Инфоурок География КонспектыУрок по географий Атырау облысының геологиялық құрлысы жер бедері.

Урок по географий Атырау облысының геологиялық құрлысы жер бедері.

Скачать материал

Бекітемін

Оқу ісінің меңгерушісі:                     С. Зинуллина

 

Сыныбы: 7  «а»

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Геологиялық құрылысы мен жер бедері

 

Мақсаты: Оқушыларға өз өлкесінің геологиялық құрылысы мен жер бедері  туралы білім беру.

 

Оқу нәтижесі:

ü  Атырау облысыны тектоникасы мен геологиялық құрылысын біледі.

ü  Жер бедерінің ерекшелігін  түсінеді;

ü  Картадан көрсете алады.

Ресурстар: Атлас, карта, кескін карта, үлестірмелі материалдар, түрлі-түсті бояулар

 

Әдіс-тәсілдер: «Сұрақ-жауап», «Қара, оқып шық, жап, жаз»,  «Кемпірқосақ» тәсілі

 

Сабақ барысы:

Мотивациялық кезең:

Оқушылармен амандасып, түгендеп, оқушы назарын сабаққа аударады, топқа түстер арқылы бөледі;

Сөзжұмбақ арқылы үй тапсырмасы пысықталады. Сөзжұмбақты шешкенде жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Операциялық кезең

Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды;

Мәтінді тарату.

«Қара, оқып шық, жап, жаз» әдісімен тапсырма беру;

 

Дәйексөз

            Сенде өткен әрбір күнім сайран маған,

Сайран керек асауға байланбаған.

Суырсаң қынабыңнан қылышыңмын,

Балтаңмын тот баспаған, қайралмаған

Жұмекен Нәжімеденов

Жаңа ақпарат

Геологиялык тұрғыдан алғанда Атырау облысы көне Шығыс Еуропа платформасына ендеп кірген Каспий маңы ойпатының оңтүстік жағалауын алып жатыр.

Атырау облысының шегінде ендік бағыты бойынша 500 км-ге созылған, ені 90-140 км Солтүстік Каспий — Биікжал аймағы бар. Оңтүстік жағында Оңтүстік Жем ылдиымен көмкеріледі, мұндағы іргетастың беті 12-13 км тереңдікте жатыр. Іргетастың үстінде шөгінді қорабы бар, ол тұз асты, тұзды, тұз үсті кешендеріне бөлінеді, палеозой және мезокайнозой кезеңдерінде қалыптасқан, жыныстарының жалпы тереңдігі 12-14 км-ден асады. Қаратон-Теңіз аймағында бірыңғай карбонатты кешен қалыптасқан. Геофизикалық зерттеулердің мәліметтері бойынша оның жалпы калыңдығы облыстың Солтүстік Каспий аймағында 1,5-3 км-ге дейін, Каспий маңындағы ойпат ернеуінің оңтүстік-шығысында 8-10 км- ге дейін өзгеріп отырады.     Тұз асты кешенінің күмбезі оңтүстігінде Оңтүстік Жем инверсиялык биігінен солтүстіктегі ойпаттың орталығына қарай моноклиналды түрде енеді. Тұз асты кешенінің моноклиналды енуінің аясында 3,5-3,8 км-ден 6-6,4 км-ге дейінгі тереңдіктен көптеген жергілікті қатпарлар, көлемі мен аумағы жөнінен әр түрлі, көтерілетін жерлердің жолағын кұрайтын белгілер ерекшеленеді. Ерекшеленген төбешіктердің ұзындығы 6-20 км-ге дейін, ені 100-300 м-ден 2-13 км-ге дейін кұбылып отырады.

Юралық-бор шөгінділер жағалаулық-теңіздік және теңіздік-терригенді, терригенді-карбонатты шөгінділер түрінде кездеседі. Бұл шөгінділердің қалыңдығы облыстың солтүстік бөлігінде 0,3-0,5 метрден Прорва аймағында     3 км-ге дейін өзгеріп отырады.

Тұтастай алғанда облыстың тектоникалық дамуында жауын суының жиналу жағдайындағы сияқты сабақтастық байқалады. Сабақтастық мезгілі жөнінен геологиялық кезендерге сәйкес келеді. Аймақтың жоғарғы пермьдік-триастық, юра-палеогендікнеоген-төрттік даму кезендері айқын көрінеді.

Облыс аймағы Каспий ойпатының солтүстік-шығыс бөлігін, Жем қыраты мен Үстірттің батыс шетін, Каспий теңізінің солтүстік бөлігін алып жатыр. Жері солтүстігінен оңтүстікке қарай аласара түсетін ОйылСағызЖем өзендері салаларымен тілімденген.

Бұл аймақты Жем қыраты мен Үстірттің батыс сілімдері Доңызтау (214м), оның бөліктері Желтау (221м), Тамды (175) жоталары алып жатыр. Қайнар мен Жем өзендері араларында  Иманқара (199 м) Қойқара қыраттары, Қарамұрат жоны, Алабие, Аққұдық, Қабылан жоталары орналасқан. Олар ақшыл ізбес тастан тұрады. Жайық өзенінің сол жақ жағалауында Индер тауы орналасқан. Таудың биіктігі 52 м., ұзындығы  25-30 км, ені 10 км-ге жуық.

Каспий маңы ойпатының оңтүстік және оңтүстік батыс бөліктерінде құмды шағылдар көп тараған. Еділ өзенінің сол жағалауы мен Каспий теңізінің  жағалықтарын  Нарын құмы  мен  Мыңтөбе құмыҚосдәулетБотай  құмдары, Ойыл мен Сағыз аралығын Тайсойған,  Бүйрек құмдары, облыстың шығысын Каспий маңы Қарақұмы алып жатыр. Бұл құмдардың ең үлкені –Нарын құмы.

Атырау аумағында кең тараған жер бедерінің бір түрі сорлар. Олардың тереңдіктері 5-10 м-ге жетеді Ресей шекарасының батыс бөлігінен Еділ өзені ағып өтеді. Каспий теңізіне құйып жатқан Еділ мен Жайық өзендерінің ара қашықтығының барлық дерлік бөлігін Атырау облысы алып жатыр. Географиялық тұрғыдан облыстың солтүстік–батыс жағы Еуропада, ал бүкіл шығыс жағы Азияда, негізінен шөлейттік аймақта жатыр. Сонымен қатар, Атырау аумағында тақырлар кездеседі. Ең үлкен тақыр Намаз тақыры деп аталады. Ол облыстың солтүстік шығысында ораласқан.

Ақтөбе – Атырау облысы Жылыой ауданы жерінде. Қаратон кентінің шығысында 19 км жердегі төбе. Абсолюттiк биіктігі 15 м. Төбенің маңайында сор алқаптары мен мұнай өндіріс орындары бар.

Асанқайғы түстенген тау – Индербор кентінен 12 шақырым, Индер тұз көлінің солтүстік шығысындағы тау. Ел аузындағы аңызда Асанқайғы Сәбитұлы Ноғайлы жұртын бастап көшкенде (Ақтөбе мен Қорғанша мекендерінен) осы жерге келіп түстеніп, тыныстағын.

Бесшоқы - Каспий маңы ойпатындағы қырат. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-ге созылған, ені 8-12 м. Абсолюттік биіктігі     14 м. Қыраттың оңтүстік-шығыс беткейі кемерлі. Көлбеу солтүстік-батыс беткейі біртіндеп аласарып, Бесоба сорына ұласады. Топырағы құнарсыз, сортаңды сұр. Онда бұйырғын, сораң сияқты өсімдіктер өседі.

Доңызтау, Қабантау – Үстірттің солтүстігі мен  Каспий маңы ойпатының шектескен жеріндегі аласа тау.

Ақтөбе облысының Байғанин және Атырау облысының  Жылыой аудандары аумағында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 215 м, салыстырмалы биіктігі 120-150 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 75-90 км-ге созылған, енді жері 20 км. Жер қыртысы жоғары миоценнің оолитті әктастарынан түзілген. Таудың солтүстік беткейі тік жарлы, кемері сай-жыралармен тілімденген, етегінде бұлақтар кездеседі. Көлбеу келген оңтүстік беткейі біртіндеп жазыққа ұласады. Сұр топырағында сұр жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, күйреуік басым өскен. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

Желтау - Мұғалжар тауының қиыр оңтүстік-батысындағы оқшау тау сілемі. Атырау облысының Жылыой ауданы жерінде, Солтүстік Үстірт маңындағыДоңызтау тауының батысында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 221 м, ұзындығы 45 км, енді жері 12 км шамасында. Желтау төменгі төрттік және жоғарғы миоцен дәуірінің оолитті әктастарынан түзілген. Солтүстік шеткейі тіктеу келген, оңтүстігі көлбеуленіп біртіндеп жазыққа ұласады. Сай-жыралармен тілімденген оңтүстігінде Тұрсынбай тоғаны жатыр. Тоғаннан және тау етегінен Жақсы Қарасай өзені бастау алады. Сортаңды сұр топырағында жусан, сарсазан, баялыш, қара сексеуіл өседі. Желтау баурайы маусымдық мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

Иманғара - Каспий ойпатының солтүстік-шығысындағы дөңгелек пішінді оқшау аласа тау. Атырау облысының  Жылыой ауданындаҚұлсары қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 65 км жерде орналасқан.

Абсолюттік биіктігі 200 м, ұзындығы мен ені 8-10 км. Биіктеу батыс бөлігі жарқабақтанып тілімденген, қалған бөліктері үстіртті жазық. Етегінде бұлақтар кездеседі. Таудың басындағы 3 алаңқайда сақ дәуірінің (б.з.б. 5 ғ.) обалары мен қорғандары орналасқан.

Тау беткейлерінде бұта аралас бұйырғын, тасбұйырғын, боз жусан тағы басқа шөлді белдемнің өсімдіктері өседі. Иманғара өңірі жазғы жайылымдық.

Иманқара тауы – өлкеміздегі саусақпен санарлықтай табиғаты ең көрікті жерлердің бірі. Ол сонымен қатар, тарихи орындардың да бірі екені белгілі. Ұлы Отан соғысы кезінде мұнда фашистердің десанты түскені туралы ауызекі әңгімені бала күнімізден естіп өстік. Ендеше, Иманқара тауына барып, тек табиғат ландшафтының сұлулығын ғана тамашалап қоймай, тарихи ескерткіш ретінде тамашалауға да мүмкіндік бар. «Алтынның қолда барда қадірі жоқ» деген сөз рас па әлде, осындай табиғаттың баға жетпес байлығын қадірлей алмай отырғандай көрінеміз. Пай, пай, неткен сұлулық десеңізші! Ұшар басына шыққанда бейнебір ұшақтан қарағандай туған жеріміздің картасының сұлбасын көргендей боласың.

ИндерДендерІндер – Каспий маңы ойпатындаЖайық өзенінің сол жағында Индер көлінің солтүстігінде орналасқан аласа тау. Атырау облысының Индер ауданы аумағында, солтүстік жазық бөлігі Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданына  қарайды. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 25-27 км-ге созылып жатыр, енді жері 10 км-дей. Абсолюттік биіктігі 52 м. Таудың негізі пермь кезеңінің тұзынан, гипсінен, гипсті-мергельді тақтатасынан түзілген.

Көлге қарайтын оңтүстік беткейі жарқабақты, тілімденіп келген. Солтүстік жазық бөлігінде үйінді көне тас қорымдары кездеседі. Етегінде көлге құятын көптеген минералды бұлақ көздері, ал қиыр шығысында тұщы сулы құдық (Алтықұлаш) орналасқан. Тау беткейлерінде, негізінен, боз, жусан, т.б. шөлдің сораң шөптері өскен. Бұл өңірде кезінде тұз қабаттарының мыңдаған жылдар бойы кебуінен пайда болған өте бағалы борат кені бар

Қарашоқы - Желтау тауларының оңтүстік-шығысындағы төбе.

Атырау облысы Жылыой және Маңғыстау облысы Бейнеу аудандары аумағында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 141 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км.

Етегінде бірнеше ұсақ төбелер бар. Батысында Ырғызбай жайлауы, шығысында Манайсары соры, Үштөбе, оңтүстігінде Жаршоқы төбелері орналасқан.

Сортаңды сұр топырақ жамылғасында жусан, сораң, еркек шөп, тасбұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі. 

Жеке жұмыс (кескін карта)

 

Рефлексиялық кезең

Мұғалім сабақты қорытындылайды;

«Кемпірқосақ» тәсілі арқылы рефлексия

TALKrainbow2Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төменгі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік деңгейін білдіреді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по географий Атырау облысының геологиялық құрлысы жер бедері."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 528 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.04.2017 1194
    • DOCX 116.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Казиева Турсынай Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Казиева Турсынай Муратовна
    Казиева Турсынай Муратовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29659
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 220 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 760 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по географии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 442 человека

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек