімен жақсы қарым-қатынаста болу, бір-біріне

көмек көрсетуге тәрбиелеу.

- тбиғаттағы тепе – теңдік заңдылықтарын түсіндіру барысында табиғатты аялап, қорғау қажеттілігін көздейтін экологиялық тәрбие беру.


Сабақтың типі: жаңа білім қалыптастыру

Сабақтың түрі: жартылай ізденіс сабағы, өздігінен білім алу

Сабақтың әдісі: «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны


Сабақтың көрнекілігі:

  1. Қатысушылардың нөмірі жазылған жетондар;

  2. Үстелдерді белгілеуге арналған сілтемелер;

  3. Жалпы бағалау парағы;

  4. Борис Павлович Алисов суреті

  5. Қосымша материалдар (Б.П.Алисов,оның еңбектері туралы мәлімет; климат қалыптастырушы факторлар туралы сызба)

  6. Блиц – турнир сұрақтары мен жауаптар үлгілері

  7. Материктер мен мұхиттар географиясына араналған атлас, кескін картамен.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі - 2 минут

Сәлемдесу

Сергіту сәті

Сабақты келесі шығыс нақыл сөздерімен бастайымын:

Маған айтып берсен, ұмытып қалармын, көрсетіп берсең, есте сақтармын, өзіме жасатсаң, үйреніп алармын, яғни бүгінгі сабақта біз өзіміз тақырыпты меңгеріп аламыз да, алған білімді пайдаланамыз.

Бүгінгі тақырыпты ашу үшін менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер


Бар ма, жоқ па,

Оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде,

Өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)


Қанатыз құс маңып барады

Көзінен жас тамып барады. (бұлт)


Көк жүзінде көп жолақ,

Қойды екен оны кім бояп. (кемпірқосақ)


Аумаған қар, жаумаған қар,

Таңертен бар,сәскеде жоқ. (қырау)


Ашуланып бұртиды,

Ашушаң ақымақ,

Аузы көпіріп құтырды

Кез келгенді ұшырды. (құйын)


Енді осы жұмбақ жауаптарын біріктіретін ортақ тақырыпты табайық


Атмосфера – климат – ауа райы


ІІ. Негізгі кезеңі


§8. Климат қалыптастырушы факторлар, жер шарының климаттық белдеулері тақырыбына сынып 16 бала санына байланысты 4 топқа бөлінді.( 4 оқушыдан)


І тур - 8 минут (Әр топ өз тапсырмаларын - оқу материалының қандай бір бөлігін оқып –үйреніп - алады да, түсіндіруге дайындалады.)


А (1, 2, 3, 4,) - 1 абзац (қосымша)

Б (1, 2, 3, 4,) - 2 абзац (қосымша)

В (1, 2, 3, 4) - 3 абзац (қосымша)

Г (1, 2, 3, 4) – 4 абзац (қосымша)


Қосымша А тобына

1. Жер шары климаты алуан түрлі, себебі Жер бетінде Күннің жылуы мен атмосфералық жауын – шашын әркелкі таралады. (Жер шар тәріздес, Жер өз білігінен және Күнді айнала қозғалады ...)

2. Жер шарында бір – бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылығы бар климаттық белдеулер ажыратуға болады.

3.Белгілі климат зерттеуші Борис Павлович Алисов Жер шарында 13 климаттық белдеу ажыратты.

7 негізгі және 6 өтпелі климаттық белдеулер бөліп көрсетті

Негізгі белдеулер:

  • экваторлық

  • тропиктік (екеу – солтүстік және оңтүстік)

  • қоңыржай (екеу – солтүстік және оңтүстік)

  • арктикалық және антарктикалық

Өтпелі белдеулер

Қhello_html_m36b8a701.jpgосымша Б тобына













Борис Павлович Алисов [1891 жылы 24 шілдеде Орлов губерниясында Кішіархангелде дүниеге келген] совет климатологы, геогарфия ғылымының докторы (1943), Ресей Совет Федерациясы Социалистік Республикасы ғылымының еңбек сіңірген қайраткері (1962). В 1936‒41жылдараралығында Мәскеу гидрометеорологиялық институтының климатология кафедрасының меңгерушісі., 1941 жылдан бастап Мәскеу мемлекеттік университетінің география факультетінің климатология кафедрасының профессоры. Негізгі еңбектері климатологияның географиялық аспектілері, сонымен қатар климаттың қалыптасуына циркуляцияның әсері туралы, Жер шары климатының генетикалық классификациясы және СССР мен шетел елдерінің климаттық аудандастырылуы. Ленин орденімен марапатталған..

1936 жылы Борис Павлович Алисов климаттың жаңа классификациясын ұсынды, ол климат элементтерінің (температура, ылғалдылық, радиациялық орта, жел жылдамдығы, жауын – шашын мөлшері, булану) сипатамасына емес, ауа массалары динамикасына байланысты болды. Негізгі еңбектері климатологияның географиялық аспектілері, сонымен қатар Жер шары климатының генетикалық классификациясы және климаттық аудандастырылу туралы. Ауа массаларының негізгі 4 географиялық типін негізгеала отырып Борис Павлович Алисов 4 негізгі және 3 өтпелі климаттық белдеулер бөліп көрсетті

Негізгі белдеулер:

  • экваторлық

  • тропиктік

  • қоңыржай

  • арктикалық және антарктикалық

Өтпелі белдеулер

Әр белдеуде континенттік және теңіздік түрін ажыратады. Әлі күнге дейін Б.П.Алисов климат классификациясы мен климаттық аудандастыруы қолдануда. Қазіргі студент - географтар да климатологияны профессор Алисовтың кітаптарынан оқиды.

Қосымша В тобына

1. Климат белдеулері негізгі және өтпелі болып бөлінеді.

2. Негізгі климаттық белдеулер 4 ауа массаларының жыл бойы басым әсер ететін аудандарына сәйкес келеді:

- экваторлық – экватор аймағындағы экваторлық ауа массаларына;

- тропиктік – тропиктік ауа массалар ықпалында болады;

- қоңыржай – қоңыржай ауа массалары мен батыс желдері басым болады;

- арктикалық және антарктикалық – поляр аймақтарындағы арктикалық және антарктикалық ауа массалар ықпалында болады;


Экваторлық клиаттық белдеу туралы


Тропиктік климаттық белдеу туралы


Қоңыржай климаттық белдеу туралы

3. Өтпелі климаттық белдеулер негізгі белдеулердің аралығында орналасады. Олардың аттарындағы «суб» сөзі латын тілінен аударғанда «таяу, маңы» деген мағынаны білдіреді. Өтпелі белдеулердің климаты негізгі белдеулердегі ауа массаларының жыл мезгілдіріне байланысты қозғалыстарымен түсіндіріледі.


Қосымша Г тобына


Климат қалыптастырушы факторлар:

1. Географиялық ендік (Жер пішіні шар тәріздес болғандықтан, оның бетіне күн сәулесі де әркелкі таралады. Экватор жағына күн сәулелері тік түседі де, полюстерге қарай барған сайын көлбейлене түседі. Сондықтан экваторда жер бетіне түсетін жылу көп болады, ал полюстерге қарай жылу мөлшері азаяды. Температура ендікке тәуелді.)


2. Ауа массаларының қозғалысы(Ауа массаларының негізгі 4 түрі ажыратылады. Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, арктикалық және антарктикалық. Олар өздері қалыптасқан белдеулерге тән қасиеттерге ие болады. Ауаның жоғары бағытталған және төмен қарай бағытталған қозғалысы температураға тәуелді. Ауаның горизонталды қозғалысы-жел,атмосфералық қысымға байланысты.)


3. Жер бедерінің сипаты – (Жер бедерінің түріне ауа массаларының қозғалысы тәуелді. Егер таулы аймақ болса ауа массаларының қозғалысы тежеледі, ал егержазықты болса ауа массалары еркін қозғалады.

Мысалы: Еуразия материгі климатына тропиктік ауа массалары әсері аздығы (биік таулар), ал арктикалық ауа массалары бүкіл территорияға еркін енеді (жазықтар))


4. Мұхиттардың ықпалы – (Дүниежүзілік мұхит жылу мен ылғалдың таралуын белгілі дәрежеде реттеп отырады. Мұхит ағыстарының жағалаудың климатына, жалпы табиғатына әсері ерекше)


Топтардағы оқушылар орын ауыстырады – 0,5 минут.


ІІ тур - 10 минут

1 (А, Б, В, Г) – 1 үстел

2 (А, Б, В, Г) – 2 үстел

3 (А, Б, В, Г) – 3 үстел

4 ( А, Б, В, Г) – 4 үстелге отырады өз оқығанын түсіндіреді, калғандары жазып алады (сызба, конспект,тезис)


Оқушылар орындарына қайта отырады – 0,5 минут.


ІІІ тур - 10 минут тақырып бойынша түсінгендерін сызба, конспект, тезис түрінде қағазға түсіреді. Әр топтағы оқушылар тақтада бірінен соң бірі өздерінің сызба – конспектілерін қорғайды. (әр топқа 2,5 минут)


ІV тур - жаңа материалды бекіту - 10 минут (тексерумен бірге 8 + 2)


Блиц – турнир (10 сұрақ)

1.Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын белдеулер қалай аталады? климаттық белдеулер

2.Жер шарында климаттық белдеулерді кім ажыратты? белгілі климат зерттеуші Б.П.Алисов

3.Жер шарында неше климаттық белдеу ажыратуға болады? 13 климаттық белдеу

4.Климаттық белдеулерді қандай екі түрге бөлуге болады? негізгі және өтпелі

5. Жер шарында қанша негізгі климаттық белдеу? 7 климаттық белдеу

6.Жер шарында қанша өтпелі климаттық белдеу? 6 климаттық белдеу

7. Жыл бойы ауа температурасы жоғары, жауын - шашыны мол жауатын белдеу қалай аталады? экваторлық климаттық белдеу

8.Не себептен негізгі және өтпелі климаттық белдеулердің шекаралары параллельдер бойына сәйкес келмейді? климат құрушы факторлар әсері

9.Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан? қоңыржай климаттық белдеуде.

10.Климат қалыптастырушы факторларды ата? географиялық ендік, ауа массаларының қозғалысы, жер бедерінің сипаты, мұхиттардың ықпалы


(өздері кілт бойынша тексереді)

9 – 10 дұрыс – «5»

7 - 8 дұрыс – «4»

5 - 6 дұрыс – «3»


Үй тапсырмасы: §8 қайталау, кескін картаға климаттық белдеулерді белгіле, тапсырма 40 бет (таңдау бойынша біреуін) - 0,5 минут


Қорытындылау 1,5 минут

Осымен бүгінгі біздің тақырып бойынша жоспарланған барлық түрлары аяқталды, енді сендер белгілі климат зерттеушіні білесіздер – ол Б.П. Алисов, Алисов бойынша Жер шарында бір – бірінен температурасы мен ауа массалар қозғалысымен ажыратылатын аймақтар бар – олар климаттық белдеулер, олардың саны – 13, олар болады – негізгі және өтпелі, негізгі – 7, өтпелі – 6.


2 минут

Бағалау:: әр турда топ басшысы ортақ бағалау парағын толтырып отырады, сондықтан қорытынды шығарылады.



Ауа


Бұлт


Кемпірқосақ


Қырау


Құйын


Климат


Алуан түрлілігі мен қалыптасуына әсер ететін факторлар









Блиц-турнирды бағалау шкаласы



9 – 10 дұрыс – «5»

7 - 8 дұрыс – «4»

5 - 6 дұрыс – «3»



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Модульдік оқыту технологиясымен «Жер шары табиғатының басты ерекшеліктері» бөліміне құрылған модульдің сөйлесу бөліміндегі 5 сабақ «Климат қалыптастырушы факторлар, жер шарының климаттық белдеулері» тақырыбына «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойынының ІІ нұсқасы бойынша құрсатырылған сабақ. Мақсаттары: білімділік-климат қалыптастырушы факторлар мен климаттық белдеулердің орналасу заңдылықтарын білу; жалпы географиялық ұғымдар мен заңдылықтар туралы білімді одан әрі дамытып тереңдету; дамытушылық-оқушылардың өз бетімен білім алу белсенділігін арттыру;оқушылардың пәнге деген шығармашылық қызығушылықтарын ойын элементтерін енгізу арқылы арттыру; алған білімдерін жүйелі түрде пайдалану дағдыларын дамыту;тәрбиелік- ұжымда жұмыс істеу, бір –бірімен жақсы қарым-қатынаста болу, бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу; тбиғаттағы тепе – теңдік заңдылықтарын түсіндіру барысында табиғатты аялап, қорғау қажеттілігін көздейтін экологиялық тәрбие беру.

Общая информация

Номер материала: 279734

Похожие материалы