- 01.10.2020
- 889
- 6
Мұнай құрамы мен оның өнімдері
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: өнекәсіптегі химия- табиғи энергия көздері және шикізаттың маңызын көрсету; мұнайдың құрамы, құрылысы мен өңдеу тәсілдерін қайталау; химиялық шикізат және отын ретінде мұнайдың қолдану бағыттарын көрсету; айналадағы қоршаған ортаны қорғау; интеграл жайындағы оқушылар білімін толықытырып, тереңдету.
2) дамыту: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3) тәрбиелік: Отан сүйгіштікке , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді қорытындылап, жүйелеу сабағы.
Сабақты өткізу тәсілі: интерактивті диалог.
Сабақтың өткізілу формасы: жекелеген, жұптық.
Пән аралық байланыс: физика, математика, тарих, география.
Қажетті құралдар мен реактивтер: «Крекинг», «Мұнайды айдау», «Риформинг» тірек –конспектілері, штатив, су, колба, бензин үлгілері, йод тұнбасы, қозғалтқыш (двигатель) үлгісі, ҚР экономикалық картасы.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі.
2) Мұғалім сабақ мақсатымен, сабақ барысымен таныстырады. Кіріспе сөз.
3) Сынып екі топқа бөлінеді. Топ жетекшілері сайланады. Әр топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі.
4) Сызбанұсқамен жұмыс.
5) Тестпен жұмыс.
6) Бағалау.
7) Үйге тапсырма.
8) Рефлексия.
Химия мұғалімі. «Мұнай және мұнай өнімдері» тарауын біз бүгін қайталап, қорытындылаймыз.
Көміртегі өнімдері адамзатқа өте ертеден бері белгілі. ҒТП дамуы және ғылымның әр саласының дамуы XIX-XX ғ. әр түрлі пайдалы қазбалардың, әсіресе мұнайдың қолданылуына әкелді. Мұнайды біздің эрамызға дейін Ефрат бойында өндіре бастады. Оны дәрі ретінде де қолданды. Ежелгі египеттіктер тотыққан мұнайды бальзамдау кезінде қолданған. Мұнай битумдарын құрылыс материалдары ерітіндісін дайындауға қолданды. Орта және т.б. елдердің қалаларын жарықтандыруда қолданды,
XIX ғ. басында Ресейде, ортасында Америакада мұнайды тікелейайдау арқылы керосин алып, оны шада қолданған. Бу машиналарының, кейінірек дизельді және бензинді қозғалтқыштардың пайда болуы мұнай өндіретін өнеркәсіптердің күрт артуына әкелді.
Мұнай құрамы өте күрделі. Негізгі бөліктері С, Н қатар S, N, O болады. Шығатын жеріне қарай мұнайдағы көмірсітектер құрамы да әр түрлі болады. Мұнай құрамына 425 көмірсутек қосылыстары кіреді.
Қазақстан- көмірсутектердің қоры және оларды өңдеу саласы бойынша әлемдегі ірі елдердің бірі; анықталған мұнай қорының көлемі бойынша ол 12-орынды, газ бен оның конденсаты бойынша 15- орынды, ал мұнай өндіру бойынша 23 орынды алады. ТМД елдерінің арасында мұнай өндіруден Қазақстан Ресей Федерациясынан (8 орын) кейінгі екінші орында, анықталған мұнай қоры бойынша 13- орында, ал шығару бойынша 12-орында тұр.
Тірек- конспектілері арқылы әр топ мүшелері жетекшісінің басқаруымен деңгейлік тапсырмаларға жауап береді.
Нақты
формуласы жоқ
Мысалы: 1-ші топтың оқушылары крекинг-, риформинг-
процестерін тақтадағы тірек- сызба арқылы түсіндіреді.
![]() |
|||
![]() |
Қоймалжын
сұйықтық Органикалық
еріткіштерде ериді Судан
жеңіл Өзіне
тән иісі бар Суда
ерімейді
Ал,
2-ші топтың оқушылары мұнайдың қасиеттерін айтқанда радиальді диаграмма
қолданады.
1-ші топтағы оқушы бензин сапасын анықтағанда әуелі « Қауіпсіздік ережелеріне тоқталады.
1. Бензин де өткір иісті зат болғандықтан, оны иіскегенде ауаны мұрынға таяп , желпіп иіскейді.
2. Бензинмен жұмыс жасағанда оттан аулақ жержежасау керек.
2-ші топтағы оқушы бензин сапасының анықтамасына тоқталады.
Бензин сапасын анықтау үшін сынауыққа 10мл су құйып , оған 1-2 тамшы йод тұнбасын қосады және судың мөлшеріндей бензин құйып , сынауықты шайқайды. Бояуына назар аударамыз. Егер бояу жойылса, біздің алдымызда крекинг-бензин деген сөз (АИ-93, АИ-95, АИ-96). Йодтың туссізденуі олардың құрамында қанықпаған көмірсутек бар екенін көрсетеді.
Егер йод бензиннің жоғарғы қабатын бояса, бұл тікелей айдау арқылы алынған бензин, яғни құрамында қанықпаған көмірсутегі жоқ.
Барлық топ өз сұрақтарына жауап беріп болғаннан соң, әр топ тақтада жазылып тұрған сызбанұсқаны, өз таңдауы бойынша орындайды.
Сызбанұсқаны орындағанды әр топтан бір оқушыдан кезек-кезек шығып, сәйкес реакция теңдеуін жазып, шыққан затты, реакция түрін атайды.
C2H4
C2H5OH CO2
C2H2
C2H6 C2H5Cl C2H5OH
C6H6
C6H5Cl C6H5OH
Басқа оқушылар реакцияның дұрыстығын қарап, тексеріп отырады.
Сабақтың соңғы бөлімінде оқушылар тесет жұмысын орындайды.
5. Тест.
«Мұнай. Мұнай өнімдері» тарауына арналған тест тапсырмалар.
I нұсқа
а) иісі жоқ;
б) суда ерімейді;
в) иісі бар;
г) май тәрізді сұйықтық.
а) вазелин;
б) бензин;
в) лигроин;
г) гудрон.
а) вазелин;
б) бензин;
в) мазут;
г) гудрон.
а) пиролиз;
б) электрлиз;
в) гидролиз;
г) риформинг.
а) судан жеңіл;
б) тұрақты құрамы бар;
в) майлы сұйықтық;
г) қара сұйықтық.
а) метан;
б) барлық алкандар;
в) алкендер;
г) алкиндер.
а) гудрон;
б) парафин;
в) лигроин;
г) керосин.
а) перониз;
б) риформинг;
в) мұнайды тікелей айдау;
г) крекинг.
а) парафин;
б) гудрон;
в) вазелин;
г) глюкоза.
а) катализдік крекинг;
б) пиролиз;
в) риформинг;
г) электролиз.
Мұнай. Мұнай өнімдері» тарауына арналған тест тапсырмалар.
II нұсқа
1. Бензинді ароматтау үрдісінің атауы:
а) кокстеу;
б) рифоимнг;
в) крекинг;
г) детонация.
2. Табиғи газдың негізгі бөлігі:
а) метан;
б) пропан;
в) бутан;
г) пентан.
3. Өнеркәсіпте жанар май алушы мұнайды өңдеу тәсілі:
а) крекинг;
б) гидратация;
в) гидролиз;
г) пиролиз.
4. Мұнайды фракцияларға бөлу себебі:
а) мұнай өнімдері - ашық түсті;
б) мұнай өнімдерінің қайнау температуралары әр түрлі;
в) мұнай өнімдерінің агрегаттық күйлері әр түрлі;
г) мұнай өнімдері ұшқыш.
5. Мұнайдан алынбайтын өнім:
а) керосин;
б) мазут;
в) крахмал;
г) бензин;
6. Косметикалық зат алуда, дәрі жасауда қолданылатын мұнай өнімі:
а) керосин;
б) вазелин;
в) лигроин;
г) гудрон.
7.Тракторға жанар май ретінде қолданылған мұнай өнімі:
а) вазелин;
б) бензин;
в) лигроин;
г) гудрон.
8.Шикі мұнайды өңдегеннен кейін қалатын ауыр , қоймажың қалдық:
а) вазелин;
б) бензин;
в) мазут;
г) гудрон.
9.Жоғары октан саны бар бензинді алуда қолданылатын , мұнай өнімдерін өңдеудің технологиялық процессі:
а) пиролиз;
б) электрлиз;
в) гидролиз;
г) риформинг.
10.Мұнай деген не? Қате жауапты табыңыз.:
а) судан жеңіл;
б) тұрақты құрамы бар;
в) майлы сұйықтық;
г) қара сұйықтық.
Сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма. 7-тарау.
Рефлексия.
Настоящий материал опубликован пользователем Кожагулова Гульназ Даулетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалДанный рабочий лист предназначен для использования в ходе организации уроков химии и позволит учителю химии провести качественную оценку знаний обучающихся. Все задания соответствуют действующему ФГОС в сфере образования.
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Еще материалы по этой теме
Смотреть
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Оқушыларға мұнай құрамы мен өнімдері тақырыбын түсіндіру. Өнеркәсіптегі химия - табиғи энергия көздері және шикізаттың маңызын көрсету, мұнайдың құрамы, құрылысы мен өңдеу тәсілдерін қайталау, химиялық шикізат және отын ретінде мұнайдың қолдану бағыттарын көрсету, тереңдету. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Отан сүйгіштікке , еңбексүйгіштікке,өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу. Адам өміріндегі пайдасы мен зиянын қарастыру. Оны өндірудің жаңа жолдарын іздестіру, оқушыларға қосымша материал ретінде үйде ойластыруға беру.
7 019 930 материалов в базе
Вам будут доступны для скачивания все 180 152 материалы из нашего маркетплейса.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.