Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Урок по географии на тему "Германияның экономикалық-географиялық жағдайы Табиғат жағдайларымен ресурстары.халқы."

Урок по географии на тему "Германияның экономикалық-географиялық жағдайы Табиғат жағдайларымен ресурстары.халқы."

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Германияның экономикалық – географиялық жағдайы

Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы



Мақсаты:

А)Білімділік: Оқушыларға Германияның экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары туралы білік- дағдыны қалыптастыру.

Ә)Тәрбиелік:қосымша ақпарат көздерінің көмегімен Германияның ірі қалаларымен, неміс халқының тұрмысымен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру.

Б)Дамытушылық:Оқушыларды ізденіске,еңбекқорлыққа,іскерлікке,қиындықты ойлана отырып шешуге, логикалық ойлауын дамыту,география пәніне танымдық қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі:Жаңа біліді меңгерту сабағы

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:1.Сұрақ-жауап.

  1. Тірек-сызбамен жұмыс.

  2. Әңгіме-дәріс.

  3. Кестемен жұмыс.

5.Картамен жұмыс

  1. Топпен жұмыс


Сабақтың көрнекілігі:Қосымша деректер, оқулық, слайд, кескін карта.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Тест.Графикалық диктант /слайд/

2.Қорытындылау: Кластерлік ассоциация /слайд/

ІІІ.Жаңа сабақ. /слайд/

  1. Жұмбақ әңгіме

  2. Әңгіме-дәріс.

  3. Тірек-сызбамен жұмыс.Әңгімелеу

4.Топпен жұмыс. (Топтастыру әдісі, кубизм стратегиясы . )

  1. Картамен жұмыс

Қорытындылау.

Кластерлік ассоциация

  1. Жаңа сабақты бекіту.

  2. Сұрақ-жауап.

  3. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1Графикалық диктант

  1. Еуропаның өнеркәсібіндегі ең жетекші сала - машина жасау

  2. Еуропада машина жасаудан кейінгі жетекші сала- түсті металлургия

  3. Еуропада «Үлкен жетілікке»кіретін төрт ел орналасқан

  4. Германия менҰлыбританияда көмір өндіру мүлдем тоқтатылды

  5. «Үлкен жетілікке»сегіз ел кіреді

  6. Қазір аймақтағы АЭС-тер саны 80-ге таяу

  7. Дүние жүзіндегі туристер ең көп баратын ел Франция

  8. Шығыс Еуропаны бұрын социалистік жүйеде болған елдер алып жатыр

  9. Дүние жүзіндегі аса ірі 200 банктің 100-ден астамы Еуропада орналасқан

    1. 2002 жылы 1 қаңтарда -еуро айналымға енгізілді



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

+

-

+

-

+

-

+

+

-

-

«+» дұрыс

«-» дұрыс емес

Бағалау: «5»-9-10, «4» -6-8, «3»-4-5, «2»-0-3



ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Жұмбақ әңгіме:

Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз Еуропадағы жоғары дамыған ел туралы. Біз бұл елдің экономикалық-географиялық, табиғи жағдайларымен және табиғи ресурстарымен, халқымен танысамыз. Тарихқа үңілсек бұл ел бірінші дүниежүзілік соғыста ең алғаш рет химиялық қаруды пайдаланған. 1882 жылы «Үштік одақтың құрылуына» себепші болған. Екінші дүниежүзілік соғыстың отының тұтануының да себепшісі болған ел туралы . Бұл қай ел? -ГФР



2.Германияның Елтаңбасымен,Туымен, астанасы-Берлинмен және мемлекеттік құрылымымен таныстыру. /слайд қосымша материал/

ГФР – Елтаңбасы ГФР-ның Туы/слайд, суреттер/

ГФР-дің әнұраны-1841 жылы сөзі жазылған, бұл әнге әнұран мәртебесін 1922 ж. Рейхпрезидент Фридрих Эберт берген.

ГФР-ның астанасы-Берлин қаласы әйгілі«Бранденбург қақпасы»

Мемлекет басшысы- федералдық президент Йоахим Гаук /слайд ,сурет/

Үкімет басшысы – федералдық канцлер Ангела Меркель /слайд, сурет/

  1. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Германияның экономикалық-географиялық жағдайын түсіндіру.



Германияның экономикалық-географиялық жағдайы





Маңызды ірі порттар орналасқан

Балтық, Солтүстік теңіздермен шектеседі

4.Топтастыру.

Оқушылар Германияның табиғат ресурстарын топтастыру арқылы түсіндіреді



  1. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Германияның халқынның құрамын, санын түсіндіру.



Халық саны

Халқы 82,4 млн адам. Батыс Еуропада 1-ші орында.

Ұлттық құрамы

92%-ы немістер, 2,5%-түріктер, 1%-ы югославтар т.б.

Тығыздығы

1 км2-ге 229 адамнан келеді. Діні христиан діні басым, басқаларынан ислам тараған.

Қала халқы

Халқының 86%-қалада тұрады.

 

  1. 1) Картамен жұмыс. Германияның географиялық орнына жоспар бойынша сипаттама беру.

  2. А)Физикалық – географиялық орны

  3. Ә)Көршілес елдері

  4. Б)Құрлық және теңіз көлік жолдарына қатысы

  5. В)ЭГО –ның ел шаруашылығының дамуы мен орналасуына әсері

Қорытындылау.

  1. Жаңа сабақты бекіту.

  2. Сұрақ-жауап.

  3. Германияның экономикалық-географиялық жағдайы?

  4. Германия аумағының құрамы?

  5. Германияның табиғат ресурстары?

  6. Германияның табиғатын қорғау?

  7. Германияның халқы?



  1. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге:Германияның экономикалық-географиялық жағдайы, халқы оқу. Кескін картаға Германия аумағын түсіру.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

берілген сабағым Германияның экономикалық-географиялық жағдайында болғасын,менің мақсатым балаларға оңың табиғат ресурстары және халқы жөнінде білімдерін қалыптастыру.Сабақ барысында мен түрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым,Кеңірек айтатын болсам:

1.Сұрақ-жауап.

Тірек-сызбамен жұмыс

Әңгіме-дәріс.

Кестемен жұмыс.

Картамен жұмыс

Топпен жұмыс

Күтілген нәтижем өз жемісін берді.Балаларға картамен германия елінің көршілес елдерін көрсетті,оның алып жатқан ауданы,халқы,табиғат ресурстарын.




Автор
Дата добавления 23.04.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров341
Номер материала 251856
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх