Инфоурок География Научные работыУрок по географий "Атырау облысының табиғат байлығын тиімді пайдалану және қорқау"

Урок по географий "Атырау облысының табиғат байлығын тиімді пайдалану және қорқау"

Скачать материал

Бекітемін

Оқу ісінің меңгерушісі:                       С. Зинуллина

 

Сыныбы: 7 «а»

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Табиғат байлығын тиімді пайдалану және қорғау

Мақсаты: Табиғат байлығын тиімді пайдалану және қорғауды үйрету

Оқу нәтижесі:

ü  Табиғат байлығы туралы білім беру;

ü  Оны тиімді пайдалануды түсінеді;

ü  Табиғат байлығын қорғайды

Ресурстар: Атлас, карта, кескін карта, үлестірмелі материалдар, түрлі-түсті бояулар

 

Әдіс-тәсілдер: «Сұрақ – жауап», «6 қалпақ», «Эссе»

 

Сабақ барысы:

 

Проблеманы айқындау

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру «Көңіл күйді анықтау»

(Әр оқушы көңіл күйлерін табиғат құбылыстары арқылы көрсету)

 

Топқа ұқсас ерекшеліктер бойынша  бөлдім:

 

- мына топқа аталары мен әжелері барлар отырады;

- мына топқа үйдің үлкен балалары отырады;

- мына топқа үйдің кенже балалары отырады;

- мына топқа«samsung» ұялы телефондарыбарлар отырады;

Оқушыларды жаңа білім қабылдауға және игеруге белсенділендіреді. Сұрақтар  қойылады.

Оқушылар:

ü  Тақырып бойынша өз мақсаттарын айқындайды;

ü  Тақырып бойынша өз өмірлеріне тікелей қатысы бар нақты проблемаларды айқындайды;

ü  Проблема бойынша өздерінің бұрынғы білімдерін есіне түсіреді, оларды салыстырады, байланыстырады;

ü  Сұрақтарға жауап береді

 

Проблеманы шешу

Оқушыларға білім алудың белсенді тәсілінің бірі «6 қалпақты» ұсынамын;

Оқушылардың өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруіне қажетті жағдайлар жасау

 

Дәйексөз

Кешірме сен

Жат қылықпен жаныңды жараласам.

Бар сырымды бүкпесіз саған ашам.

Мен ел кезіп кетермін отансыздай.

Үмітіңді ақтауға жарамасам.

                                     Фариза Оңғарсынова

Жаңа ақпарат

Жер – халықтың дәулеті, ырысы. Жер – құт береке көзі. Оны ұқыптылықпен игере білу керек. Сондықтан осындай зор байлықты тоздырмай, улы химикаттармен уламай, топырақ жел эрозиясына ұшыратпай, тиімді пайдаланып, келешек ұрпақ несібесіне сақтап жеткізу – басты міндет. Айналадағы ортаның бүлініп, ластануына басты себеп – өндіріс ошақтары, көлік құралдары, ядролық қаруларды сынақтан өткізу және т.б.

Өлкеміздің жер ресурсын сол қалпында сақтау үшін ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрестің биологиялық әдістерін кеңінен қолданып, ағаш отырғызып әрі қажетті мелиорациялық жұмыстарды жүргізіп отыру керек. Сонымен қатар, жер қойнауынан қазып алынатын пайдалы қазбаларды қалдықсыз технологияны қолданып, жер бетіндегі өндіріс қалдықтарын қайта өңдеп, құрылыс материалдарын шығаруға пайдалану қажет.

Су ресурстарын қорғау. «Су - тіршілік көзі» деп халқымыз тегін айтпаған. Сусыз тірі организмнің өмір сүруі мүмкін емес. Су ресурстарының ластануы ең алдымен айналадағы ортаға әсер етіп, флора мен фаунаның біртіндеп жойылуына алып келеді. Сонымен қатар, сүзек, сары ауру, тырысқақ және басқа да жұқпалы ауру түрлерінің таралуына, өршуіне себеп болады. Су ресурстары су қоймаларына, ағын суларға тазартылмаған немесе шала тазартылған өндірістік-тұрмыстық және ауылшаруашылық қалдық судың ағызуынан ластанады. Су айдындарының тазалығын сақтаудың ең басты жолы – өндірісте пайдаланылған суды тазартып, қайта айналысқа қосатын тұйық өндірістік цикл тәсілін қолдану.

Жаңа мұнай-газ кен орындарын игеру тәжірибесінен мұнай тек суды ғана емес, бүкіл айналадағы ортаны да ластайтыны байқалды. Суға төгілген мұнай су бетіне жайылып, оған оттегінің өтуіне кедергі жасайды. Ал суда оттегі болмағандықтан, ондағы тірі организмдер қырыла бастайды. Су сияқты аса бағалы табиғи байлықты тиімді пайдалану мен қорғау қазір дүниежүзілік проблемаға айналып отыр. Ластанған суды механикалық, химиялық және биологиялық жолдармен тазартады.

Ауа кеңістігін қорғау. Қазіргі таңда атмосфера тазалығы дүниежүзі мемлекеттерін алаңдатып отыр. Өйткені атмосфераның ластануы биосферадағы тіршілікке, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің дамуына көп зиянын тигізеді. Атмосфераға химиялық қосылыстардың: түтін, күйе, шаң-тозаңдар таралуы жыл сайын артып келеді, ал жұқпалы ауру тудыратын микробтар көбейіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруде. Ауа кеңістігін ластайтын – өнеркәсіп орындарынан шығатын улы газдар мен автомашина түтіні болып отыр. Атмосфераның негізінен төменгі қабаты ластануда. Егер ауада қорғасын шаңы көп болса, ондай ауамен дем алған адамның қан қысымы көтеріліп, ауырады. Ғалымдардың айтуына қарағанда, ауаны тазарту үшін ағаштарды көптеп егіп, өндіріс орындарына улы газдарды ұстайтын қондырғы орнату керек. Орман тек таза оттегін ғана шығарып қоймай, шаң-тозаңды сіңіріп, көшедегі шуды бәсеңдетеді.

Ауадағы лас заттардың ішінде адамдар мен өсімдік, жануарлар үшін ең қауіптісі – радиоактивті заттар. Ал радиоактивті заттар жер бетіне атом және сутегі бомбаларын сынау мақсатында жарған кезде, атом электр станцияларындағы атомдық реакторлардың радиоактивтік қалдығы арқылы да таралады. Атом және сутегі бомбаларын жарған кезде радиоактивті заттар ауаға таралып қоймай, жауын-шашынмен жер бетіне түсіп, суды, топырақты, өсімдік пен жануарлар дүниесін зақымдайды. Соның салдарынан тірі ағза денесінде радиоактивтік заттар (стронций-90, цезий-137) жиналып, жазылмас дертке ұшыратады.

Орманды қорғау. Орман қорлары сарқылатын және салыстырмалы жаңғыратын қорларға жатады. Орман ағаштарының қоршаған ортаның жақсаруына, су мен жер қорларының жақсы сақталуына тигізетін әсер мол. Жер бетіндегі өсімдіктер 100 млрд. тонна фитомасса түзсе, оның ішінде ағаштан басқа көк жамылғы 62 млрд. тонна, ал орман ағаштары 38 млрд. тонна (60%) құрайды.

Атырау облысы  орман қорына (22,1 мың га) бай емес. Ағаш және ағаш өнімдерінің басым бөлігі шетелдерден (көпшілігінде Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте өзекті экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселе.

Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі – оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы. Сондықтан орман қорын өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылуы тиіс. Орманда әр жылдық ағаштар өседі. Бұл ағаш өсіру мен оны пайдалануды үйлестіруге мүмкіндік береді. Яғни ағашты өсіруге, оны қорғауға жұмсалатын шығын мен оның өнімдерін пайдалану процестері үздіксіз қайталанып отырады.

Екінші мәселе – ағаш даярлау (кесу, тасымалдау) жұмыстарын ұқыпты жүргізу керек. Бұл жұмыстар кезінде жас ағаштардың өсуіне нұқсан келтірмеуі қажет. Ағаш кесу орман ағаштарының құрамына, жасына байланысты белгіленеді. Ағаш даярлау кезінде әсіресе орманда құнды ағаштардың сақталуы, құнды ағаштар кесіліп, және оның орнын басқа құндылығы төмен ағаштар баспауы қадағалануы тиіс. Ағаш даярланғанда оның табиғи өсуіне зиян келтірмейтін техника, технологиялар қолданылуы керек.

Үшінші мәселе – орман қорын кешенді пайдалану. Орманды тек ағаш даярлау үшін емес, оның басқа қызметтерімен үйлесімді пайдалану. Қазақстан ормандарының басым бөлігі 1-топқа жатқызылған. Онда тек қана күтіп-баптау, сауықтыру, тазарту кесімдері жүргізіледі. Бұл топтағы ормандар негізінен экологиялық қызметтер атқарады.

Төртінші мәселе – даярланған ағаш қорын кешенді пайдалану, ағаштың сүрегін ғана емес басқа бөліктерін де (бұтақтарын, түбірін, қабығын, қылқанын) пайдалану. Тақтай тілуге жарамсыз құндылығы төмен ағаштарды пайдалану. Қазіргі кезде ағаш даярлау, өңдеу қалдықтарынан, төменгі сортты ағаштардан халық шаруашылығына қажетті көптеген бұйымдар, өнімдер (целлюлоза, картон, қағаз, ДСП, ДВП, жасанды талшық пластмасса, жем, спирт, глюкоза, т.б.) шығарылады.

Кешенді пайдаланған әрбір ағаш ағаш кесуді қысқартуға, сөйтіп орманды қорғауға септігін тигізеді. Ағаш өнімдеріне көпшілік қажеттілікті ағашты кешенді пайдалану, ағаш қалдықтарын пайдалану (макулатура есебінен) арқылы қамтамасыз етуге болады. Сөйтіп, орман ағаштары басқа экологиялық қызметтер үшін сақталады. Екінші жағынан ағаш өсіру, қорғау, даярлау шығындары үнемделеді. Орман қоры өздігінен қалпына келетін табиғат ресурсы болса да, оны пайдалану қарқыны артып отыруына байланысты орман қорын өсіруге, қорғауға еңбек жұмсауға тура келеді. Осыған сәйкес орман шаруашылығына жұмсалған барлық шығындар, еңбектің нәтижесі, тиімділігі есептелуге тиіс. Орман қорын тиімді пайдалану, қорғау экономикасы орманды өсіру құнын, қорғау шығындарының тиімділігін анықтауды талап етеді. Орман шаруашалығы өндірістің жеке саласы ретінде өзін-өзі қаржыландырады, шаруашылық есеп жүргізеді. Бұл үшін ең бірінші кезекте орман қорын экономикалық бағалай білуіміз керек.

 

Оқушылар:

ü  Жаңа ақпаратпен танысады;

 

ü  6 қалпақ әдісі арқылы мәлімет бойынша пікір алмасады, ой жарыстырады, талқыға салады;

 

ü  Жаңа ақпарат туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

 

Проблема шешімін қолдану

 

 

Мұғалім сабақты қорытындылайды;

 

Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді:

 

·         Алдымен біз былай деп ойладық ....

·         Одан кейін біз мына проблемаға тап  болдық ....

·         Проблеманы шешу үшін біз ....жасадық

·         Бұдан біз .... көрдік

·         Демек, бұл мынаны білдіреді...

·         Сонымен біз .... деген шешімге келдік

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по географий "Атырау облысының табиғат байлығын тиімді пайдалану және қорқау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 292 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.04.2017 1531
    • DOCX 53 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Казиева Турсынай Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Казиева Турсынай Муратовна
    Казиева Турсынай Муратовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29466
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по географии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 40 регионов

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения географии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по географии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе