Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Урок по химии на тему "Хлор, хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер". (10 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Химия

Урок по химии на тему "Хлор, хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер". (10 класс)

библиотека
материалов

10б сынып

Сабақтың тақырыбы: Хлор, хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер.

Сабақтың мақсаты: Хлордың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы,

табиғатта кездесуі, физикалық және химиялық қасиет

тері, биохимиялық ролі, оның маңызды қосылыстары

және олардың қолданылуымен таныстыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сатылай кешенді талдау

Көрнекілігі: периодтық кесте, минералдар (жинақ), видеотәжірибелер, слайдтар, зертханалық жұмыстар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

hello_html_1d8b241c.pngАуызша талдау

  1. Галогендер атауы нені білдіреді? («тұз түзушілер»)

  2. Топ бойынша фтордан йодқа ауысқанда галогендердің агрегаттық күйлері мен түстері қалай өзгереді? (фтор – ашық жасыл газ, хлор – сары жасыл газ, бром – қызыл-қоңыр сұйық, йод – қара көкшіл крист.)

  3. Галогендердің салыстырмалы электртерістіктерітоп бойынша қалай өзгереді? (төмендейді)

  4. Галогендердің тотықтырғыштық қасиеттері топ бойынша қалай өзгереді? (төмендейді)

  5. Галогендер табиғатта бос күйінде кездесе ме? (галоген молекуласының атомдарға жеңіл ыдырауы – олардың жоғары белсенділігін көрсетеді, сондықтан бос күйінде емес, металл галогенидтері түрінде)

  6. Галогендер қосылыстарында қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді? Фтордың ерекшелігін қалай түсіндіруге болады? (фторда бос d-орбиталі жоқ, сондықтан тек І валентті; Cl, Br, I – І, ІІІ, V, VII валенттіктерді көрсете алады?)

hello_html_4ab21b15.pngЖазбаша талдау

  1. Төмендегі айналуларды іске асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар:

NaCl → Cl2 → HCl → CaCl2 → AgCl → [Ag(NH3)2]Cl

Тұнба түзілген жағдайда иондық теңдеуін жазыңдар.

Осы өзгерістер жазылғанда жаңа сабағымыздың тақырыбын «Хлор, хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер» айтамыз.

ІІІ. Жаңа сабақтың барысы:



1.Периодтық жүйедегі орны

2.Атом құрылысы

3.Табиғатта кездесуі

4.Физикалық қасиетеріі

5.Химиялық қасиеттеріі

6.Биохимиялық рөлі

7.Хлорсутек,тұз қышқылы, хлоридтер

8.Тұз қышқылының тұздары

9.Қолданылуы

10.Қорытынды

























Хлор, хлорсутек, тұз қышқылы және

хлоридтер.




Периодтық жүйедегі орны. Хлор VІІА топ элементі

Атом құрылысы. Оның электрондық формуласы: 17Сl 1s22ss2p63s23p5

Графиктік формуласы:





ІІІ

ІІ

І

s p

Табиғатта кездесуі. Алғаш рет хлорды 1774 ж. Швед химигі К.Шееле тұз қышқылымен MnO2- ге әсер етіп алды.Хлордың белсенділігі жоғары болғандықтан, табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі(жер қыртысындағы үлесі 0.2%)Хлордың маңызды қосылыстары- ас тұзы немесе натрий хлориді NaCl, калий хлориді (сильвин) KCl , магний хлориді MgCl2, карналлит KCl*MgCl2*6H2O, сильвинит KCl*NaCl және т.б минералдар. Хлор тірі организм ұлпаларының құрамына кіреді, мысалы , адам организміндегі оның мөлшері 0,25% –ке тең

Физикалық қасиеттері. Хлор – сары жасыл түсті, өткір иісті, ауадан 2,5 есе ауыр газ.Балқу температурасы -101ºС, қайнау температурасы -34,1 ºС. Судың бір көлемінде 2,5 көлем хлор ериді.

Химиялық қасиеттері. Хлор – белсенді элементтердің бірі.Бірақ фторға қарағанда химиялық белсендігі төмен.Бұл хлордың периодтық жүйеде үшінші периодта орналасуымен түсіндіріледі.(видеотәжірибе көрсетіледі)

Күн жарығында хлор сутекпен қопарылыс түзе әрекеттеседі:  

H2 + Cl2 = 2HCl

Сурьма ұнтағы хлор атмосферасында өздігінен сурьма (V) хлоридін түзе жанады.

2Sb + 5Cl2 = 2SbCl5

Хлормен барлық металдар тікелей реакцияға түсе алады.Тотығу дәрежесі әр түрлі болатын металдар хлормен әрекеттескенде, жоғарғы тотығу дәрежесін көрсетеді:

Cu + Cl2 = CuCl2

Алдын ала қыздырылған темір ұнтағы хлорда темір хлоридін FeCl3 түзе жанады.
2Fe + 3Cl
2 = 2FeCl3
Хлормен қыздырылған натрий белсенді әрекеттеседі.
2Na + Cl
2 = 2NaCl
Хлордың биохимиялық рөлі. Организмде болатын хлордың негізгі түрі ас тұзы NaCl тамақпен бірге келеді. Ионы маңызды биологиялық рөл атқарады. Олар кейбір ферменттердің белсендігін арттырады, асқазан сөліндегі протолиттік ферменттердің әсері үшін қолайлы орта туғызады, клетка мембранасы арқылы иондардың ағынын қамтамасыз етеді, осмостық тепе-теңдікті ұстап тұруға қатысады.
Натрий хлориді - көптеген суда еритін дәрілер жасайтын физиологиялық ерітіндінің негізі. Құрамы бойынша физиологиялық ерітінді – бұл 0,154 М немесе 0,9 %-тік NaCl ерітіндісі.Биологиялық белсенді заттармен барлық тәжірибелер физиологиялық ертітінділердің ортасында жүргізіледі.
Хлордың алынуы: MnO2 + 4HCl → MnCl2 + Cl2 +2H2O

KMnO4 + 16HCl → 2MnCl2 +8H2O + 5Cl2 + 2KCl

KClO3 + 6HCl → KCl + 3H2O+ 3Cl2

CAOCl2 + 2HCl → CaCl2 + Cl2 + H2O

Хлорсутек,тұз қышқылы және хлоридтер. Хлорсутек HCl – түссіз газ,ауадан ауыр. Судың бір көлемінде 500 көлемге жуық хлорсутек ериді.Оның судағы ерітіндісі тұз қышқылы деп аталады.
Концентрлі күкірт қышқылы мен натрий хлоридін әрекеттестіру арқылы хлорсутекті алуға болады:
NaCl + H
2SO4 = NaHSO4 + HCl
Қайнатқанда NaHSO
4 натрий хлоридіне әсер етіп, Na2SO4 және HCl түзе әрекеттеседі:
NaHSO4 + NaCl = Na2SO4 + HCl
Бірақ та бұл әдіс қымбатқа түседі (күкірт қышқылының шығымын қажет етеді), ал алынған хлорсутек аса таза
болмайды.
Қазіргі кезде хлорсутекті синтездік жолмен - хлор ағынында сутекті жағу арқылы алады:
H
2 + Cl2 = 2HCl
Алынған хлорсутекті суда еріткенде, күшті қышқылдар қатарына жататын тұз қышқылы түзіледі.

Тұз қышқылы электрохимиялық кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металдармен, оксидтермен және көптеген металдардың гидроксидтерімен әрекеттеседі.Ол кейбір тұздардың ерітінділерімен алмасу реакциясына түседі:

Тұз қышқылының тұздары. Тұз қышқылының тұздары хлоридтер деп аталады.Олардың көпшілігі суда ериді, тек күміс,қорғасын,бір валентті сынап және мыс хлоридтері ерімейді. Cl- иондарының Ag+иондарымен әрекеттесуі кезінде AgCl тұнбасының түзілуі - хлор ионына сапалық реакция болып табылады.Тұз қышқылының маңызды тұздарына – натрий, калий, мырыш кальций тұздары және т.б жатады.

Натрий хлориді немесе ас тұзы тамақ өнеркәсібінде қолданылады, сондай-ақ хлор, натрий, тұз қышқылы,

натрий гидроксиді, сода және т.б. алуда негізгі шикізат болып табылады.

Калий хлориді - маңызды минералды тыңайтқыш.

Мырыш хлоридінің ерітіндісін темір жол шпалдарына сіңіріп шіруден сақтау үшін, сондай-ақ дәнекерлеу кезінде пайдаланылады.

Кальций хлориді - суытқыш қоспа дайындауға қажет. Сусыз CaCl2 газдарды кептіру үшін қолданылады.

Хлордың қолданылуы. Хлор өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Ол маталарды ағартуда, ағартқыш әк, тұз қышқылын алуда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте пайдаланылатын заттарды алуда, ауыз суын тазалауда қолданылады.Көміртек (IV) хлориді, дихлорэтан CH2Cl - CH2Cl сияқты органикалық қосылыстардың хлор туындылары көп қолданылады.Олардың кейбіреулерін пластикалық масса (полихлорвинил) , синтетикалық талшық, синтездік каучук, жасанды тері және т.б. Алуда пайдаланады. Хлорды уландырғыш заттар алуда да қолданылады: фосген COCl2 , иприт (C2H4Cl)2S, хлорпикрин CCl3NO2 және т.б.

IV. Сабақты бекіту.

hello_html_m1120e7f0.png Диалог тарқылы талдау

Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды:

  1. Хлорды алғаш рет алған кім? (1774ж. Швед химигі К.Шееле)

  2. Физиологиялық ерітінді дегеніміз не? (0.9 %-ті NaCl ерітіндісі)

  3. Хлор қандай заттармен әрекеттеседі?

  4. Хлорид-ионға сапалық реакция қандай?

  5. Тұз қышқылының тұздары қайда қолданылады?

  6. Хлордың қандай уландырғыш қосылыстарын білесің?


hello_html_m17a92210.jpgЖат жазу

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар.

Хлор ....... периодта, ...... топтың ....... топшасында орналасқан бейметалл. Хлор - .............. түсті, ........ иісті газ. Күн жарығында хлор сутекпен әрекеттесіп, ............... түзеді, оның судағы ерітіндісі ........... .....

деп аталады. Хлордың тұрақты ........ изотопы бар. AgCl тұнбасының түзілуі ...... ионға сапалық реакция болып табылады. Тұз қышқылының тұздары ......... дап аталады. Тамақ өнеркәсібінде ............... қолданылады.

hello_html_4ab21b15.pngесептер шығару (жеке оқушыларға тапсырма)

  1. Массасы 4,15 г калий хлориді мен натрий хлоридінің қоспасына күкірт қышқылымен әсер еткенде 4,9 г натрий және калий сульфаттары түзілген. Бастапқы алынған және түзілген қоспалардың құрамы қандай?

  2. . Құрамында 89,6 л (қ.ж.) хлор және 5 г сутек бар қоспаны қопарғанда түзілген хлорсутектің көлемі қанша?

  3. Мыс (ІІ) хлориді ерітіндісінің электролизі кезінде катодтың массасы 3,2 грамға артты. Осы кезде анодқа бөлінген газдың көлемі (қ.ж.) және құрамы қандай?

  4. Натрий бромиді ерітіндісі арқылы 3,36 л хлор(қ.ж.) жібергенде түзіген бромның массасын анықта.

  5. 2 моль хлорсутегі және 3 моль марганец(ІV) оксиді әрекеттескенде бөлініп шығатын хлордың көлемі қандай?

  6. . 2 моль хлорсутегі және 3 моль марганец(ІV) оксиді әрекеттескенде бөлініп шығатын хлордың көлемі қанша?

  7. Әскери уландырғыш зат фосгенді COCl2 мына реакция арқылы алады: CO + Cl2 = COCl2. 224 мл хлормен көмір (ІІ) оксиді әрекеттескенде 200 мл фосген алынды (қ.ж). Оның шығымы қанша?

V. Сабақты қорытындылау

Хлор, хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер – әр салада қолданылатын химия өнеркәсібінің маңызды қосылыстары.

VІ. Оқушыларды бағалау

VІІ. Үйге тапсырма: §8.20; 278 беттегі тапсырмаларды орындау.



















Автор
Дата добавления 19.04.2016
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров468
Номер материала ДБ-043122
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх