Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Урок по географий на тему "Африкаға саяхат"

Урок по географий на тему "Африкаға саяхат"

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Алматы облысы Кербұлақ ауданы

«Қаспан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

Изахунов Алимжан Ясынұлы







КВН – сабағы

Африкаға саяхат

Сабақтың мақсаты: «Африка» тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін бекіту.

Көрнекіліктер: Дүниежүзі физикалық карта, Африканың тақырыптық карталары; геологиялық пен пайдалы қазбалары, климаттық, табиғи зоналары, атластар, суреттер, бейнетаспа.

Сабақтың жоспары:

І. Жүргізүшінің сөзі

ІІ. Сайыс топтардың сәлемдесуі

ІІІ. Эрудит жарысы

ІУ. Негештер жарысы

У. Геологтар жарысы

УІ. Метереологтар жарысы

УІІ. Саяхатшылардың жарысы

УІІІ. Саз жарысы

ІХ. Сайыс топ басшыларының жарысы

Х. Үй тапсырмасы

ХІ. Қорытынды



І. Жүргізушінің сөзі.

Әрбір материк өздеріне тән қасиеттерімен ерекшелінеді. Австралия – ең құрғақ материк, Антактида – ең сұық, Еуразия – ең үлкен және өзінің түрлі табиғи жағдайымен болса, ал Африка – ең ыстық болып келеді. Африка басқа да материк сияқты өзінің табиғатымен, адамдарымен қайталанбайтын материк. Бұл континетте кен жазық жерлері көп, сондай-ақ жер бетіндегі ең жоғарғы температура, табиғи кешенінің әртүрлілігі, жер шарындағы ең үлкен шөл және ең көлемі үлкен ылғалды экваторлық орман массиві орналасқан. Қар жамылған тау шыңдары ұшы қиырсыз ыстық саваннаның үстінен қарап тұр. Африка материгінде төменгі белдеулердің сирек кездесетін жануарлары, құрғақтағы ең бір сүт қоректілер – піл, сусиыр, мүйізтұмсық, кериктер сақталған. Бұл ерекшелікті және де басқа қасиеттерін сіздерге «Пигмея» және «Виктория» деген екі топтар түсіндіріп береді. Сонымен, ортаға екі топ шақырылады.

ІІ. Сайыс топтардың сәлемдесуі. (3 бал).



ІІІ. Эрудиттер жарысы.

Әрбір эрудитке (әр топтан бір адам) 15 минутқа Африка тақырыбы бойынша кроссворд беріледі. ( 1 бал).

ІУ. Негіштер жарысы.

Әр топ бір-біріне «неге» деген сөзден басталатын үш сұрақтан қояды. Ойлануға 10 секунд беріледі. Сұрақтар әртүрлі болады.

Мысалы;

1. Неге Конго өзені Африкадағы ең сулы өзен болып саналады?

2. Неге Шығыс Африкада көл көп?

3. Неге Африкада қарғалар тұрмайды?

4. Неге Африка ең ыстық материк болып саналады?

5. Неге Африкадаклиматтық белдеулері екіден кездеседі?

6. Неге Африка материгі Африка деп атайды?

У. Геологтар жарысы.

Әр топқа тау жыныстардың үлгілері салынған конверт беріледі.

Мысалы;

1. алтын, 2. мұнай, 3. темір, 4. мыс, 5. мырыш.

1. хром, 2. тас көмір, 3. тұз, 4. марганец, 5. фосфор.

Тапсырма: тау жыныстарын атап беріңіздер – 4 бал.



УІ. Метереологтар жарысы.

«Пигмейлердің» сұрақтары:

1. Экваторға пассаттар – (бұл ылғалды) қалай әсер етеді?

2. Пассаттар – бұл ылғалды жел деген түсінік дұрыс па?

3. Неге пигмейлер бушмендермен, кафтарға қарағанда ақ түсті?

4. Африканың қай жерінде ең көп жауын-шашын түседі?

5. Африканың қай жерінде шілде айында ең жоғарғы температура байқалады?

«Викторияның» сұрақтары:

1. Егер де Африка шөлінде қантарға қарағанда шілде айында суықтау болса, бұл қандай шөл болады?

2. Экватор және Оңтүстік тропикте күн тас төбеде (зенит) тұрса, ауаның орташа температурасы 24 С дейі көтеріледі. Бірақ, Солтүстік тропикте күннің сондай жағдайында, орташа температура 32 С көрсетеді. Бұл жағдайды қалай түсідіруге болады?

3. Африкадағы ең құрғақ жер?

4. Африкада мұздықтар бар ма?

5. Тропикалық белдеуде қанша жауын-шашын түседі?



УІІ. Саяхатшылар жарысы.

Әр топқа конверт беріледі. Бір топқа – Д.Ливингстонның зерттеуі, екіншіге – В.Юнкердің зерттеуі туралы.

- Д.Ливингстонның зерттеген ауданы – Оңтүстік Африка;

- В.Юнкердың зерттеген ауданы – Шығыс Африка.



УІІІ. Саз жарысы.

Топ мүшелері кезекпен өленнің немесе тақпақтың Африка деген сөз бар (географиялық объект, өсімдіктер, жануарлар туралы) үзіндісін айтады.

ІХ. Топ басшылар жарысы.

Әр топ басшысына 10 сұрақтан қойылады, олар 10 сек (1 сұрақ – 1 сек) жауап беру керек.

І топтың сұрақтары;

1. Африка материгінің ең биік шыңы?

2. Ең үлкен табиғи зонасы?

3. Солтүстік Африканың ең үлкен мемлекеті?

4. Ніл өзені қай жерде басталады?

5. Калахари шөлінің өсімдік ерекшелігі?

6. «Атлас» деген не?

7. Экваторда Күн неше рет зенитте тұрады?

8. Ылғалдық экваторлық ормандағы ең биік ағаш?

9. Сахарадағы ең жоғарғы температура?

10. «Намиб» деген не?

ІІ топтың сұрақтары;

1. Виктория сарқырамасын кім ашты, қай жылы, қай жерде, оның биіктігі?

2. Африка қандай пайдалы қазбаларынан д/ж бірінші орын алады?

3. Қай өзен экваторды екі рет кесіп өтеді?

4. Африкада бір өзен бар, оның көлемі мезгілді жауын-шашынға байланысты, жаңбыр көп кезде, оның көлемі екі есе өседі. Ол қандай озен, қай жерде орналасқан?

5. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен Африкада орналасқан, ол қандай өзен?

6. «Берберлер» дегеніміз не?

7. «Окапи» деген не?

8. Африканың ең төмен нүктесі?

9. Африканың ең ылғал жері?

10. Африканың ең биік тауы, биіктігі?

Х. Үй тапсырмасы.

Африка халқының өмірінен көріністер көрсету. Көріністер (әртүрлі тақырыпқа) костюмде, гримде болып және күлкілі өту керек. Бұл Сахарадағы түйе керуені, немесе Пигмея үйінің құрылысы, Мумба-юмба тайпаларының таңертенгі тамағы т.б.



ХІ. Қорытынды.

Қазылар алқасы сайыс топтардың балдарын санап, жеңімпаз тобын анықтап, марапаттады.



Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров100
Номер материала ДВ-428666
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх